Лекция : 30 сағат обсөЖ : 30 сағат Барлық сағат саны : 90 сағат Қорытынды бақылау : емтихан, 1 семестр



бет9/34
Дата14.06.2016
өлшемі1.04 Mb.
#135942
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   34

Оқулықтар





    1. Сейфуллин С. Қазақ әдебиеті // шығармалар 6-т – А., 1964

    2. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. – А., 1974

    3. Садырбаев С. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Хрестом-А.,1977



Қосымша





    1. Қазақ әдебиетінің тарихы 1-т 1,2-кітаптар. – А., 196031964

    2. Қазақ фольклористикасының тарихы – А., 1988

    3. Қазақ фольклорының тарихылығы – А., 1993

Мақалдар мен мәтелдер, жұмбақтар, шешендік сөздер.




    1. Адамбаев Б. Халық даналығы .-А., 1976

    2. Әуезов М. Жұмбақтар туралы //Жұмбақтар.-А.,1940

9 ЛЕКЦИЯ.


ТАҚЫРЫБЫ : Жұмбақтар.
Жоспары :
1.Қазақ жұмбақтарының жиналу, зерттелу тарихы.

2.Жанрлық белгілері.

3.Жұмбақтардың жасалу жолдары мен тәсілдері.
Қазақ ауыз әдебиетінен орын алған және ерте заманнан бастап бүгінгі күнге дейін даму, өсу үстінде келе жатқан жанрдың бірі - жұмбақтар. Ол барлық елдің ауыз әдебиетін е ортақ жанр. Жұмбақ түрін зерттеген ғылымдардың айтуынша, жұмбақ ертедегі адамдардың бүкіл коллективтің , еңбек-кәсіп ету, тұрмыс тіршілігі құру тәжірбиесінен туған. Жұмбақ заттың өзін айтпай оның түр-түсін , сыртқы белгілерін, жұмбақ болып отырған затқа ұқсас жақтарын сипаттайды, ал заттың өз атын жасырып ұстайды. Ойға алған нәрсенең өзін айтпай, оның сырт көріністерін, сыртқы белгілерін қысқаша сипаттауды, солар арқылы жұмбақ етілген затты табуды жұмбақ дейміз. Жұмбақ айту әр халықтың әріден келе жатқан дәстүрінің бірі. М. Әуезов қазақтың ертедегі әдет-ғұрып салтында жұмбақтың ерекше орын алғандығын айта келіп былай деген: Кейде бүкіл бір ертек жұмбақтан туады. Әңгімелі әсем жыр, дастан атаулының талайының жұмбаққа соғып кете тіні болады. Ертеде ердің даналығын, жүйріктігін жұмбақпен сынау машық болған. Бұл тарихи шындыққа негізделген пікір. Қазақтың көптеген ертегілерінде мазмұн болғанда немесе ондағы көп әңгімелердің түйінін шешетін де жұмбақ болғанын білеміз. Бұған “Қарттың ұлына айтқан өсиеті”, “Қарт пен тапқыр жігіт”. Ерте заманда күйеу таңдаған қыздар : жұмбағымды шешкен жігітке ғана тиемін, - деп жұмбақты өнер салыстыру, жігіттің ақыл – ойын сынау ретінде қолданған. Жұмбақ оқушы балалар мен жастарға білім берерлік тәрбиелік мәні бар құралдардың бірі.

Халық жұмбақтарының тақырыбы өте көп. Жаратылыс дүнеиесі, табиғат жайы, еңбік-кәсіп құралдары, хайуанаттар мен өсімдіктер, адам және оның өмірі, өнер – білім, техника т. б жұмбақтардың басты тақырыбы болуы мен қатар мазмұны да болады. Мысалы : білім техника жайында шығарылған жұмбақтар бергі кезде, XIX ғасырдың ішінде туа бастағанын байқаймыз. “Аяғы жоқ жүреді, аузы жоқ сөйлейді” (хат). “Өзі жаңа, өзі тесік” (елгезер). Қазақ жұмбақтарының күрделі бір тақырыбы төрт түлік мал, жалпы хайуанаттар жайына арналады. Мал өсіріп кәсіп еткен өлеңнің сырын жақсы білген халық төрт түліктің өзіне тән мінезі мен қасиетін, адам баласы үшін жасайтын қызметін келтірер пайдасын айтып жұмбағына қосады. Төрт түлікті жұмбақ еткенде, әрбір малдың аты айтылмайды, тек мүшелері айтылады. Мысалы : “Төсек астында төрт бауырсақ” (сиырдың емшегі). “Екі кісі қарауыл қарады, бір кісі шепшек терді” (түйенің өркеші, ерні).

Ауыз әдебиетінің басқа түрлері секілді жұмбақтардың да өзіне тән ерекшеліктері болады. Ең алдымен жұмбақтар тақырыпқа құрылады. Жұмбақтың өзі де, оның шешуі де асқан тапқырлықпен құрылуға тиіс. Ол сонда жұмбақ болады. Жұмбақта фантазиядан да деректілік, нақтылық басым келеді. Жұмбақ көлеміне енетін нәрселерді, алыстаған бұлдырдан емес, адамның көз алдындағы, күн сайын көріп, біліп отырған нәрселерін жұмбақ етеді. Мысалы : жұмбаққа сиырды енгізгенде оның өзін айтумен бірге, мүйізін де, емшегін де, етін де бөлек жұмбақ етеді. Жұмбақтарда көп кездесетін ерекшеліктердің бірі – заты жақын заттарды пар лап, қосарлап айтуында. Ай мен күн, жер мен көк, қыс пен жаз, күн мен түн, қол мен аяқ т. б жұбымен алысып жұмбаққа қосылады. Қазақтың жұмбақтары өзінің құрылысы, сөз айшығы жағынан мақал мен мәтелге ұқсайды және көбінесе өлең түрінде келеді, ұйқасым, ырғақтарды сақтап отырады. Сонымен бірге, жұмбақтарда дыбыс үндестігі, дыбыс қайталанушылық сонымен айтайын деген ойға тыңдаушының көңілін бөлушілік көп кездеседі. “Жаралғанда жабысқан” (адамның не заттың аты), “Өлсең де өлмейді, өлмесең де өлмейді” (адамның есімі) осы сияқты жұмбақтардан көреміз.
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Негізгі :
1.Аль-Фараби. Трактаты о музыке и поэзий. – А., 1992

2.Байтұрсыноа А. Ақ жол – А., 1991

3.Веселовский А. Н. Историческая поэтика. –М.,1940

4.Тайлор Э. Первобытная культура – М., 1989

5.Анисимов А. Духовная жизнь перврбытного общесттва – М., 1978

6.Гусев В. Е. Эстетика фольклора – Л., 1967

7.Пропп В. Я. Фольклор и действительность – М.,1976

8.Әмельянов Л. И. Методолог, вопроы фольклористики – Л., 1978

9.Әуезов М. Әдебиет тарихы – А., 1991

10.Ысмайылов Е. Ақындар – А., 1956

11.Смирнова М. С. Казахская нарадная поэзия – А., 1967

12.Садырбаев С. Фольклор және естетика – А., 1976



Оқулықтар

13.Сейфуллин С. Қазақ әдебиеті // шығармалар 6-т – А., 1964

14.Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. – А., 1974

15.Садырбаев С. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Хрестом-А.,1977



Қосымша

16.Қазақ әдебиетінің тарихы 1-т 1,2-кітаптар. – А., 196031964

17.Қазақ фольклористикасының тарихы – А., 1988

18.Қазақ фольклорының тарихылығы – А., 1993


Мақалдар мен мәтелдер, жұмбақтар, шешендік сөздер.
19.Адамбаев Б. Халық даналығы .-А., 1976

20.Әуезов М. Жұмбақтар туралы //Жұмбақтар.-А.,1940

10 ЛЕКЦИЯ.
ТАҚЫРЫБЫ : Шешендік сөздер.
Жоспары :


  1. Қызметі мен қоғамдық мәні.

  2. Жиналу, зерттелу тарихы.

  3. Жанрлық түрлері.

Осы уақытта дейін сан ғасырлық тарихы бар ұлттық шешендік өнері, яғни би- шешендер мұрасы көркем сөз ретінде бағаланды да, әлеуметтік – қоғамдық мәні, мемлекет тағдырын шешудегі ересен қызметі елеусіз, ескерусіз қалды. Көне Еллада мен Рим елінде Демосфен, Цицерон сынды даңқты шешендердің тағдыры мемлекет тағдырымен төркіндес болғаны аян. Олар мемлекеттің көркеюіне, мәңгілік тұғырына жарқырап көтерілуіне, жақсылыққа, бақытқа, жарқын заманға ұмтылуына зор үлес қосты.

Римдіктер сөз зергерлерін төрт топқа жүйелеген. Олар : 1) шеншендер ; 2) философтар ; 3) ақындар ; 4) тарихшылар.

Риторика немесе шешендік өнер ғылымы “өнердің падишасы” ретінде саналған. Ол поэтиканың, логиканың, стилистиканың және грамматиканың өркендеуіне үлкен әсер етті.

Риторика ғылымы төрт бөліктен түзіледі : а) ойлап табу, ойдан шығару, шығарымпаздық ; ә) әшекейлеу ; б) орналастыру ; в) орындау не айта білу.

Сон дай-ақ қазақтың шешендік өнері ұлттық прозаның дамуында, әсіресе, Жүсіпбек Аймауытов пен Мұхтар Әуезовтің өмірнамасында айқын көрініс тапты. Сондықтан да шешендік өнер мен прозаның біртұтастығына да айырықша зейін аударылды.

Ең бастысы, қазақ мемлекетінің нығаюына, шарықтап түлеуіне ерекше еңбек еткен әйгілі би-шешендер, көреген көсемдер, көріпкел-абыздар Асан Қайғы мен Жиренше, Төле би мен Қаз дауысты Қазыбек, Алшын Әйтеке би мен Сырым Датұлы, Бөгенбай батырдың ұрпақтары Бапан мен Саққұлақ, Абылай ханның бас биі Қарауыл данай мен Ақтайлақ шешен, Байдалы мен Бөлтірік, Жанқұтты сынды дүлдүл ділмарлардың өнерпаздық келбеті кеңінен әңгімеленеді.

Ұлы ойшыл – ақын Абайдың билік-кесімдері, 1885 жылы Қарамолада жазылған ережесі, таңғажайып тапқырлыққа толы асқан шешендігі туралы да сөз болады.

Бір айта кететін жәйт, қазақтың би-шешендерінің дауысы, түр-тұлғасы, өң-әлпеті, қимыл-қозғалысы, мінез-құлқы турасында жазылған ешқандай жазба деректер жоқтың қасы. Иә, ұлттық шешендік өнер өте биік дәрежеде дамығанмен, оның ғылымы кенжелеп қалғыны шындық. Солай болса да, Шығыстың ұлы ойшылы, отырарлық Әл-Фараби, Шоқан Уәлиханов, Алексей Левшин, Адольф Янушкевич, Васили Васильович Радлов, Ахмет Байтұрсынов, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Әмина Мәметова, Балтабай Адамбаев сынды көптеген шешендік өнердің жұлдыздары бар.

Ерте заманда шешендік өнер Мысыр, Вавилон, Ассирия, Қытай, Үндістан елдерінде өркендеп дамыған. Алайда, осынау өнердің үзілмес тарихы Көне Грекиядан басталады. Өйткені, шешендік өнер қоғамдық қажеттіліктен туды, құлиеленушілік қоғамда әлеуметтік даму өрістеп, демократияның жандануына жойқын қозғаушы күш ретінде тарих сахнасына шықты. Б. з. д. V ғасырдың екінші жартысында грек-парсы соғысынан кейін, Афинада және оның қоғамдық өмірінде мемлекет істерінде, саясат майданында маңызды факторға айналды.

Бұл қасиетті, киелі өнерді ыждаһатпен үйрену әрбір грек азаматының асыл парызы болған. Мінеки, осы уақытта риторика ғылымы шықты. Шешендік өнерге баулитын тәлімгер стаз (ритор) мамандығы пайда болды. Ал оратор – латынша сөйлеу, ғайыпты болжау деген мағынаны білдіреді.

“Риторика” терминдік атауының әуелгі әрі негізгі мағынасы шешендік өнердің теориясы дегенді білдіреді. Сондай-ақ сыртқы сымбаты сұлу, мағынасы кемшін қызыл тіл дегенді сезіндіретіндігі бар. Филология ғылымында риторика мәнерлі сөйлеудің теориясы деп те табылады.

Көне дәуірде шешендік өнердің көркейіп гүлденуінің екі кезеңі болған. Біріншісі, б. з. д. V – IV ғасырлар, Афина елінде сөзі күннің күркірі мен жалт ерткен найзағайындай Периклден бастап даңқты шешен Демосфенге дейінгі уақыт, ал Румде б. з. д. бір інші ғасыр немесе Цицерон заманы.

Ерте заманда адамзаттың рухани болмысының негізгі арналары – риторика мен философия саналған. Әу баста бұл әдебиеттің ми-тамыр жүйесі болып есептелген. Асылы, шешендік өнер және оның теориясы – ұлттық мәдениеттің бөлінбес бөлшегі.

Шешендік өнер мынадай түрлерге жіктеледі:


      1. Саяси тақырыпта сөйлеу.

      2. Салтанатты маслихатта сөйлеу.

      3. Сотта сөйлеу.

Саяси тақырыптағы шешендік, алдымен, тыңдаушыларды сендіруге ұмтылды. Салтанатты жиындағы шешендік тыңдаушылардың көңілінен шығуға әрекет жасайды. Алдыңғысында тегеурінді күш, соңғысында әсемдік тән.

Шынайы шешен салтанатты жиында жақсылық пен жамандықты, сотта әділеттілік пен әділетсіздікті, халық кеңесінде пайдалы мен пайдасыздықты негізге алады.

Ұлттық шешендік өнер ғылымының тарихы, әлбетте, “Шығыстың Аристотелі” атанған отырарлық оқымысты Әбу Насыр Әл-Фарабиден басталады. Ол “Риторика” атты күрделі трактатында ғылыми – теориялық топшылауларын алдымен кәдімгі тәжірибелік іс – мақсаттан, қолдану аясынан туындатады.

Пікір сайысында, тіршілік таласында, дау-дамай үстінде қоғам, адам, жер-су, мемлекет тағдырын, аса мәнді өмірлік мәселелердің түйінін шешуде, келешегін айқындауда риториканың әдісі мен тәсілдерін, шешендік қарым – қабілеттің қыр – сырларын мінсіз меңгеру қажет. Бұл орайда Әбу Насыр әл – Фараби “Риторика” атты еңбегінде шешеннің сөйлеу барысындағы шеберлігіне назар аударады. Нақтылап айтқанда, көз жеткізу, көкейге ұялату, ұғып тыңдау, дәлелді пікір айту, шыншыл көзқарас, тиянақты білім, сөйлеушінің бет жүзі, қимыл-әрекеті сияқты ұғымдарды жіктеп, бажай лап түсіндіреді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Негізгі :
1.Аль-Фараби. Трактаты о музыке и поэзий. – А., 1992

2.Байтұрсыноа А. Ақ жол – А., 1991

3.Веселовский А. Н. Историческая поэтика. –М.,1940

4.Тайлор Э. Первобытная культура – М., 1989

5.Анисимов А. Духовная жизнь перврбытного общесттва – М., 1978

6.Гусев В. Е. Эстетика фольклора – Л., 1967

7.Пропп В. Я. Фольклор и действительность – М.,1976

8.Әмельянов Л. И. Методолог, вопроы фольклористики – Л., 1978

9.Әуезов М. Әдебиет тарихы – А., 1991

10.Ысмайылов Е. Ақындар – А., 1956

11.Смирнова М. С. Казахская нарадная поэзия – А., 1967

12.Садырбаев С. Фольклор және эстетика – А., 1976





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет