6
топпен жұмыс істеуде идеялар не шешімдер туындатудың аса бір өнімді
жолы ретінде кеңінен қолданым табуда.
«Ақыл шабуылын»ұйымдастырудың негізгі ережелері келесідей:
- топ әрқилы мамандық бағытындағы түрліше ойлау еркіндігі бар 7-0
адамнан құралады. Олардың -3 ғана қарастырылатын мәселе бойынша
хабардар болса, жеткілікті.
- «сынға тұсау салуға», яғни өзгелер пікірін кесуге, ол бойынша сын
айтуға шек қойылады. Ой бөліскенді мақтау-негізгі шарт, бөгде идеясын
дамыта жалғастырған немесе өз ұсынысын ортақтасқан марапаттала-
ды.
- қатысушылар ешқандай қысым көрмей, өзін еркін сезінуі үшін жара-
сымды қатынастар мен жайлы да шуақты жағдайлар жасалуы міндетті.
Отырғыштар шеңбер бойлап орналастырылуы тиіс.
- айтылатын ойлардың бәрі магнитті
таспаға жазылады не
стенографиялық әдіспен хатталады. Авторы көрсетілмейді.
- брейнсторминг нәтижесінде алынған пікір, идеялар қаралған про-
блемалармен айналысатын мамандар – эксперт тобына құнды идеялар-
ды іріктеу үшін өткізіледі. Зерттеулер дәлелдегендей, бағалы идеялар
мұндайда 0% көлемінде болуы ықтимал. Қатысушылар эксперт топқа
енгізілмейді.
Әрқилы мәселелерді шешу тәжірибесін жинақтаушы топ жүргізетін
«ақыл шабуылы»
негізінде «синектикалық тай-талас» (sinтonik
– басқалар толғанысын бөлісу) әдісі пайда болды. Бұл әдісті ұсынған
ғалым
У. Тормен міндетті болған төрт арнайы сәйкестікке негізделген
тәсілді орындау талабын қояды:
тура (берілгенге ұқсас мәселелер қалай
шешілетінін ойланып көріңіз);
өз басы не басқа толғанысынан болған
–
эмпатиялық (мәселе нысанындағы бейнеге еніп, сол тұрғыдан көзқарас
білдіріңіз);
рәміздік – символикалық (екі ауыз сөзбен мәселе мәнінің
өрнекті анықтамасын беріңіз);
қияли – фантастикалық (ойланып
көріңізші, бұл мәселені ертегі сиқыршысы қалай шешкен болар еді).
Ізденіс белсенділігін көтерудің
және бір жолы – фокальды нысан әдісі
(фокаль-фокус- зейін шоғырланған нүкте). Бұл әдістің мәні – кездейсоқ
таңдап алынған бірнеше нысан белгілері қарастырылып жатқан нысанға
беріледі, нәтижеде тосын, көзге оғаш бірікпе пайда болады. Мұндайда
адам бұрынғы әдеттенген ойлау қалпынан босанып, өз тоғышарлығын
жеңумен жұрт құсап емес, бұрын соңғы болмаған ойлау жүйесіне өтуге
дағдыланады. Мысалы, егер кездейсоқ нысан ретінде «жолбарыс» алып,
7
ал назарда (фокальда) «қалам» болса, санаға «жолақ қалам», «азулы
қалам» сияқты ой кіреді. Осы тіркестерді таразылай және дамыта отырып,
соны, түбегейлі жаңа шешімдерге келу мүмкін (Архимед «эврикасы»:
адам және ол шомылған ваннадан төгілген су байланысынан таразылап
болмайтын ірі заттарды өлшеу тәсілі ашылды).
Достарыңызбен бөлісу: