!
Дұшпаннан көрген қорлығым
Сары су болды жүрекке,
Он жетiмде құрсанып,
Қылыш iлдiм бiлекке.
(Үзiндi кiмнiң шығармасынан?)
/
Ақтамбердi
/
Жиембет
/
Бұқар
/
Тәтiқара
/
Доспамбет
!
Абылай ханның тұсында өмір сүрген жырау:
/
Ақтамберді
/
Жанақ
/
Жанкiсi
/
Сыпыра
/
Көтеш
!
Ақтамбердi қайтыс болған соң қойылған жердiң аты:
/
Жүрек Жота
/
Түркiстан
/
Ұлытау
/
Қаратау
!
“Абылай дәуiрi - қазақтың ерлiгi мен серiлiгiнiң ғасыры» деген пiкiрдi айтқан ғалым:
/
Шоқан
/
М.Мағауин
/
Х.Сүйiншәлиев
/
Қ.Жұмалиев
/
М. Әуезов
!
Жылқыны өз толғауларында ерекше мадақтай жырлаған жырау:
/
Ақтамбердi
/
Үмбетей
/
Жиембет
/
Марғасқа
/
Қожаберген
!
ХҮІІІ ғасыда өмір сүрген әскербасы, батыр жырау:
/
Ақтамберді
/
Бұқар
/
Шалкиіз
/
Жиембет
/
Үмбетей
!
«Жағалбай деген ел болар» деген өлең авторы:
/
Ақтамберді
/
Жиембет
/
Марғасқа
/
Шалкиіз
/
Қазтуған
!
«Тауарих хамса» кітабында «ойраттармен күрес дәуірінде қазақ қолынының басында жүрген ерлердің бірі, Найманның ру басы көсемі, әскер басы батыры » - деп қай жырау туралы айтылған?
/
Ақтамберді
/
Қазтуған
/
Жиембет
/
Марғасқа
/
Үмбетей
!
М.Мағауин «Жортуыл жыршы, әлеуетті жырау» деп кімді айтқан?
/
Ақтамберді
/
Жиембет
/
Шалкиіз
/
Бұқар
/
Доспамбет
!
«Уа, қарт Бөгембай» өлеңі қай жыраудікі?
/
Ақтамберді
/
Шалкиіз
/
Жиембет
/
Бұқар
/
Марғасқа
!
«Уа, қарт Бөгембай» өлеңі қай жыраудікі?
/
Ақтамберді
/
Шалкиіз
/
Жиембет
/
Бұқар
/
Марғасқа
!
Ақтамберді жырау Қаратау өңірінде туылған деген пікірді айтқан ғалым:
/
М.Жолдасбеков
/
М.Мағауин
/
Х.Сүйiншәлиев
/
Қ.Жұмалиев
/
М. Әуезов
!
“Күмбір-күмбір кісінетіп” деп басталатын шығармасы - ақынның алдына қойған арманын танытатын патриоттық туынды“ деген пікірдің авторы:
/
Х.Сүйiншәлиев
/
Қ.Жұмалиев
/
М. Әуезов
/
М.Жолдасбеков
/
М.Мағауин
!
„Мекені іздеп нетесің,
Мекеге қашан жетесің,
Әзіл Меке алдыңда,
Пейіліңмен сыйласаң,
Атаң менен анаңды…“-
деп айтылатын өлең жолдары Ақтамбердінің қай туындысынан?
/
“Ей, азаматтар, шоралар”
/
“Күмбір-күмбір кісінетіп”
/
“Жақыннан көрдiм талқы көп”
/
“Уа, қарт Бөгембай”
!
Шабыссаң, кәне, шыдап көр,
Жау емессің күш жетпес.
Дарабоздай қолбасы
Абыройын кірлетпес.
Ұрын келген ер қайда?
Жесірім қайда тіл өтпес?
Жендетті көрсет көзіме,
Желіккен басты кім кеспес!
деп айтылатын өлең жолдары Ақтамбердінің қай толғауынан?
/
“Уа, қарт Бөгембай”
/
“Ей, азаматтар, шоралар”
/
“Күмбір-күмбір кісінетіп”
/
“Жақыннан көрдiм талқы көп”
Лекция. № 10.
1. Лекция тақырыбы: Бұқар жырау Қалқаманұлы шығармашылығы
2. Лекция жоспары:
Бұқар жыраудың өмірі, қоғамдық қызметi туралы деректер.
Бұқар жырау шығармашылығының зерттелуі.
Бұқар жырау шығармаларындағы ел бірлігі идеясы.
Бұқар жыраудың Абылайға арнаған жыр – толғауларының идеялық мазмұны.
Бұқар жыраудың шығармаларының көркемдік сипаты
3. Лекция мақсаты:
Бұқар жырау Қалқаманұлының өмірі, қоғамдық қызметi, шығармашылығы, оның зерттелуі жөнінде деректер бере отырып, шығармаларының идеялық мазмұнын, мәнін игерту.
4. Лекцияның мазмұны:
1. Бұқар жыраудың өмірі, қоғамдық қызметi туралы деректер.
ХҮІІІ ғасыр әдебиеті көрнекті өкілінің бірі Бұқар жырау – Абылай хан заманында өмір сүрген. Ол – аумалы-төкпелі қиын заманда, аты аңызға, жыры ұрпаққа рухани қазынаға айналған, даналық сөздерімен кейінге өшпес із қалдырған қазақ халқынын ардақты ұлы, қазақ халқының рухани өміріне үлкен үлес қосқан, аты әйгілі ірі тұлғалардың бірі.. Әкесі Қалқаман белгілі батыр. Бұқар – «батагөй кәрия», «көмекей әулие», «жырау», ел тағдыры шешілер ауыр күндерде ханға дұрыс бағыт беріп, азаттық мен тәуелсіздіктің биік қорғаны болған абыз.
Бұқар өмірін зерттеушілердің біразы оны кедей шаруа тобынан шыққан деп көрсетеді. Бұқар малсыз адам екен деп жаза келіп Мәшhүр Жүсіп мынадай дерек береді: «Өзіне ағайын бір байдан ат сұрапты. Бай бергісі келмей бірталай уақыт алдаусыратып жүріпті де, ақыры бір күні Бұқардың қолына екі қары бөз қыстырып құтылмақ болыпты. Сонда Бұқардың айтқаны:
Бұқарекең - біз келдік,
Ақан, Төбет байларға
Бесті берсең семіз бер
Жаздай Бұқар жайларға.
Бұл пікірді академик жазушы С.Мұқанов пен Қ.Жұмалиев еңбектерінен де ұшыратамыз. С.Сейфуллинің айтуынша «Бұқар жырау Абылай ханның заманында ханның бірінші жыршысы – шешен ақылшысы болған. Моласы Баянауылдағы Далба тауының ішінде» көрінеді.
Зерттеушілердің көбісі Бұқар жырау ХVІІ ғасырдың екінші жартысында Баянауыл өңірінде дүниеге келіп, ХVІІІ ғасырдың сексенінші жылдарында, жасы тоқсаннан асқан кезде қайтыс болған дегенді айтады. Жырауды өзінің айтқан өсиеті бойынша ол өлгеннен кейін, сүйегін Қарағанды облысы қазіргі Баянауыл ауданына қарасты Шалқар деп аталатын таулы, орманды көрікті мекенге жерлеген.
Қазір Бұқардың туған, өлген жылдары кейбір зерттеулерде 1693-1787 деп көрсетіліп жүр. Бұл орайда Қ.Жұмалиев өзінің қазақ әдебиеті тарихының екінші томындағы Бұқар туралы жазған тарауында жырауды 1693 жылы туылып, 1787 жылы 94 жасында қайтыс болды деп көрсеткен еді. Х.Сүйіншәлиев 1684-1782 жылдары өмір сүрген, 97 жыл жасаған деп жазды. Ал М.Мағауин жырау Тәуке хан тұсында жасап, Абылайдан кейін өлген деген тұжырымға орай Бұқарды 1668-1781 жылдар аралығында өмір сүріп, 113 жасында қайтыс болған дейді.
Ғалым Қайым Мұхаметханұлы Бұқар жырау 1685 жылы ел аңызында айтыла беретін Жиделібайсын жерінде, қазіргі Өзбекстанның Бұқар шаһары маңындағы Елібай ауылында дүниеге келіп, 92-ге қараған жасында 1777 жылы Баянауылдағы Далба тауының баурайында дүниеден қайтқан деген дерек келтіреді. Қ.Мұхаметханұлы негізінен Бұқар өліміне орай азалы жыр төккен Үмбетей жырау ойына сүйенеді. Үмбетей жыраудың Бұқар қазасын азалаған толғауында Абылай ханның Бұқар өлгенде тірі екенін айтып, былайша жырлайды:
Зияпатын жіберген
Хан Абылай асына.
Үйірлеп жылқы айдатқан
Сойылсын деп басына.
("Қазақ әдебиеті", № 15. 09. 04. 1993).
Үмбетей осы толғауында Бұқарды 92 жасында қайтыс болды дейді. Абылайға арнаған толғауларының бірінде Бұқар:
Күнінде мендей жырлайтын
Тоқсан үште қария
Енді де саған табылмас, - дейді.
Бұқар жыраудың қабірін кейінгі ұрпақтары ұмытпай басына әр кезде белгі қойып отырған. Соның бірі Әтшәр Зейнешев деген кісі ертеректе бабасының қабірінің басына оның туған және қайтыс болған жылдарын 1668-1793 көрсетіп, тастан белгі қойса, бертін келе Алматының тұрғыны, соғыс және еңбек ардагері Нағи Ахметов деген кісі 1695-1787 жыл деп белгі салып кетеді. Осы айтылған әр түрлі деректер жыраудың өмір сүрген жылдарын айқындауда әлі де мәселелер бар екендігін көсеткендей болады.
Жыраудың шығармаларын жинастырған Мәшһүр Жүсіптің айтуынша, Бұқар арғын ішінде Төртуыл Қаржастан шыққан. Бұқар жыраудың арғы атасы Қаржас екендігі Қазақ совет энциклопедиясының 2-томында (532) айтылған. Қаржастың үшінші баласы Алтынторыдан Артық, Жолымбет, Мәмбет, Келбет, Келімбет бес ұл бала, ал Жолымбетпен Қалқаман, Назар, Қойсары, Ырысымбет туады. Жыраудың әкесі Қалқаман батыр Тәуке ханның 90 мың қолын басқарған атақты қолбасшы Ақшаның сарбазы. Ол жеке басының ерлігімен көзге түскен айтулы батыр. Деректерде Қалқаман батыр Әнет баба, Едіге, Тәуке хан, Еңсегей бойлы Ер Есім және одан кейінгі хандармен қызметтес болған деп айтылады. Сүйегі Павлодардан 90 км жерде, бүгінде батырдың атымен жергілікті халық атап кеткен Қалқаман ауылының жанында.
Ш.Т.Қуанғановтың айтуынша Бұқар жыраудың өз кіндігінен Ақдербіс, Жарылғап, Жанта есімді балалары тарайды. Осы балалардан өрбіген ұрпақтардың көпшілігі бүгінде Қарағанды, Павлодар, Ақмола, Алматы облыстарында тұрады екен.
Жырау есімінің Бұқар аталуы жөнінде мынадай әңгіме бар: Атасы Жолымбет Бұқар медресесінде дәріс алып, жүрген жас немересіне Әнет бабадан бата сұрайды. Сонда Әнет баба:
Есімің Бұқар болсын,
Мінгенің тұлпар болсын
Дауысың сұңқар болсын,
Ісіне халқың іңкәр болсын, -
деген екен. Азан шақыртып қойған аты бүгінде беймәлім болып кетіп, жырау тарихқа Бұқар деген атпен осылай енген деседі. Ал енді бір деректерде Бұқар хандығы елінде дүниеге келгендіктен, батыр әке жақсы ырым қылып, нәрестесіне Бұқар есімін қойған екен деп те айтылады.
Бұқар жас кезінен бастап сол тұстағы хан, бек, батыр билермен бірге жүріп ел билігіне араласады. Кейбір шиеленіскен дау-жанжалдардың тағдырын шешуде Бұқар өзінің ақыл-парасатын, тапқырлық шешендігін танытады. Әділ билігі, көреген сәуегелігі, маржандай тізілген әдемі де ойлы образды жыр, толғауларымен ел құлағын елең еткізіп, халық құрметіне бөленеді. Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке билермен бірге хандар, билер, батырлар кеңесіне үздіксіз қатысып, оларға жыраулық, билік, кеңесшілік қызмет атқарады. Әуелі Тәуке ханның, одан соң Есім, Қайып, Болат, Сәмеке, Әбілмәмбет, Әбілқайыр, Барақ, Абылай тәрізді хандардың би-кеңесшісі болған. Олармен бірге қазақтың тұңғыш заңдар жиынтығы саналатын «Жеті жарғыны» немесе орыс тарихында «Тәуке хан заңдары» деп аталатын еңбекті жасауға қатысады. Бұл тұс қазақ елінің кемелденіп, босағасының беки бастаған кезі болатын.
Бұл жөнінде «Бес ғасыр жырлайды» кітабында «Бұқар Тәуке хан тусындағы ықпалды билердің бірі болғандығын білеміз» деп жазылған.
Бұқар жырау өз заманының ағымын болжай, бағдарлай білген сауаты ашық, ақылды дана адам болған. Ол тек жыр толған қана қоймай, ел билеу ісіне де қабілетті екенін көрсетіп, халық тағдырын шешетін ойлы, белесті оқиғалар жайындағы өз пікірін батыл айтып, егессе егеудей ойып тастап келтесінен кесіп шығарып отырған әрі би, әрі жалынды жырау болған. Сол замандағы елдің бірлігін сақтауға ат салысқан қазақтың дана билері, батыр азаматтары хандардың, елді басқарған шонжарлардың алауыздығына қарсы халықты ауызбірлікке шақырып, және сыртқы жауға соққы беруге ұйымдастырған. Соның ішінде еңсесі биігінің бірі – осы Бұқар жырау.
Достарыңызбен бөлісу: |