Лекци Мәдениеттануға кіріспе Мәдениет – мәдениеттанудың басты объектісі және пәні ретінде. «Мәдениет»



бет6/6
Дата25.01.2022
өлшемі24.23 Kb.
#454796
түріЛекция
1   2   3   4   5   6
Мадениеттану лекция 1

Психологиялық мәдениет – адамның өзіне тән рухани дүниесінен, мәдениетпен байланысының жеке ерекшеліктерінен құралады. Пәнінеәлеуметтік-психологиялық зерттеулердің негізінде сол қоғамға тән мәдени-тарихи жеке тұлғалардың типін бөліп көрсету жатады.

Мәдениеттану адамзат қоғамының әр кезеңіндегі мәдениетін зерттейтін біртұтас әртүрлі ғылымдар кешенінің белгілеу жиынтығы. Нақты айтқанда, біріншіден - мәдениеттану гуманитарлық ғылымдардың жинақталған ерекше түрі. Екіншіденмәдениеттану мәдениет және оның мәні туралы білімдер жүйесі, даму және өмір сүру заңдылықтары, мәдениетті түсіну тәсілдері. Ол мәндер көптеген адамдарды біріктіріп, олардың сезім-ойларының негізін құрайды, іс-әрекеттерінің түрлерін туындатып, жалпы мәдениетті жасайды. Мән кез-келген құбылыстар мен заттық объектілерді адамдармен байланыстырушы қызметін атқарып, адам болмысының мазмұныны құрайды. Үшіншіден – мәдениеттану гуманитарлық пәндердің ішіндегі метатеория, мәдениет туралы біртұтас жүйе құрайтын себепкер шарты, оның әдістемелік негізі.



Мәдениеттану ғылымының дамып, одан әрі қалыптасуына өзіндік үлес қосқан ғылыс салларының ерекше бір түрі – белгілер мен таңба жүйесін зерттейтін семиотика ғылымы. Семиотикалық тәсіл лингвистика, әдебиет, кино, театр теориясында, қоғамдық ғылымдарды және басқа да ғылым салаларында кеңінен қолданылуда, тіпті информатика мен кибернетика да тамаша үндестік табуда.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет