Îльга Õабижановна Àéìаганбåòова


Тұлға психологиясының гуманистік бағыты-



Pdf көрінісі
бет68/97
Дата09.10.2023
өлшемі4.35 Mb.
#480176
түріОқулық
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   97
Психология негіздері

Тұлға психологиясының гуманистік бағыты- психоанализ және 
бихевиоризм принциптеріне қарсы тұжырымдарымен қалыптасты. 
Бұл психологиялық теорияның басты ұстанымы: адам – бірегей және 
қайталанбас, әлеммен ашық байланыстағы, өзін-өзі жетілдіріп баруға 
қабілетті біртұтас құбылыс. Гуманистік психологияның ірі өкілдерінің 
бірі А.Маслоу.
Гуманистік психологияны басқа ғылыми ағымдардан ерекшелейтін 
принциптер төмендегідей:
адамды біртұтас дүние ретінде қарастыру;
адамға деген қамқорлық негізі – психотерапиялық жәрдем;
адам болмысы бастауының субъективтігі;
тұлға түсініктері мен құндылықтарының басымдылығы;
тұлға бойындағы ұнамды қасиет – сапаларды ұлағаттау, олардың 
өзінше іске қосылуы мен қалыптасуын зерттеу;
- тұлғаның өткен өміріне байланысты себептік жағдаяттарға 
байыппен қатынас жасау;
- сырқат адамдарда болып қалатын жекеленген деректерді емес, 
қалыпты немесе данагөй тұлғаларды зерттеуге бағытталған әдістер 
мен тәсілдерді икемділікпен пайдалану.


7
Тұлғаның рөлдік теориясы адам әрекет-қылығын екі түсінік негізінде 
сипаттайды: «әлеуметтік мәртебе», «әлеуметтік рөл». Бұл теорияның не-
гізгі тұжырымдарын берген қалымдар Т.Парсонс, Р.Мертон және т.б.
Әлеуметтік мәртебе (статус) – бұл тек өкілінің қоғамдық 
құқықтары мен міндеттері жүйесіндегі басқа да көптеген амал-
әрекеттерімен байланысқан негізгі де нақты дәрежелік бағыт-
бағдары.
Әр адамның әлеуметтік мәртебесі оның ішкі жандүниелік ұстанымдары 
мен құндылықтарынан, сондай-ақ сырттай кейпінен (киім киісінен, мінез-
құлығынан, жүріс-тұрысынан, сөз саптау мәнерінен және т.б.) көрінеді.
Әлеуметтік мәртебе өзінің жоғары деңгейінде болса – ол мақтаныш, 
ол тұлға қанағатының белгісі, ал егер ол төмен дәрежеде көрінсе, жек 
көрушілік, тіпті жеркеніш күйзелістерін туындатады.
Қай деңгейде болмасын, адамның әлеуметтік бағдар – бағытының 
ауысуы тұлғалық қасиет-сапалардың өзгеруіне себепші болады да, 
оның «Мен» құрылымына ерекшеленген сипат ендіреді, өзіндік санасы 
мен өзіндік бағамын жаңа арнаға салады. Адам араласқан әлеуметтік 
қатынастар жүйесі де жаңаланады, сырттай қатынастағы адамдар 
көзқарасы да ауысып, назарындағы тұлғадан күтетін тілек-ниеттері 
жүйесі өткендегі қалпынан шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет