Лекция : 52 сағат Семинар : 50 сағат СӨЖ : 33 сағат Барлық сағат саны : 135 сағат Қорытынды бақылау : емтихан, 5 семестр



бет6/11
Дата16.06.2016
өлшемі0.74 Mb.
#140074
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Тақырыбы: Абайдыњ шешендік µнері



Жоспар:

  1. Абайдыњ µмір баяны.

  2. Абайдыњ Салиха ќыздыњ дауында айтќан шешендік сµздері.

  3. Абай сµзініњ отты, ќуатты екендігін дєлелдейтін т±стар.

  4. Абайдыњ сµйлеу мєнері.

¦лттыќ µнеріміздіњ ішінде алмаспайтын асыл, найзаѓайдыњ отындай жарќ – ж±рќ еткен µткірлікке, тапќырлыќќа суарылѓан, д‰ние - таным терењдігіне негізделген µнер – шешендік б±ѓан ќоса шешендік кеімді, билік айту, ќажет нєрсені ортаѓа, кµптіњ талќысына салу яки айтатын нєрсе мен айтпайтын нерсеніњ ара – жігін жеті айыра білу µлшемінен асырмау, ой – пікірді айќындау жєне кµмейі суырылѓан шешенде табиѓилыќ ±ѓымдылыќ, шын - шылдыќ, сыршылдыќ, аќжарќындылыќ, жаздыњ єсем тањындай с±лу кµњлі болу ќажет. Кµкейіњнен к‰мбірлеп шыќќан сµз тыњдаушыларды иландыру, иманандай сендіруі лєзім.

Абайдыњ ел билеу µнеріндегі айтулы ќ±былыстыњ бірі – 1885 жылы мамыр айында Шар бойнда ќарамола сиезінде бес дуан елге арналып жазылѓан 74 баптан ќ±рылѓан Ережесі. Б±л Ережеде жер дауы, ќ±н дауы, жесір дауы, ќалыњ мал, ќ±далыќ жоралары, єйелдіњ бас бостандыѓы, ата - ана мен баланыњ арасындаѓы сыйластыќ, ерлі - зайыптылар ќарым – ќатнасы, ємењгерлік мєселесі терењ талданып, єділ блік кесімдер шыѓарылѓан. Сондай – аќ м±нда ±рлыќ пен барымтаны ауыздыќтау жєне суѓа батќандарѓа, µрт, боран, аяз кезінде араша болмаѓандарѓа, арыќ, кµпір, ќ±дыќ б±зѓандара шара ќолдану жан – жаќты ќарастырылѓан. ¦лы ойшыл Абайдыњ жарќн бейнесі Балыќбек сиязындаѓы Салиќа ќыздыњ дауында т±лѓалана кµрінеді. Осындай шым - шытырыќ ќиян – кескі дауда билік айту, кесім шыѓару ж±ртшылыќтыњ ±йѓаруымен Абайѓа ж‰ктеледі. Ол кµмекші билер ретінде Оразбай мен Жиреншені алады. Абай оларѓа даулы мєселелерді тексеру барысында ќандай шарттарды м±ќият орындау, ќажеттігін шегелеп т‰сіндіреді. Атап айтќанда: “Ішке т‰йіњдер. Єсіресе шырай беріп уєде берме”

Салиќа ќыз дауы – Керей мен Сабын арасындаѓы к‰рделі мєселе сан ќырлы тосын ќ±былыс еді. Осындай даулы оќиѓа Абай сияќты мањдай алды майталман жанныњ араласуыныњ арќасында сабасына т‰сетін шаруа екендігіне жиналѓан д‰йім ел ныќ сенген.

Абай сµзініњ отты, ќуатты – екендігін М.О.Єуезовтыњ “Абай жолы” эпопэясынан Салиќа ќыздыњ дауын тексеріп шешкендегі сµз билік айту процесінен аныќ елестейміз. Керей мен Найман арасын ушыќтырѓан дауда Абай м‰лде жања шешім жасайды. Б±л – ќазаќ дєст‰ріне тосып ќ±былыс. Сол себепті осынау ойлар, пікірлер ќуатты ‰нем шегеленіп, айтуѓа тиіс.

Абай ойларын былайша тµгілтеді: - “Уа жаѓалай ж±ртым! Керей – Найман елім! Ортања мені ќойыпсыњ. Тетігімді тап, танымды бер” деп ќойыпсыњ “Сынѓа салдым жарыќшаѓыма жамау бол, сына бол” деп сеніпсіњ. Арылып µтер жµнім бар. Єуелгі т‰йін – Салиќа ќыз басы. Жаќсы жол – елге жора. Мен балѓыњ нені желеу, нені жамау тапќанын білемін. Жања±рпаќ талабымен айтады. Оѓан ќ±лаќ ілмеген, елдіктіњ дауасын таппай аласын табады. Б±л ќыз болса: таѓдыры бір жазалаѓан ќыз Тењінен айырылып тілегінен кесілген ќыз. Ата – анасы ќайын ж±ртты, бір атаѓа орнынан жас кµњілін табжылтпай табылѓан-ды. Біраќ бір µмірге екі µлім б±йырѓан Тєњір таѓдыр да жоќ. Бір ќыздыњ екі сатылмаѓы жол емес. Ќыз басы Сыбаннан азат. Б±л – меніњ бірінші баулауым –деп Абай соњѓы сµздер т±сында ‰нін ќатайтып, зілмен ќ±лшына т‰йді. Сыбанда да жазыќ жоќ. µлім- ел жазасы емес, ер ќазасы, дауа жоќ.

Салиќа ќыздыњ ќалыњ малы жеткен, аќы адал мал боатын. Керей, оны алдыњ бір алмадыњ екі алдыњ. Басында алѓаш ќалыњ малыњ да аз емес еді. Кейін ќызыњды ыќтиярына ќарамай, ќартањ кісіге барады, ќатын ‰стіне барады деп сылтауртып таѓы алдыњ, таѓы да кµп алдыњ. Б±л т±ста Сыбан жазыќты емес, араныњды ашќан, Керей, сен жазыќтысыњ. Осы т±рѓыдан келгенде, Абайдыњ ‰ні, даусы, ќимыл – ќозѓалыстары логикалыќ ќисынѓа дµп т‰сіп отырады. Єділет, тењдік ізгілік жолында ќажыр – ќайратын ж±мсаѓан “Мыњмен жалѓыз алысќан” Абайдыњ етектен тартќан к‰ншілдері де аз болмаѓан. Абайдыњ сµйлеу мєнері мен даусыныњ ерекшеліктері тойында аќын Тµлеу Кµбдіков былай дейді. Абай мен кµргенде екі т‰рлі маќаммен сµйлейді екен. Бір т‰рлі сыбырлап сµйлегенніњ аз алдында: баяулатын ќоњыр майда ‰нмен сµйлейді. Екінші т‰рі – кµтеріњкі, не ќатты емес, не аќырын емес, ќ±лаќќа бір т‰рлі жайын тиетін к‰нгерлеген даусы еді. Абай сµйлегенде ... зат кµз алдыњда елестеп кµрініп т±рѓандай ±ѓылатын еді. Ќорыта айтќанда, ±лы Абай жазба єдебиетініњ негізін ќалаѓан, ±лттыќ поэзия тілін кµркейткен кµсем, ѓайыпты болжаѓан айыр тілді аруаќты шешен, ана тілініњ негізгі сµздік ќорын сарќа пайдаланѓан, соныњ ну орманына еркін м‰йгіген дарын.
²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi

Íåãiçãi :
1.Ñ. Íåãèìîâ Øåøåíäiê ¼íåð .À-1997

2.Á.Àäàìáàåâ. Õàëûº äàíàëû¹û.À-1976

3.Í. Ò¼ð庽ëîâ ,Ì. ²àçûáåêîâ . ²àçàºòû» áè øåøåíäåði. À-1993

4.Á. Øêàíîâà. Øåøåíäiê ñ¼çäåðäi» æàíðëûº åðåêøåëiêòåði.


²îñûìøà ¸äåáèåòòåð :

5.Ì. Áàëàºàåâ, Å. Æàíïåéiñîâ, Ì. Òîìàíîâ, ²àçຠòiëiíi» ñòèëèñòèêàñû. – À 1966

6.Í. Ó¸ëèåâ. Ѽç ì¸äåíèåòi. – À., 1985

7.Á. °äåìáàåâ Øåøåíäiê ¼íåð. – À., 1992

8.². Íèåòàëèåâ. ²àçຠòiëiíi» îðôîýïèÿëûº ñ¼çäiãi. – À., 1977

9.Ì. Áàëàºàåâ. ²àçຠòiëiíi» îðôîãðàôèÿëûº ñ¼çäiãi. – À.., 1979

10.Ð. Ñûçäûºîâà. Ѽç ñàçû. – À., 1983

11.²àçàºòû» ìàºàë – ì¸òåëi. – À., 1980




20 ЛЕКЦИЯ.
Сабаќтыњ таќырыбы: Шешенедік сµздер жєне оны зерттеу.
Жоспар:

Ќазаќ ауыз єдебиетініњ бір саласы- шешендік сµздер.

  1. Дєст‰рлі шешендік сµздер.

3. Шешендік өнердің ерекшелігі

Қазақ ауыз әдебиетінің бір саласы шешендік сөздер. Шешендік сөдер ақындық айтыс секілді қазақ ауыз әдебиетінің өзіндік ерекшеліктерін көрсететін негізгі жанырлардың бірі жазушы шеберлігін, жалпы тіл мәдениетті көтеруде шешендік сөздерді, сондай – ақ мақал – мәтелдерді мұқияттап жинап, зерттеген, сұрыптап жариялаудың әдеби мәні зор. өйткені сөз өнеінің әлі жеткілікті зерттелген саласы – шешендік, тапқырлық, нақыл сөздерде, мақал – мәтелдерде ойды кеңейтіп, тілді байтатын мазмұны да көркем сөз үлгілері мол әдетте, шешендік өнер айтыс – дауда дамиды.

Қазақ шешендігінің жалпы шешендік өнерден өзіндік ерекшеліктері бар. Ең алдымен, қазақ шешендерінің сөздері ауызекі айтылып, қоғазда емес, ауызда жадында сақталған. Сондықтан олар сол – бастапқы қалпында емес, бізге ұзын – ұрғасы, үздік – жұрнағы ғана жеткен. Олардың өзіде ауыздан - ауызға көшіп ауыса өңдеу – жөндеулерге көп ұшыраған; сан ұрпақтың талай таптың ой- санасынан, екшеп елеуінен өткен. Сөйтіп қысқарған, ұстарған, жалпы халық шығармасына айналған. Соңғы уақытқа дейін “Билердің сөздері” деп келген белгілі сөздердің кемінде екі – үш нұсқасызы жоқ. Бұдан шығатын жанырлар сияқты шещендік сөздер де көп нұсқалар болады.

Әр адамның сөйлеу, жазу мәнері – стилі әр түрлі. Ал қазақ шешендік сөздерін бір – бірімен салыстырғанда ондай айырманы, ерекшелікті байқау қиын. Бұл да шешендік сөздердің халықтық сипатын көрсетеді. Демек шешендік сөздерді алғашқы айтушы жеке адамдар болғанмен, сақтаушы да халық; сондықтан оның шын иесі – авторы да халық дейміз. Ал шешендік сөздерде, шешендер жайындағы аңыз әңгімелерде есімдері жиі айтылатын адамдардың бәрі бірдей автор емес, көшелігі дайын нұсқаларды жаттап орындаушылар, қажетті жерде өңдеп, өзгертіп пайдаланушылар деуге болады. Қазақтың шешендері мен өнеріне қазақ ауыз әдебиетін алғаш зертеуші ғалымдар да назар аударған.

Қазақтың шешендік сөздерін жинап, халық шешендігін алғаш бағалаған адамдардың бірі - белгілі ғалым В.В.Радлов ол қазақ ауыз әдебиетенің нұсқаларын өзі құрастырған жинаққа бірнеше шешендік нақыл сөздерді енгізіп, кітаптың кіріспесінде былай дейді. “Қазақ тілі – исламның бүлдіргіштік әсеріне ұшрамай түркі таза түрін – түркі сипатын сақтап қалған тіл”

Шешендік сөздерді ауыз әдебиетінің бір саласы ретінде алғашқы зертеуші академик М. Әуезовтың жиырмасыншы жылдардағы еңбектерінен кездестіреміз. Қазақ әдебиетинің тарихын жасауға арналған бір зертеуінде М.Әуезов “Билер айтысы” деген арнаулы тақырып енгізіп, шешендік сөздердің кейір түрлерінен мысалдар келтіреді. Дәстүрлі шешендік сөздер дегеніміз – белгілі бір мәселеге байланысты тапқыр – ой, көркем тілмен айтылған және халық қабылдап, сөйлемдік құрамы қалыптасқан жүиелі, үлгілі сөздер. Онда халықтың бастан кешірген уақиғалары, ақыл – ойы, арман тілегі бейнеленеді, өмірге дүниеге көзқарасы көрінеді.

Сонымен бірге шешендік, тапқырлық сөздер белгілі дәрежеде еңбекші адамның өздерін қанаушыларға, езушілерге қарсы жұмсайтын қаруы, құралы болған “Аяз би, Жиренше” және басқалар жайындағы ертегілер халық ішінен шыққан адамдарды - Аяз биді, Жиреншені және оның сұлу жары Қарашашты көрсетеді. Шешендік сөздердің бастауын жалпы ауыз әдебиетінің әжесіндей мақал – мәтелдер мен ертегілерден іздеуге болады.

²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi

Íåãiçãi :
1.Ñ. Íåãèìîâ Øåøåíäiê ¼íåð .À-1997

2.Á.Àäàìáàåâ. Õàëûº äàíàëû¹û.À-1976

3.Í. Ò¼ð庽ëîâ ,Ì. ²àçûáåêîâ . ²àçàºòû» áè øåøåíäåði. À-1993

4.Á. Øêàíîâà. Øåøåíäiê ñ¼çäåðäi» æàíðëûº åðåêøåëiêòåði.


²îñûìøà ¸äåáèåòòåð :

5.Ì. Áàëàºàåâ, Å. Æàíïåéiñîâ, Ì. Òîìàíîâ, ²àçຠòiëiíi» ñòèëèñòèêàñû. – À 1966

6.Í. Ó¸ëèåâ. Ѽç ì¸äåíèåòi. – À., 1985

7.Á. °äåìáàåâ Øåøåíäiê ¼íåð. – À., 1992

8.². Íèåòàëèåâ. ²àçຠòiëiíi» îðôîýïèÿëûº ñ¼çäiãi. – À., 1977

9.Ì. Áàëàºàåâ. ²àçຠòiëiíi» îðôîãðàôèÿëûº ñ¼çäiãi. – À.., 1979

10.Ð. Ñûçäûºîâà. Ѽç ñàçû. – À., 1983

11.²àçàºòû» ìàºàë – ì¸òåëi. – À., 1980


21 ЛЕКЦИЯ.



ТАҚЫРЫБЫ : Жұмбақтар.
Жоспары :

1.Қазақ жұмбақтарының жиналу, зерттелу тарихы.

2.Жанрлық белгілері.

3.Жұмбақтардың жасалу жолдары мен тәсілдері.
Қазақ ауыз әдебиетінен орын алған және ерте заманнан бастап бүгінгі күнге дейін даму, өсу үстінде келе жатқан жанрдың бірі - жұмбақтар. Ол барлық елдің ауыз әдебиетін е ортақ жанр. Жұмбақ түрін зерттеген ғылымдардың айтуынша, жұмбақ ертедегі адамдардың бүкіл коллективтің , еңбек-кәсіп ету, тұрмыс тіршілігі құру тәжірбиесінен туған. Жұмбақ заттың өзін айтпай оның түр-түсін , сыртқы белгілерін, жұмбақ болып отырған затқа ұқсас жақтарын сипаттайды, ал заттың өз атын жасырып ұстайды. Ойға алған нәрсенең өзін айтпай, оның сырт көріністерін, сыртқы белгілерін қысқаша сипаттауды, солар арқылы жұмбақ етілген затты табуды жұмбақ дейміз. Жұмбақ айту әр халықтың әріден келе жатқан дәстүрінің бірі. М. Әуезов қазақтың ертедегі әдет-ғұрып салтында жұмбақтың ерекше орын алғандығын айта келіп былай деген: Кейде бүкіл бір ертек жұмбақтан туады. Әңгімелі әсем жыр, дастан атаулының талайының жұмбаққа соғып кете тіні болады. Ертеде ердің даналығын, жүйріктігін жұмбақпен сынау машық болған. Бұл тарихи шындыққа негізделген пікір. Қазақтың көптеген ертегілерінде мазмұн болғанда немесе ондағы көп әңгімелердің түйінін шешетін де жұмбақ болғанын білеміз. Бұған “Қарттың ұлына айтқан өсиеті”, “Қарт пен тапқыр жігіт”. Ерте заманда күйеу таңдаған қыздар : жұмбағымды шешкен жігітке ғана тиемін, - деп жұмбақты өнер салыстыру, жігіттің ақыл – ойын сынау ретінде қолданған. Жұмбақ оқушы балалар мен жастарға білім берерлік тәрбиелік мәні бар құралдардың бірі.

Халық жұмбақтарының тақырыбы өте көп. Жаратылыс дүнеиесі, табиғат жайы, еңбік-кәсіп құралдары, хайуанаттар мен өсімдіктер, адам және оның өмірі, өнер – білім, техника т. б жұмбақтардың басты тақырыбы болуы мен қатар мазмұны да болады. Мысалы : білім техника жайында шығарылған жұмбақтар бергі кезде, XIX ғасырдың ішінде туа бастағанын байқаймыз. “Аяғы жоқ жүреді, аузы жоқ сөйлейді” (хат). “Өзі жаңа, өзі тесік” (елгезер). Қазақ жұмбақтарының күрделі бір тақырыбы төрт түлік мал, жалпы хайуанаттар жайына арналады. Мал өсіріп кәсіп еткен өлеңнің сырын жақсы білген халық төрт түліктің өзіне тән мінезі мен қасиетін, адам баласы үшін жасайтын қызметін келтірер пайдасын айтып жұмбағына қосады. Төрт түлікті жұмбақ еткенде, әрбір малдың аты айтылмайды, тек мүшелері айтылады. Мысалы : “Төсек астында төрт бауырсақ” (сиырдың емшегі). “Екі кісі қарауыл қарады, бір кісі шепшек терді” (түйенің өркеші, ерні).

Ауыз әдебиетінің басқа түрлері секілді жұмбақтардың да өзіне тән ерекшеліктері болады. Ең алдымен жұмбақтар тақырыпқа құрылады. Жұмбақтың өзі де, оның шешуі де асқан тапқырлықпен құрылуға тиіс. Ол сонда жұмбақ болады. Жұмбақта фантазиядан да деректілік, нақтылық басым келеді. Жұмбақ көлеміне енетін нәрселерді, алыстаған бұлдырдан емес, адамның көз алдындағы, күн сайын көріп, біліп отырған нәрселерін жұмбақ етеді. Мысалы : жұмбаққа сиырды енгізгенде оның өзін айтумен бірге, мүйізін де, емшегін де, етін де бөлек жұмбақ етеді. Жұмбақтарда көп кездесетін ерекшеліктердің бірі – заты жақын заттарды пар лап, қосарлап айтуында. Ай мен күн, жер мен көк, қыс пен жаз, күн мен түн, қол мен аяқ т. б жұбымен алысып жұмбаққа қосылады. Қазақтың жұмбақтары өзінің құрылысы, сөз айшығы жағынан мақал мен мәтелге ұқсайды және көбінесе өлең түрінде келеді, ұйқасым, ырғақтарды сақтап отырады. Сонымен бірге, жұмбақтарда дыбыс үндестігі, дыбыс қайталанушылық сонымен айтайын деген ойға тыңдаушының көңілін бөлушілік көп кездеседі. “Жаралғанда жабысқан” (адамның не заттың аты), “Өлсең де өлмейді, өлмесең де өлмейді” (адамның есімі) осы сияқты жұмбақтардан көреміз.
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Негізгі :

1.Аль-Фараби. Трактаты о музыке и поэзий. – А., 1992

2.Байтұрсыноа А. Ақ жол – А., 1991

3.Веселовский А. Н. Историческая поэтика. –М.,1940

4.Тайлор Э. Первобытная культура – М., 1989

5.Анисимов А. Духовная жизнь перврбытного общесттва – М., 1978

6.Гусев В. Е. Эстетика фольклора – Л., 1967

7.Пропп В. Я. Фольклор и действительность – М.,1976

8.Әмельянов Л. И. Методолог, вопроы фольклористики – Л., 1978

9.Әуезов М. Әдебиет тарихы – А., 1991

10.Ысмайылов Е. Ақындар – А., 1956

11.Смирнова М. С. Казахская нарадная поэзия – А., 1967

12.Садырбаев С. Фольклор және естетика – А., 1976

13.Адамбаев Б. Халық даналығы .-А., 1976

14.Әуезов М. Жұмбақтар туралы //Жұмбақтар.-А.,1940

22 ЛЕКЦИЯ.


Таќырыбы: Шешенедік сµздер жєне оны зерттеу.

Жоспар:
1.Ќазаќ ауыз єдебиетініњ бір саласы- шешендік сµздер.

2.Дєст‰рлі шешендік сµздер.

3. шешендік өнердің ерекшелігі
Қазақ ауыз әдебиетінің бір саласы шешендік сөздер. Шешендік сөдер ақындық айтыс секілді қазақ ауыз әдебиетінің өзіндік ерекшеліктерін көрсететін негізгі жанырлардың бірі жазушы шеберлігін, жалпы тіл мәдениетті көтеруде шешендік сөздерді, сондай – ақ мақал – мәтелдерді мұқияттап жинап, зерттеген, сұрыптап жариялаудың әдеби мәні зор. өйткені сөз өнеінің әлі жеткілікті зерттелген саласы – шешендік, тапқырлық, нақыл сөздерде, мақал – мәтелдерде ойды кеңейтіп, тілді байтатын мазмұны да көркем сөз үлгілері мол әдетте, шешендік өнер айтыс – дауда дамиды.

Қазақ шешендігінің жалпы шешендік өнерден өзіндік ерекшеліктері бар. Ең алдымен, қазақ шешендерінің сөздері ауызекі айтылып, қоғазда емес, ауызда жадында сақталған. Сондықтан олар сол – бастапқы қалпында емес, бізге ұзын – ұрғасы, үздік – жұрнағы ғана жеткен. Олардың өзіде ауыздан - ауызға көшіп ауыса өңдеу – жөндеулерге көп ұшыраған; сан ұрпақтың талай таптың ой- санасынан, екшеп елеуінен өткен. Сөйтіп қысқарған, ұстарған, жалпы халық шығармасына айналған. Соңғы уақытқа дейін “Билердің сөздері” деп келген белгілі сөздердің кемінде екі – үш нұсқасызы жоқ. Бұдан шығатын жанырлар сияқты шещендік сөздер де көп нұсқалар болады.

Әр адамның сөйлеу, жазу мәнері – стилі әр түрлі. Ал қазақ шешендік сөздерін бір – бірімен салыстырғанда ондай айырманы, ерекшелікті байқау қиын. Бұл да шешендік сөздердің халықтық сипатын көрсетеді. Демек шешендік сөздерді алғашқы айтушы жеке адамдар болғанмен, сақтаушы да халық; сондықтан оның шын иесі – авторы да халық дейміз. Ал шешендік сөздерде, шешендер жайындағы аңыз әңгімелерде есімдері жиі айтылатын адамдардың бәрі бірдей автор емес, көшелігі дайын нұсқаларды жаттап орындаушылар, қажетті жерде өңдеп, өзгертіп пайдаланушылар деуге болады. Қазақтың шешендері мен өнеріне қазақ ауыз әдебиетін алғаш зертеуші ғалымдар да назар аударған.

Қазақтың шешендік сөздерін жинап, халық шешендігін алғаш бағалаған адамдардың бірі - белгілі ғалым В.В.Радлов ол қазақ ауыз әдебиетенің нұсқаларын өзі құрастырған жинаққа бірнеше шешендік нақыл сөздерді енгізіп, кітаптың кіріспесінде былай дейді. “Қазақ тілі – исламның бүлдіргіштік әсеріне ұшрамай түркі таза түрін – түркі сипатын сақтап қалған тіл”

Шешендік сөздерді ауыз әдебиетінің бір саласы ретінде алғашқы зертеуші академик М. Әуезовтың жиырмасыншы жылдардағы еңбектерінен кездестіреміз. Қазақ әдебиетинің тарихын жасауға арналған бір зертеуінде М.Әуезов “Билер айтысы” деген арнаулы тақырып енгізіп, шешендік сөздердің кейір түрлерінен мысалдар келтіреді. Дәстүрлі шешендік сөздер дегеніміз – белгілі бір мәселеге байланысты тапқыр – ой, көркем тілмен айтылған және халық қабылдап, сөйлемдік құрамы қалыптасқан жүиелі, үлгілі сөздер. Онда халықтың бастан кешірген уақиғалары, ақыл – ойы, арман тілегі бейнеленеді, өмірге дүниеге көзқарасы көрінеді.

Сонымен бірге шешендік, тапқырлық сөздер белгілі дәрежеде еңбекші адамның өздерін қанаушыларға, езушілерге қарсы жұмсайтын қаруы, құралы болған “Аяз би, Жиренше” және басқалар жайындағы ертегілер халық ішінен шыққан адамдарды - Аяз биді, Жиреншені және оның сұлу жары Қарашашты көрсетеді. Шешендік сөздердің бастауын жалпы ауыз әдебиетінің әжесіндей мақал – мәтелдер мен ертегілерден іздеуге болады.



²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi

Íåãiçãi :
1.Ñ. Íåãèìîâ Øåøåíäiê ¼íåð .À-1997

2.Á.Àäàìáàåâ. Õàëûº äàíàëû¹û.À-1976

3.Í. Ò¼ð庽ëîâ ,Ì. ²àçûáåêîâ . ²àçàºòû» áè øåøåíäåði. À-1993

4.Á. Øêàíîâà. Øåøåíäiê ñ¼çäåðäi» æàíðëûº åðåêøåëiêòåði.


²îñûìøà ¸äåáèåòòåð :

5.Ì. Áàëàºàåâ, Å. Æàíïåéiñîâ, Ì. Òîìàíîâ, ²àçຠòiëiíi» ñòèëèñòèêàñû. – À 1966

6.Í. Ó¸ëèåâ. Ѽç ì¸äåíèåòi. – À., 1985

7.Á. °äåìáàåâ Øåøåíäiê ¼íåð. – À., 1992

8.². Íèåòàëèåâ. ²àçຠòiëiíi» îðôîýïèÿëûº ñ¼çäiãi. – À., 1977

9.Ì. Áàëàºàåâ. ²àçຠòiëiíi» îðôîãðàôèÿëûº ñ¼çäiãi. – À.., 1979

10.Ð. Ñûçäûºîâà. Ѽç ñàçû. – À., 1983

11.²àçàºòû» ìàºàë – ì¸òåëi. – À., 1980

23 ЛЕКЦИЯ.
ТАҚЫРЫБЫ : Ертегілерлердің түрлері.
Жоспары :

1. Қазақ ертегілерінің жанрлық түрлері :


  • хайуанаттар жайындағы ертегілер ;

  • қиял – ғажайып ертегілер ;

  • батырлық ертегілер ;

  • новеллалық ертегілер ;

  • сатиралық ертегілер ;

Барлық елдің ауыз әдебиетінен тел орын алған және жазу-сызу өнері болмаған кезінде ауызша шығарған күрделі шығарманың бір түрі – ертегілер.

Ертегілер көбіне қара сөзбен айтылғандықтан, оны халықтың ерте заманда шығарған көркем әңгімесі деп қарайды. Халық әдебиетінің басқа түрлері секілді, ертегілерде адам баласының еңбек кәсіп ету, тұрмыс-тіршілік құру тәжірбиесіне байланысты туған. Жаратылыс құбылыстарының, табиғат сырын жетік білмеген олардың неліктен болатындығын жетік түсінбеген ертедегі адамдар әр нәрсені қиял еткен : өздерінің ауыр еңбектерін жеңілдету жайын ойлаған. Бұл жөнінде ұғым түсініктерін наным сенімдерін әңгімелеп айтатын болған. Сонымен ертегі, әңгімелердің алғашқы үлгілері туған. Ауыз әдебиетінің басқа түрлері сияқты ертегілерде ауызша шығарылып, ауызша тарағандықтан әртүрлі өзгерістерге ұшырағын, бір ертегі бірнеше ертегінің әңгімесі қосылып арласқан. Бергі заманда туған ертегілер ерте заманда шыққан кейбір ертегілердің алғашқы үлгілерін, олардың оқиғаларын бойына жинай да жүрген.

Ертегіден халықтың әр кездегі тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық өмірі, ой арманы, дүние танымы мен көзқарасы т. б көрініп отырады. Сондықтан да Белинский мұны “Халық жанының айнасы” деген болатын. Добролюбов пен Горький халық ертегілерін аса жоғары бағалай келіп, ертегілер халықтың өмірін, тұрмыс-күйін, мінез әрекеттерін, білу үшін аса керекті матеріал екендігін айтады, ертегілерді тудырушы да, сақтаушы да халық екендігін дәлелдейді.

Әрине ел арасында айтылып, сақталып келген ертегілердің барлығын халық тудырған және олардың бәрі халық тілегіне сай туған шығармалар деуге болмайды. Халық мүддесіне қайшы келетін, үстем таптың идеясын білдіретін ертегілерде бар.

Ертегінің оқиғасын тартымды етіп құру, бір әңгімеден екіншісін тудыру ертекшілердің шеберлігіне байланысты болады. Шынында да ертегі айту еріккенің ермегі емес, ол шығармашылық өнерді, асқан шеберлікті керек етеді.

Ертекші шығарманың адамы болғандықтан, ол өзінің репертуарына аса ұқыпты қараған. Орыстың халық еретегілерін жинап, зерттеген А. Н. Афанасьев, Н. Е. Ончуков, М. К. Азадовский, Ю. М. Соколов т. б “халық арасынан шыққан әрі ертекшілір ертегі айтуды үлкен шығармашылық еңбек деп түсінген және олар ертегі айту үшін көптеген даярлықтар жасаған”, - дейді.

Ертегілердің түрлері :хайуанаттар жайындағы ертегілер, қиыл-ғажайып ертегілер, батырлық ертегілер, новеллалық ертегілер, сатиралық ертегілер болып бөлінеді.



Хайуанаттар жайындағы ертегілер – бұл топтағы ертегілердің де алғашқы үлгілері өте ерте заманда туған. Ертедегі адамдар өздерінің күн көрісі үшін төрт аяқты хайуандарды пайдалану, оларды үйрету, асырау жайын қарастырған. Және де әрбір хайуанат туралы, оның қасиеті туралы түрлі мифтік ұғым-түсініктер ойлап шығарған. Хайуанаттар жайындағы ертегілер – “Ақ қасқыр”, “Жігіт пен қасқыр”, “Сиқыршы”, “Сырттандар” т. б ертегілер жатады.

Қиыл-ғажайып ертегілер ертедегі адамдар табиғат және оның құбылыстары туралы, адамның еңбегі, тіршілік кәсібі, күресі жайында, дүние – жаратылыс, қас пен дос, неше түрлі керемет күштер туралы қиял – ғажайып етрегі - әңгімелер туған. Қиял – ғажайып ертегілерінің жағымды кейіпкерлері қарапайым адамдар болып отырады. Қиял ғажайып ертегілеріне “Ер Төстік”, “Керқұлла атты Кендебай”, “Күн астындағы Күнекей қыз” ертегілері жатады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Негізгі :
1. Аль-Фараби. Трактаты о музыке и поэзий. – А., 1992

2. Байтұрсыноа А. Ақ жол – А., 1991

3. Веселовский А. Н. Историческая поэтика. –М.,1940

4.Тайлор Э. Первобытная культура – М., 1989

5.Анисимов А. Духовная жизнь перврбытного общесттва – М., 1978

6.Гусев В. Е. Эстетика фольклора – Л., 1967

7.Пропп В. Я. Фольклор и действительность – М.,1976

8.Әмельянов Л. И. Методолог, вопроы фольклористики – Л., 1978

9.Әуезов М. Әдебиет тарихы – А., 1991

10.Ысмайылов Е. Ақындар – А., 1956

11.Смирнова М. С. Казахская нарадная поэзия – А., 1967

12.Садырбаев С. Фольклор және эстетика – А., 1976

13.Әуезов М. Ертегілер // Қазақ әдебиеті тарихы. 1-т. –А., 1988

14.Пропп В. Я. Мифологія сказки. – М.,1969

15.Тұрсынов Е. Д. Генезис казакской бытовой сказки. –А.,1973

16.Каскабасов С. Азахская волшебная сказка. –А., 1972


24 ЛЕКЦИЯ.

ТАҚЫРЫБЫ : Аңыз-әңгімелердегі шешендік сөздер.
Жоспары :

1. Аңыз - әңгімелер.

2. Аңыз әңгімелердің реалистік ертегілерге ұқсастығы және одан

айырмашылығы.

3. “Алдар көсе” әңгімесіндегі жағымсыз кейіпкерлер.

4. Асан қайғы - аңыз және ақиқат.
Аңыз халықтық наным сенімнен қиял – арманынан туған. Осыған орай онда фантастикалық элементтер мол аңыз мазмұны бірде тарифи фактілерге негізделсе бірде нақты дерегі жоқ, қиялдан туған қызық ғажайып оқиғаларға құрылады.

Қазақ фольклорындағы аңыз мазмұнына, тақырыбына қарай шартты түрде былайша жіктеледі :

а) аспан әлемі, жер, су, қала, ауыл аттарына ;

ә) халықтық ру, тайпалардың шығу тегіне байланысты аңыз ;

б) діни – мистикалық ;

в) әлеуметтік – утопиялық ;

г) тарихи- қаһармандық яғни жеке адамдардың өмірі, іс - әрекеті жайлы аңыз.

Табиғат құбылысы, аспан әлемі, хайуанаттар жайындағы аңыз басқалардан бұрынырақ шыққан тәрізді олар жер мен аспан. Жеті қарақшы, үркер жұлдыздры, әлемнің жұмбақ сырлары жайындағы, самұрық құс, айдаһар, боз інген тағыда басқа хайуанаттар жайындағы аңыз. Ал жер, су, тау, қала, ауыл аттарының пайда болу жайындағы географиялық – топонимиялық аңыздар кейінірек пайда болған.

“Бурабай”, “Іле”, “Келіншек тау”, “Қалмақ қырған” тағыда басқа әр халықта өзінің шығуы, таралуы жайында этногеналық аңыздар бар.

Қазақ халқының оқиғасын болмыстан, шындық өмірден алып ауызша шығарған көркем шығармаларының елеулі бір саласы – аңыз - әңгімелер. Аңыз - әңгімелердің алғашқы үлгілері халық үшін қызмет еткен және тарихта боған адамдардың ісін, өмірін әңгімелеу негізінде туған. Мұндай адамдардың халыққа қамқор болып, халық намысын қорғағаны, бұл жолда жасаған әр алуан істері ел аузында аңыз - әңгімеге айналып, ұрпақтан – ұрпаққа жеткен. Олардың аты, ісі ерте кезде жазу – сызу өнері болмағандықтан хатқа түспеген, тек халықтың аңыз - әңгімелерінде сақталған.

Қазақ халқының оқиағасын реалистік болмыстан, шындық өмірден алып ауызша шығарған көркем шығармаларының елеулі бір саласы-аңыз-әңгімелер. Аңыз-әңгімелерджің алғашқы үлгілері халық үшін қызмет еткен және тарихта болған адамдардың ісін, өмірін әңгімелеу негізінде туған. Мұндай адамдардың халыққа қамқор болып, халық намысын қорғағаны, бұл жолда жасаған әр алуан істері ел аузында аңыз-әңгімеге айналып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен. Олардың аты, ісі ерте кезде жазу-сызу өнері болмағандықтан хатқа түспеген, тек халықтың аңыз-әңгімелерінде сақталған.

Сондықтан да әуел басында тарихи шындыққа, нақтылы деректерге негізделіп туған әңгімелер кейіннен халықтың ауызша айтатын аңыздары болып кеткен. Бұл әңгімелер бертін келе әр түрлі қоғамдық жағдайларға, халық тілегіне сәйкес өзгеріп, жаңарып отырған, оған бергі заманның өмңр шындығынан туған жаңа оқиғалар, көзқарастар қосылған. Солардың бәрінде жаңағы адамдардың аттарын айнытпай сақтай отырып, соңғы кездің тілектерін көрсететінаңыздар да туған. Мысалға, Алдар көсе жайындағы қазақ аңыздарын алсақ, оларда әр заманның ізі жатқанын байқаймыз. Онда хандар билеген заманның да, бертінде байлар мен саудагерлер әкімдік еткен дәуірдің де елестері бар. Бұдан, бір жағынан, Алдар көсеге байланысты аңыздардың ерте заманда туғандығын аңғармақ; екіншіден, бергі кездің де жай-жапсары суреттелгенін көреміз. Ел қиялы ертедегі Алдар көсені бергі заманға алып келгенде, бұрынғы аңыздардың кейіпкерлері арқылы соңғы кездің суретін беруді беруді мақсат еткен деуге болады.

Аңыздардың әңгімесе тарихта болып өткен адамдар жайынан алынады дегенді біз шартты түрде (условно) айтамыз. Өйткені қазақтың аңыздарында аталатын Алдар көсе, Асан қайғы, Жиренше туралы тарихи деректер жоқ, тек аңыз-әңгімелер бар. Олардың қай ғасырда жасағанын да дәлдеп айту қиын. Бірақ солардай адамдар тарихта болуы мүмкін. Ерте кезде жазу-сызуы болмаған халық жаңағы адамдар жайында тек аңыздар қалдырған, онда тарихи адамдарды ауыз әдебиетінің кейіпкері етіп жіберген.

Алдар көсе.

Қазақ арасында туған аңыз-әңгімелердің бірсыпырасы Алдар көсе жайында айтылады. Бұлардың бәрінде ол халықтың ақылды-айлалы ұлы, тапқырлығына қулығы сай, ер көңілді, өжет жігіті болып суреттеледі.

Алдар көсеге байланысты аңыз-әңгімелер тек қазақта емес, ағайындас қырғыз, өзбек, қарақалпақ, түрікпен, елдерінде де бар. Осы елдерде айтылатын аңыздардың бәрінде Алдар көсе халық ұлы, көпшілік атынан күреске шыққан, қанаушы тап адамдары мен алысып өткен азамат бейнесінде келеді.

Қазақтың аіңыз-әңгімелерінде Алдар көседе осындай ер жігіт, Қазақ аңыздарының қайсысы болса да оқиғаны күлдіргі халге, өткір мысқыл, ащы әжуаға құрады, олардың бәріне Алдар көсе халық өкілі ретінде белмсене араласып жүреді. Халықтың әңгіме-аңыздарының сүйікті кейіпкері болған Алдар көсе топас ханды, сараң байды, елді жегідей жеп жүрген саудагерді, әр түрлі діндар адамдарды мазақтап, күлкі етеді, олардың жағымсыз қылықтарын жұрт алдында жиренішті етіп көрсетеді. Осыған сәйкес аңыз-әңгімелерді халықтық тұрғыдан оның жағымды образы жасалады; Алдар көсені қалың көпшілік ортасынан шыққан және сол көпшіліктің мүддесі үшін кұрескен адам етіп бейнелейді.

Алдар көсе жайында қазақ арасында айтылатын аңыз-әңгімелердің тақырыбьы, мазмұны әр алуан болып келеді, соның бәрі еңбекші бұқараның тұрғысынан айтылады. Мұны біз “Алдар көсе мен Алаша хан”, “Алдар көсе мен шық бермес Шығайбай”, “Алдар көсе мен саудагер” т. б. аңыз-ертегілерден көреміз. Осы аңыздарда аталатын хан, бай, саудагерлерді Алдар көсе өзінің тапқырлығы, ақыл-айласы арқасында алдап соғады, ел алдында мазақ, күлкі етеді. Оларды Алдар көсе қара басының пайдасын көздеп алдамайды, халықтың намысын қорғау үшін, еңбекшілерді езіп келген қанаушылардан кек қайыру үшін алдайды.

Алдар көсе жайында қазақ арасында шығарылып, көпке тараған аңыз-әңгіменің күрделісі - “Алдар көсе мен шық бермес Шығайбай”. Бұл аңызда сараң, қалтырауық, пейілі тар байлар жөнінде халықтың сыны, көзқарасы қандай екенін айқындайды. Және де Шығайбай аңыз-әңгіменің жекелеп алған жексұрын кейіпкері ғана емес, ол сонымен қатар, өзі секілді ішетін асқа, киетін киімге жарымаған сілкіп саларға сырмағы жоқ ертедегі қазақ байларының кескін-келбетін, олардың өрісі тар, өресі аласа ой-жүйесін көрсетеді.



Асан қайғы.

Асан қайғыны сөз еткенде, кейбір ғалымдар оны тарихта болған адам және Жәнібек ханның (XV ғасыр) тұсында өмір сүрген деседі. Бұған келтірер тарихи дәлел, дерек жоқ. Сондықтан да біз Алдар көсе секілді Асан қайғыны да аңыз-әңгімелердің жағымда кейіпкері деп аламыз.

Халықтың аңыз-әңгімелері Асан қайғыны, ең алдымен, ел үшін қызмет еткен, халық қамын ойлағын ер-азамат, әрі әнші, домбырашы, әрі талапкер, тапқып, әрі құралайды көзге атқан мерген етіп көрсетеді. Халық аңыздарында оның аты Асан болады. Асан ел сүйген, көпшілік қамын ойлаған ер-азамат болып келеді. Осы тұрғыдан оның халық үшін жасаған істері суреттеледі.

Халықтық ортада туған аңыз-әңгімелердің бәрінде Асан жайы осылай баяндалады. Асанды ел қамқоры деп ардақтайды. Оның алға қойған мақсатына жете алмауын халық сөкпейді, қайта Асанның арманы бүгін болмаса, болашақта жүзеге асады деп сенім білдіреді.

Асан жайындағы халықтық аңыз-әңгімелердің мәнін қанаушы тапта, кейінен, ұлтшыл-байшылдар да төмендетуге тырысты. Олар халықтың ардақты азаматы болған Асанға жала жабуға дейін барады, Асанды хан сарайының жоқшысы етпек те болады. Және де олар “Асан қайғы айтыпты” деген атпен халық мүддесіне жат әңгімелер шығарады. “Асанның Жәнібек ханға айтқаны” дейтін әңгімеде немесе Бұқар жыраудың толғауында Асанды хандық құрылысты қорғаушы, соның қаймағы бұзылмауын көксеуші, яғни өз адамы етіп, көрсетушілік орын алады. Асан жайында феодалдық ортада туған бұл әңгімелерді халыққа жат және қанаушы таптың қоспасы деуге болады.

Сонымен, Асан жайында бір-біріне қарама – қарсы бағытта шығарылған аңыз-әңгімелер бар екенін көреміз. Мұның ішінде көркемі де күрделісі де халықтікі. Олай болса біз сол халық шығарған аңыздарды, халық ардақтаған Асанды аламыз.



Қолданылған әдебиеттер тізімі

Негізгі :

1. Аль-Фараби. Трактаты о музыке и поэзий. – А., 1992

2. Байтұрсыноа А. Ақ жол – А., 1991

3. Веселовский А. Н. Историческая поэтика. –М.,1940

4.Тайлор Э. Первобытная культура – М., 1989

5.Анисимов А. Духовная жизнь перврбытного общесттва – М., 1978

6.Гусев В. Е. Эстетика фольклора – Л., 1967

7.Пропп В. Я. Фольклор и действительность – М.,1976

8.Әмельянов Л. И. Методолог, вопроы фольклористики – Л., 1978

9.Әуезов М. Әдебиет тарихы – А., 1991

10.Ысмайылов Е. Ақындар – А., 1956

11.Смирнова М. С. Казахская нарадная поэзия – А., 1967

12.Садырбаев С. Фольклор және эстетика – А., 1976



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет