Жаттығуды орындау барысында берілетін ескертпелер (жаттығушыларға көмек беру және қателіктерді түзету)
Жаттығуларды орында барысында кейбір жаттығушылар қателіктер жібереді. Мұғалім оларды айту, көрсету және есеп жүргізу арқылы тез арада түзеткені дұрыс, ол жаттығуды тоқтатпай-ақ ескертулер жасай беруіне болады. Жаттығушылардың басым көпшілігі қателіктер жіберетін болса онда жаттығуды тоқтатып, қажетті түзетулер енгізген жөн.
Жаттығуды аяқтау үшін берілетін команда жаттығуды аяқтау үшін мынадай командалар беріледі: "Тоқта!"-әдетте, "жаттығуды аяқта!" (егер мұның алдында "жаттығуды орындауға кіріс!" командасы берілген болса)
Тоқта командасы музыка сөзінің аяқталуына қарай (егер жаттығу музыка әуенімен орындалатын болса) беріледі.
"Еркін түр" командасы. әрбір жаттығу аяқталғаннан кейін "Еркін түр" командасы беріледі. Бірақ жаттығулармен алдын ала келісім бойынша "Тоқта" командасынан кейін комндасыз-ақ "Еркін түр" қалпын қабылдауға болады. Егер жаттығу жатып орындалатын болса, онда жаттығушылар "Тоқта" комндасынан кейін отыру қалпын қабылдайды. Оларды тұру қалпына ауыстыру үшін "Тұр" командасы беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |