Лекции каз по тпмп 1-дәріс. Кіріспе


 Машина жасауда қолданылатын материалдар. Шойын, болат, түсті металдар мен



Pdf көрінісі
бет2/85
Дата05.09.2023
өлшемі4.11 Mb.
#476654
түріЛекции
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85
Конструкциялық материалдар мен машина жасау өндірісінің технологиялық процестері - Дәрістер

 
1.1 Машина жасауда қолданылатын материалдар. Шойын, болат, түсті металдар мен 
қорытпалар, металл емес материалдар 
Конструкциялық материалдар өнеркәсіптің әр түрлі салаларында пайдаланылатын 
машиналар мен механизмдерде пайдаланылатын тетіктерді жасау үшін қолданылады. Оларды 
шартты түрде үш топқа бөлуге болады: металл, металл емес және композициялық. Бірінші топ 
аса көп қолданылады және берілген оқулықта оған негізгі назар аударылатын болады.
Металл материалдарды балқу температурасы бойынша (оңай балқитын, балқу 
температурасы орташа және қиын балқитын), тығыздығы бойынша (жеңіл және ауыр), негізі 
бойынша (темір негізіндегі қорытпалар, түсті және қиын балқитын металдар қорытпалары), 
олардан дайындамалар алу тәсілі бойынша (деформацияланатын, құйма) жіктеуге болады. 
Қазіргі машина жасауда механизмдер мен машиналар тетіктерін алу үшін таза металдарды 
да, сондай-ақ олардың негізінде қорытпаларды да қолданады. Cоңғылары аса көп қолданыс 
табады, бұл олардың аса жоғары механикалық қасиеттерімен себептелген. Бұл қасиеттер 
қорытпаның құрамына кіретін компоненттерге, оның құрылымына және өңдеу тәсіліне 
байланысты. 
Негізінде машина жасауда темір негізіндегі қорытпаларды (көміртекті және қоспаланған 
болат, шойын) және алюминий, мыс, магний және титан негізіндегі түсті металдар 
қорытпаларын қолданады. Қорытпаны таңдаудың дұрыстығына және одан алынатын тетікті 
өңдеу тәсіліне көбінесе машина жасау өнімінің сенімділігі және жұмысқа қабілеттілігі 
байланысты болады.
Металл емес материалдар техниканың әр түрлі салаларында аса кең қолданыс табуда. 
Жеткілікті беріктігі, қаттылық, төмен тығыздық кезіндегі икемділік, көптеген жемірлі ортадағы 
химиялық төзімділік, олардың технологиялылығы кезінде диэлектрлік қасиеттердің деңгейі 
металл емес материалдарды көрінбейтіндей етеді. 



Металл емес материалдарды шығу тегі бойынша табиғи, жасанды және синтетикалық деп 
ажыратады. Табиғи материалдарға, мысалы, табиғи каучук, ағаш, шайыр (янтарь, канифоль), 
мақта, жүн, зығыр және т.б. сияқты органикалық материалдар жатады. Органикалық емес 
табиғи материалдарға графит, асбест, қабаттас және кейбір тау жыныстары кіреді. Жасанды 
органикалық материалдарды табиғи полимер өнімдерден (вискоза талшығы, целлофан, күрделі 
және жай эфирлер, целлюлоза) алады. Синтетикалық материалдарды жай төмен молекулалық 
қосылыстардан алады. 
Жасанды және синтетикалық материалдарда соңғы өнімнің және дайын бұйымдардың 
берілген қасиеттерін алу мақсатымен алғашқы заттардың қасиеттерін жобалау және араластыру 
мүмкін болады. Нәтижесінде синтетикалық металл емес материалдар табиғи материалдарды 
ығыстырып шығарады және әсіресе пластмассалар аса кең таралған болып табылады, олардағы 
резеңке байланыстырушы ретінде жоғары молекулалық органикалық қосылыстар (полимерлер) 
қызметін атқарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет