Лекции каз по тпмп 1-дәріс. Кіріспе



Pdf көрінісі
бет11/85
Дата05.09.2023
өлшемі4.11 Mb.
#476654
түріЛекции
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   85
Конструкциялық материалдар мен машина жасау өндірісінің технологиялық процестері - Дәрістер

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


22 
 
 
2-дәріс. Баспалау. Баспалау процесінің мәні 
Баспалау – металдарды қысыммен өңдеу тәсілі, ол кезде металды тұйықталған қуыстан 
(контейнерден) құралдағы матрица деп аталатын саңылау арқылы таңбалайды, нәтижесінде 
пішіні бойынша матрица саңылауына сәйкес келетін қимасы (пішіні) бар ұзын өлшемді 
бұйымды алады. Баспалау өте күрделі пішінді бұйымдар алуға мүмкіндік береді (3.22-сурет), 
оларды илемді деформацияның басқа тәсілдерімен жасау мүмкін емес. Баспалаумен диаметрі 
5…200 мм шыбықтарды және қабырғаларының қалыңдығы 1,5…8,0 мм болғанда диаметрі 800 
мм дейінгі құбырларды алуға болады.
Баспалау кезінде МҚӨ басқа процестерімен салыстырғанда өңделетін металдың кернеулі 
күйінің аса қолайлы сұлбасы орын алады (3.5, а-суретті қараңыз). Бұл сұлба аз илемді және 
тіпті морт металдарды олардың бұзылу қаупінсіз өңдеуге мүмкіндік береді. 
Баспалау кезінде металл жан-жақтан біркелкі емес қысылуға ұшыратылады, оның 
арқасында илемділігі жоғары болады. Бұл жағдайларда металды баспалау үшін шамасы 
бойынша үлкен күштер талап етіледі. Процесс қысыммен ыстық өңдеу температуралары 
болғанда жүреді. Баспалауды көбінесе түсті металдар мен қорытпаларды өңдеу үшін 
қолданады, өйткені баспалаудың талап етілетін күштері және өңдеу температуралары аса төмен 
және болатты өңдеу үшін сирек болады. Болат бұйымдарды дайындамамен баспалау үшін илем 
қажет болады. 
3.22-сурет – Баспалаумен алынатын бұйымдардың пішіндері 
Түсті металдар мен қорытпалардан (мыстан және оның қорытпаларынан, мырыш және 
титан қорытпаларынан және т.б.), сондай-ақ болаттан баспаланған бұйымдар негізінде 
бұйымдарды сымдаумен, суық илемдеумен және басқа өңдеу тәсілдерімен алу үшін дайында-
малар болып табылады. Алюминийден, магний мен оның қорытпаларынан баспаланған 
пішіндер дайын бұйымдар болып табылады. 
Баспалау кемшіліктеріне елеулі қалдықтарды жатқызу керек, өйткені дайындаманың 
барлық металы жабық қуыстан матрицадағы саңылау арқылы таңбалана алмайды. Қуыста 
баспақ-қалдық қалады, ол баспалау аяқталған соң алынған пішіннен кесіледі. Баспалау кезінде 
дайын өнімнің шығуы 70…80 % құрайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет