Лекция : 52 сағат Семинар : 50 сағат СӨЖ : 33 сағат Барлық сағат саны : 135 сағат Қорытынды бақылау : емтихан, 5 семестр



бет3/11
Дата16.06.2016
өлшемі0.74 Mb.
#140074
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Жетісай - 2006


9.ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫНЫҢ ЖОСПАРЫ
1 ЛЕКЦИЯ.

ТАҚЫРЫБЫ :Қазақ халқының шешендік өнері туралы жалпы түсінік.

Жоспар:

  1. Шешендік өнер тарихы.

  2. Шешендік өнердің мәні.

  3. Шешендік сөздер.

Қазақ шешендік өнерін көнелендіру, оның тарихын сонау ежелгі сақ, ғұндарға қатысты әңгімелерден, Орхон, Енисей, Талас ескерткіштерінен бастау тенденциясын көтеру. Орхон, Енисей, талас, оның бер жағында орта ғасыр түркі жазба ескерткіштерінің бәрі-біз үшін ортақ дүние.

Қазақ халқының шешендік өнерінің тарихы сол халықтың әдеби тіліне қатысты болуы мүмкін екендігі. Бұл қатыстылық ең алдымен шешендіктің әдеби тіл арқылы жүзеге асатындығынан туындауы қажет.

Тарихымызда әдеби тілдегі шешендік ауыз әдебиетіміз, сон дай-ақ авторы белгілі жазба мұраларымыз, билер сөзі, ақын-жырау шығармалары арқылы көрінеді.


Сондықтан шешендіктің тарихын зерттеу барысында әдебиеттану ғылымы мен тарих ғылымын ұштастырып зертттеу қажеттігі туындайды. Өйткені қазақ шешендік өнеріміздің жеткен шыңы мен басып өткен жолының қыр – сырларын тек әдеби тілдің тарихын сөз ете отырып тарихи тұрғыдан қарастырғанда ғана дұрыс тани аламыз.


Шешендік өнер сол тіл де сөйлеуші халықтың тарихымен, экономиканың саяси әлеуметтік жағдайларымен тікелей байланысты. Шешендік өнердің қптасу жолын тарих кешінен іздегенімізде, әдебиет туралы айтқан ғылымдардың пікірін келтіріп отырамыз. Қазақтың шешендік өнерінің дәл қай уақыттан басталатынын доп басып айту қиын.

Себебі қазақ шендік сөздері қазақ шешендік сөздері қағазға түспей, ауызша айтылып, халық жадында сақталып келді. Бізге жеткен дерктерге сүйне отырып қақаз

шешендерінің атасы - Жиренше деп атауға болады.

Қазақ шешендік өнерінің тарихын үш кезеңге бөліп қарастыруға болады.



  1. XI – XIII ғасырлар аралығы (Майқы би, Аяз би)

  2. XIV – XVI ғасырлар аралығы (Асан қайғы, Жиренше)

  3. XVIII ғасыр ( Төле, Әйтеке, Қазыбек билер ).

Шешендік сөздер қара сөзбенде, поэзия түрінде де келе береді. Шешендік сөздердің өзіне тән тілдік – көркемдік белгілері болады, сол белгілер көпшілікке қарата айтылған сөздерді ойға түрткі , сезімге қозғау салатындай көрікті де әсерлі етеді. Халықтың шешендік дәстүрі ежелгі дәуірлерден қолданылып келе жатқан аңыз- әңгімелерден көрінеді. Аңыз - әңгімелердің негізінде келіп дамыған халық ауыз әдебетінде: тұрмыс- салт жырларында, ертегілер мен эпостық, лиро-эпостық жырларда, мақал-мәтелдер мен жұмбақтарда шешен сөйлеу үлгілері сақталып қалған. Шешендік сөз дегеніміз – тауып айтылған тапқыр сөз, ақылға қозғау салып , ой түсіретін даналық сөз, қиялға әсер етіп, сезіміңді қозғайтын көрікті де, әсерлі сөз, бұра тартпас дәлелімен тамсандырып, таңдай қақтыратын білгір- білімді сөз, өтіп кеткен не өтіп ажтақн оқиғаны жанды суреттей көз алдыңа алып келетін суретті сөз, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жеткізетін терең мағыналы түйінді сөз.

Қазақ шешендік өнерін шыңдап зерттеу әйгілі Қазан төңкерісінен кейін басталады. Рас, халықтың шешендік қасиеті, кейбір шешен билері жайында саяхатшылар, шығысты зерттеушілер төңкерістен бұрын да жазған болатын.

Қазақтың аты аңызға айналған шешендері – Төле, Қазыбек, Әйтекелер би болған. Сөз өнерін жеткі меңгерген адамдар сирек дарын ретінде жоғар бағаланып, қай заманда да, қай қоғамда да, қай қоғам да үлкен сый – құрметке ие болып отырған.

²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi

Íåãiçãi :


  1. Ñ. Íåãèìîâ Øåøåíäiê ¼íåð .À-1997

  2. Á.Àäàìáàåâ. Õàëûº äàíàëû¹û.À-1976

  3. Í. Ò¼ð庽ëîâ ,Ì. ²àçûáåêîâ . ²àçàºòû» áè øåøåíäåði. À-1993

  4. Á. Øêàíîâà. Øåøåíäiê ñ¼çäåðäi» æàíðëûº åðåêøåëiêòåði.


²îñûìøà ¸äåáèåòòåð :

  1. Ì. Áàëàºàåâ, Å. Æàíïåéiñîâ, Ì. Òîìàíîâ, ²àçຠòiëiíi» ñòèëèñòèêàñû. – À 1966

  2. Í. Ó¸ëèåâ. Ѽç ì¸äåíèåòi. – À., 1985

  3. Á. °äåìáàåâ Øåøåíäiê ¼íåð. – À., 1992

  4. ². Íèåòàëèåâ. ²àçຠòiëiíi» îðôîýïèÿëûº ñ¼çäiãi. – À., 1977

  5. Ì. Áàëàºàåâ. ²àçຠòiëiíi» îðôîãðàôèÿëûº ñ¼çäiãi. – À.., 1979

  6. Ð. Ñûçäûºîâà. Ѽç ñàçû. – À., 1983

  7. ²àçàºòû» ìàºàë – ì¸òåëi. – À., 1980

  8. Í. Å. Ìàìàíîâ. Òië ì¸äåíèåòi. – À., 1985

  9. ². ͽðìàºàíîâ. Ѽç æ¸íå øåáåðëiê. – À., 1987

  10. Ç. Áåéñåíáàåíâà Òië ì¸äåíèåòiíi» íåãiçäåði. – À., 1991

  11. Ç. ²àáäîëîâ. Ñ¼ç ¼íåði. – À., 1994

  12. Ì. °ëiìáàåâà. “Õàëûº äàíàëû¹û, ºàçàºòû» ìàºàë – ì¸òåëäåði ìåí øåøåíäiê ñ¼çäåði ”. – À., 1976

2 ЛЕКЦИЯ.



ТАҚЫРЫБЫ : Шешендік өнер ғылымы, риторика.
Жоспар:

1.Шешендік өнердің қалыптасуы.

2.Қазақтың ұлттық шешендік өнері.

3.Қазіргі шешендік сөздердің түрлері.
Шешендік өнер қай қоғамда болса да халыққа, қалық көпшілікке әсер ететін, оның сапасын, сезімін баурап, жігерін тасытатын қуатты құрал болып келген ол өнер күні бүгінге дейін сол күшін, қасиетін жойған жоқ. Демек, халық алдында баяндама жасап, дәріс оқитын ғылым, жазушы, жалпы әрбір білімді, мәдениетті адам үшін шешендік өнер туралы білімнің тарихымен танысу әсте артық емес.

Шешендік өнердің тууы, қалыптасуы жалпы тіл өнерінің шығуымен адам қоғамының пайда болуымен байланысты. Өйткені әрбір қоғамның өзіне лайықты қарым-қытынасы болатыны даусыз, алайда жүйелі ойлау, шебер сөйлеу сөз өнері ғылым ретінде біздің жыл санауымыздан көп бұрын шығып қалыптасқан.

Шешендік өнер туралы ғылымды-халықаралық тілде риторика дейді.

Риторика ғылымының негізін салған грек, софист абдерлік Протагор (біздің дәуірімізге дейінгі 444 жылы туған) деп есептеледі.

Классикалық дәір кезіндегі Грецияда Протагордан кейінгі шешендік өнерді жалғастырушылар монтилік Георгий (483-375) халкедондық Офразимах, Пеппи болды.

Софистердің анықтамасы бойынша, шешендік өнер-риторика дегеніміз-сендерге білу яғни тыңдаушының санасына сезіміне және еркіне әсер ету, ықпал жасау деген сөз. Риторика логика, психология, әсіресе философия ғылымдарымен тығыз байланысты.

Шешендік сөздер негізінде үш түрлі болады; кеңес сөз, билік сөз, салтанатты сөз. Шешендік сөздің құрылысы үш бөлімнен тұрады:

кіріспе, баяндау және қорытынды шешендік өнердің шығуы, қалыптасуы және дамуы белгілі шешендердің есімдерімен, олардың мазмұнды маңызды сөздерімен белгіленеді.

Шешендік өнер, әдетте, халықтық-демократиялық қоғамдарда ақыл-ойға, сөзге еркіндік бар жерде дамиды.

Шешендік өнердің туып, қалыптасуы қоғамның пайда болуымен байланысты деген пікірді қазақ шешендік өнерінің даму тарихы да дәлелдейді. Тарихи аңыз-әңгімелерге, кейбір жазба деректерге қарағанда қазақтың шешендік өнері алғашқы хандықтарды құрасқан Майқы би, Аяз билермен (ХІІ-ХІІІ ғасырлар).

Асан қайғы жиренше шешендермен (ХІV-XVІІІ ғасырлар) шешендік өнер өзінің даму дәуіріне жеткен.

Қазақ шешендік өнерін шындап зерттеу әйгілі Қазан төңкерісінен кейін басталады. Рас халықтың шешендік қасиеті, кейбір шешен билері жайында саяхатшылар, шығысты зерттеушілер төңкерістен бұрын да жазған болатын. Бірақ олардың жазғандары жол-жөнекей байқағандары мен пайымдаулары еді.

Қазақтың шешендік өнерінің дәл қай уақыттан басталатынын доп басып айтуға киын. Себебі қазақ шешендік сөздері қағазға түспей, ауызша айтылып, халық жадында сақталып келді.

Бізге жеткен деректерге сүйене отырып қазақ шешендерінің атасы-жиренше деп айтуға болады. Аңыздарда жиренше әз Жәнібек хан мен Асан қайғының (ХІV-XV ғ) тұстасы ретінде айтылады. « Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майды би» дейтін сөз бар.

Абай сол Майқыны « Шыңғыс ханның он екі биінің бірі» деп айтады. (А. Құнанбаев, шығармалар жинағы. Алматы 1965ж 315 бет). Бұл деректерге қарасақ, шешендік сөз тарихы әрі қарай тереңдей түседі.

Майқыби, Аяз би (ХІІ-ХІІІ ғ) жиренше шешен. Асан қайғы (ХІV-XV ғ) есімімен бізге жеткен өсиет, нақыл сөздерде жоқшылықтың, шапқыншылықтың азабын кешкен қазақ халқының бейбіт өмірді, көксеген қиялшыл арманы, тілек талабы бейнеленген.

Қазақ шешендік өнерінің кеңірек дамып, биіктеген кезеңі ХVІІ-ХVІІІ ғасырлар. Бұл қазақ халқының жоңғар, қалмақ, қытай басқыншыларына, патша өкіметінің озбырлығына қарсы тұрып өз тәуелсіздігін қорғау жолындағы аламан күрес жүргізген жылдары еді. Тап осы кезеңде билермен шешендердің, ақындардың халықты жұмылдырып, рухтандыруға рөлі мен беделі арта түсті. Әлемдік тарихи сахнаға қарасақ, шынайы шешендердің көрінетін орны Сот залдары, Парламент сарайлары, көпшілік және жекелеген адамдар қатысуымен болатын дау-жанжалдар шешілер жер екені белгілі. Жоғарыда аты аталған Демосфен, Цицирон, т.б адвокат әрі Парламент мүшелері болған. Ал қазақтың аты аңызға айналған шешендері –Төле, Қазыбек, Әйтекекер би болыпты. Сөз өнерін жетік меңгерген адамдар сирек дарын ретінде жоғары бағаланып, қай заманда да, қай қоғамда да үлкен сый құрметке не болып отырған.

Шешендік сөздердің кейде билер сөзі деп айтылуының өзі де талай сырдың бетін ашады. Шындығында да, шешендік сөздер негізінен билер айтысы, билік шешім үстінде туып отырған.

Би-халықтың көкейіндегісін айтқан, көкірегіндегісін жарыққа шығарған шырағы, әділет айтушысы. Биді байлық тағ барлық та жасай алмаған. Би өз тұғырынан топты жарып, таразы басын тең ұстап, қара қылды қақ жаратын әділ төрелігімен, асқан. Кеменгерлігімен, данышпандылығымен, салиқалы сабырлығымен жеткен. Би-табиғи дарын, асылтекті ақын, алыстағыны көре білген көсем, қызыл тілінен бал тамған шешен.

Көшпелі елдің тіршілік жағдайы да шешендіктің дамуының тағы бір факторы болып саналады. Қазақтың мал шаруашылығына байланысты тұрмыс қажеттері шешендіктің қалыптасуында, дамуында үлкен роль атқарады. Мал мен дәулет, жер, барышта нәтижелері айтыс пен тартыссыз, дау-таластың айықпал көзі болған.

Қазақ даласында шешендік өнердің өсіп-өркендеуіне себеп болған фактор халықтың сөз бостандығына ерік беріп,еркіндікке жол ашқаны «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деп, сөзге тиым қоймаған.

Шоқанның пайымдауынша, шешендік сөздер әз-Жәнібек хандығының кезінде туып дамыған да, үш жуздің басын қосқан әз-Тәукенің тұсында, Хан Ордасы-Түркістан қаласында жанданған. Талай ғасырлардан бері ауыздан-ауызға көшіп, халық жадында жасап келе жатқан әдет-ғұрып, қарым-қатынас ережелерін жинақтап қалыптастыратын белгілі «Жеті жарғы» әдет- ғұрып заңы да Түркістанда жасалған.Ердің құлын ескі ауыз сөзбен бітіретін даңқты дала сөз зергерлері Төле, Қазыбек, Әйтеке шешендердің атақ-даңқтары да сол кезде шыққан.

Шешендік сөздердің дамуына үлес қосқан Бұхар,Мұрат, Дулат, Шөже, Маханбет,Шернияз, Шом, Қазтуған сынды ақын-жыраулардың шығармаларында кестелі сөз, оралымды ой мол кездеседі:

1.ХІ-ХІІІ ғасырлар аралығында(Майқы би, Аяз би )

2.ХІV-XVІ ғ. Аралығы(Асан қайғы,Жиренше шешен)

3.ХVІІІ ғ.(Төле, Қазыбек,Әйтеке билер)

Қазіргі шешендік сөздер мақсатына, мазмұнына, сөйлеу шарттарына қарай бес топқа бөлінеді.

1.Әлеуметтік –саяси шешендік сөздер. Бұларға осы тақырыптарға жасалатын баяндамалар, сөйленетін сөздер, митинг, конференция, сьезд, сессияларда айтылатын сөздер, хабарламалар, радио, теледидардан ауызша жүргізілетін саяси-әлеуметтік шамулар жатады.

2. Академиялық шешендік. Бұл топты жоғары оқу орындарында оқылатын лекциялар, ғылыми баяндамалар, хабарламалар, шолулар құрайды.

3. Сот ісінде қолданылатын шешендік сөздерге прокурордың айыптау сөзі, әлеуметтік айыптаушылар мен қорғаушылардың сөздері, адвокаттың сөзі; айыпкердің қорғану сөзі.

4.Әлеуметтік-тұрмыстық шешендік сөздерге мерей тойларда, салтанатты дастархан басында қабір басында көпшілік алдында айтылатын сөздер жатады.

5.Діни қызметте жұмсалатын шешендік (нағыз). Бұл топтағы шешендік сөздер қазақ топырағында енді-енді дәстүрге айналып келеді.Оған уағыз иман сөздері жатады.

Шешендік сөздер айтушы мен тыңдаушыны жалғастыратын құралдар сан алуан. Шешендік сөздер мен машендік өнер қазақтың мәдени дүниесінде дәстүрі мол, болашығы зор әлеуметтік құбылыс болып табылады.

Шешендік сөздердің кез-келгенінде жалпылама қолданылатын сөздердің үлесі мол, сондықтан олардағы стильдік нормалар да қатып қалған жүйеде көрінбейді, керісінше, олар араласып та келеді.Дегенмен, шешендік сөздердің әр түрінің негізін құрайтын тілдік сипаттар болады.

Шешендік сөздердің арасында өзара тығыз байланыстылық бар, олардың шекаралары да қозғалмалы сипатта келеді. Мысалы, академиялық шешендік пен әлеуметтік саяси шешендіктің арасында көбінде тақырыптық ортақтық жиі кездеседі. Мәселен, халықтың әлеуметтік жағдайы ресми баяндамаға да , лекцияға да өзек бола алады.

Таным мен білімнің рухани дүниені дамыту мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастырудың, адамзатты ізгілікке, қайырымдылыққа үндеудің, тәрбиелеудің құралы ретінде қызмет ететін шешендік сөздердің шынайы үлгілері қашан да біздің тарихымыздың, қоғам мен мәдениетіміздің дамуының айнасы іспетті болып қала бермек.


²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi

Íåãiçãi :
1. Ñ. Íåãèìîâ Øåøåíäiê ¼íåð .À-1997

2.Á.Àäàìáàåâ. Õàëûº äàíàëû¹û.À-1976

3.Í. Ò¼ð庽ëîâ ,Ì. ²àçûáåêîâ . ²àçàºòû» áè øåøåíäåði. À-1993

4.Á. Øêàíîâà. Øåøåíäiê ñ¼çäåðäi» æàíðëûº åðåêøåëiêòåði.


²îñûìøà ¸äåáèåòòåð :

  1. Ì. Áàëàºàåâ, Å. Æàíïåéiñîâ, Ì. Òîìàíîâ, ²àçຠòiëiíi» ñòèëèñòèêàñû. – À 1966

  2. Í. Ó¸ëèåâ. Ѽç ì¸äåíèåòi. – À., 1985

  3. Á. °äåìáàåâ Øåøåíäiê ¼íåð. – À., 1992

  4. ². Íèåòàëèåâ. ²àçຠòiëiíi» îðôîýïèÿëûº ñ¼çäiãi. – À., 1977

  5. Ì. Áàëàºàåâ. ²àçຠòiëiíi» îðôîãðàôèÿëûº ñ¼çäiãi. – À.., 1979

  6. Ð. Ñûçäûºîâà. Ѽç ñàçû. – À., 1983

  7. ²àçàºòû» ìàºàë – ì¸òåëi. – À., 1980

  8. Í. Å. Ìàìàíîâ. Òië ì¸äåíèåòi. – À., 1985

  9. ². ͽðìàºàíîâ. Ѽç æ¸íå øåáåðëiê. – À., 1987

  10. Ç. Áåéñåíáàåíâà Òië ì¸äåíèåòiíi» íåãiçäåði. – À., 1991

  11. Ç. ²àáäîëîâ. Ñ¼ç ¼íåði. – À., 1994

3 ЛЕКЦИЯ.
Тақырыбы: Ауыз әдебиетіндегі шешендік үлгілер (Лирико-публицистикалық поэмалар).
Жоспары:

1. Дастаншылдық, поэмашылдық дәстүр.

2. С. Мұқанов дастаннан поэмаға.

  1. С. Мұқанов реалистік поэма жасау жолында.

Қазақ эпосы бір кезде батырлар жыры түрінде көрінсе, кейін аралық сипаттағы лиро-эпосқа көшті; одан келе жанрлық табиғатын мүлде жаңартқан жаңа сападағы поэмаларға ауысты деп, тұжырымдаған болатын академік-жазушы З. Қабдолов өзінің “Сөз өнері” еңбегінде.

Сол айтпақшы, қазақ халқының бай ауыз әдебиеті қорындағы ең мол саланың бірі – лиро-эпос десек, осы мұраны 3 топқа бөліп қарастыруға болады:


  1. Ел арасына көп тараған әйгілі шығармалар.

А) қолжазбалар; “Қозы-Көрпеш- Баян сұлу”

Ә) кітаптар; “Қыз Жібек”, “Айман-Шолпан”



  1. Халыққа ауызша жетсе де, жарық көре алмай келген шығармалар: “Күлше қыз”, “Құл мен қыз”, “Мақпал қыз”, “Есім Зылиқа”.

  2. Шығыс әдебиетінен ауысқан хикая-дастандар: “Сейфулмәлік”, “Бозжігіт”, “Таһир-Зухра”, “Жүсіп-Зылиханың қиссасы”, “Шәкір-Шәкірат”, “Мұңлық-Зарлық”, т.б.

Осы тақырыпқа бұрын-соңды сан алуан үлкенді-кішілі мақалалар, жеке зерттеулер жазылып келгені мәлім. Біз солардың бірін ескере отырып, жаңа деректерге сүйену нәтижесінде жаңа қорытындылар, тың тұжырымдар ұсынуға ұмтылдық.

Лиро-эпос жөнінде Қазан төңкерісінен бұрын азды-көпті жұмыс істелінгенін байқау қиын емес. Орыстың белгілі ориенталистері (В. В. Радлов, И. Н. Перуин, Г. Н. Потанин және басқалар) қазақ ауыз әдбиетінің тамаша үлгілерін жинау, жариялау ісімен шұғылданды. Олар біз сөз етіп отырған лиро-эпос нұсқаларына да ерекше көңіл бөлген. Мысал үшін “Қозы-Көрпеш – Баян сұлу” жырын атап өтсек жеткілікті.

Солай бола тұрса да, лиро-эпос нұсқаларын ғылыми тұрғыдан тексеру кеңес жылдарының ішінде қолға алынды. Осы жылдары жалпы ауыз әдебиетінің, оның ішінде, лиро-эпостық көптеген үлгілері жиналып қана қоймай, баспасөз бетінде жарық көре бастады. Лиро-эпостық белгілі нұсқалары бойынша ғылыми еңбектер, көлемді мақалалар, жеке монографиялар жазылды. Осыған орай, М. О. Әуезов, Қ. Жұмалиев, М. С. Сильченко, Н. С. Смирнова, М. Ғабдуллин, Ә. Қоңыратбаев, А. Жұбанов, т.б. зерттеулерін атап өткен болар едік.

Ұзақ уақыт қазақ халқының жазба әдебиеті қалыптаса қойған жоқ. Сол себепті оның оқитын кітабы, тәрбие-тәлім, өнеге алатын бірден-бір құралы – халықтың ауыз әдебиеті, соның ішінде лиро-эпос жырлары болып келді.

Лиро-эпос жырларының қай мезгілде пайда болғанын киіп айту қиын. Өйткені олар, кезінде қағаз бетіне түспеген және басқа да жөнді дерек сақталмаған, тек ұрпақтан-ұрпаққа ауызша айтумен жетіп отырған. Мүмкін, бұл нұсқалардың көпшілігі көне заманда туып тарала бастады десекте, халық арасына жайылған аңызға қарағанда, сол жырлардың бірқатарын XVIII-XIX ғ. өмір сүрген атақты ақын жыраулардың ел аралап айтып жүргені, өңдеп жөндегені мәлім.

Бірінші топқа жататын нұсқалардың аздап болсын баспа бетін көргенін, олар жөнінде оқта-текте құнды пікірлер айтылғанын жоғарыда ескертіп өткен едік. М. Ш. Уәлиханов, В. В. Радлов, Г. Н. Потанин т.б. белгілі ғалымдар қазақ халқының ауыз әдебиетін, әсіресе, лиро-эпос үлгілерінің кейбіреулерін өте жоғары бағалаған болатын. Бұл ретте ең алдымен, М. О. Әуезовтің ғылыми еңбектерін ерекше атаған жөн. Аса көрнекті ғалым қазақ ауыз әдебиетінің көптеген түрлерін зерттеумен бірге лиро-эпостық – “Қозы-Көрпеш – Баян сұлу” мен “Қыз Жібек” секілді тамаша екі нұсқасына арнаулы еңбектер жазды.

Екінші топқа кіретін нұсқалардың ішінде ”Күлше қыз”, “Құл мен қыз”, “Мақпал қыз”, “Есім сері-Зылиқа” секілді көлемді көркемдігі бірсыдырғы дастандар бар. Бұлардың түп негізі халық аңыздарына барып тірелсе де, кейбіреулерінің авторлары белгілі. Ел арасында есімдері мәлім ақындар сол халыққа жете таныс сюжетті қайтадан жырлап өңдеген, толықтырған болу керек.

“Күлше қыздағы” оқиғаның басталуы, және бірнеше эпизодтары “Қозы Көрпеш- Баян сұлу” жырына ұқсайды.

Ал енді үшінші топқа жататын, үлгілерге көшсек, бұлар қазақ топырағына шығыс елдерінен келген мол сала. “Бозжігіт” поэмасының сюжеті шығыс халықтарының көбіне ортақ. Оның үш нұсқасы бар.

Осы лиро-эпос нұсқаларының кейбір үлгілері кеңес жылдарында байта дамып, тың сапаға ауысты, жаңа заман талабына сай мазмұндарын байытумен бірге түрлерін де кемелендендіре түсті. Мысалы, Шәкір әбеновтің “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” жырын және Нұрпейіс Байғаниннің “Ақ күлше”, “Нарқыз” поэмалырын атауға болар еді.

Осы байқағандарымыздан қызық та, әрі құнарлы құбылысты көре аламыз. Халық ауыз әдебиеті мен шығыс классиктері дәстүрі нәтижесінде қазақ топырағында шын мәніндепоэма жанры орын тебе бастайды. Осыған орай “Еңлік-Кебек”, “Қалқаман-Мамыр”, “Ләйлі-Мәжнүн”, “Гүлхашима” т.б. алуандас көркем туындыларды атаған жөн. Бара-бара бұл процесс кеңес дәуіріндегі қазақ поэзиясының гүлденген шағына келіп тоғысады.

Әдеби жанрдағы, соның ішінде поэмадағы, дәстүр деген – кең ұғым, күрделі құбылыс. Суреткер ұзақ мерзім ішіндегі дәстүрге арқа сүйей отырып, жаңашылдыққа ұмтылады дегенді жиі-жиі айтамыз. Солай дей тұрсақ та, әдебиеттегі дәстүр мен жаңашылдықтың ара қатысын айқындаудың қиын екендігін үнемі ескере бермейтініміз де бар. өйткені дәстүр мен жаңашылдық бірімен-бірі табиғи тамырлас, тұтасқан диалектикалық бір лік құбылысы. Әдебиет қоғам өмірінің айқын сәулесі десек, сол қоғам өмірінің қай саласында болмасын, дәстүр мен жаңашылдық бір імен-бірі тығыз байланысты. Сондықтан да әдебиеттегі дәстүр мен жаңашылдықты бірінен-бірі бөле-жара қарауға болмайды. әдебиеттегі жаңа құбылыс дейтініміз сол көп жылғы тәжірибенің, көркемдік дәстүрдің озығы болуға тиіс.

Осы құбылыс біз сөз еткелі отырған қазақ әдебиетіндегі поэманың қалыптасу, даму процесінде әлгіндей заңды ерекшеліктерімен көзге түсіп келеді. Өйткені поэма жанрын жетілдіруде де ақындар туған халқының ғасырлар бойы жиналған, қорланған бай көркемдік дәстүріне сүйенуді мақсат тұтты. әңгіме тек дәстүрге сүйенуде ғана деп. ойлауға болмайды. Әңгіме сол ғасырлар бойғы бай көркемдік тәжірибені қалай игеріп, қалай қорытуда болса керек. Бұл жерде жалғыз ниет, талап, тілек жеткіліксіз. Бұған қоса творчестволық ізденіс, ақындық зор дарын, тапқырлық, шеберлік ауадай қажет. Сонда ғана өзіне дейінгі көркемдік тәжірибені игеріп, сом, жаңа шынайы шығарма тудыруға болатынын әдебиет тарихы растап келеді.

Қазақ кеңес поэмасының кемелденуінен, өсіп-өркендеуінен анық байқалатын бір жай, оның таңдаулы үлгілерінің бәрі де өзіне дейінгі әдеби дәстүрдің ең жақсы, таңдаулы, жарқын сипаттарын емін-еркін бойына сіңіре білді. Мәселен, қазақ кеңес поэмасының алғашқы қалыптасу кезеңін еске түсіріп көрейік. Ақындар қазақ кеңес поэмасының алғашқы таңдаулы үлгілерін оған дейінгі көркемдік дәстүрдің озық үлгілеріне сүйеніп жасағаны анық байқалады. Төңкеріске дейінгі әдебиеттегі Абай Құнанбав, Ақылбай Абайұлы мен Мағауия Абайұлы, Әсет Найманбаев, Мұхамеджан Сералин, Сұлтанмахмұт Торайғыров поэмаларынан көркемдік дәстүрді үнемі ескеріп отырғаын көруге болады. Оның үстіне қазақ халқының ежелден келе жатқан бай ауыз әдебиетінің эпикалық дәстүрінен және орыстың классикалық әдебиеті мен шығыс поэзиясының жақсы үлгілерінен де ақындардың нәр алып үйреніп отырғаны тарихи шындық.

Шығармаға биік, прогрессивті идеяны өзек ету – бүкіл дүниелік әдебиеттегі қалыптасқан озық көркемдік дәстүр. Міне, осы бір ежелгі дәстүрге сүйенген, соны жалғастырып байыта, тереңдете түскен қаламгерлер қазақ кеңес поэмасының ең жақсы үлгілерін қалыптастырып берді. С. Сейфуллиннің “Советсан”, “Альбатрос”, “Көкшетау”, І. Жансүгіровтің “Дала”, “Күйші”, “Құлагер”, С. Мұқановтың “Сұлушаш”, Ә. Тәжібаетың “Абыл”, Т. Жароковтың “Күн тіл қатты”, “Тасқын”, И. Байзақовтың “Құралай сұлу”, “Алтай аясында”, “Ақбөпе”, Ж. Саиннің “Күләнда”, Қ. Бекхожиннің “Ақсақ құлан” т.т. сияқты поэмалары қазақтың эпикалық поэзиясында бұрыннан бар көркемдік дәстүрді жалғастырудың, тереңдетіп байытудың жемісті нәтижесі еді.

С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, С. Мұқанов, Ә. Тәжібаев, Т. Жароков, И. Байзақов, Ж. Саин, Қ. Бекхожин қалыптастырған көркемдік дәстүр сол қалыппен тоқтап қалмай, әдебиеттің кейінгі дәстүрлерінде жалғаса, байи, кемелдене, толықси түсті. Отан соғысы кезінде туындаған Қ. Аманжоловтың “Ақын өлімі туралы аңыз” поэмасы, жеңістен кейінгі бей біт жылдарғы әдебиеттің игі жемісі – Қ. Бекхожиннің “Мәриям Жагорқызы”, Х. Ерғалиевтің “Құрманқызы” сияқты поэмалары эпикалық поэзияның қадау-қадау табыстары. Сымбатты түрге бөленген терең мазмұнды поэманың жақсы үлгілерін жасау дәстүрі күні бүгінге дейінгі жалғасумен келеді, алдағы кезде де жалғаса беретіні мәлім.

Поэма туралы тоқтала кетсек, ақындардың поэмаға нысана, қазық етіп ұстайтын екі басты тақырыбы бар. Бірі – қазіргі замандас өмірінің алуан сырларының эпикалық поэзияда жыр ету де, екіншісі – төңкеріске дейінгі халықтың тарихи өмірін бейнелеу. Екіншісін көбінесе тарихи тақырып деп те атаймыз. Қалай атаған күнде де, оның күні бүгінгі әдебиеттегі маңызы, актуалдығы орасан зор екені баршаға аян. Сол тарихи тақырыпты жырлауда қазақтың эпикалық поэзиясында қалыптасқан жақсы да өнегелі дәстүр бар екеніне жоғарыда мысал да келтірдік.

Қазақ кеңес әдебиетінің басқа жанрларындай поэманың да өсу кезеңдері бар екені сөзсіз. Қазақ поэмаларының өсу жолы, күні бүгінге дейінгі даму кезеңі екі үлкен арналы тақырыппен тығыз байланысты. Қазақ поэмаларының барлық кезеңінде де осы екі тақырып қабат жарысып келе жатқанын көреміз. Ол – тарихи және қазіргі заман тақырыбы.

Тақырыптың өзектілігі қандай көркем шығарма үшін де қажет. Бірақ тақырытың өзектілігімен істің тынбайтыны аян. Көркем шығарманың идеялық-тақырыптық арқауы негізінен оның көркемдігімен қабысу керек. Яғни, ақындық шеберліксіз көркем туынды жоқ. Кейде мәселенің осы жағын ескермей, шығарманы тақырыбының өзектілігіне бола мақтау да ұшырайды.

Көркем шығарманың әділ сыншысы - әлбетте оқушы қауым, халық. Уақыт озған сайын халықтың көркем шығарманың ең озық үлгілерін ғана екшеп алып, өзінің жадында сақтайтыны ежелден мәлім. Ендеше, көркем шығарманың өмірлілігін уақыт белгілейді дейтініміз де осыдан. Сол себепті қандай көркем шығарманы болса да тек бүгіннің ғана шығармасы деп қарамай, тарихтың шығармасы, яғни ертеңгінің де дүниесі деп қарау дұрыс болады. Бүгіннің ғана шығармасы дегеніміз басылған кезде ғана оқылатын, оқушының мәңгі серігі болуға жарамайтын орта қолды еңбектер. Ал, тарихты, яғни ертеңнің шығармасы дегеніміз идеялық-көркемдігі жоғары, уақыт сынынан сүрінбей өткен, оқушының ұзақ мезгіл рухани серігі болатын туындылар. Осы тұрғыдан алып қарағанда қазіргі тақырыпқа жазылған қазақ поэмаларының ішіндегі тарихтың мүлкі боларлық туындылар көп емес.


²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi

Íåãiçãi :
1.Ñ. Íåãèìîâ Øåøåíäiê ¼íåð .À-1997

2.Á.Àäàìáàåâ. Õàëûº äàíàëû¹û.À-1976

3.Í. Ò¼ð庽ëîâ ,Ì. ²àçûáåêîâ . ²àçàºòû» áè øåøåíäåði. À-1993

4.Á. Øêàíîâà. Øåøåíäiê ñ¼çäåðäi» æàíðëûº åðåêøåëiêòåði.


²îñûìøà ¸äåáèåòòåð :

5.Ì. Áàëàºàåâ, Å. Æàíïåéiñîâ, Ì. Òîìàíîâ, ²àçຠòiëiíi» ñòèëèñòèêàñû. – À 1966

6.Í. Ó¸ëèåâ. Ѽç ì¸äåíèåòi. – À., 1985

7.Á. °äåìáàåâ Øåøåíäiê ¼íåð. – À., 1992

8.². Íèåòàëèåâ. ²àçຠòiëiíi» îðôîýïèÿëûº ñ¼çäiãi. – À., 1977

9.Ì. Áàëàºàåâ. ²àçຠòiëiíi» îðôîãðàôèÿëûº ñ¼çäiãi. – À.., 1979

10.Ð. Ñûçäûºîâà. Ѽç ñàçû. – À., 1983

11.²àçàºòû» ìàºàë – ì¸òåëi. – À., 1980

4 ЛЕКЦИЯ.
Тақырыбы: Ұлттық шешендік өнер.
Жоспар.


  1. Ұлттық шешендік өнердің түрлері.

  2. Шешендік сөз, шешендік сөз сапалары.

  3. Шешенге қойылатын талаптар.

Қазақтың шешендік өнерінің дәл қай уақыттан басталатынып дөп басып айту қиын. Себебі қазақ шешендік сөздері қағазға түспей ауызша айтылып халық жадында сақталып келді. Бізе деректерге сүйене отырып қазақ шешендерінің атасы – жиренше деп. айтуға болады. Аңыздарда жиренше әз – Жәнібек ханмен Асан қайғының XIV - XV ғ тұтасы ретінде айтылады. “Түгел сөздің түбі бір түп атасы Мойқы би” дейтін сөз бар. Абай сол Мойқыны “Шыңғыс ханның он екі биінің бірі ” деп айтады. Бұл дерекке қарасақ, шешендік сөз тарихи әрі қарай тереңдей түсуі. Мойқы би “XII-XIII” ғасыр Жиренше шешен, Асан қайғы есімімен Бізе жеткен өсиет, нақыл сөздерде жоқшылықтың, молшылықты көксеген қияшыл арманы, тілек –талабы бейнеленген. Қазақ шешендік өнерінің кейінрек дамып биіктеген кезеңі XVII-XVIII ғасырлар. Бұл қазақ халқының жоңғар, қалмақ, қытай басшыларына, патша үкіметінің озбырлығына қарсы тұрып, өз тәуелсіздігін қорғау жайындағы олармен күрес жүргізген жылдары еді. Тап осы кезеңде билермен шешендердің, ақындардың халықты жұмылдырып, рухтандырудағы рөлі мен беделі арта түсті. Әлемдік тарифи сақынаға қарасақ, шынайы шешендерден көрінетін орны сот залдары, парламент сарайлары, көпшілік және жекелеген адамдар қатысуыен де болатын заң жолдар шешілер жер екені белгілі. Жоғары аты аталатын Демосфен, Цицерон т.б. адвокат әрі парламент мүшелері болған. Ал, қазақтың аты аңызға айналған шешендері- Төле, Қазыбек, Әйтекелер би болыпты . Сөз өнерін же тік меңгерген адамдар сирек дарын ертінде жоғары бағаланып, қай замандад да, қай қоғамда да, алкен сый-құрметке ие болып отырған. Шешендік сөздердің кейде билер сөзі атауының өзі де талай сырдың бетін ашады. Шындығында да, шешендік сөздер негізінен билер айтысы, билік шешім үстінде туып отырған.

Би – халықтың көкейіндегісін айтқан, көкірегіндегісін жарыққа шығарған шырағы, әділет айтушысы. Биді байлық та, барлық та, жасай алмаған. Би өз тұрғысына топты жарып, тарзы тең Остап қара қылды қақ жаратын әділ төрілігімен асқан тең ұстап кемеңгерлігімен, данышпандылығымен, салиқалы сабырлығымен жеткен. Би-табиғи дарын, асыл текті ақыл, алысьтағы көре білген көсем қызыл тілінен бал тамған шешен.

Көшпелі елдің тіршілік жағдайы да шешендіктің дамуының тағы бір деректері болып саналады. Қазақтың мол шаруашылығына байланысты тұрмыс қажеттері шешендіктің қалыптасуында дамуында алкен роль атқарды. Мал. Мен дәулет, жер барымта нәтиелері айтыспен тартыстың, дау таластың айықпас көзі болван.

Қазақ даласында шешендік өнердің өсіп өркендеуіне себеп болған фактор халықтың сөз бостандығына ерік беріп, еркіндікке жол ашқан. “Бас кеспек болсада тіл кесепк жоқ” – сөзге тим салмаған, сынға ешқандай шек қоймаған.

Шоқанның пайымдауынша шешендік сөздер әз- Жәнібек хандығының кезеңінде туып дамығанда, үш жүздің басон қосқан әз Тәукенің тұсында хан ордасы Түркістан қаласында жолданған. Та плай ғасырлардан бері ауыздан ауызға көшіп халық жадында жасап келе жатқан әдеть ғұрып, қарым қатынас ережелерін жинақтап қалыптастыратын белгілі “Жеті жарғы ” әдет ғұрып заңы да Түркістанда жасалған. Ердің құнын екі ауыз сөз бен бітіретін данықты даңықты дала сөз зергерлері Төле, Қазыбек, Әйтеке шешендердің атақ даңықтары да сол кезде шыққан. Шешендік сөздің дамуына үлес қосқан Бұқар, Мұрат, Дулат, Шөже, Махам бет, Шернияз, Шал, Қазтуған сынды ақын жыраулардың шығармаларында кестелі сөз оралымды ой мо кездеседі.

Сонымен, қазақ шешендік өнерінің тарихын үш кезеңге бөліп қарастыруға болады.


  1. XI-XIII ғасырлар аралығы (Мойқы би Аяз би )

  2. XIV-XVI ғасырлар арлығы (Асан қайға Жиренше шешен)

  3. XVIII ғасыр (Төле, Қазыбек, Әйтеке билер )

Қазақтың шешендік өнері туралы піків айтқан Шоқан Уалиханов,Абай Құнанбаевтар болды. Шшендік сөздің табиғаты туралы А.Байтұрсынов, С.Сейфуллин, Ә.Мәметова, М.Ғабдулин, Б. Кенжебаевтердің еңбектерінде жан – жақты сөз болды. Ал, соңғы жылдары шешендік сөздерді жинап, зерттеп танытуға үлес қосқан ғалымдар – Б.Аданбаев, С.Содырбаев, С.Қосқабаев, Ш.Ыбырайов, С.Негімов т.б. еңбектері ерекше.
²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi

Íåãiçãi :
1.Ñ. Íåãèìîâ Øåøåíäiê ¼íåð .À-1997

2.Á.Àäàìáàåâ. Õàëûº äàíàëû¹û.À-1976

3.Í. Ò¼ð庽ëîâ ,Ì. ²àçûáåêîâ.²àçàºòû» áè øåøåíäåði. À-1993

4.Á. Øêàíîâà. Øåøåíäiê ñ¼çäåðäi» æàíðëûº åðåêøåëiêòåði.


²îñûìøà ¸äåáèåòòåð :

5.Ì. Áàëàºàåâ, Å. Æàíïåéiñîâ, Ì. Òîìàíîâ, ²àçàº

òiëiíi» ñòèëèñòèêàñû. – À 1966

6.Í. Ó¸ëèåâ. Ѽç ì¸äåíèåòi. – À., 1985

7.Á. °äåìáàåâ Øåøåíäiê ¼íåð. – À., 1992

8.². Íèåòàëèåâ. ²àçຠòiëiíi» îðôîýïèÿëûº ñ¼çäiãi. – À., 1977

9.Ì. Áàëàºàåâ. ²àçຠòiëiíi» îðôîãðàôèÿëûº ñ¼çäiãi.– À,1979

10.Ð. Ñûçäûºîâà. Ѽç ñàçû. – À., 1983

11.²àçàºòû» ìàºàë – ì¸òåëi. – À., 1980

5 ЛЕКЦИЯ.


ТАҚЫРЫБЫ : Мақалдар мен мәтелдер.

Жоспары :

1.Мақал – мәтелдердің жанрлық белгілері.

2.Классификациялаудың принциптері.

3.Мәтелдің мақалдан айырмашылығы.
Халық мақалдарының тақырыбы өте көп солардың ішінде ең күрделі бір саласы адам баласының еңбек ету жайына арналған.

Еңбек адамды мақсат – мұратқа жеткізіп абырой әперетін іс екендігін халық мақалдары арқылы дәлелдеп көрсетеді. Еңбегі бардың өнбегі бар, Еңбек түбі мереке деп халық адал еңбекті ардақтады. Еңбек етпеген адамды жатып ішер жалқауды халық өзінің мақалы арқылы сынап шенейді. Бұған еңбегі аздың өнбегі аз, еріншектің ертеңі таусылмас деген мақалдар келтіруге болады. Еңбек мақалының тақырыбына арналған қай – қайсысы болса да, ақыл өсиет түрінде айтылады. Бейнетсіз рахат жоқ, Әрекет болмай берекет бол. Түлік төлден өседі дей отырып сол түліктерді өсіру үшін қажырлы еңбек керектігін ескертеді. Жатқанға жан жуымас, жалқауға мал жуымас, Ат шаппайды, бап шабады. Мал жисаң қоныс тап, Бақпасаң мал кетеді деп ақыл айтады. Адал еңбекті сүйген халық мал басын өсіру үшін аянбай жұмыс істе, ерінбей еңбек ет, сонда ғана мал құралады дейді. Ал еңбек етпей, ұрлық немесе барымта жолымен мал жинап баюды көздеуші адамды халық қатты сынға алады, шенейді, Ұрыға мал қатаймас, ұрлық түбі –қорлық, деп сипаттайды. Халық мақалараның қоғамдық мәні бар тақырыптарын 1- ші оқу білім, тазалық тәрбие, мінез құлық, әдет ғұрып жайлары бұлар жөнінде халықтың ой, көз қарасы, шығарар қортындысы, айтар ақылы қандай екені байқалады. Жақсы нәрсені үлгі ету жаманнан жиеркеніш тауып бездіру, аталған тақырыптағы басты мәселесі оқу білім, ғылым жайын сөз қылғанда халық мақалыың, адам баласына тигізетін пайдасы көп екендігінен басталады. Қазақ мақалдарына жоғарыда жасалған қысқаша шолу ауыз әдебиетінің бұл түрі мазмұны жағынан болсын тақырыбы жағынан болсын орасан көп дүние екендігін көрсетеді.

Мақалдардың өзіне тән ерекшеліктері. Қазақ мақалдарынын өзіне тән негізгі бірінші ерекшелігі аз сөзбен көп мағына беретінінде аз сөз алтын- көп сөз көмір - дей отырып халық өзінің мақалдарында мазмұнды әңгіменің тобықтай түйінін береді. Ой пікірін көз қарасын әрі терең әрі ашық айтады. Мақалдың сөз саралауы, олпы-солпы болмайды, етек-жеңі жинала келеді. Ішкі құрылысы жағынан алғанда мақалдар екі түрлі біріншісі айтайын деген ойын ашық етіп, бірден турасынан білдіреді. Жауды алған жаралы қалады, Бірлігі жоқтың тірлігі жоқ, т.б.

Екіншісі негізгі ойды астарлап айтады. Ғибрат білдіретін мақалдар. Қазақ мақалдарының біразы осы соңғы түрге енеді. Бұған мысалы: жығылсаң нардан жығыл, Сырын білмеген аттың артынан жүрме деген мақалдарды жатқызуға болады.

Жығылсаң нардан жығыл дегенде, нардан жығылып құлауды айтып тұрған жоқ, нардан үлкенге ұмтыл, мақсатыңа жете алмасаң, ол айып емес деген ойды білдіреді. Сырын білмегеннен аттың сыртынан жүрме дегенде тура маған болумен қатар, астарлап айтылған жанама мағана бар. Ол сырлас болмаған сырын білмеген адаммен бір ден ашша-жай болудың қолайсыз жағдайға душар еткенін аңғартады.

Мәтел. Мақал мен мәтел құрылысы, түрі, сөз саптасы жағынан бір-біріне жақын және ұқсас келеді. Бірақ бұлардың өзара айырмашылығы бар. Басты айырмашылық бұлардың мазмұнында. Мақалды алсақ оның мазмұнында өмірде болған елеулі оқиға , әңгімелер жатады. Мәтел айтайын деген ойын турасынан білдірмей жанама түрінде , әр түрлі салыстыру, теңеу арқылы жеткізеді. Кейбір сөзді тыңдаушы өзі аңғарып түсінер деген оймен әдейі қалдырып кетеді. Бұл мәтелдің өзіне тән ерекешелігі болып табылады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Негізгі :


    1. Аль-Фараби. Трактаты о музыке и поэзий. – А., 1992

    2. Байтұрсыноа А. Ақ жол – А., 1991

    3. Веселовский А. Н. Историческая поэтика. –М.,1940

    4. Тайлор Э. Первобытная культура – М., 1989

    5. Анисимов А. Духовная жизнь перврбытного общесттва – М., 1978

    6. Гусев В. Е. Эстетика фольклора – Л., 1967

    7. Пропп В. Я. Фольклор и действительность – М.,1976

    8. Әмельянов Л. И. Методолог, вопроы фольклористики – Л., 1978

    9. Әуезов М. Әдебиет тарихы – А., 1991

    10. Ысмайылов Е. Ақындар – А., 1956

    11. Смирнова М. С. Казахская нарадная поэзия – А., 1967

    12. Садырбаев С. Фольклор және эстетика – А., 1976



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет