Лекция: 0 СӨЖ: 30 обсөЖ: 30 Барлық сағат саны: 90 рб-30балл 2рб-30 балл Емтихан 40балл



бет28/80
Дата03.01.2022
өлшемі0.87 Mb.
#451754
түріЛекция
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   80
Axmetov.Gimnast

Дене жаттығулары

Дене жаттығуларының теориялық қағидаларға сәйкес мұғалімнің педагогикалық мақсатқа сәйкес дене жаттығуларын іріктеу мүмкіндігі бар, Дене жаттығуларының негізгі жүйесін өңдеу; дене жаттығуларының педагогикалық жүйесін толығымен пайдалану, дене жаттығуларына кешенді қосымша қүралдарды тиімді пайдалану.

" Дене жаттығуы " үғымы адамның қимыл- әрекеті және қозғалысымен тікелей байланысты .

Қозғалыс - организмнің моторлы қызметі секілді, денеде және оның бөлігіндегі өзгеріс. Дене тәрбиесі үшін ерікті қозғалыстың маңызы зор.

Әрбірерікті қозғалыстың үш белгісі бар.

1) Ол әрқашанда сана - сезім қызметі болып табылады;

2).Қозғалыс-адам әмірінің ерікті серігі.

Қозғалысты үйрену оқушы еркінің төселу деңгейін жоғарылатады.

Ерікті қимыл сананың әрекеті болып табылады . Жеке қозғалыстар қимылдың әлементтері болып табылады. Қозғалыстардың өзара байланыстары арқылы қимыл - әрекет іске асады. Мысалы, аяқтың, қолдың, дене қозғалысы қимылын секіру түрінде оқушы еркін аткара алады. Бір ғана қозғалыспен әр түрлі қимыл әрекетпен әр түрлі қозғалысты іске асыруға болады. Яғни бұл былай түсіндіріледі бір ғана қимылдан әр түрлі қозғалыс тууы мүмкін және қайталанған қозғалыстар әр түрлі жылдамдықта іске асады.

Алға қойған мақсатты шешу қозғалыс жүйелерінің сапасы мен сәйкестігі қорытындысымен анықталады.

Қимылды іс-әрекеттің нақты тәсілі ретінде жүзеге асыруға болады. Мысалы: Оқушылардың оқу іс-әрекеті дене шынықтыру сабағында қозғалыс , жүйесін меңгеруден тұрады . Сондай-ақ бұл мәселеге мемлекеттік бағдарламаларда қаралған. Әрбір қозғалыстың өзіндік әлеуметтік бейнесі бар. Сондай-ақ оқушы қозғалысты қоғамдық тәжірибе мен білімге сүйене отырып жаттығады. Сонымен қатар, қозғалыс кейбір педагогикалық мәселелерді шешуге бағытталған. Мысалы: 6 -сынып оқушысы қысқа қашықтықта жүгіруді, ұзындыққа және биіктікке секіруді, доп лақтыруды үйренгеннен кейін өзін жеңіл атлетика бөлімі бойынша «Еңбек және қорғанысқа дайындық» кешенінің талаптарын орындауға дайындайды.

Қозғалыстың көпшілігі оқушы жаттығуының негізінде қалыптасады.

Қозғаушы қимыл әрекет дене жаттығуы деп аталады, ол адамның шынығуы үшін таңдалынған. Әрбір қимыл әрекет дене жаттығуы деп атала бермейді, ол тек дене тәрбиесі мақсатында жасалған міндеттерді шешеуге бағытталған.

"Дене" сөзі істелінген жүмыстың бейнесі , адам денесінің сыртқы бейнесінде және оның бөлігінде көрінеді. Дене жаттығулары , дәлірек айтқанда, ерікті акт, сана қызметі больш табылады .

Ал жаттығу - адамның физикалық жэне психикалык қасиетін арттыруға бағытталған іс-әрекет. Сонымен, дене жаттыгуы . біріншіден, нақты қимыл - әрекет, ал екіншіден, бірнеше рет қайталау процесі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет