Сарадан осындай жетістікке қалай қол
жеткізуге болатынын сұрағанда,
ерекше жауап берген еді. Оның айтуынша, маңызды болған
факторлардың бірі əкесінің күнделікті қоятын сұрағы болатын: «Бүгін
қандай қателік жібердің?» Егер Сара: «Ешқандай қателік жасамадым.
Қолымнан барлығы келді»
деп жауап берсе, əкесі мұңайып қалады
екен. Əкесінің айтуынша, қателік жібермеген
адам бір орында қалып
қояды. Яғни, ешқандай өсу болмайды.
Менің ойымша, əкесі дұрыс айтады.
Күнделікті өмірде «мінсіз» болғысы келетін адамдарды көп
кездестіремін. Сондықтан олар қашан да дұрыс шешім қабылдағысы
келеді. Олар үнемі тиімді нұсқаны іздейді. Кез келген қателік зəре-
құтын қашырады. Олардың өзіне деген бағасы түсіп, əрекеттің
тоқтап
қалуына əкеледі.
Адамдар қателік жасаудан қорқады. Ең үлкен қателік – қателік
жасаудан қорқу. Қателіксіз жеңіс болмайды. Қателік жасай отырып,
жаңа мүмкіндіктерді кездестіресіз. Сараның əкесі айтқандай:
«ҚАТЕЛІК БОЛМАСА, ЖЕҢІС БОЛМАЙДЫ!»
Не істеу керек?
Менің ойымша, үйренудің жолдары Джон
Кэссидидің допты қабылдау
жайлы кітабында
5
жақсы сипатталған. Кітаптың бірінші жартысында
допты
қабылдау техникасын, оған үйренуді немесе допты қалай таңдау
керектігін айтпайды. Керісінше, допты жіберіп алуды үйретеді.
5
Cassidy J., Rimbeaux B. C. Juggling for… The Complete Craft Kit. China: Klutz.
Джон оны қарапайым тілмен түсіндіріп береді. Қателік жасау үрейі ми
мен денені тұмшалап тастайды.
Сондықтан біз өзімізді еркін
ұстамаймыз. Сөйтіп, қолымыздан ештеңе келмей қалады. Алайда
допты мыңыншы рет түсіріп алсақ, оған етіміз үйреніп, мың бірінші
рет түсіріп алудан еш қорықпаймыз. Міне,
осы кезде ғажайып
басталады. Біз қателіктерге қарсы тұруды доғарып, өзімізді еркін ұстау
арқылы сəтті нəтижеге қол жеткіземіз.
Осылайша
қателік жасай келе, кейінгі əрекеттеріміз жеңілдей түседі.
Мүмкін, біз ойлағандай жеңілдемейді. Ешкім оны білмейді.
Бірақ айқын нəрсе: қателік табысқа жол ашады. Тағы да асықпай оқы:
Достарыңызбен бөлісу: