Лекция : 15 сағат обсөЖ : 15 сағат Барлық сағат саны : 45 сағат Қорытынды бақылау : емтихан, 4 семестр



бет3/6
Дата09.06.2016
өлшемі0.89 Mb.
#125881
түріЛекция
1   2   3   4   5   6

ЛЕКЦИЯНЫҢ ҚЫСҚАША КУРСЫ

Жетісай-2007


9.ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫНЫҢ ЖОСПАРЫ

1-лекция.



Сабақтың тақырыбы: Абайдың ақын шәкірттері М. Әуезов еңбектерінде.

Сабақтың жоспары:

1. Ұлы жазушы мұрасын танып, бағалауда әдебиетші ғалымдардың қосқан үлесі.

2. Абайтану проблемалары.

3. Абайдың ақандық мектебі туралы.
Адамзаттың көркемдік дамуы тарихында әлем таныған классиктер санатындағы ұлы суреткер болуымен қатар Мұхтар Омарханұлы Әуезов қазақ әдебиетінің тарихы, Абай мұрасы, халық ауыз әдебиеті жайлы ұлан-ғайыр еңбектер жазған бірегей зерттеуші, ғұлама ғалым да болды. Оның өмірі мен шығармашылығы аз зерттелген жоқ. Болашақ үлкен қаламгердің тырнақалды шығармалары 1917 жылы жазылып, жарияланып жұртқа белгілі бола бастаса, ол жайлы алғашқы мақалалар да сол 1917 жылдан бері жарық көре бастады. Белгілі мұхтартанушы ғалым К. Сыздықов М. Әуезов жайлы «мақала еңбектердің жалпы ұзын саны екі-үш мыңдай, оның ішінде арнайы кітап болып жазылған сын-зерттеу, деректі көркем шығармалар жиырма-отыздзай бар» - деп көрсетеді.

Солай бола тұра М. Әуезов шығармашылығының беймәлім тұстары да жоқ емес. Солардың бірі – Абайдың ақындық мектебі туралы проблема. Ұлы Абай жайлы романдарын жазу үстінде әрі әдебиеттану ғылымындағы абайтану саласын негіздеп қалыптастыруда М. Әуезов әрі жазушы, әрі зерттеуші ретінде талмай ізденіп қыруар еңбек етті. Әдебжиет тарихында бір тақырыпты бұлай ғылыми тұрғыдан жан-жақты зерттеу әрі ол тақырыпқа теңдесі жоқ көркем туынды арнау өте сирек кездесетін ғажайып құбылыс.

М. Әуезов осы тақырып төңірегіндегі ұзақ жылдар бойы үздік – создық жүргізген зерттеулерінің негізінде ғылымда Абайдың ақындық мектебі туралы концепцияны ең алғаш болып ұсынды. 50-жылдардың басында сталиндік режимге арқа сүйеген тұрпайы социологиялық таным иелері оны жоққа шығарып, әдебиетке, ғылымға өрескел қиянат жасады. Бұл тұжырымды негіздеген М. Әуезов пен оның шәкірті Қ. Мұхамедхановты айыптап, қуғын-сүргінге салды.

Жазушының Абай мектебі, ақын шәкірттері жайлы ойлары мол көрініс тапқан көркем шығармасы «Ақын аға» романы да зерттеушінің жоғарыдағы мәселе туралы ғылыми еңбектерінің кебін киді. Роман социалистік реализм, әдебиеттің партиялылығы, таптығы принциптері тұрғысынан бір жақты сыналып, іске алғысыз дүние ретінде бағаланды. Оған әдебиеттану ғылымының нысанасы, көркем туынды ретінде теориялық жағынан терең талдау берілмеді. Әуезов романның сыналған тұстарын өзгертіп, жаңа нұсқасын жазып шығуға мәжбүр болды.

«Абай жолы» XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ халқы өмірінің айнасы, XX ғасырдағы әлем әдебиетіндегі ең үздік шығармалардың бірі, мәңгілік мұра, ғасырлық туынды деп танылды.

Мұхтартанушылардың дені өздерінің зерттеу нысанасы етіп оның «Абай жолы» дәуірнамасын алды. Үшінші кітаптың алғашқы нұсқасы «Ақын аға» романы М. Әуезов шығармашылығындағы үлкен бір олқылық ретінде еске алынбады. Өйткені бұл «... бұқаралық ақпарат құралдары қатаң бақылауға алынған, кейбір проблемаларды жазуға тыйым салынған, сынауға болмайтын аймақта пайда болған» адамның жеке басына табынудан кейінгі әлі де «айтқызбасың айтқызбайтын» тоқырау жылдары болатын.

Халық тарихы қайта таразыланып жатқан дәл қазіргі кезеңде өткендегі әдеби мұрамызға көзқарастар жаңғыра бастады. М. Әуезовтың «Ақын аға» романы да, 1929 жылы жазылған «Хан Кене» трагедиясы да, 1927 жылы жарық көрген «Әдебиет тарихы» атты зерттеу еңбегі де жаңа көзқарас тұрғысынан әділ бағасын алуы тиіс. Жарық көрісімен солақай сынның қысымына ұшырап, тыйым салынған есебінде болғандықтан, кезінде бұл шығармаларды оқыған бар, оқымаған бар. Арада ол шығармалардан мүлде бейхабар жаңа ұрпақ өсіп жетілетіндей уақыт өтті.

Ұлы жазушы мұрасын танып бағалауда әсіресе әдебиетші ғалымдардың қосқан үлесі айтарлықтай. Оның көш басында алдыңғы буын өкілдері С. Сейфуллин, І. Жансүгіров сынды қаламдас ағалары, Ғ.Мүсірепов, М. Қаратаев, Б. Кенжебаев, Ә. Тәжібаев сынды замандас інілері тұрды. Олардың бұл дәстүрлерін кейінірек Е. Ысмайлов, М. Фетисов, Т. Нұртазин, Қ. Жармағамбетов, З. Кедрина, Е. Лизунова, А. Нұрқатов, З. Ахметов, Ы. Дүйсенбаев, Р. Бердібаев, Б. Құндақбаев, Л. Әуезова, Х. Әдібаев, Ә. Байтанаев, Р. Нұрғалиев, М. Мырзахметов, К. Сыздықов, Б. Майтанов, Т. Әкімов, Т. Жұртбаев т.б. зерттеушілер жалғастырып келеді. Осы орайда М. Әуезов мұрасының әр түрлі саласынан монографиялық еңбектер жазылып, арнайы жинақтар құрастырылып, кандидаттық, докторлық диссертациялардың қорғалып жатқандығын да айтуымыз керек. Алайда мұхтартанушылар тарапынан Әуезовтің ғылыми зерттеушілік қызметі көркем творчествосына қарағанда аз қарастырылды.

Бұл саладағы қомақты зерттьеулер М. Мырзахметовтың “Мұхтар Әуезов және абайтану проблемалары”, К. Сыздықовтың “Мұхтартанудың беймәлім беттері” атты монографиялық туындылары. Ғалымдардың бұл зерттеулерінде Әуезовтің абайтанудың негізін қалаудағы, әдебиет тарихын жасаудағы, әдебиет сыны мен көркем аудаврма саласындағы еңбектері кеңінен сөз болады.

Студенттерге ұсынылып отырған бұл арнайы курста М. Әуезов шығармашылығының кейбір ақтаңдақ сәттері айқындалады. Қаламгердің Абайдың ақындық мектебі туралы ғылыми пікірлерінің 50-жылдардың басында ғылымға қарсы, буржуазиялық объективтік концепция, өрескел саяси қате деп бағалағандығының сыры ашылады.

Абай айналасында талантты ақын шәкірттерінің болғандығы, бұл концепцияны Әуезовтың ұзақ жылдар бойы зерттеп, ғылыми тұрғыдан тұжырымдап бергендігі дәлелденеді.

Ұлы ақын өмірінің ақырғы жылдарын, оның есейген шағындағы і згілік пен әділет үшін күресін көрсетуді мақсат еткен “Абай” трагедиясында, осы аттас операның либреттосында, кинодрама, әдеби сценарийлерде М. Әуезовтің Абайдың ұстаз ақын ретіндегі ақын шәкірттерімен қарым-қатынасын көрсетуге көңіл бөлгендігі, шәкірттер тағдырын көрсетуді мақсат еткендігі айқындалады.

М. Әуезовтің Абай мектебі мен ақын шәкірттер жайлы ой тұжырымдары мол көрініс тапқан романның үшінші кітабының екі нұсқасы салыстырылып талданады.

Кемеңгер жазушы, бірегей зерттеуші М. Әуезовтің Абайдың ақындық мектебі туралы ғылыми концепциясы оның көркем шығармаларындағы көрінісімен тұтастырыла зерттеліп, тың қырынан қарастырылады.

²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi


  1. Ì.°óåçîâ Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995

  2. Ê.Ñûçäûºîâ. ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997

  3. ².̽õàìåòõàíîâ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991

  4. Ñ.Áåêìûðçàºûçû ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000

  5. Ç.Àõìåòîâ. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995

  6. Áåðäiáàé Ð. ̽õòàð øû»û. À., “±ûëûì”1997

2-лекция.



Cабақтың тақырыбы: Абайдың ақын шәкірттері.М.Әуезовтің ғылыми-зерттеу еңбектерінде.

Сабақтың жоспары:

  1. «Абай ақындығының айналасы.» (1934) мақаласының мәні.

  2. «Абайдың идеялық-мәдени ізденулері» (1939) еңбегінің маңызы.

  3. «Абайдың ақындық мектебі туралы» (1944) тезисінің тарихи-ғылыми мәні.

Өзінің шығармашылық өміріндегі екі жақты – жазушылық әрі ғылыми қызметі туралы көп қырлы дарын иесі М. Әуезов былай деген еді: “...Жазушының тарихи тақырыпта шығарма жазуы, ең алдымен, ғылыми зерттеушілік ұзақ еңбекті қажет етеді. Әуелде мен Абайдың өмірбаянын толықтырып жазған едім. Сол жұмыстың кезінде кейін жазылатын романға керекті деректің бірталайы қолыма түсті...

Екі саладағы еңбек біріне-бірі сүйеніш болып жалпы Абай жайындағы білімімді толықтыра түсетіндей болу керек деген қорытынды ниетке бекідім”.

Кейбір ғалымдар “Абай жолы” эпопеясының өзін Абай мұрасын зерттеу жөніндегі терең ғылыми еңбекке бергісіз деп есептейді.

М. Әуезов Абай өмірі мен творчествосы туралы ғылыми зерттеу жұмыстарын және ұлы ақын жайындағы көркем туындыларын сегіз түрлі күрделі проблема тұрғысынан жүргізіп отырған.

Солардың бірі – қаламгер шығармашылығынағы Абайдың ақындық мектебі туралы тақырып. Кейін осы тақырыпты ұзақ жылдар бойы арнайы зерттеген белгілі ғалым Қ. Мұхамедханов: “Абай төңірегіндегі ақындарға бірінші көңіл аударып, оларды ғылыми, зерттеу ісіне алғашқы жол ашып, негіз салған Мұхтар Әуезов болды”, - деп атап өтеді.

Шындығында, М. Әуезов өзінің ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы монографиясының барлық нұсқаларында, 1934 жылы жазылған “Абай ақындығының айналасы”, 1939 жылы жазылған “Абайдың идеялық-мәдени ізденулері” атты мақалаларында, 1944 жылы жазылған “Абайдың ақындық мектебі туралы” деген тезисінде және т.б. еңбектерінде бұл тақырыпты ғылыми тұрғыдан тұжырымдап берді.

1918 жылдан бастап “Абай жөніндегі ең қызықты, ең соны және әдебиеттік прогресс ретіндегі ірі мәселе – Абайдың ақын шәкірттері”, - деп ұзақ жылдар бойы зерттеп тұжырымдаған концепциясы 1950 жылдары жоққа шығарылып, әдебиетке, мәдениетке, ғылымға өрескел қиянат жасалды. Бұл тұжырымды жақтаушылар қуғындалды.

Осы оқиғадан кейін М. Әуезовтің Абай мектебі, ақын шәкірттері жайлы ой тұжырымдары мол көрініс тапқан көркем шығармасы “Ақын аға” романы да зерттеушінің жоғарыдағы мәселе туралы ғылыми еңбектерінің кебін киді. “Ақын аға” аяусыз сын соққысына ұшырап, іске алғысыз дүние есебінде танылды. М. Әуезов Қазақ ССР Ғылым академиясының мүшелігінен шығарылды, университтеттен қуылды. Қайым Мұхамедханов халық жауы ретінде тұтқынға алынып, 25 жылға сотталды.

Абайдың ақындық мектебі деген тұжырымды жоққа шығарушлар оны ғылымға қарсы буржуазиялық концепция деп тарих бетінен қаншама сызып тастағысы келгенімен де, бәрібір анық объективтік шындық екендігін өмір, уақыт көрсетіп отыр.

М. Әуезов Абайдың әдебиет мектебі туралы айтпас бұрын әуелі Абайдың әдеби ортасы деген мәселеге назар аударады. Ақынның әдеби ортасы деген ұғым абайтану ғылымында ауқымды мәселе болса, Абайдың ақындық мектебі соның бір саласы екендігі белгілі.

Осы күрделі проблема туралы алғашқы мәлімет 1918 жылы “Абай” журналында жарық көрген мақаласында, 1933 жылы жарық көрген Абайдың тұңғыш өмірбаянында кездессе, ол мәселеге 1934 жылы жазылған “Абай ақындығының айналасы” деген зерттеу мақаласында арнайы тоқталады.

Зерттеуші ғалым М. Мырзахметов бұл еңбектің Абайтану тарихында алатын орнының ерекше екендігін атап өтеді.

Абайтану саласында үлкен пікір таласын тудырған сол топ “Абай шәкірттері”, “Абайдың әдебиет мектебі”, “Абай ақындығының айналасы”, “Абай тұсындағы ақындар”, “Абайдың әдеби ортасы” деп, әрқилы аталса да, ол өмірде болып өткен айқын шындық – Абай ақындығының кемеліне келген кезінде оның айналасында болып, тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге алып, көптеген көркем туындылар берген ақын жастар жайы еді.

Мұхтар Әуезов пен Жүсіпбек Аймауытовтың басшылығымен Семейде 1918 жылы шығарылып тұрған “Абай” журналы 1992 жылдан бастап қайта шығарыла бастағаны белгілі. Сол журналдың 1992 жылғы 1,2,3-сандарында М. Әуезов жазған Абайдың тұңғыш өмірбаяны сол қалпында толық жарияланды. Сол еңбекте мынадай мәлімет келтіріледі. “Өлең сөзге келгенде, азға місе қылмай қатты сынайтын Абай өз сөздеріне толық қанағат қылмауымен қатар, маңында өлең жазатын жастарға да сондай мінез істеген. Тегінде, Абайдың өсиет үгіттері, білімді, мағыналы кеңестері Абайдың маңына, өз тұсындағы талапты жастардың талайын жиғандықтан, солардың ішінде жалпы адамшылық, ақиқат деген жайларды көп ойлап, көп сөйлейтін жастармен қатар, бірталайының ақын болғысы да келген.

Ақын болмақ болып, талаптанып, өлең шығарып көруге Абайдың іні, балаларының барлығы да ұмтылған. Бұл жағына келгенде Абайдың алды бір жағынан әдебиет мектебі сияқты да болады. Сол ретпен өлең шығаратын, Көкбай, Шәкәрім, Абайдың өз балаларынан Ақылбай, Мағауия болды”.

Жоғарыды аталған “Абайдың ақындығының айналасы” (1934) деп аталатын мақаласында М. Әуезов Көкбай, Шәкәрім, Ақылбай, Мағауия төртеуін тағы ды Абайдың нағыз толық мағынадағы ақын шәкірттері деп атап өтеді. Олардың Абайдан аталық, ағалық, ұстаздық тәрдие алғандығын, оның өлеңдері мен қара сөздерін оқушы әрі таратушы, тұтынушы әрі бағалаушы болғандығын, сонымен қатар бұлардың Абайдың басшылығымен өз жандарынан жырлар да жазғандығын, Абайдың бағыт-бағдар беруімен жазылған бұлардың шығармалары арқылы қазақ әдебиетінде бұрын болмаған тың еңбектер туғандығын атап өтеді.

Абай шәкірттеріне тақырып беріп қана қоймай, олардың өлеңдерін үлкен талап тұрғысынан қатты сынап, түзеп, жолын айтып отырған. Кей кезде шәкірттерінің шығарғандары ұнамаған уақытта міндерін өлеңге қосып жіберген. Мәселен, Абай “Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін” өлеңін Ақылбай, Көкбай, Әріп ,Шәкәрім өлеңдерінің кейбір міндерін сынау үшін шығарған. Өлеңнің бірінші тармағы Ақылбайдың “Дағыстан” поэмасындағы “Ер сөзін еріккеннен еттім ермек” деген сөзіне жауап болса, сол өлеңдегі:


Сөз айттым “Әзірет Әлі айдаһарсыз”,

Мұнда жоқ “алтын иек сары ала қыз”.

Кәрілікті жамандап, өлім тілеп,

Болсын деген жерім жоқ жігіт арсыз,- дегенде,

“Әзірет Әлі айдаһарсыз” деп Көкбайдың қисса жазғыштығын, “Алтын иек сары ала қыз” деп Әріп ақынның “Зияда” деген қилссасындағы сұлу қызды сипаттауын, соңғы екі тармақ “Кәрілік туралы” деген өлеңіндегі айтқандары

үшін Шәкәрімді сынап, мінеуге арналған.

Жоғарыда айтылған Абай өмірбаянының тұңғыш нұсқасының өзінде М. Әуезов ұлы ақынның төрт ақын шәкіртінің басты ерекшеліктерінің ең негізгізін тап басып көрсетеді. “...Бұлардың бәрі де қысқа өлең айту Абайдың жол, дағдысы болғандықтан, өздеріне бөлек бет іздеген сияқты. Шәкәрім қазақ өмірінің ескі өмірінен тарихи оқиғаларды жазса, Ақылбай, Мағауия Еуропа ақындарының салтымен Кавказды, Африканы өлең қылып, махабатты жырлайтын сезімді поэманың (романтическая поэма) үлгісін ұстағысы келді.

Әрине, қазақ әдебиеті сол күнде баспа жүзінде шығып, сол күнде оқушы тауып отырарлық жайға жетсе, Абай айналасынан, Абай мектебінен шыққан үлкен әдебиет ағымын көрсеткен болар еді”.

Шындығында, ұлы ақынның ізбасарлары Абай айтып үлгере алмаған кей жайларға тереңдеп барып, біраз тың тақырыптар қозғайды.

Солай десек те, М. Әуезовтің: “Абай шәкірттерінің бірде-бірі Абай жеткен дәрежегек жеткен жоқ. Ең алдымен, Абайға таланты теңдес болған жоқ және әсіресе Абайдың ағартушылық, әлеуметтік, идеялық, көркемдік кең масштабы оларда болған жоқ”, - деген сөздерін басты назарда ұстаған жөн.

²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi


  1. Ì.°óåçîâ Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995

  2. Ê.Ñûçäûºîâ. ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997

  3. ².̽õàìåòõàíîâ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991

4. Àõìåòîâ. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995

  1. Àáàé.Ýíöèêëîïåäèÿ. À., “Àòà ì½ðà”,1995

  2. Ø.Àéòìàòîâ. µñòàç òóðàëû ñ¼ç.À., “±ûëûì”,1997

  3. Àõìåòîâ Ç.Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi.À., “Àíà òiëi”,1995

  4. °áäi¹àçèåâ Á. Àñûë àðíà. Àáàé ä¸ñò¾ði æ¸íå ظê¸ðiì. À., “²àçຠóíèâåðñèòåòi”,1992

  5. Ì.°óåçîâ Àáàé ìåêòåáiíi» àºûíäàðû.Àáàéòàíóäàí æàðèÿëàí-

áà¹àí ìàòåðèàëäàð.À., “±ûëûì”,1988

3-лекция.



Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердиев- Абайдың ақын інісі, талантты шәкірті.

Сабақтың жоспары:

  1. Шәкәрім-Абай мен болашақ ұрпақ алдындағы рухани пікірдің ролін атқарған қаламгер.

  2. Қазақ әдебиетінде сюжеттік поэма жанрына қосқан үлесі.

  3. Шәкәрім шығармаларының Абайға үндестігі.

Тәуелсіздікке барар жол халқымыздың ұлт ретінде рухани қайта түлеуімен, оянуымен тұстас келді. Тәуелсіздік қарсаңында есімдерін айтуға тыйым салынған, баспасөзде ұмыт қалып, бірен-саран ересектердің ғана жадында сақталған Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М.Дулатов, М. Жұмабаев, Ж, Аймауытов сынды арыстарымыз Қазақстан үкіметінің қаулыларымен арағап 50-60 жылдай уақыт салып, туған елімен қайта табысты, мәңгілік өлмес өмірге қадам басты.

Қазақ әдебиетінің көгінде сол қайта жанған жұлдыздардың бірі, ұлы Абайдың ақын інісі, талантты шәкірті, гуманистік, адамгершілік, демократтық, ағартушылық идеяларды уағыздаушы Ш. Құдайбердиев екендігін барша қауым танып отыр. Оның ақын, прозашы, аудармашы, философ, тарихшы ретінде артына мол мұра қалдырған жан-жақты қаламгер болуына, ең әуелі, ұлы Абай поэзиясы айтарлықтай әсер еткені даусыз. Сондықтан ,алдымен, М. Әуезовтің Абай шәкірттерінің ішіндегі ең көрнектісі әрі жасы жөнінен де үлкені, ұзақ жасағаны Шәкәрім туралы қысқа пікірінің өзін таратып айтып көрейік. Ақынның қазақ тарихынан жазған салт жырлары “Қалқаман –Мамыр” мен “Еңлік – Кебекті” зерттеушінің тақырыбы жөнінен өзгеше шығармалар деп қарауында үлкен мән бар.

Шындығында, ұлттық өлең жанрында өзіндік із қалдырған Ш. Құдайбердиевтің қазақ әдебиетінде сюжеттік поэма жанрын дамытуға да көп үлес қосқандығы қазір баршаға белгілі болып отыр.

“Қалқаман – Мамыр”, “Еңлік -Кебек”, “Ләйлі – Мәжнүн” поэмаларында оның ақындық дарыны айрықша көрінеді. Сондай-ақ Шәкәрімнің 1929 жылы жазылған бізге қолжазба қалпында жеткен “Нартайлақ – Айсұлу” поэмасы да бар.

Сырттай қарағанда, Шәкәрпім поэмаларының тақырыптары ұқсас биік махаббатты жырлау болып көрінгенімен, оның әрқайсысында әр заманның тынысы, ондағы қоғамдық-әлеуметтік қарым-қатнастар астары бар.

Зерттеуші ғалым М. Мағауин ақын поэмаларының тақырыбы мен жанры туралы былай дейді: “Шәкәрімнің үш поэмасы да (“Қалқаман – Мамыр”, “Еңлік -Кебек”, “Нартайлақ - Айсұлу”) ескі қазақ тұрмысынан алынған. Бірақ бұлардың ешқайсысы да тарихи шығарма емес. Поэмаларда тарих – фон ғана, автордың назар аударғаны - әлеуметтік мәселелер, мінез-құлық жайы.. Жанрлық тұрғыдан алғанда “Қалқаман - Мамыр” лиро-эпикалық жырға бейім, “Еңлік – Кебек” әлуеметтік дастан, ал, “Нартайлақ - Айсұлу” махаббат драмасы дер едік”.

Шәкәрім өмірінің алғашқы жартысын Абайдай кемеңгер ағаның, ұлы ақынның қасында өткізссе, оның рухани бесігінде тербеліп өсіп, оның тәлім-тәрбиесін алса, өмірінің кейінгі кезеңінде өзі де М. Әуезов сынды болашақ ұлы жазушыға, ғұлама ғалымға рухани аға, ұстаз бола білді.

Басқасын былай қойғанда, Шәкәрімнің “Еңлік - Кебекті” жырлауын, оны М. Әуезовтің алғаш болып сахналануын айтсақ та жеткілікті. Осы орайда көрнекті ғалымдар Ә. Тәжібаев пен Ш. Сәтбаеваның мына бір пікірлерін айта кеткен орынды.

“... Біз бүгінгі қауым адамдары да Еңлік пен Кебекке, оны жырлаған Шәкәрім ақынға қайран қаламыз, оларға қызыға, қызықтай қараймыз.

“Еңлік – Кебекті өзінің атақты драмасына айналдырған, сол арқылы тұңғыш драмашымыз болып танылған Мұхтар Әуезов те Шәкәрім рухына қарыздар екенін ұмытқан емес. Біз мұны бүгінгі жас қауым үшін айта кетуіміз керек”.

Абай мен болашақ ұрпақ алдындағы үлкен рухани көпірдің ролін атқарған Шәкәрімнің М. Әуезовке Абай жайлы, өзі жайлы ғылыми зерттеу еңбектері мен көркем шығармалар жазу үшін көп материалдар бермеуі мүмкін емес.

Қазіргі әдебиет зерттеушілері Шәкәрімнің “Еңлік - Кебек” дастанын оның шығармашылығындағы үлкен белес, қазақ әдебиеті тарихында да өзіндік орын алуға жарарлық шығармалардың бірі деп бағалап жүр.

Қазақ даласындағы тайпалардың өзара қарым-қатынастары бір-біріне дүрдараздығы, ру басшыларының қақтығыстары, олардың қоғамға, әсіресе, жастарға зияны туралы Шәкәрім ұстазы Абай тәрізді көп толғанады. Сол қоғамдық кеселді, сұмдықты болдырмау жолын іздеп, қайғылы оқиғаны поэмасына өзек етіп жазу арқылы, ондай озбырлықтың қайталанбауын тілек етіп , ел есіне салуды ойлады. Шәкәрім поэмасында да адам тағдыры, адал махаббат жолындағы күрес, ел билеушілердің әділетсіз әрекетіне наразылық, қос ғашықтың трагедиясы әсерлі баяндалады. Дүниеге ғашықтық пен ынтызарлық үшін жаралғандай жүректері шұғылалы, ниеттері аппақ, армандары раушан гүліндей таза, көктем көбелегіндей күнәсіз Еңлік пен Кебек батыр қатал заман, қатыгез үкім құрбаны болып, қайғылы қазаға ұшырайды.

Шәкәрім осы қайғылы оқығаны жазудағы мақсатын поэманың соңында:

Жігіттер, бұл өлеңді жазған мәнім,

Емес қой жастықпенен салған әнім.

Қас қайсы, қаза қайсы, таза қайсы?

Аларсың көп ғибрат байқағаның,-деп, оқырманына ой сала отырып, бітіреді.

²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi

1.Ì.°óåçîâ Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995

2.Ê.Ñûçäûºîâ. ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997

3.².̽õàìåòõàíîâ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991

4.Ñ.Áåêìûðçàºûçû ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000

5.Ç.Àõìåòîâ. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995

6.Àáàé ²½íàíáàé½ëû. Øû¹.åêi òîìäûº òîëûº æèíà¹û. À., “Æàçóøû”,1995

7.Àáàé.Ýíöèêëîïåäèÿ. À., “Àòà ì½ðà”,1995

8.Ø.Àéòìàòîâ. µñòàç òóðàëû ñ¼ç.À., “±ûëûì”,1997

9.Àõìåòîâ Ç.Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi.À., “Àíà òiëi”,1995

10.°áäi¹àçèåâ Á. Àñûë àðíà. Àáàé ä¸ñò¾ði æ¸íå ظê¸ðiì. À., “²àçຠóíèâåðñèòåòi”,1992

11.ظê¸ðiì ²½äàéáåðäèåâ.Øû¹àðìàëàðû. À., “Æàçóøû”,1988

4-лекция.



Cабақтың тақырыбы: Көкбай Жанатаев- ұлы ақынның үзеңгілес жолдасы, ақын шәкірті.

Сабақтың жоспары:

  1. Көкбай- тарих алдындағы еңбекгі зор ақын.

  2. Абайдың Көкбайға арналған өлеңдері.

  3. Абай өлеңдерінің Көкбай атымен жариялануы.

  4. Көкбай- Абай мектебінің көрнекті ақыны.

Көкбай Жанатаев- ұлы ақынның үзеңгілес жолдасы, ақын шәкірті.

Көкбай Жанатайұлы 1864 жылы туып, 1927 жылы қайтыс болған. Жасында мсылманша оқуды едәуір өндіріп оқыған соң, Көкбай әншілік, ақындыққа кеп ауысады. Басында айтыс өлеңдерге де жиі араласып, ақындыққа ерте жеткен талапкер жастың бірі болады. Бірақ жігіттікке жете бере қырдағы ән-өлең өнерін, сауығын тастап, Семей қаласына келіп Кәмила хазіреттің медресесіне түседі. Ұзақ жылдар сонда жатып мұсылманша оқу оқиды. Кейін Абай оны әзіл етіп молдалық пен сопылыққа беріліп, әсем әнін, бозбалалықтан кетіп қалды деп сынайды. Көкбай туралы:

Сорлы Көкбай қор болды-ау,

Осыншадан құр қалып...., -дейді.

Жас өнерпаздың діндар медреседе имам, халифелердің алдында мүлгіп жүргенін жақтырмай айтқан.Бірақ Көкбай медреседе өзінше көп оқып, үлкен молдалыққа жетіп алғаннан кейін, Абайға келіп қосылады.Ел ортасындағы бір сайлаудың үстінде Семейдің сол күнгі оязы Көкбай берген бір арыз бойынша оны жазаламақ болды.Сонда өнерлі, оқуы бар жігітті Абай аяп, кепілдікке алады. Осыдан соң Көкбай өмір бойы , Абай өлгенше оның іні-досы, шәкірті боп кетеді.

Абай өлгеннен кейін бірталай жылдан соң, жасы ұлғая бастағанда, Көкбай қайтадан бұрынғы молдалығына ауысады. Ел ішінде медресе салып, бала оқытады.Бірақ молдалыққа ауысуымен, Көкбай ақындық еңбекті тастамайды.

1924 жылдан бастап Абайдың өмірбаянын жазушыларға және барлық толық жинағын құрастыруға Көкбай барынша зор көмек еткен еді. Абайдан қалған мұраның қазақ оқушыларына толық жинақ боп құралып шығуына анық еңбек сіңірген кісінің бірі-Көкбай...

1909жылы Кәкітай бастырып шығарған жинақ Абай еңбектерінің жарым көлеміндей ғана еді. Көкбай қолжазбада сақталған шығармалар ғана емес, өзінің жадында жүрген, біржола жоғалып кетуге мүмкін болған Абайдың өлеңдері мен кейбір шумақтар, жолдарды хатқа түсіріп, ұлы ақынның өзге мұраларының қатарына қосты.

Онан соң Абайдың өмірбаянын толық етіп жазуда да Көкбай айтып берген материалдар аса көп еді. Олар құнды деректер болатын. 1933 жылы құрастырып жазған алғашқы толық өмірбаянның көп фактілері Көкбайдың аузынан алынған.Абайдың көп өлеңдеріне кейінгі толық жинақтарда беріліп жүрген қосымша түсінік, деректердің көптен-көбі және де сол Көкбайдың айтуынан алынған-ды. Міне, Көкбайдың қазақ әдебиет тарихына келтірген осындайлық кесек пайдасы бар. Ол кезде Абай айналасындағы бар ақынның ішінде суырып салма, импровизацияға ең жүйрік ақын Көкбай болғаны даусыз. Сол талантын бағалап, Абай бұны өзі жазып жүрген алғашқы өлеңдеріне ие ғып шығарады. Тек бертін келіп, “Жаз” өлеңін жазған соң ғана Абай барлық өзі шығарған өлеңдерін өз атына ауыстырып алады.

Көкбай Абайдан кейін 20 жылдан аса өмір жасап, сол соңғы дәуірінде көп шығармалар жазады. Ұстаз ақын Абайдың шығармаларына аты кірген шәкірт ақынның өзі де жалғыз ғана Көкбай болатын.

Ән үйренген ырғалып,

Өлең жиған тырбанып,

Сорлы Көкбай қор болды-ау,

Осыншадан құр қалып, деген жолдарды біз Абайдың 1909 жылы шыққан ең алғашқы жинағының өзінен де ұшыратамыз. Кейін келе Абай:

Сорлы Көкбай жылайды,

Жылайды жа жырлайды.

Ол жыламай қайтып тұрады,

Мынау азған қу заман,

Бір қалыпта тұрмайды.

Біреу малды ұрлайды,

Біреу басты қорлайды,

... болмаған соң

Жылауына зорлайды,-

деген өлеңді де Абай өзінің ет бауырындай жақын көрген сырлас ақын ініге аса бір мұңдас жылылықпен үн қатады:

Бұдан басқа “Бұралып тұрып” деген өлеңінде Көкбай досына әзіл-сын ретінде әдейі арнап айтады. Ал кейін Көкбай шығарған өлеңдерді алсақ, бұл жағынан да Абайды үнемі өзіне ұстаз, аға тұтқан Көкбай барын айқын танып отырамыз.

Жәннатта жайың болғыр Абай құтып,

Қасында бос жүріппіз шатып-бұтып.

Осындай ен дарияны жайлағанда,

Тым болмаса қалмаппын қана жұтып,-

деген жолдармен Көкбай да Абайдың ақындық ұясы мен бауырында өмір кешкен жан екенін жыр етеді.

Абай мектебінің кейіннен қосылатын елеулі, ірі талантты, үлкен ақынның бірі- Әріпке айтқан сәлем сөзінде Көкбай тағы да Абай жайын толғайды:

Семейге Абай келсе бізде думан,

Ән салып босамаймыз айғай –шудан.

Бас қосу, бақастасу, мәжіліс құру,

Секілді бір ғылымның жолын қуған.

Тарихтан неше түрлі Абай сөйлеп,

Өзгелер отырады аузын буған.

Бір барсаң мәжілісінен кеткің келмес,

Кәкімдей Афлатон аңырап тұрған.

Келбеті біліміне лайықты,

Япырау, мұндай адам қалай туған,-

дейтұғын үзінділерде Көкбай ұстаз ақын Абайдың қауымында жүрген басқа шәкірт ақындардың да барлық шынын, дәл қалпын бейнелейді.

1950 жылдары Абайтану тарихында М. Әуезовті қаралаудың Абайдың ақын шәкірттеріне байланысты жаңа бір кезеңі туды десек, ондағы үлкен пікір таласы, дау-дамай, негінен, ұлы ақынның үзеңгілес жолдасы Көкбай Жанатаев тұрғысында еді.

М. Әуезов, ең әуелі, Көкбайға діндар, керітартпа, реакцияшыл деп кінәлаушылардан оны арашалап алуды мақсат еткенге ұқсайды. Көкбайды ақтау үшін оның Абайдың өмірін жазушылар мен толық жинағын құрастырушыларға үлкен көмек көрсеткенін тілге тиек етіп, оны тарих алдындағы, халық алдындағы зор еңбек деп бағалайды.

Екіншіден, өз заманында Абай мен Көкбайдың жан жолдас, айнымас дос, бір-біріне рухани жақын адамдар болғанын, Абайдың оның жүйрік ақындығын жоғары бағалап, өз өлеңдерін сол аса талантты шәкіртінің атынан шығарғандығын және оған арнап ұстаз ақынның өзінің де бірнеше өлең шығарғандығын атып өтеді.

Үшіншіден, Көкбайдың Абайдың өзі барда да, кейін дүниеден өткенде де оны қадір тұтқан қалпынан айнымағындығын, талай айтыстарында, сөз жарыстарында , естеліктерінде, өлеңдерінде үнемі Абай жайын айтпай, толғамай өтпейтінін айтады.

²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi


1.Ì.°óåçîâ Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995

2.Ê.Ñûçäûºîâ. ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997

3.².̽õàìåòõàíîâ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991

4.Ñ.Áåêìûðçàºûçû ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000

5.Ç.Àõìåòîâ. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995

6.Àáàé ²½íàíáàé½ëû. Øû¹.åêi òîìäûº òîëûº æèíà¹û. À., “Æàçóøû”,1995

7.Ø.Àéòìàòîâ. µñòàç òóðàëû ñ¼ç.À., “±ûëûì”,1997

8.Àõìåòîâ Ç.Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi.À., “Àíà òiëi”,1995

9.Ì.°óåçîâ Àáàé ìåêòåáiíi» àºûíäàðû.Àáàéòàíóäàí æàðèÿëàí-

áà¹àí ìàòåðèàëäàð.À., “±ûëûì”,1988

10.ʼêáàé Æàíàòàé½ëû (1863-1927).// Áåñ ¹àñûð æûðëàéäû. À., “Æàçóøû”,1985

11.Ì.°óåçîâ. Àáàéòàíó ä¸ðiñòåðiíi» äåðåê ê¼çäåði.Îºó º½ðàëû. À.,

“Ñàíàò”,1977

12.Áåðäiáàåâ Ð. ²àçຠòàðèõè ðîìàíû. À.,”±ûëûì”1997

5-лекция.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет