Лекция №23
Саптық жаттығулардың сипаттамасы.
Жоспар
1. Тепе – теңдік қалып, қарғу
Дене тәрбиесі мұғаліміне спорт дайындықтарының негізгі сипаттамасын білу қажет. Мәселен, студенттердің дене тәрбиесі жүйесіндегі орнын білу, спорттағы бағдарлау мен іріктеуге белсене қатысу, білімін жан-жақты жетілдіре тусуі кажет. Спорттағы бағдарлау және іріктеу кезінде спорт түрінің талаптарына , студенттің өз басына ерекшеліктеріне, қабілеттілігіне көңіл аударған жөн.
Қабілеттелік - студенттің өзі тыңдап алған спорт түрінің қимыл - әрекеттеріне тез нәтижелі меңгере алуы және сол әрекеттердің оған ұнауы. Іріктеу кезінде баланың морфологиялық ерекшеліктеріне Назар аударған жөн. Спорт түрлер адамның морфологиясына әр түрлі талаптар қояды. Мысалы , найза, граната, диск лактырушылардың үзын бойлы , ауыр салмақты болуымен бірге айналу амплитудасы мен ұшу жылдамдығы үшін қолдары да ұзын болуы шарт. Жаттықтырушылар іріктеу мен бағдарлау кезінде көптеген және әр түрлі амалдар қолданады. Спорттық жаттықтыру дегеніміз - қозғалыс ептілігі мен дағдысын қалыптастыру да арнайы білім беру дене қуатын, психологиясын дамыту барысында, жоғарғы спорттық көрсеткіштерге жетуге бағытталған дене тәрбиесінің арнайы педагогикалық үйрету және тәрбиелеу процесі. Спорттық жаттықтырудың әсерін, нәтижесін, спортшы дайындығының деңгейін анықтағанда дайындалғандақ, жаттыққандық және спорттық қальш деген үғымдар қолданылады.
Жаттыққандық - жүйелі дене тәрбиесі жаттығуларымен айналысу арқылы спортшының жұмыс қабілеттілігін арттыру және берілген жаттығулардың күш түсіруіндегі организмнің биологиялық қалыптасу деңгейі.
Дайьшдалғандық - спортшының дене қуатының қасиеттерін, техникалық шеберлігін, тактикалық және психологиялық дайындықтары арқылы жоғары көрсеткіштерге жетуі.
Спорттық қалып - спортшының белгілі бір спорттық цикілдігін жоғары нәтижелер көрсетуге дайын кезі.
Достарыңызбен бөлісу: |