Лекция: 0 СӨЖ: 30 обсөЖ: 30 Барлық сағат саны: 90 рб-30балл 2рб-30 балл Емтихан 40балл


Лекция №2. Гимнастиканың қысқаша даму тарихы



бет6/80
Дата03.01.2022
өлшемі0.87 Mb.
#451754
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80
Axmetov.Gimnast

Лекция №2.

Гимнастиканың қысқаша даму тарихы.

Жоспар

Қолды, аяқты айналдырып жасайтын қимылдардың атау.

Дене тәрбиесінің амалы ретінде гимнастика ұзақ уақыт бойы дамып отырды. Оның қалыптасуы оның қалыптасуы қоғамдық құрылыстың езгеруімен адам жайындағы ілімдердің дамуымен сондай-ақ соғысты жүргізу тәсілдерінің өзгеруімен байланысты болды. Мұның бәрі гимнастиканың мазмұнына оны үйрету әдістеріне және жаттығулардың техникасына да елеулі ықпал етеді.

XVIII-XIX ғасырларда гимнастика жүйесіне кірген жекелеген жаттығулар Ежелгі Римде орта ғасырдағы Батыс Еуропаның бірқатар елдеріндегі әскери спорттық тәрбиеде қолданылды. Оған дұшпан қамалын шабуылдауға үйрету үшін пайдаланылатын ағаш ат, саты секілді құрылғыларда орындалатын жаттығулар жатады. Акробатикалық жаттығуларды артистер қолданып жүрді.

Қайта өрлеу дәуірінде идеалистер жастар тәрбиесіне үлкен маңыз берді. Олар гимнастикамен шүғылдануды, адамның денсаулығын дамытудың бірден-бір амалы ретінде қабылданды.

XVI-ғасырда дене тәрбиесі бойынша бірқатар шығармалар пайда болды. Олардың ішіндегі ең әйгілісі - Меркуриалистің гимнастика өнері жайлы еңбегі болды. Автор гимнастиканы -әскери, емдік, атлетикалық деп үш түрге бөлді.

Сауықтыру гимнастикасын яғни дүшпанды жеңуді мақсат етумен байланысты емес дене тәрбиесінің ең басты амалы ретінде санады. Дәл осы кезеңде гимнастикада негізгі шұғылданушыларда жылдамдықты қалыптастыру болып табылатын бағыт дамыды. Француз жазушысы гуманист - Франсуа Рабленнің "Гаргантюа мен Пантюгрель" атты шығармасында тәрбиеленушілердің жаттығуларының көптеген түрімен шұғылданудағы, соның ішіндс көлденең ағаш пен ағаш атта жаттығулар орындалғандығы, арқанмен өрмелегендігі және акробатикалық жаттығуларды орындағаны айтылады. Осыган байлаысты ХП-ғасырдың өзінде дворян жастарының мектептерінде кейінірек спорттық гимнастиканың негізін құраған жекелеген гимнастикалық саймандар пайдаланылды.

Я.А. Каменскийдің еңбектері мен оның дидактикалық принциптерінің жүйесі XVIII-ғасырдагы педагогика классиктері Жан-Жак Руссоның (1712-1778ж) әсіресе Пестоллоцидін (1746-1827ж) көзқарасының дамуына серпіліс берді. Руссо дене жаттығулары денені нығайтып шыңдайтынын адамның қуаты мен қозғалу мүмкіндіктерінің дамуына жағдай

жасайтынын өмірге дайындап акыл-ойдын дамуы мен денсаулыктың нығайтуына жағдай жасайтынын ерекше атаған.

Ал Пестолоци болса баланың өзінде о бастан қалыптасқан қуатпен қабілеттерді жаттығулар көмегімен дамыту дене тәрбиесінің ең басты мақсаты екенін айтқан. Ол ойлау мен әрекет етуді маңызды буындардағы қарапайым қозғалыстар болады, себебі олардан кез-келген күрделі қозғалыстар қалыптасады. Буындық гимнастиканы қозғалыс ойындары мен қол еңбегі толықтыруы тиіс. Әрине ол буындық жаттығулардың маңызын асыра бағалап жіберді. Алайда оның жасаған талдаушы әдісі сол заманнын гимнастикасында кең түрде қолданады. Пестолоци гимнастиканың теориясы мен әдістемесінің негізін калаушылардың бірі, ал "буындық қозғалыстар" қазіргі заманғы еркін жаттығулардың бастапқы бейнесі.



Руссоның, Пестолоцидің және сол заманғы педагогиканың өзге де қайраткерлерінің педагогикалық идеяларын Батыс Еуропаның зиялы қауымы қолдады. Бұл бағыттағы алғашқыпрактикалық қадамдар Германияда жасалды. XVIII ғасырдың 70-жылдарында қалаларда жаңа түрдегі мектептер- филантропиндер құрыла бастады.

Филантропиндегі гимнастиканың ең әйгілі жетекшілері Фит (1763-1836ж) пен Футс-Мутс (1759-1839ж) жаттығуларының барлығын қолданды. Фит өзінің үш томдык еңбегінде гимнастика жайлы теориялық және практикалық мәліәметтерді берді. Сабақтардың мақсаты ретінде ол денсаулықты нығайтуды күш-қуат пен қимыл-қозғалыстың дамуын дененің сымбатты пішінге ие болуын, ақыл-ес пен психикалық қызметтің дамуына жағдай жасауды айтты. Фит бүгінгі күнге дейін өз маңызын жоғалтпаған бірқатар мәліметтер келтірген (жаттығулардың бір қалыптыдамуы, жеңілден ауырға ақырындап өту, оқушылардың белсенділігі жайлы, сабаққа қызығушылық жайлы, жекелеген ерекшеліктерді ескерту жайлы т.б.)



Гутс-Мутс көптеген гимнастикалық жаттығулардың техникасын, соның ішінде саймандарда орындалатын жаттығулардың техникасын жасап шығарды. Оның "Жас өспірімдерге арналған гимнастика" атты кітабы көптеген елдерде соның ішінде Ресейге де тарап, гимнастиканың дамуына жағдай жасады. Онда көлденең ағашта, бөренеде орындалатын қарапайым жаттығулар сипатталған. Жаттығуларды жүргізу кезінде, оқушылар арасында жарыстар жүргізіліп отырды, сондай-ақ қимыл қозғалыстарды дәл орындауға да талап қойылды.

Міне осылайша XVIII-ғасырдың соңына қарай жаңа замандагы гимнастиканың теориялық негіздері жасала бастады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет