Лекци Мәдениеттануға кіріспе Мәдениет – мәдениеттанудың басты объектісі және пәні ретінде. «Мәдениет»



бет3/6
Дата25.01.2022
өлшемі24.23 Kb.
#454796
түріЛекция
1   2   3   4   5   6
Мадениеттану лекция 1

Материалдық өндіріс

Рухани өндіріс

Рухани мәдениетттің элементтері

Рухани мәдениеттің құрамдас сыңарлары

Еңбек құралы

Ғимараттар

Бұйымдар

Киім-кешек

Көлік құралдары

Байланыс құралдары



Еңбек құралы

Тәрбие


Ағартушылық

Адамгершілік

Бұқаралық ақпарат құралдары

Дәстүрлер

Нормалар

Құндылықтар

Білім

Мағыналар



МИФОЛОГИЯ

ДІН

ФИЛОСОФИЯ



ҒЫЛЫМ


Рухани мәдениет → бұл идея

Материалдық мәдениет → оның заттануының жүзеге асуы
Мәдениет құрылымын айқындаудың тағы бір түрі, мәдениеттің біртұтас кеңістігінің үш деңгейі арқылы жүргізуге болады: мамандандырылған (салалық, элитарлық), трансляциялық және үйреншікті (күнделікті) мәдениет.

Мамандандырылған кумулятивтік деңгейде мәдениет элементтерінің өзара байланыстары ретінде дамиды, ал ол элементтердің әрқайсысы адамның белгілі бір қарекетке бейімділігінің нәтижесі. Оларға шаруашылық, саяси, құқықтық, философия, діни, ғылыми-техникалық, көркемдік мәдениеттер жатады. Кумулятивтік мәдениеттің бұл бөліктерінің әрқайсысына күнделікті қарапайым мәдениеттер сай келеді. Олар бір-бірімен тығыз байланыста болып бір-бірен ықпал жасайды.

Экономикалық мәдениетке үй шаруашылығын, әулеттегі бюджет жүргізу жатады; саясатқа - әдет-ғұрып; құқыққа – ізгілік; философияға – қарапайым көзқарастар; дінге – ырымшылдық, түрлі нанымдар, халықтық сенімдер; ғылыми-техникалық мәдениеткетәжірибелік технология; көркем мәдениетке – қарапайым эстетикалық талғамдар (халықтық сәулет өнері, басмпананы әшекейлеу өнері). Ал трансляциялық деңгейде кумулятивтік пен күнделікті деңгейлердің арасындағы байланыстар іске асады, мәдение ақпараттардың айырбастары жүргізіледі.

Кумулятивтік пен қарапайым деңгейдің арасындағы трансляциялау арқылы жүргізілетін байланыс арналары бар: мәдениеттің әрбір бөлшектеріндегі құндылықтар, салт-дәстүрлер келешек ұрпаққа білім өрісінде трансляцияланады (беріледі), көпшілік байланыс құралдары – теледидар, радио, басылым – мұнда нормалар, дәстүрлер, өнер шығармалары және көпшілік мәдениет, күнделікті өмірдегі құндылықтармен және «жоғарғы» құндылықтар арасындағы өзара байланыстары жүзеге асады; әлеуметтік институттар, мәдениет мекемелері мұнда мәдениет туралы білімдер және мәдение құндылықтар көпшілік қауымға (кітапханалар, мұражайлар, театрлар) қолайлы болады.


3- кесте

1

Жоғарғы мамандандырылған кумулятивтік деңгей

Таңдаулы

элитарлық



Шаруашылық мәдениет

Саяси мәдениет

Құқықтық мәдениет

Философия мәдениеті

Діни мәдениет

Ғылыми-техникалық мәдениет

Көркемөнер мәдениеті


2

Трансляциялық ерекше деңгей

Байланыс каналдары

Білім

Теледидар

Мәдениет өрістері

Радио мекемелері

Басылым


3

Қарапайым мәдениет деңгейі

Күнделікті мәдениет

Отбасының бюджетті жүргізуі

Салт-дәстүр

Мораль

Қарапайым көзқарастар



Ырымшылдық, наным, сенімдер

Тәжірибелік технология

Қарапайым эстетика

Мәдениеттану жеке пән ретінде ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде қалыптаса бастады. Мәдениеттану – білімнің ерекше түрі және оның пәні басқа гуманитарлық ғылымдардың пәнінен өзгеше. Ол негізінен философия мәдениеті, әлеуметттік мәдениет, әлемдік мәдениеттің тарихы, психология мәдениеті, антропологиялық мәдениет сияқты бірқатар гуманитарлық ғылымдардың тоғысуынан қалыптасты. Мәдениеттану қоғамда болып жатқан түрлі процестерді барынша қамтып, мәдениет дамуының жалпы заңдылықтарын, оның өмір сүруінің принциптерін және бір-біріне этно-әлеуметтік, саяси-моральдық, ғылыми, көркемдік және тарихи сипаттамаларымен, жағдайларымен ерекшеленетін түрлі мәдениет түрлерінің өзара байланыстарымен, тәуелділіктерімен зерттейді. Сондай-ақ адамзат баласының біртұтас мәдени даму процесінің жалпы даму заңдылықтарын анықтайды. Демек, мәдениеттану пәні түрлі қоғамдар барысындағы мәдени өмірді жан-жақты қамти отырып, ондағы басты мәдени процестерге ғылыми тұрғыдан талдау жасайды. Мәдениеттануға осы уақытқа дейін антропология, психология, тарих, педагогика зор ықпал етті. «Антропология» мәдениет деген ұғымның мағынасын анықтауда үш жағдайға назар аударады:



  1. қоғам мен адамның мәдение қалыптасуы (ағартушылық);

  2. қоғамдық және адамзаттық салт-дәстүрлердің, әдет-ғұрыптардың, қалыптасқан дағдылардың, қоғамдық мекемелердің және т.б. жиынтығы;

  3. белгілі бір қалыптасқан мәдени жүйенің басқа мәдение құндылықтарға қарсылығы.

4- кесте





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет