75
Өзі қатысып отырған әлеуметтік топ талаптары мен ұстанымдарын
қабылдағаннан бастап, тек өкілі өзінің кемелденген субъектив «Меніне»
ие болады.
Осы
сәттен бастап, ол топтың басқа да мүшелерімен бірге топ
мүдделеріне ортақтасып, жалпы проблемаларды шешуге араласады.
Әлеуметтену – бұл белгілі әлеуметтік шарттармен үйлескен
тұлғаның
белсенді түрде өзін-өзі қалыптастыруы. Әлеуметтенуден тұлға қоғамның
толыққанды мүшесі ретінде танылады.
Адамның сән көрінісі, талғам, қажетсіну бағдары ауыспалы болса, ал
дүниетанымдық көзқарастары, жалпыадамзаттың мәдени құндылықтары
тұрақтылау келеді. Әр әулет өкілінің өмірге араласуы өз проблемаларын
пайда етеді. Әлеуметтену – бұл жаңа әулетті өткен салт-дәстүрлер мен
құндылықтарға бағындыру емес. Егер бұлай болса, тарихи үдеріс өз да-
муынан қалады, әке мен баланың айырмашылығы жоғалады. Әлеуметтену
– әрбір ұрпақтың өз дәуіріне сай жасай білуі, өз қоғамына орай әлеуметтік
– психологиялық ұстанымдарды түсініп, тіршілік қызметін орындауы.
Әміршіл-әкімшіл қоғамдағы әлеуметтену –
жас әулеттің ересек-
тер ұстанымын бұлжытпай қайталап, орындауы. Ал өркениетті
де-
мократияшыл қоғамдағы әулеттер
арасындағы қатынастар теңдік
пен қызметтестік негізінде болып, жаңа әулеттің жалпыадамзаттық
құндылықтар шеңберінде дамуына жол ашуы басты шарт.
Тек өкілінің әлеуметтік мұраға ортақтасуы – оның
қоғам мәдениетін
қабылдауы.
Мәдениет – бұл рухани және материалды құндылықтарда,
әлеуметтік және тұлғааралық қатынастарда көрініс берген адам-
зат табысы. Адамдардың әрқилы өмір саласындағы (еңбек, тұрмыс,
қоғамдық және саяси тіршілік, т.б.) қажетті әрекет-қылық, қалып,
талаптарының бәрі – мәдениетте көрінеді.
Тек өкілінің әлеуметтену
нәтижесі оның әлеуметтік құнды деп танылған ерекшеліктерінде: ақыл,
мінез, іс-қимыл әрекеттерінде, тәрбиелілігі мен оқымыстылығында,
қоғамдық бейімдесе білуінде байқалады.
Тек өкілінің әрқилы жас даму кезеңдеріндегі психикасы белгілі
сапалардың дамуына бейім келеді. Әлеуметтену үдерісінде тұлғаның
өмірлік ұстанымдары мен мінез бітістері, жалпыланған әрекет-қылық
әдістері мен принциптері қалыптасады.
Сонымен,
әлеуметтену – бұл әлеуметтік мекемелердің арнайы
Достарыңызбен бөлісу: