Îльга Õабижановна Àéìаганбåòова



Pdf көрінісі
бет43/97
Дата09.10.2023
өлшемі4.35 Mb.
#480176
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   97
Психология негіздері

Дискурсив ойлау - өзара байланысты ұғымдар жүйесіне негізделген 
ой әрекеті түрі.
Шығармашыл ойлау – соны жаңалықтар ашуға, түбегейлі жаңа 
нәтижелерге қол жеткізетін ой қызметі.
Эвристикалық ойлау – қалыптан тыс мәселе, міндеттердің шешімін 
табуға бағытталған өнімді ойлау үдерісі.
Танымдық үдерістер өздерінің өту сипаттары бойынша шұғыл
сезімдік (интуитивтік) және аналитикалық (талдауға негізделген) бо-
лып бөлінеді.
Шұғыл сезімдік (интуитивті) ойлау сипаты: өтуі шапшаң, толық 
түсінікке келмеген, кезеңдері анық емес.
Ойлаудың арнайы бір түрі – аутистикалық ойлау – психикалық 
сырқаттармен байланыста көрінеді (мысалы, ақылдан адасу, ес ауу 
жағдайында). Өмірде мұндай сырқатты ойдың өтпелі формалары көптеп 
кездеседі: нақты тәжірибеден шамалап ажырасудан бастап, негізсіз
шындыққа тіпті жанаспайтын қиялилыққа дейін.



20. Ойлау сапасы 
Ойлау өрістілігі – адамның мәселені тұтастай қамтып, сонымен 
бірге оның жекеленген тұстарын да назардан шығармау қабілеті.
Ой тереңдігі – күрделі мәселелердің мәніне жете енуден көрінеді. Ой 
тереңдігіне қарсы сапа – ой үстірттігі. Мұндайда адам басты нәрсені 
көрмей, қажеті кем жағдайлардан аса алмайды.
Ой дербестігі – адамның жаңа міндеттерді алға тартып, басқалар 
жәрдемінсіз-ақ оларды шешудің жолдарын таба білу.
Ой асығыстығытұлғаның кезіккен мәселені жан-жақты ойлас-
тырып алмай, қандай да бір тарапын үзіп алып, шешім беру, жетерлі 
ой сарабынан өтпеген жауаптар мен пікірлер айту әдеті.
 Ой икемділігі – мәселе шешудің дәстүрлі, бұрыннан қалыптасқан 
әдіс-тәсілдері құрсауына маталып қалмай, қалыптан тыс шешім жол-
дарын іздестірудегі еркіндігі, жағдай өзгерістеріне орай жаңаша ой 
жүргізу қабілеттілігі.
Ой жүйріктігіадамның ауысқан, бейтаныс жағдайлар мәнін 
жылдам түсініп, ойланумен дұрыс жол таба білу қасиеті. 
Ойлау әрекетінде көрініс беретін шабандық жүйке жүйесінің 
типі – жай қозғалғыштығымен байланысты. Айзенк пікірінше, ақыл 
үдерістерінің шапшаңдығы адамдар арасындағы ой-өріс, парасат 
ерекшеліктерінің негізгі тірегі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет