Лекция : 30 сағат Практика: 15 сағат обсөЖ : 45 сағат Барлық сағат саны : 135 сағат


Шернияздың аты үш жүзге мәлім. Оны әр облыс ақындары сүйсіне жырлайды. Көкшетауда Алыш, Жетісуда Сүйінбай мен Омарбек, Балқашта Шашубай күні кешеге дейін Шернияз өлеңін жырлап келген-ді



бет4/11
Дата14.06.2016
өлшемі1.13 Mb.
#135924
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Шернияздың аты үш жүзге мәлім. Оны әр облыс ақындары сүйсіне жырлайды. Көкшетауда Алыш, Жетісуда Сүйінбай мен Омарбек, Балқашта Шашубай күні кешеге дейін Шернияз өлеңін жырлап келген-ді.


3. Шернияз –заманы артқан міндетті атқару жолында құлшына қызмет еткен жалынды ақын. Ол өз басынан талай ауыртпалықты өткізіп, үстем тап өктемдігін, халық азабын көріп, шерлене өсті. Ханға қарсы қажырлы күрес үстінде шынығып, ақындық жолға шықты. Оның өлеңдерінен көтерілістен кейін қуғынға, бақытсыздыққа ұшыраған халық қайғысы мен хан жендеттерінен қашып-пысқан өз басының өкініші айқын көрінеді. Хандардың көтерілістен кейін халық басына түсірген қайғылы кезеңін ақын “азған заман” деп бағалайды. Ол Исатайдай әділ адам билеген еркін өмірді аңсайды. Кейінгі қыспақты кезеңге сол күрес кезіндегі жарқын дәуірді қарсы қояды.

Шернияз туралы деректер 20 жылдардан бері қарай жиналып, зерттеле бастады. 1925 жылғы ақынның алғашқы жинағынан кейін Ташкент қаласында “Әдебиет терме” жинағы шықты. Бұл жинақты құрастырушы белгілі жазушы І.Жансүгіров еді. Ол жетісулық Омарбек ақынның айтуынан Шернияз өлеңдерінің біразын жазып алып, сол жинаққа енгізді. 1938 жылы жазушылар С. Мұқанов пен Қ. Бекхожин орта мектептер үшін жазған хрестоматияларына Шернияз өлеңдерін енгізді. Ал С. Мұқанов өзінің 1942 жылы жазған “Қазақтың ХVІII-ХІХ ғасырлардағы әдебиеті тарихынан очеркінде” Шернияз творчествосына тұңғыш талдау жасады. Кейін профессор Қ. Жұмалиев Шерниязды орта мектепке жазған оқулықтары мен 1957 жылы шыққан мақалалар жинағының І томында сөз етті.

Әдебиетші Б. Аманшин 1977 жылы Шернияздың жерленген жерін тауып, оның басына қойылған құлпытасында жазылған деректі жариялады. Қ.Жұмалиев Шернияздың бұрын басылмаған біраз өлеңдерін жариялады.

4. Ақын қандай ауыр жағдайға кезіксе де Исатайдан айнымайды. Оны хан алдында тұрып-ақ дәріптейді. Исатайды ол әрі батыр, әрі әділ қазы, әрі ел қамқоры, қайырымды, адал жан етіп көрсетеді. Баймағамбет сұлтанның алдына кіріптар болып барған кездің өзінде ақын Исатайсыз сөз айтпайды.

Шернияз Исатай бейнесін үнемі Баймағамбетке қарама-қарсы қоя суреттейді.

Шернияз - сыншыл, турашыл ақын. Ақын поэзиясындағы шындықтың айқын белгісі оның ханды және хан отбасын жамандап айтқан сөздерінен де көрінеді.

Шернияз - Исатай бастаған қозғалысқа саналы түрде қатынасып, жыр шерткен бұқара ниетіндегі ақын. Бірақ ол Махамбеттей тапжылмас ер ақын дәрежесінде тұрып қалмай, кейбір ауытқуларға, жалтара сөйлеп, айлалы әдіс қолдануға душар болды. Сөйтсе де, ақын поэзиясы негізінен реалистік сарыннан аулақтамай, халық мұңымен ұштасып жатады.

Әдебиеттер:

1.Қоңыратбаев Ә.. Қазақ әдебиетінің тарихы - А. 1994.

2.Сүйіншәлиев Х.. XIX ғасыр әдебиеті . - А. 1992.

3.Сүйіншәлиев Х.. Қазақ әдебиетінің тарихы - А. 1997.

4.Бес ғасыр жырлайды. 2-томдық. –А.,1989.

5.Омаров Б. Зар заман поэзиясы. –А.,2000.

6.Ай, заман-ай, заман-ай! Жинақ. – А., 1992

9- Лекція


Тақырыбы:Шортанбай Қанайұлы (1818-1861).

Жоспары:

1 .Шортанбай Қанайұлының өмірі мен шығармашылық жолы.

2. Шортанбай - патшалық отарлау саясатын әшерелеуді реалистікпен жырлаған ақын.

3. Ақынның адамгершілік, тәрбие қағидаларын уағыздаған толғаулары.

1.Шортанбай – XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті тарихынан елеулі орын алатын өзіндік сөз өрнегі бар өнерпаз.

Шортанбай Түркістан жерінде Қаратауды жайлаған шаруа Қанайдың семясында дүниеге келген. Жас шағынан мұсылманша оқып замандастары қатарлы білім алған. Өзі туған топырағында оқып білім алған зерделі жас өнерлі, өнегелі өлке мәдениетін жете игеруге талаптанып, парасатты ақыл иелеріне жақын жүріп, жақсылар қатарына ерте ілескен. Қазақтың әрі астанасы, әрі әулиелік орны ретінде танылған Түркістанның берер тәлімі де, әсері де мол еді. Көкірегі ояу, көркемдікке әуес, сезімтал жас естіген есті сөздерін құлағына құйып, көрген ғажайыптарын ойына орнықтырып, шама-шарқынша ақылға салып, санамен салмақтайды.

Мұсылманшылдық жолындағы оқудың нәтижесі оның қолын ишандық дәрежеге жеткізді. Бұл жолда қызмет атқару үшін Түркістаннан Арқаға, Қарақаралыға қарасты Бесата жайлаған Жамантай төренің мекеніне қоныс аударуға тура келеді. Одан кейін Аюлы-Ақсу бойын қоныстанған Жанғұтты бидің қарамағынан шағын мешіт салдырып, медресе ашады. Ер жетіп, еркінше еңбек етуге бел буған талабы зор, талғамы қалыптасқан Шортанбай жаңа ортаға, өзге өлке жағдайына кезігеді. Адамдары шетінен ділмар, сауыққой, әнші, жыршы, өлеңші келетін. Сонау Қаздауысты Қазыбектің ізін басып жалғасып жатқан билер тобының өнерлерінің өзі қандай?! Бұл өлкеде Ақан мен Біржанның, Мәди мен Ыбырайдың әндерін салмайтын қыз бен жігітті кездестіру де қиын. Тәттімбет пен Қазанғаптың күйлері қандай ойлы, сырлы? Жанақ, Шөже, Орынбай, Кемпірбайлардың ақтарылған ақпа жырлары ше? Ғажап дүние! Не деген байлық? Өмірдің қызығы, мән-мағынасы деген осы емес пе?!

Жас ишан үшін бұл – ерекше өмір болатын. Жігіт жасындағы Шортанбай мешіт ашып, діни жұмыс атқара бастағанмен, оған мүлде беріле алмайды. Жастық шақтың қызығы оны ойын-сауыққа жетелейді. Ел толған төкпе ақындардың айтыстары, жыршы-жыраулардың тамаша толғау, жырлары өнерге әуес, сөзге жүйрік, тілге шешен Шортанбайдың жанына жағады. Енді ел-жұрт Шортанбайды ишан деуден көрі төкпе ақын атап кетеді.

Қазақтың бір өлкесі бір Шортанбайды тақуа ишан етіп тәрбиелесе, екінші өлкесі оны тамаша ақын етіп шығарды. Асылы, адамды – жасаған ортасы тәрбиелейді, - дейтін қағида дұрыс. Оған Шортанбайдың өсу, жетілу жолы бірден-бір куә.

2. Шортанбай - өз заманының жалынды ақыны, ақылгөй шешен жырауы. Өзі өмір кешкен замана шындығын барлық көрінісімен айқын да дәл бейнелеп, әлеуметтік маңызы зор шығармалар жазды. Шортанбай шығармашылығы XIX ғасырдағы қазақ өмірінің айнасы, әсіресе, кедей-кепшік, момын шаруаларының тұрмыс тіршілігінің шынайы куәгері.

Шортанбай ақындығының дәуірлеген тұсы қазақ елі дағдарысқа душар болған аса ауыр кезең болатын. Ең алдымен, туған ел Россия патшалығына отар, тәуелді, бұратана өлке боп, өзінің иелігімен мүлде айрылған-ды. Отаршылар өктемдігі күн санап өршіп, ел еңсесін зар мен шерге толы мұң басты. Қазақ ең әуелі ел билігінен айрылды, одан соң жер-су, қоныс қысымына ұшырады. Мал-жан есепке алынып, оған да қауіп-қатер көбейді. Халық басына ауыр күн туды. XIX ғасырдағы тарихи ұлттық қозғалыстардың қандай қасіреттерге ұшырағаны мәлім. Исатай мен Махамбет, Кенесары мен Наурызбай, Есет пен Бекет, Жанқожа мен Құлбарақ, Науша мен Сүйінқара, Саурық пен Сұраншы, т.б. батырлардың қанжығалары қандалды. Жоңғар шапқыншыларынан жадап-жүдеп, бірлігі мен тірлігін қалыптастыра алмай, ыдырап жатқан әлсіз өлкені патша өз қарамағына оп-оңай көндірмек болған еді.

Тап осындай әлеуметтік жағдайда өмір сүрген жазушының халқына берер кеңесі қандай болуға тиіс еді және оны Шортанбай дұрыс танып, тап басты, еліне-жұртына қамқор болады. Шортанбай - өз заманының шындығын ақтара ашып, оған өткір сын айта білген көреген суреткер. Бізге жеткен шығармаларының жалпы сарыны бұған толық куә бола алады.

Шортанбайдың шығармалары өткен ғасырдың соңғы ширегіне кейбір жинақтарда баспа бетін көре бастады. 1882 жылдардан бастап, өлең, толғаулары жинақталып, бөлек кітап көлемінде жарық көреді. Көрсетілген жинақтарға ақынның «Тар заман», «Опасыз жалған», «Байды құдай атқаны», «Атамыз Адам пайғамбар», «Өсиет-насихат сөздер», «Айттым сәлем», «Асан қожаға», т.б. енген. Қазан қаласының өзінен Шортанбай шығармалары әр түрлі атпен жарық көріп жатты. Оның шығармаларын, әсіресе, патша отаршылығына қарсы қауым, ұлттық тәуелсіздікті жақтаушылар, мұсылманшылықтың сойылшылары құшағын жая қарсы алды. Шортанбай кітаптарының негізгі сарыны олардың көкейіне бірден ұялады. Қаналып, тоналып, қорлық көріп жатқан басқа тәуелсіз халықтар да Шортанбай шығармаларына құлақтарын түрді. Өздерінің ойынан шыққан ақын сөздері жатталып, елге жайыла түсті.

Шортанбай шығармалары жиі-жиі қайталанып, баспа бетін көргенімен, жалпы көлемі көп емес. С. Мұқановтың есебі бойынша, бар болғаны 1500 жолдай.

Шортанбай шығармаларының лейтмотиві – заман, қоғам, халық тұрмысы, ел өмірі, жер, қоныс қысымы, отаршылар мен жергілікті әкімдердің озбырлығы, жаңа қарым-қатынастан туындаған тонаудың жаңа түрлері, сатқын ел билеушілер, бұзақы топтар, т.б.

Ең алдымен, Шортанбай - өз дәуірінің шынайы сыншысы. Қазақ қоғамын билеп төстеушілерге, отаршылар билеген заманның бет алысына наразы ақын. Ақынның бағалауынша, ол жасаған заман бұзылған, зарлы-шерлі тар заман

Мынау заман қай заман –

Азусызға тар заман.

Азулыға бар заман... –

Шортанбай өз тұстастарын оларда иман жоқ, ұятсыз, арсыздар, құдайға да күнәкерлер деп сынайды. Патша үкіметіне берілген қазақтың опасыз би-болыстарын, елубасы старшындарын, дүниеқоңыз қайырсыз байларын, ақшаның құлы жылпостарды өткір сөзімен түйрейді.

Елді қанаушылардың жаңа тобының ақшалы байлар, алыпсатар, саудагерлер екенін ақын айқын суреттейді, оларды нағыз ел ырысын еміп, сездірмей сорып жатқан араны толмас алпауыттар деп бейнелейді. Ақшаға байланысты елдегі қайғы-қасіреттің де шынайы суреті жасалады.

Арам арсыз жан шықты, Мініп көрер күші жоқ,

Қайыры жоқ бай шықты. Ақша деген мал шықты

Сауып ішер сүті жоқ,

Шортанбай туралы пікір айтқан кейбір зерттеушілер оны өмірден түңілген, жігерсіз, қайғы мен зардың ақыны деп келді. Жоғарыда келтірілген өлең жолдары ақынның бойындағы басым күш – түңілу емес, жігерлілік, үмітсіздік емес, батыл күреске үндеу, оптимистік, патриоттық сезім екенін көрсетеді. Шортанбай жасаған заманда бұдан артық елі мен халқының қамы үшін адал қызмет көрсету екіталай. Біздіңше, халқының тағдырын ойлаған ақынның жарғақ құлағы жастыққа тиген жоқ. Ел-жұртының қасіретін арқалап, бойындағы бар күшін сол үшін сарп етті. Сол тұстағы қоғамның жай-жапсарына қарай әрекет етіп, жатпай-тұрмай халқын үгіттеп, ілгері жетеледі.



3. Ақынның түсінігі бойынша адам ең алдымен өзінің үй іші, бала-шағасы қамын қарастырмақ. Сол үшін ол кәсіп етеді, мал өсіреді, дала кезеді. Ұрпағын адалдыққа тәрбиелейді:

Елін, жерін аман боп, ұрпағың халал (адал) өссе, ол азамат үшін ғанибет, үлкен жақсылық. Ол үшін жағдай, құнарлы өлке, төзімді орта, ел-жұрт тыныштығы, береке-бірлігі қажет-ақ. Қазақтың бұрын-соңды ел боп, жауларын бетіне қаратпай, тәуелсіздігін сақтап келгені де осыдан еді, - дейді.

Шортанбайдың шығармаларының негізгі арқауы деп, оның жырларының ақылгөй, өсиетшіл келетінін айтқан жөн. Адамгершіл ақыл айтып, халықты түзу жолға салуды өзінің зор мақсаты санағандықтан болу керек ақын әр тұста терең толғап, өрнекті де, өнерлі сөз термелейді. Ақылдар айтады, нақылдар қалдырады. Шортанбайдың өлерде айтып кеткен өсиет сөздері де бар. Ол өсиеттерін қалың қазаққа, оның басшы адамдарына, ұл-қызына, кәрі-жасына арнайды. Өз атынан барлық қауымға сәлем жолдап, бақұлдасқандай болады. Бір мысал:

Сәлем айттым бәріне

Қызмет етіп жүріңдер Жұрт тамаша болушы еді,

Басшы, біткен кәріңе... Жалғыз ауыз сөзіме,

Бауырлас туған ініме, Дүние ыстық көрінді,

Құрғыр менің көзім.

Ақын 1881 жылы қазіргі Қарағанды мен Жезқазған облыстарына қарасты Шет ауданы жерінде қайтыс болды. Ол - өлерде үстіне ескерткіш орнатпауды, үлкен ас бермеуді тапсырып, оған шыққан шығындарды елдегі жоқ-жітік, кемтарларға үлестіруді өсиет еткен. Ақын көз жұмғалы ғасырдан астам уақыт өтсе де, оны халық қастерлеп, шығармаларын жадында ұстап, қымбат мұра ретінде қадірлеп келеді.

Әдебиеттер

1.Қоңыратбаев Ә.. Қазақ әдебиетінің тарихы - А. 1994.

2.Сүйіншәлиев Х.. XIX ғасыр әдебиеті . - А. 1992.

3.Сүйіншәлиев Х.. Қазақ әдебиетінің тарихы - А. 1997.

4.Бес ғасыр жырлайды. 2-томдық. –А.,1989.

5.Омаров Б. Зар заман поэзиясы. –А.,2000.

6.Ай, заман-ай, заман-ай! Жинақ. – А., 1992

10- Лекция.

Тақырыбы: Сүйінбай Аронұлы (1822-1895).

Жоспары:

1. Ақын өмірінен мәлімет.

2. Ақын мұрасының жариялануы, зерттелуі.

3. Толғауларының тақырыптық мазмұны.

4. Айтыстары.
1. Белгілі қазақ ақындарының бірі – Сүйінбай Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Майтөбе жайлауында 1822 жылы шілде айында туған. Өз әкесі – Аран Күсепұлы, арғы атасы – Жиенқұл деген кісілер. Ол кедей жанұядан шыққан. Әкесі Аранның шаруасы тым шағын болып, кейде ішер ас, мінер атқа зар болған екен. Өзінің өмірі туралы айтқан өлеңдерінің бірінде ақын бұл жайды және екей елінің түгел кедей болғанын толық бейнелейді.

Сол момынның біреуі, Малға кедей жан едім,

Екей деген ел едім. Көже қатық қой сұрап.

Сүйінбай деген мен едім, Дүйсен деген біреуге

Әкем Аран тұқымы. Кеше күндіз кеп едім.

Сүйінбайдың Тезек төремен кездесуі – кейінірек, ақынның ер жетіп, елге танылған шағы. Қалың бұқараға сүйенген ақын тайсалмай сөйлеп, Тезек төрені де жалайырдағы Солтанға ұқсатып ел алдында әшкерелеп, бас көтертпей жалынды сөзінің күшімен бөгеп отырады. Тіпті көрші қырғыз халқының қанды балақ, орақ ауыз Орман хан тұқымдарының орынсыз істерін де батыл сынайды. Ол шындық үшін күресіп, хан-төре тұқымының қылмыстарын бетіне басады. Әр түрлі дауға түсіп, әділ қазыдай әмірлі билік айтады.

Ақынның бұлайша ел ісіне араласуы оның қоғамдық бетін айқындайды. Болашақ талант иесінің шығармашылық ізденуі басталады. Оңтүстік, Шығыс, Орталық Қазақстан жерін ол түгел аралайды. Өз кезіндегі халық ақындарының біразымен кездесіп тілдеседі. Өзіне дейінгі ақындардан өз атасы Күсептің жырларын, Жанкісі жыраудың өлеңдерін жақсы білген. Аға буын ақындардан Қабан, Жанақ, Түбек, Шөжелермен кездескен. Ал, өзіне тұстас Майлықожа, Майкөт, Қаңтарбай, Тезекбай, Бақтыбай, Қатаған сияқтылармен кездескен, кейбірімен айтысқан.

.Сүйінбайдың соңғы кезде табылған өлеңдерінің ішінде оның өмір белестерін танытатын кейбір толғаулары кездеседі.

Сүйінбай өлерде айтқан бір өлеңінде мұрасының қағаз бетіне түсіп, жазылып қалмағанына өкінеді. Өзі қайтыс болғаннан кейін өлеңдері елдің есінде қалмай, өзімен бірге жойылып кете ме деп қауіптенеді. Өлеңінде ақын кесір мінезді Жұмаққа реніш те білдіреді.

Сүйінбайдың аталмыш өлеңдері - өзінің мәнімен де, көркемдігімен де елеулі шығармалар. Ақынға тән сыншылдық пен шыншылдық бұл өлеңдерде де айқын.

Сүйінбай Алатаудай, атым дардай,

Жатқанымда боламын шөккен нардай.

Еңбегімнен екі ауыз із қалмастай,

Көктемдегі жер тартып кеткен қардай.

Ақылымды қараңғы басып қалған,

Сау күнімде құдайым еске салмай,

Ауру билеп бойымнан әлім кетті-ау,

Бауырсаққа иленген кескен нандай.



2. Сүйінбай – халқымыздың поэтикасына жетік шебер тілді, жүйрік ақын. Бұған оның билер мен төрелерді сынап, мысқылдап айтқан өлеңдерінің өзі дәлел. Ақынның «Кәрілік» атты өлеңін еске алсақ, бұл да оның адамның қартая бастаған өмір белестерін айқын бейнелеп, шендестіре сөйлеуге ұста екенін танытады.

Сүйінбайды тек қазақ елі ғана емес, көрші Орта Азия халықтары да жақсы білген. Әсіресе, оның есімі – туысқан қырғыз халқына жете таныс. Қырғыз айылдарын өз аулындай аралап, олардың басындағы ауыртпалықтарды да жақсы ұғынған. Қырғыз кедейлері мен қазақ жатақтарының тағдырластығын түсініп, оларды қанап отырған хан, төре, датқаларды бірдей сынаған.

Сүйінбайдың көпшілікке мәлім, баспа бетін көрген өлеңдері тым аз және көркемдігі жағынан да онша мәз емес еді. 1940 жылдардан бастап, Сүйінбай шығармашылығын орта мектепке оқу құралдарына енгізу әрекеттері де істелді. Бұл салада Қ. Жұмалиев пен Е. Ысмайылов тұңғыш қадамдар жасаған болатын.

Сүйінбайдың өмірбаянына қатысы бар кейбір мәліметтерді жазушы С. Бегалиннің Жамбыл Жабаев өмірі туралы қолжазба кітабынан да ұшыратамыз. 1960 жылдан кейін Сүйінбай шығармашылығына біз жаңаша талдаулар жасап келеміз. Сөйтіп, ақын шығармашылығын зерттеудің 1960 жылдардан жаңа кезеңі басталды. 1975 ж. «Жазушы» баспасы «Ақиық» атты ақынның жаңа жинағын шығарды. Бұл жинақ 1990 ж. қайта басылды. Сүйінбай Аронұлының шығармаларының жаңа басылымы халық сақтаған қымбат мұраны бірқыдыру мол қамтып, ақынның алып бейнесін толық танытты.



3. Ақынның қолда бар шығармаларын түгелдей қарастырсақ, оларды негізгі үш салаға жатқызуға болады. Олар: толғаулар, арнаулар, айтыстар.

Бірінші саласына ақынның жиырма шақты толғау-жырлары жатады. Оның мазмұны шет жұрттық басқыншыларға қарсы қол бастаған қазақ батырларының ерліктерін жырлау, өмір сырларын ақтарып, дүние-әлем, бақ-дәулет, талап-талғам, өзгерістерін толғау. Өмір-қоғам құбылыстарын байқаған, дүние, әлем, адам, оның орны туралы толғанысы терең:

Дүние – ескі сарай-ды, Көшіп өткен керуендей,

Жолаушы жүрген азамат Аттандырған талайды.

Көркіне оның қарайды, Өміріңнің орағы

Сондадағы тауарих Қуанба көріп жаңа айды.

Ақынның бір арманы еліне әділетті өмір орнатып, еңбек адамын бақ-дәулетке ие ету. Берекелі, бейбіт елді, елі үшін еңіреп туған ерді көрсетіп, бұқара халықты әділ жолға бастар абзал басшыны, адал азаматты қадірлеу. Ел берекесі бірлікте екенін, әсіресе, сыртқы жауға қарсы тұру үшін ауыз бірліктің маңызы ерекше екенін баса айтады.

Сүйінбай шығармалары – образды, сұлу, суретті жырлар. Онда терең мазмұнға сай көркем бейне, сом тұлғалар дараланып, көркемдік шыңға көтеріледі. Әсіресе, үстемдер бейнесін жасауда олардың типтік мінездерін танытарлық суреттер қонымды бояулар арқылы реалистік өнер дәрежесінде тұлғаланады. Ал датқа, ұлық, болыс, би, ояз сияқтыларды суреттеуде Сүйінбай Абайдың «Болыс болдым, мінекей!» классикалық шығармасы дәстүріне лайық, соған пікірлес стильде тамаша сатиралық туынды жасайды. Мысал үшін, Сүйінбайдың «Датқаларға» толғауын атасақ та болады.

Адам мінезін жасауда Сүйінбай өзі тұстас көркем сөз шеберлерімен бәсекеге түскендей, Махамбеттің Жәңгірге, Шернияздың Баймағамбетке, Жанақтың Рүстем төреге, Шөженің Бәйтікке айтқандары сияқты Сүйінбайдың төре-сұлтандар алдында айтқан тебіреністері – үндес те мұңдас; түрі – тілі, стилі де бір қалыптас шығармалар.

Хан емессің, қиықсың, Ұры-қары, залымның,

Қалың елді айдап жеп, Жаныңа барын жиыпсың, -

Теріңе зор сиыпсың,

деп басталатын Сүйінбай тебіреністері «Хан емессің қасқырсың», «Мен едім» сияқты Махамбеттің жалынды жолдарына пара-пар өжеттік пен өткірлікке толы шығарма.

Сүйінбай шығармаларының халықтық беті – айқын.

Сүйінбай шығармаларының көпшілігіне тән қасиет – сын-сықақ, ащы сарказм. Бұл сарын ақынның барлық шығармасының негізгі өзегі дерлік. Сөйтіп, Сүйінбай да Махамбет сияқты хандар мен төрелердің халықтың хас жауы екенін ашық айта алды.

Сүйінбай әділ билікті керек етіп, халыққа қызмет етер адал азаматты көкседі. Жастарды әділдік рухта тәрбиелеуге күш салды.

Сүйінбай – халық батырларын үлгі етіп, қаһармандық жырлар толғаған эпик ақын. Сұраншы, Саурық, Сыпатай, Тотан, Ботбай, Бөлтірік, Жабай, Өтеген батырлар туралы жырлар шығарған. Бірақ олар бізге түгел жетпеген. Тек кейбір үзінділері мәлім. Оның «Тотан батыр» жырын халық ақыны Сариев Әбдіғали жырлап келген-ді. Жамбылдың айтуынан С. Сейфуллин жазып алған ноғайлы батыры Жабай туралы жырдың үзіндісі де назар аударарлық.

Сұраншының ерлігін ол өмір бойы жырлап өткен.

Сүйінбайдың жұртшылыққа мәлім шығармаларының көбі – сын-сықақ өлеңдер, арнау, толғаулар, айтыстар.

Өмірдің қызығы – татулық, бірлік, ізеттілікте екені көрсетіліп, адамгершілікке үндейді. Көркемділікті, табиғилықты дәріптеп, адамның рухани азығы - өнер, өлеңді жоғары бағалайды. Бұған «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері», «Жұмыққа», «Құлқайырдай ағарды сақал-мұртым», «Сүйінбай Алатаудай атың дардай», «Кәрілік» тәрізді өлеңдер циклын жатқызуға болады.

Кезінде Жамбылға ұстаз болған Сүйінбай ақындығы - өз бедері, өз сипатымен оқшау тұрған мәнді шығарма. Ол – біз үшін Алатаудай асқақ, сарқырама өзендей екпінді, нәрлі, саялы салқын, жанға жайлы, мәнді рухани азық.

Сүйінбай - өлең техникасына жетік, саңлақ ақын. Оның шығармалары әдебиетіміздің төрінен орын алады. Өлеңдерінің көп жолдарында қатар бір жолдан бастап, анафора, эпифора, аллитерация үлгілерін шебер пайдаланады. Ал бұл сиқты қасиет профессионал жазушыларға тән құбылыс екені мәлім.

Сүйінбай - өзі туып-өскен еңбекші халық ортасында жасап, сол ортадан тәлім алып, жетілген өмір саңлағы, дәуір қайшылықтарын аша да жырлай да білген шыншыл ақын. Оның шығармалары - өзінің өміршеңдігі, көркемдігімен құнды.

4. Сүйінбай айтыстары XIX ғасыр ақындары айтыстары ішінде бір төбе жоғары тұрады. Бұл оның айтыстарының мәнділігі мен тіл өткірлігінен байқалады. Ол өзінің өлеңдерінде кейбір ақындарша өз елінің байларын бедел тұтып, тілге тиекті сол бай мен төрелер маңынан қарастырмайды. Ақынның сүйеніші қалың ел және Өтеген, Сұраншы, Сыпатай сияқты батыр атанған ел азаматтары болады.

Сүйінбай шығармаларының ішінде өзінің мәнділігімен ерекше көзге түсетіні – оның Тезек төремен кездесіп, дидарласуы. Мұның өзі әлеуметтік мәні жағынан екі ақынның айтысы деуден гөрі, елдегі қоғамдық екі тап өкілінің саяси тартысы деуге тұрарлық шығарма. Себебі, айтыста екі ақын жарысқа түспейді. Мұнда бір-бірінен жыр өнерін асыру мақсаты қойылмайды. Ашықтан-ашық қоғамдық екі тап өкілі егеседі. Қара халық, еңбекші ел атынан бұқара тілегін көтере Сүйінбай шықса, Абылайдай атақты атаның баласы текті төре Тезек өз табының туын ұстап, тіл безейді. Қоғамдық екі таптың өкілі белдесіп, саяси сайысқа түседі.

Сүйінбай хан-сұлтандар алдында қасқиып тұрып батыл сөйлеген Махамбет пен Шернияз типтес талант иесі. Әсіресе, ол – Шернияз ақынмен тағдырлас. Екеуі де ел батырларын жақтап, ел мұңын жоқтаған. Екеуі де өз елінің хан-сұлтанын түйреген өлеңдерімен белгілі.

Сүйінбайдың айтыстары ішінде оның Қаңтарбай ақынмен тілдесуінің мәні ерекше. Қаңтарбаймен айтысқанда Сүйінбай да өз елін бай, өз руын күшті етіп көрсетуге тырысады. Қаңтарбайды кедейсің деп кемітеді. Албан, дулаттың көптігін айтып састырмақ болған Қаңтарбайға Сүйінбай екей аз болса да, оның Сұраншыдай батыры бар екенін, талай жауды тойтарып, ол дулатқа да қорған болғанын айтады. Мен ол тірі тұрғанда ешкімнен қорықпаймын деп Сұраншыны мақтайды.

Қорықпаймын дулаттан Сұраншы өлмей,

Қара шұбар жігітке қаза келмей.

Мың кісіңе бір кісім болар, дулат,

Шуылдап Сұрыншыны жерге көмбей.

Бұл айтыста Сүйінбай өзінің ақындық өнерін асырып, Қаңтарбайды жеңіп кетеді.

Сүйінбайды жалайыр, албан, дулат елдерінің ақындары ұстаз тұтып ардақтаған, Бақтыбай деген жалайырдың жас ақыны Сүйінбайдан бата алып, өнер жолына түскен.

Жетісу елінің ақындары Сүйінбайды ұстаз санап, «пір» тұтқан. Сүйінбайдың ақындығын Жамбыл аса жоғары бағалаған. Бұл ретте Жәкеңнің мына бір өлең жолдары көбірек еске оралады:

Ақындардың ақыны,

Айдын көлдей ақылы.

Жыр тұлпары – Сүйінбай.


Әдебиеттер

1.Қоңыратбаев Ә.. Қазақ әдебиетінің тарихы - А. 1994.

2.Сүйіншәлиев Х.. XIX ғасыр әдебиеті . - А. 1992.

3.Сүйіншәлиев Х.. Қазақ әдебиетінің тарихы - А. 1997.

4.Бес ғасыр жырлайды. 2-томдық. –А.,1989.

5.Омаров Б. Зар заман поэзиясы. –А.,2000.

6.Ай, заман-ай, заман-ай! Жинақ. – А., 1992.

7..Айтыс. 3-томдық.- А.,1965-1991.

11- Лекция

Тақырыбы: Майлықожа Сұлтанқожаұлы (1835-1898)
Жоспары:

1. Майлықожа - сауатты білімдар ақын..

2. Ақын шығармаларының жанрлық түрлері.

3. Ақынның толғаулары.
1. Ақын Қазіргі Шымкент облысы, Қызылқұм жерінде туып өскен. Әкесі Сұлтанқожа мұсылманша сауатты, шағын дәулетті, көзі ашық, діндар адам болған. Қожа деген даңқына лайық кәсіп еткен.

Майлы әуелі үйде, әкесінің үйретуімен сауатын ашып, кейін өз бетімен көп ізденіп, заманына сай білімді адам дәрежесіне жеткен.

Майлы 14 жасқа толғанда әке, шешесі бірдей өліп, жеті жасар Есехан деген інісі екеуі жетім қалады. Тумысынан пысық Майлы жетімдікке бой алдырмай, басқа түскен ауыртпалықтарға қарсы тұрып, күнкөріс қамын жасайды.

Ақынның өз сөздеріне қарағанда, ол 20 жас шамасында сөзге араласып, өлең өнеріне беріле бастаған. Өз басының еркі өзіне тиген кезден бастап, ел ақындарымен кездесіп, сауық кештерге, ас берген жерлерге барып, ескі ел дәстүрі бойынша сөз өнеріне дағдылана берген. Кейін өзінің сауатын молайтып, жазба әдебиет өкілдерін, шығыс әдебиетін оқуға, оның кейбір үлгілерін жаттап айтып, таратуға мүмкіндік алған. Көрші елдерді, мәдениет орталықтарын аралап, мұсылман мәдениеті орталықтарында да болған. Бұқар, Самарқант, Ташкент сияқты қалаларда болып, көрші елдер өмірімен, шығыс мәдениетімен танысқан. Осындай оқуы мен тынымсыз ізденуіне байланысты ол тез жетіліп кеткен.

Майлықожа 1860 жылдары Сырдан Әулиеатаға келіп, Сыпатай батыр асында Сүйінбаймен кездесіп, онымен сөз қағысқан. Бұл жыр бірінші рет 1929 жылы «Жаңа әдебиет» журналында басылды. Ақын Сыпатай асының бастаушысы боп жүрген Есім деген байдың құрметіне разы болмай, оны сынайды. Өлеңнің жалпы көлемі – 68 жол. Онда басқа рудан келген қонақтардың елеусіз, құрметтен тыс қалғаны сөз болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет