39
1 - дәріс. Құю өндірісі. Жалпы мәліметтер
Құю өндірісі – әр түрлі қорытпалардан фасондық дайындамаларды алу тәсілі, ол ішінде
қуысы бар, пішін үйлесімі және өлшемдері бойынша тетікке барынша көп жақындатылған
қалыпқа балқытпаны құюдан,
металды әрі қарай суытудан, қалыпталатын құйманың
қатаюынан, оны берілген температураға дейін салқындатудан және қалыптан қағымдаудан
тұрады.
Дайындамаларды алудың барлық белгілі тәсілдерінен құю технологиясы аса тиімді, себебі
бұйымдарды кесу арқылы өңдеуге барынша аз әдіптері, жақсы механикалық және пайдаланылу
қасиеттері бар балқытпадан тікелей алуға мүмкіндік береді. Көптеген жағдайларда құйма –
пішін үйлесімі күрделі және массасы бірнеше грамнан жүздеген тоннаға дейінгі тетіктер
дайындамаларын алудың жалғыз мүмкін тәсілі. Құю
өндірісінің тиімділігі оның
әмбебаптылығымен түсіндіріледі, ол жоғары механикалық және пайдаланылу қасиеттері және
бірнеше грамнан жүздеген тоннаға дейін массасы бар кез келген құрамды (соның ішінде аз
илемді) қорытпалардан салыстырмалы түрде қымбат емес бұйымдарды алуға мүмкіндік береді.
Құйма бұйымдар машиналар мен механизмдер массасының шамамен жартысын құрайды,
сондықтан құю өндірісі машина жасаудың негізгі дайындайтын базасы болып саналады.
Құйғанда металл балқытпаны алдын ала дайындалған
қалыптарға құяды,
олар бір реттік
немесе көп реттік (ұзақ мерзімді) болады. Бір реттік қалыпты онда құйманы алған соң бұзады,
ал көп реттік қалып құймалардың көп мөлшерін өндіру үшін жарамды.
Құю тәсілін таңдау тетіктің қызметтік тағайындалуымен, өндірістік бағдарламамен,
экономикалық мақсатқа сәйкестігімен,
сондай-ақ, талап етілетін дәлдігімен және құймалар
бетінің сапасымен анықталады. Құймалардың көп бөлігі бір реттік қалыптарда –
құм
қалыптарға құюмен жасалады
. Кейбір жағдайларда бұл құймалар қойылған талаптарды
қанағаттандырмайды. Сондықтан құюдың арнайы тәсілдерін қолданады: қабықшалы
қалыптарға,
қорытылатын модельдер бойынша, металл қалыптарға (кокильдерге), қысыммен,
реттелетін қысыммен, центрден тепкіш құю және т.б.
Құм қалыптарда құймаларды жасаудың технологиялық процесінің негізгі операциялары
үш топқа біріктірілуі мүмкін: қалыптау (қалыпты жасау); металды балқыту және оны қалыпқа
құю; құймаларды қағымдау мен тазарту. Қалыптау процесіне қалыпты жасау бойынша бірқатар
операциялар кіреді (қалыптау қоспасын қалыпқа төгу,
оны нығыздау, қалыптаудың өзі,
өзектерді орнату, қалыпты құрастыру және т.б.). Балқыту және құю процесіне пешке металды
толтыру салу бойынша операциялар, оны балқыту, бабына жеткізу және қалыпқа құю кіреді.
Қатырылған және суытылған соң алынған
құймаларды қалыптан қағымдайды, оның қалып
және өзек қоспасы қалдықтарынан тазартады және құю жолдары мен қосылмалардан
ажыратады. Ішкі кернеулерді алған соң, металдың берілген
құрылымы мен механикалық
қасиеттерін алу үшін құймаларды сәйкес термиялық өңдеуге ұшыратады.
Достарыңызбен бөлісу: