Лекция: 0 СӨЖ: 30 обсөЖ: 30 Барлық сағат саны: 90 рб-30балл 2рб-30 балл Емтихан 40балл


Лекция №3. Гимнастиканың қазіргі жағдайы және болашақтағы дамуы



бет8/80
Дата03.01.2022
өлшемі0.87 Mb.
#451754
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   80
Axmetov.Gimnast

Лекция №3.
Гимнастиканың қазіргі жағдайы және болашақтағы дамуы

Жоспар

Жас ерекшеліктеріне қарай ЖДЖ әзірлеп және өткізу .


1. Гимнастиканын ұлттық жүйелерінің құрылуы XIX ғасырдың басына жатады. Себебі ол
қоғамдық сұраныстарға байланысты болды. Соғысты жүргізу тәсілдері қозғалыстардың
бір уақытта болуын, берілген командалардын дәл оырндалуын соғыс саласынла сапқа
қайта тұруды талап етті. Сол заманның педагогтары мен дәрігерлері гимнастиканы
жастардың дене тәрбиесіне баулудың жалғыз дұрыс жолы ретінде қарастырды.ХІХ
ғасырдың бірінші жартысында гимнастиканың; дамуында үш бағыт белгілі болды:

Гигиеналық (гимнастика , денсаулықты нығайту мен адамның дене қуатын дамытудың

амалы ретінде қарастырылды.)



Атлетикалық (гимнастика күрделі жаттығуларды соның ішінде гимнастикалық саймандарда

орындалатын жаттығуларды қолдану аркылы адамның козғалу мүмкіндіктерін ламыту

амалы ретінде багаланды.)

Қолданбалы (гимнастика жауынгерлерді соғыста кездесетін әртүрлі кедергілерден өтуге

үйрететін амал ретінде пайдаланылды.)



2. Гимнастиканың немістік жүйесі Пруссияны Наполеон әскерлерінің жаулап алған
кезерінде қалыптасты. Бұл жүйенің негізін қалаушы Ф.Ян болды (1778-1852). Ол
гимнастиаканы елді жаудан азат ету мақсатымен жастарды әскери дайындықтан өткізу үшін
пайдаланды. Жүйенің негізін саймандармен орындалатын жаттығулар мен әскери ойындар
құрады, себебі олар Янның пікірінше дене қуатын жақсы дамытып адамнын еркін нығайтты
Ол өз гимнастикасын «Турнкунст» (бүрыла білу өнері) дсп атады. Ол өз оқушыларын
«Турнелер» деп атады. Кейінірек неміс гимнастикасы «Турнен» деп аталды.Фризенмен
және Эйзеленмен бірлесіп Ян гимнастикалық жаттыгулардың техникасын жасап шықты.
Сол замандағы саймандарда орындалатын әйгілі жаттығулардың бәрі бірдей сипатталған
«Неміс гимнастикасы» атты кітап шықты. Жаттығуларды орындау сәтінде
шүғылданушылардан бастың тік жағдайда болуы, әскери гимнастикалық қозғалыстардың
түзу сызықпен болуы талап етілді. Сабақтарда жарыс әдістері кең түрде қолданылды, себебі
олар шүғылданушылардың қызығушылын туғызды. Олар жаттығуларды бірдей көбірек
қайталауға тырысты. Әр түрлі қимыл қозғалыстардың комбинациялары ол кезде
қолданылмады. А.Шпис (1810-1858ж.ж.) неміс турненін мектепте сабақ ретінде өткізуге
бейімдеп сабақтың схемсын жасады. 1840 жылы ол «Турнерлік өнер жайындағы ілім» атты еңбекті жариялады. Шпистің гимнастика сабағы реттік жаттығулардан (саптық жаттығулар мен сапты қайта құрулар) одан кейін еркін жаттығулар Песталоцийдіц буындык гимнастика козғалыстарынан және Фит гимнастикасынан тұрды. Шлис топтық саймандар ұзын кемеш және брусьяны, сатылар қатарын және т.б. қолданды. Сабақтың соңғы бөлігінде ойындар өткізіліп, көпшілік жаттығулар өткізілді. Неміс турненінің ең басты прицптерін сақтай отырып, Шпис немістің ұлттық гимнастикасы жүйесінің қалыптасуын аяқтады. Шпис гимнастикасы командаларды жақсы орындайтын және әскери қызметке қасиетті дене тәрбиесі бар тәрбиелі балаларды дайындап шығуға мүмкіндік берді. Гимнастиканың Шведтік жүйесі неміс гимнастикасынан кейін пайда болды. Мұнда гигиеналық бағыт атты түрде жасалып шықты. П.Линг (1776-1839) XIX ғасырдың 1-ші жартысында Даниядағы гимнастиканы зерттей бастады. Дания ол уақытта гимнастиканы тарату бойынша, Батыс Еуропадағы ең алдыңғы елдердің бірі болды. 1831 жылы П.Линг дене тәрбиесінеде өзінің әдістері мен амалдырын қолданды. Ол адамның денесін дамытып, нығайтатын жаттығуларды дамыту қажеттілігін айтты. Гимнастиканың педагогикалық маңызын ол ескермеді.

  1. Негізінде әскери қолданбалы бағытта гимнастиканың француздық жүйесі шведтік гимнастикамен бір уақытта қалыптасты. Франциядагы гимнастикалык жүйені құрушы негізгі гимнастиканың жүйесін даниялык М.Бун ұсынды. Ол гимнастиканың шведтік жүйесін жаңартты, сабақтағы университет ішілік жүктемесін көтерген, жаттығуларды орындаудың ағымдық әдісін енгізді. Әйелдерге арналған гигиеналық гимнастика жүйесінің ішінде Э.Бьеркстен жүйесі үлкен беделге ие болды. Мүнда жаттығулардың физиологиялық және эстетикалық мәні ерекше айқындалды. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында гимнастиканың жаңа түрлері пайда болды. Әсіресе көркем және әуендік гимнастиканың бірнеше жүйесі құрылды, кейінірек медицинаның бір саласына айналған емдік гимнастика, негізінен гигиеналық бағыттағы гимнастика жүйесі кеңінен қолданылды.

  2. Бұрынғы Ресей одан Кеңес одағы халықтарында гимнастиканың элементтері ежелден пайда болған. Мерекелерде халық желаяқтардың, акробаттардың өнерін тамашалады. Орта Азияда арқанмен жүретін дарабазшылар болды. Кавказда шағын ауырлықтармен жаттығларды күрестің алдында орындау дәстүрі болды. Барлық халықтарда атпен жүру ерекше құрметтеледі. Ресейде әскерлердің дене тәрбиесінің негізі І-Петр кезінде қаланды.

I-Петрдің жарлығымен әскери теңіз оқу орындарына енгізілді. Орыс армиясындағы дене тәрбиесінің дамуына орыстың атақты қолбасшылары А.Румянцев, А.Суворов, адмирал Ф.Ушаков көп көңіл бөлді. А.В.Суворв (1730-1800) әскери дене тәрбиесінде өз жүйесін қалыптастырды, мүның негізінде әскери дала гимнастикасы таңғы гимнастиканы құрады. Осы мақсатта жүтіру, кедергілерден өту, заттарды алып жүгіру, найзаласу қолданылды. Орыс армиясында дене тәрбиесінің негізін жасап шығуда М.И.Драгомиров (1830-1915) елеулі еңбек сіңірді. Ол әскерилерді үйретудің Суворовтық жүйесін толықтырды, әскердің әрбір түріне арналған дене тәрбиесінің мақсатын айқындап берді, әскерде гимнастикалық сабақтардың әдістерін жасап шықты. Ресейдегі гимнастиканың дамуына елеулі үлес қосқан әйгілі анатом ғалым әрі педагог П.Ф. Лесгафт болды. 1875 жылы ол бірқатар батыс еуропа елдерінде болып, дене тәрбиесінің жолға қойылу тәртібімен танысып қайтты. 1880 жылы оның Батыс Еуропа елдеріндегі гимнастика мұғалмдерінің дайындығы атты кітабы жарыққа шықты. Мүнда ол гимнастика жүйелеріне сипаттама беріп, ондағы ғылыми негіздеменің жоқ екенін көрсеткен. XIX ғасырдың соңында гимнастиканың дамуы, спорттың және халықаралық спорттық байланыстардың дамуымен (1881 ж.) халықаралық гимнастика федереациясының құрылуымен тығыз байланыста болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет