Лекции каз по тпмп 1-дәріс. Кіріспе



Pdf көрінісі
бет57/85
Дата05.09.2023
өлшемі4.11 Mb.
#476654
түріЛекции
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   85
Конструкциялық материалдар мен машина жасау өндірісінің технологиялық процестері - Дәрістер

Лазермен пісіру 
 
Лазермен пісіру алғаш рет электрондық аспаптарды жасау кезінде радиоэлектроникада 
қолданыла бастады. Пісіру үшін импульстік режимде жұмыс істейтін, қатты жұмыстық денелі 
лазерлер пайдаланылған. Салыстырмалы түрде шағын қуаты, төмен ПӘК бола тұрып, мұндай 
лазерлік қондырғылар конструкцияларды жасау үшін қолданыс таба алмады. Алайда қатты 
денелі лазерлерге қарағанда, аса жоғары пайдалы әсер коэффициенті (ПӘК) бар, үздіксіз 
әрекетті қуатты газдық лазерлердің жасалуы, лазермен пісірудің дамуына, соның ішінде, оның 
өнеркәсіптік пайдаланылуын кеңейтуге елеулі түзетулер енгізді.
Лазермен пісіруді таңдау кезінде оның 10
11
Вт/м
2
дейін жоғары шоғырланған қыздыруды 
қамтамасыз ететіндігін, ал дақтың өзінің өлшемдерінің миллиметрдің он үлесінен артық емес 
диаметріне сәйкес келетінін есепке алу қажет. Сондықтан лазермен пісіру металды минимум 
балқыту арқылы жіктер алуға мүмкіндік береді, пісірудің басқа тәсілдерімен салыстырғанда 
пісіру конструкциялардағы кернеулер мен деформацияларды төмендетеді. 
Лазермен пісірудің вакуумнан тыс, мөлдір орталар арқылы, қол жетпейтін орындарда 


99 
және т.с.с. пісіру мүмкіндігі сияқты қасиеттерін де назарға алу қажет. Өзге тең мүмкіндіктер 
кезінде пісіру әдісін таңдауға экономикалық көрсеткіштер анықтаушы әсер етеді.
Импульстік лазермен пісіру арқылы көбінесе өз арасында сымды немесе аса шомбал 
тетіктері бар сымды пісіреді, сонымен бірге, лазер сәулесі түйіспелерді оқшауламадан 
тазартпай пісіру жүргізуге мүмкіндік береді, бұл пісірудің өнімділігін арттырады. 
Едәуір қалыңдықты металдарды үздіксіз лазермен пісіру газ лазерлерімен жүргізіледі. 
Сонымен бір мезгілде инертті газдар металды тотығудан қорғайды. Қорғау үшін аргонның 
орнына гелийді немесе гелийдің сутекпен қоспасын қолдану лазер сәулесімен балқытуды 
ұлғайтады, бірақ аргонға қарағанда, аса жеңіл гелий плазма бұлтын нашар ығыстырады. 
Лазермен үздіксіз пісіру импульстік пісірумен салыстырғанда пісірудің едәуір үлкен 
жылдамдықтарын қамтамасыз етеді.
Лазермен пісірудің көмегімен жасалатын тораптар мен конструкцияларды жобалау 
кезінде, онда жік негізгі металды балқыту жолымен алынатын қосылыстарды ұсынады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет