Лекция : 30 сағат обсөЖ : 30 сағат Барлық сағат саны : 90 сағат Қорытынды бақылау : емтихан, 1 семестр



бет10/34
Дата14.06.2016
өлшемі1.04 Mb.
#135942
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   34

Оқулықтар

13.Сейфуллин С. Қазақ әдебиеті // шығармалар 6-т – А., 1964

14.Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. – А., 1974

15.Садырбаев С. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Хрестом-А.,1977



Қосымша

16.Қазақ әдебиетінің тарихы 1-т 1,2-кітаптар. – А., 196031964

17.Қазақ фольклористикасының тарихы – А., 1988

18.Қазақ фольклорының тарихылығы – А., 1993


Мақалдар мен мәтелдер, жұмбақтар, шешендік сөздер.
19.Адамбаев Б. Халық даналығы .-А., 1976

20.Әуезов М. Жұмбақтар туралы //Жұмбақтар.-А.,1940

11 ЛЕКЦИЯ.
ТАҚЫРЫБЫ : Ертегілерлердің түрлері.
Жоспары :
1. Қазақ ертегілерінің жанрлық түрлері :


  • хайуанаттар жайындағы ертегілер ;

  • қиял – ғажайып ертегілер ;

  • батырлық ертегілер ;

  • новеллалық ертегілер ;

  • сатиралық ертегілер ;

Барлық елдің ауыз әдебиетінен тел орын алған және жазу-сызу өнері болмаған кезінде ауызша шығарған күрделі шығарманың бір түрі – ертегілер.

Ертегілер көбіне қара сөзбен айтылғандықтан, оны халықтың ерте заманда шығарған көркем әңгімесі деп қарайды. Халық әдебиетінің басқа түрлері секілді, ертегілерде адам баласының еңбек кәсіп ету, тұрмыс-тіршілік құру тәжірбиесіне байланысты туған. Жаратылыс құбылыстарының, табиғат сырын жетік білмеген олардың неліктен болатындығын жетік түсінбеген ертедегі адамдар әр нәрсені қиял еткен : өздерінің ауыр еңбектерін жеңілдету жайын ойлаған. Бұл жөнінде ұғым түсініктерін наным сенімдерін әңгімелеп айтатын болған. Сонымен ертегі, әңгімелердің алғашқы үлгілері туған. Ауыз әдебиетінің басқа түрлері сияқты ертегілерде ауызша шығарылып, ауызша тарағандықтан әртүрлі өзгерістерге ұшырағын, бір ертегі бірнеше ертегінің әңгімесі қосылып арласқан. Бергі заманда туған ертегілер ерте заманда шыққан кейбір ертегілердің алғашқы үлгілерін, олардың оқиғаларын бойына жинай да жүрген.

Ертегіден халықтың әр кездегі тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық өмірі, ой арманы, дүние танымы мен көзқарасы т. б көрініп отырады. Сондықтан да Белинский мұны “Халық жанының айнасы” деген болатын. Добролюбов пен Горький халық ертегілерін аса жоғары бағалай келіп, ертегілер халықтың өмірін, тұрмыс-күйін, мінез әрекеттерін, білу үшін аса керекті матеріал екендігін айтады, ертегілерді тудырушы да, сақтаушы да халық екендігін дәлелдейді.

Әрине ел арасында айтылып, сақталып келген ертегілердің барлығын халық тудырған және олардың бәрі халық тілегіне сай туған шығармалар деуге болмайды. Халық мүддесіне қайшы келетін, үстем таптың идеясын білдіретін ертегілерде бар.

Ертегінің оқиғасын тартымды етіп құру, бір әңгімеден екіншісін тудыру ертекшілердің шеберлігіне байланысты болады. Шынында да ертегі айту еріккенің ермегі емес, ол шығармашылық өнерді, асқан шеберлікті керек етеді.

Ертекші шығарманың адамы болғандықтан, ол өзінің репертуарына аса ұқыпты қараған. Орыстың халық еретегілерін жинап, зерттеген А. Н. Афанасьев, Н. Е. Ончуков, М. К. Азадовский, Ю. М. Соколов т. б “халық арасынан шыққан әрі ертекшілір ертегі айтуды үлкен шығармашылық еңбек деп түсінген және олар ертегі айту үшін көптеген даярлықтар жасаған”, - дейді.

Ертегілердің түрлері :хайуанаттар жайындағы ертегілер, қиыл-ғажайып ертегілер, батырлық ертегілер, новеллалық ертегілер, сатиралық ертегілер болып бөлінеді.



Хайуанаттар жайындағы ертегілер – бұл топтағы ертегілердің де алғашқы үлгілері өте ерте заманда туған. Ертедегі адамдар өздерінің күн көрісі үшін төрт аяқты хайуандарды пайдалану, оларды үйрету, асырау жайын қарастырған. Және де әрбір хайуанат туралы, оның қасиеті туралы түрлі мифтік ұғым-түсініктер ойлап шығарған. Хайуанаттар жайындағы ертегілер – “Ақ қасқыр”, “Жігіт пен қасқыр”, “Сиқыршы”, “Сырттандар” т. б ертегілер жатады.

Қиыл-ғажайып ертегілер ертедегі адамдар табиғат және оның құбылыстары туралы, адамның еңбегі, тіршілік кәсібі, күресі жайында, дүние – жаратылыс, қас пен дос, неше түрлі керемет күштер туралы қиял – ғажайып етрегі - әңгімелер туған. Қиял – ғажайып ертегілерінің жағымды кейіпкерлері қарапайым адамдар болып отырады. Қиял ғажайып ертегілеріне “Ер Төстік”, “Керқұлла атты Кендебай”, “Күн астындағы Күнекей қыз” ертегілері жатады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Негізгі :
1. Аль-Фараби. Трактаты о музыке и поэзий. – А., 1992

2. Байтұрсыноа А. Ақ жол – А., 1991

3. Веселовский А. Н. Историческая поэтика. –М.,1940

4.Тайлор Э. Первобытная культура – М., 1989

5.Анисимов А. Духовная жизнь перврбытного общесттва – М., 1978

6.Гусев В. Е. Эстетика фольклора – Л., 1967

7.Пропп В. Я. Фольклор и действительность – М.,1976

8.Әмельянов Л. И. Методолог, вопроы фольклористики – Л., 1978

9.Әуезов М. Әдебиет тарихы – А., 1991

10.Ысмайылов Е. Ақындар – А., 1956

11.Смирнова М. С. Казахская нарадная поэзия – А., 1967

12.Садырбаев С. Фольклор және эстетика – А., 1976


Оқулықтар

13.Сейфуллин С. Қазақ әдебиеті // шығармалар 6-т – А., 1964

14.Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. – А., 1974

15.Садырбаев С. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Хрестом-А.,1977



Қосымша

16.Қазақ әдебиетінің тарихы 1-т 1,2-кітаптар. – А., 196031964

17.Қазақ фольклористикасының тарихы – А., 1988

18.Қазақ фольклорының тарихылығы – А., 1993


Ертегілер мен ертегіден тыс прозалық жанрлар

19.Әуезов М. Ертегілер // Қазақ әдебиеті тарихы. 1-т. –А., 1988

20.Пропп В. Я. Міфологія сказки. – М.,1969

21.Тұрсынов Е. Д. Генезис казакской бытовой сказки. –А.,1973

22.Каскабасов С. Азахская волшебная сказка. –А., 1972

23.Қондыбаев С. А. Қазақ мифологиясына кіріспе. –А.,1999

24.ТарақтыА. Күй шежіре. – А.,1992

25.Мифы народов мира. –М., 1997

12 ЛЕКЦИЯ.
ТАҚЫРЫБЫ : Хайуанаттар жайындағы ертегілер.
Жоспары :
1. Жануарлар жайындағы ертегілердің шығу мен дамуы.

2. Жануарлар жайындағы ертегілер.


Бұл топтағы ертегілердің де алғашқы үлгілері өте ерте заманда туған. Ертедегі адамдар өздерінің күн көрісі үшін төрт аяқты хайуандарды пайдалану, оларды үйрету, асырау жайын қарасытырғын. Және де әрбір хайуанат туралы оның қасиеті туралды түрлі мифтік ұғым – түсініктер ойлап шығарған. Табиғат – сырын, жаратылыс құбылыстарын түсіне алмаған ертедегі адамдар әрбір хайуанаттың жаратушысы, иесі бар деп ойлаған, кейбір хайуанаттарды керемет тұтып, оған табынатын болған.

Ертедегі адамдардың хайуанаттар жайындағы әртүрлі мифке байланысты туған ескі ұғым – түсініктері, бертін келе, экономикалық дамудың, қоғамдық сана – сезім, өсуінің нәтижесінде жоғала бастайды. Адамдар хауйанаттарды өзі бағындырып алған кезде, ерте заманда мифтік ұғымдарға қиялға негізделіп туған және ертегі - әңгімелеріне қосылған ұғым – түсініктері, көзқарастары өзгере бастайды. Олар өздерінің ертегілерінде хайуанаттарды реалистік түрде алып, адам баласына келтірген пайда – зиянын, атқаратын қызметін көрсетуге талпынады.

Бұл айтылғандарды хайуанаттар жайында шығарылған қазақ ертегілерінен де көруге болады. Аталған тақырыптағы ертегілердің ерте кездегі мифтік ұғымдарға байланысты туған үлгілерінде, кейбір хайуанаттарды жаратушы, жарылқаушы, керемет күш бейнесінде алғандығы, ертедегі адамдардың оларды ие тұтып табынғандығы байқалады. Мұны “Ақ қасқыр”, “Жігіт пен қасқыр”, “Сиқыршы”, “Сырттандар” т. б. ертегілерден көреміз.

“Ақ қасқыр” ертегісінен ертедегі адамдардың қасқырды жарылқаушы ие деп түсінгендігі көрінеді. Бұл түсінігін дәлелдеу үшін ертегінің сюжеті түрлі – түрлі ғажайып халді бейнелеуге құрылады. Ертегінің оқиғасы мал өсіріп кәсіп еткен елдің тұрмысын, қыс кезінде қос шығарып жылқыны далада бағатын жайын суреттеуден басталады. Осыдан былайғы оқиға фантазия аралас дами береді.

Қызық ғажайып халге құрылған “Ақ қасқыр” ертегісі ертедегі адамдардың хайуанаттар жайындағы ескі наным - сезімдерін елестетеді. Бұларда да “Ақ қасқыр” ертегісіне ұқсас келетін ұғымдар, бұлдыр түсініктер беріледі.

Сөйтіп хайуанаттар жайында шығарылған ертегілердің алғашқы үлгілерінен ертедегі адамдардың, “жанды – жансыз табиғат турасындағы бұлдыр түсініктерін байқаймыз. Ондай ертегілер хайуанаттармен байланысты туған мифтік, діндік түсініктерді, әр хайуанды ғажайып сиқырлы сыры бар деп таныған тотемдік түсінікті аңғартады”. Ал бертін келе экономикалық, қоғамдық жағдайлардың және сана – сезімнің дамуына байланысты бұрынғы бұлдыр түсініктердің ыдырап, жойыла бастағанын көреміз.

Бергі заманда шығарылған халық ертегілерінде хайуанаттар бұрынғы керемет бейнесінде алынбай, жаңа кейіпте, реалистік болмысқа байланысты алынады. Осы ретте хайуанаттар жайы екі түрде алынып, қазақ ертегілеріне қосылады. Онда хайуанаттардың бір тобы (төрт түлік мал, үй хайуандары) шаруашылыққа келтіретін пайдасы, атқаратын қызметімен суреттеледі. Хайуанаттардың екінші тобы (жыртқыш аңдар) адам баласына жасаған жауыздығы, қаскүнемдігімен бейнеленеді. Бұл соңғысы, кейде халықтық сатираға айналады және сол арқылы қоғамдық жайлар, үстемдік еткен қауымның жағымсыз қылықтары мінеледі ; бұлар халықтың ащы мысқылы, келеке – күлкісі түрінде келеді ; таптық тартыс, күрес жайы сөз болады.

Төрт түлік мал және үй хайуандары қазақ ертегілерінің көлеміне енгенде, ең алдымен, оларды адам баласына келтірер пайдасы, атқарар қызметі қандай екендігі суреттеледі. Өйткені бұлардың шаруашылық үшін мәні, адам өмірінде алатын орны аса зор еді. Төрт түлік мал шаруа адамына, бір жағынан, көлік күші болса, екіншіден, ішетін тамақ, киетін киім еді. Сондықтан да халық төрт түлік малды, үй хайуандарының өзінің ертегісіне қосқанда, олардың қызметін даралап көрсетуге мән береді. Ертегі оқиғасын тартысы мол нақтылы сюжетке құрады; фантазия мен реалистік болмыс шындығын шебер араластыра отырып, жұрт қызығып тыңдайтын кесек шығармалар тудырады. Төрт түлік мал жайындағы қазақ ертегілерінде халықтың айырықша ардақтайтыны – жылқы мен түйе. Оның мәні осы екі түліктің халық тұрмысында ерекше қызмет атқарғандығында. Мұны біз “Алтын сақа”, “Тепең көк”, “Боз інген”, “Жақсылық пен жамандық” т. б. ертегілерден көреміз. “”



Қолданылған әдебиеттер тізімі

Негізгі :
1. Аль-Фараби. Трактаты о музыке и поэзий. – А., 1992

2. Байтұрсыноа А. Ақ жол – А., 1991

3. Веселовский А. Н. Историческая поэтика. –М.,1940

4.Тайлор Э. Первобытная культура – М., 1989

5.Анисимов А. Духовная жизнь перврбытного общесттва – М., 1978

6.Гусев В. Е. Эстетика фольклора – Л., 1967

7.Пропп В. Я. Фольклор и действительность – М.,1976

8.Әмельянов Л. И. Методолог, вопроы фольклористики – Л., 1978

9.Әуезов М. Әдебиет тарихы – А., 1991

10.Ысмайылов Е. Ақындар – А., 1956

11.Смирнова М. С. Казахская нарадная поэзия – А., 1967

12.Садырбаев С. Фольклор және эстетика – А., 1976




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет