Лебяжі жалпы орта білім беретін мектеп Қазақ тілі пәнінен ережелер жинағы



бет3/4
Дата13.12.2023
өлшемі44.73 Kb.
#486441
түріОқулық
1   2   3   4
Қазақ тілі пәнінен ережер жинағы 2 сынып



-5-
Сөз және оның мағынасы



Сөз –заттың, сапаның, қимылдың, санның атауы.
Мысалы: ай, үй, ақын; тұнық, әдемі; оқы, бар; алты, он.
Сөз мағынасына қарай 3 ке бөлінеді.

  1. Антоним

  2. Синоним

  3. Омоним

Тілімізде мағынасы қарама-қарсы сөздер кездеседі. Мұндай сөздерді антоним сөздер деп атаймыз.


Мысалы: ақ-қара, арзан-қымбат.
__________________________________________________________
Тілімізде білдіретін мағынасы бір-біріне жақын, бірақ дыбысталуы әр басқа сөздер кездеседі. Мұндай сөздерді синоним сөздер деп атайды.
Мысалы: әдемі, көрікті; алыс, шалғай.
__________________________________________________________
Дыбысталуы бірдей, білдіретін мағыналары әр басқа сөздер омоним сөздер деп аталады.
Мысалы: алма-жеміс, алма-қимыл атауы: сен оны алма.

-6-
Сөз құрамы


Түбір мен қосымша
Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін түбір сөз дейді: күн, жыл, спорт, палуан.
С өздің түбірге жалғанған бөлігін қосымша дейді: күні, жылдар, спортшы, палуандар
Т үбірдің белгісі - : күйші.

Жұрнақ пен жалғау


Қосымша


Жұрнақ

Жалғау



С өз мағынасын өзгертетін қосымшаны жұрнақ дейді. Жұрнақтың белгісі –

М ысалы: футболшы, оқулық.





С өз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейді. Жалғаудың белгісі-

М ысалы: футболды, оқуға.


Түбір сөзге жұрнақ та, жалғау да жалғана береді. Жұрнақ бұрын, жалғау жұрнақтан кейін жалғанады:


Хоккей+ші+ге
Оқу+лық+тар
Ұш+қыш+тар
-7-
Сөз таптары
Сөздер мағынасына қарай бірнеше сөз таптарына бөлінеді. Зат есім, етістік, сын есім, сан есім-сөз таптары.
Зат есім
Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім деп атайды. Зат есімдерге кім? кімдер? не? нелер? деген сұрақтар қойылады.
Мысалы: адам, көгершін, жазушылар, құлындар.
Адамға қатысты сөздерге кім? кімдер ? заттар мен жануарларға не?нелер? деген сұрақтар қойылады.
Зат есім

Жалқы есім

Жалпы есім



Кісінің аты-жөні, жер-су аттары, жан-жануарларға қойылатын атаулар жалқы есім деп аталады. Жалқы есімдер әр уақытта бас әріппен жазылады.
Мысалы: Әсел, Астана, Іле, Құтжол.

Жалқы есімдерден басқа зат есімдерді жалпы есімдер деп атайды. Жалпы есімдер кіші әріппен жазылады.
Мысалы: ауыл, әже, құс, көше, қала.



Зат есімнің жекеше және көпше түрі

Жекеше түрі

Көпше түрі



Зат есімнің жекеше және көпше түрі болады. Кім?не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің жекеше түрі деп атайды: әке, үй, құс.



Кімдер ?нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің көпше түрі деп атайды: әкелер, үйлер, құстар.


-8-
Зат есім



Дара зат есім

Күрделі зат есім





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет