Лекция №1-3 Кіріспе. Мультимедиа және ақпараттық мәдениет ұғымдары. Интернеттегі білім беру платформалары. Білім берудің мультимедиа білім ресурстарына және оларды қолдану әдістемелері және әдіснамасы



бет16/16
Дата08.04.2023
өлшемі0.62 Mb.
#471957
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Лекция №43-45
Білім алушылардың жеке жұмыстарын ұйымдастырудағы Интернет-технологиялар. Телекоммуникациялық қашықтық олимпиадалар мен конкурстар

Білім алушылардың ақпараттық технологияларға қызығушылығының артуынан олардың өз беттерінше оқып игеруге қызығушылығы да артады. Әрі бірқатар оқушылар үшін ақпараттық технологияларды қолдану оқытуда класс-сабақ жүйесінің альтернативасы болып табылады. Компьютерді қолдану даралап оқыту үрдісін енгізуге мүмкіншілік береді. Мұндайды іс жүзінде қандай тәсәлмен іске асыра аламыз? Әрине, ең алдымен оқытушы бағдарламарды қолдану арқылы. Мұндай бағдарламаларды қолданып оқытушы талантты және әлсіз оқушыларға әртүрлі тапсырмалар мен қатар ірқилы оқу маршрутын ұсына алады. Әрине, оқытушы бағдарламалар электрондық базадан автоматты түрде тапсырмаларды таңдап бере алса тіптен жақсы болар еді. Мысалы, егер оқушы алғашында ақ 2-3 тапсырманы нәтижелі орындаса, онда мұндай бағдарлама күрделірек тапсырмаларды ұсынар еді. Керісінше, егер оқушы жиі қателессе онда берілетін тапсырманы автоматты түрде жеңілдетеді. Мүндай бағдалама құрастыру бағдарламышарға қиыншылық тудырмайды. Бірақ, бірқатар әдістемелік проблемалар бар. Ең алдымен көптеген интерактивті тапсырмалар қрастырылуы керек, олардың комметарийлері мен түсініктемелері, сонымен қатар тапсырмаларды түрлі -түрлі күрделілік деңгейлері болуы қажет. Қазір осы проблемамен айналысып жүрген компанилар белгісіз, бірақ осы проблеманы шешудің мезгілі жетті.


Даралап оқытуды компьютерлік моделдер мен виртуал лаборатрияларыд қолданып та өткізуге болады. Бұл жағдайда құрастырылған тапсырмалардың күрделілік деңгейлерін сараптау және жетіспейтін әр қилы деңгейдегі тапсырмалар мен есептерді құрастыру оқытушыға жүктеледі. Талантты және нашар үлгеретін оқушыларға арналған компьютерлік моделдер үшін құрастырылған тапсырмалар түрлерін қарастырайық. Мысалы, танысу тапсырмаларын, қарапайым компьютерлік тәжәрибелерді, тәжірибелік және сапалық есептерді нашар үлгеретін оқушыларға ұсынуға болады. Компьютер көмегімен есептейтін және нәтижесін тексеретін есептерді нашар оқушылармен қатар таланттыларға да ұсынуға болады. Бұл жағдайда бәрі ұсынылған есептердің күрделігіне байланысты. Ал, бірмәнді емес, берілгендері жетіспейтін есептерді, творчестволық, зерттеулік және проблемалық тапсырмаларды күшті оқушыларға ұсынған жөн.
Егер оқытушы көмектессе, онда бірқатар нашар оқушылар кейбір күрделі тапсырмаларды да орындауы мүмкін. Кей жағдайда оқушыларға әр қилы қиындықтағы тасырмаларды ұсынып, оқушылардың өз әлдеріне қарай таңдап алу ұсынылады. Ең талантты оқушыларға өз бетінше виртуал лабораторияны қолданып зерттеулер жүргізу ұсынылады. Ерекше күрделі жағдайда оқытушы оларға қажетті тәжірибенің жоспарын құруға көмектеседі немесе дайын жоспар ұсынады. Көптеген жағдайда сабақта ушылармен қатар нашар үлгеретіндер де өздерінің есеперіне арналған творчесволық тапсырмаларды орындауды ұнатады. Мысалы, электр тізбегін құрастру мен тізбекті есептеу тапсырмалары. Мұндай тапсырма ұсынғанда оқытушы тек тізбек элементтерінің саны мен парметрлердің өзгеру шектерін көрсетеді. Бұл шектеулер оқушылардың тізбекті есептеуді тексерудегі компьютерлік моделдің функционалдық мүмкіншілігіне байланысты болады. Бұл тапсырманы орындауда оқушы өзінің әлі жететін есепті таңдауы қажет. Компьютерлік кластағы сабата құрастырылған элетр тізбегінің жұмыс атқару қабілеті мен орындалған есептеулердің дұрыстығы текскеріледі. Тексеру үшін кез келген «Открытая физика» курсының «Электрические цепи» компьютерлік моделін қолдануға болады. Бірақ «Физика в картинках» курсын пайдаланған жөн, үйткені экранда электр тізбегін «жинау» терезесі үлкен. Кейде нашар оқушылар творчестволық тапсырмаларды өз бетінше орындай алмаса да күрделі элетр тізбектерінің есептеуді дұрыс атқарады. Осыдан тапсырма сипаты және ақпараттық технологияны қолдану олардың қабылеттілігін ертерек арттырады деген қорытынды жасауымызға болады.
Ескерту: «Электрические цепи» компьютерлік моделіне арналған лабораториялық жұмыстардың бланкісін «Открытая физика 2.5, II бөлім» дискідегі материалдардан жәнее «Открытого колледжа» [86] сайтынан табуға болады. Көрсетілген бланкілер күрделілігі әрқилы тапсырмаларды қамтиды және оларды күшті оқушылармен нашар оқушылар да қолдана алады.
Білімді тексеру үшін Интернет-технологиялар мен ОЭР-ды қолдану
Мұғалімге білімді көпдеңгейлік тексеру аса қажет. Ол үшін физика курсының барлық тақырыптарын қамтитын талантты және нашар оқушыларға да арналған күрделілік деңгейлері әртүрлі тестер жиынтығы керек. Егер әдебиеттерден мұндай тестерді оңай табуға болатын болса, онда күрделілігі әртүрлі тестер құрастыруға жарамды электронды ресурстардан бізге белгілісі - «Открытый колледж».
«Открытый колледж» —сайтындағы тестер. «Открытый колледж» қашықтан оқыту жүйесінде (ҚОЖ) оқушылар физикадан білімін өзін-өзі тексеру үшін дара тестерді пайдалана алады. Ол үшін ҚОЖ –не тіркеуі керек. Мұнан кейін төменгі бөлімдерден өз бетінше тестер құрамасын пайдалана алады:
механика;
• механикалық тербелістер және толқындар;
• молекулалық физика;
электродинамика;
• электромагниттік тербелістер және толқындар;
• оптика;
• кванттық физика.
Сонымен қатар, ҚОЖ физиканың барлық курсын қамтитын бірыңғай тестер құрып алуға болады. Тест сұрақтары қарапайым, орташа және күрделі деңгейлі, ал сұрақтар саны – 5, 10, 15 және 20 болуы мүмкін. Қашықтық тестерді оқушылар пайдаланып өздерінің білім деңгейін объективті бағалай алады. Кейбір ЖОО –ның сайттарында, оқушылар мектепті бітірмей жатып конкурстық емтиханға дайындық деңгейін сынауға арналған тестер де орналасқан.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет