Лекция №1-3 Кіріспе. Мультимедиа және ақпараттық мәдениет ұғымдары. Интернеттегі білім беру платформалары. Білім берудің мультимедиа білім ресурстарына және оларды қолдану әдістемелері және әдіснамасы


Лекция №4-6 Қашықтықтан білім берудің мәні және оның әдістері. Bilim mediaGroup компаниясының өнімдерінің сипаттамасы



бет2/16
Дата08.04.2023
өлшемі0.62 Mb.
#471957
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Лекция №4-6
Қашықтықтан білім берудің мәні және оның әдістері. Bilim mediaGroup компаниясының өнімдерінің сипаттамасы
Отандық өнімдерді қолданудың әдістемелік ұсыныстары.

Қашықтықтан оқыту-бұл оқытушы мен білім алушы ақпараттық технологиялардың көмегімен ара қашықтықта өзара әрекеттесетін білім алу түрі. Қашықтықтан оқыту кезінде білім алушы өз бетінше әзірленген бағдарлама бойынша айналысады, вебинарлардың жазбаларын қарайды, тапсырмаларды шешеді, оқытушыдан онлайн-чатта кеңес алады және өз жұмысын тексеруге белгіленген мезгілдерге сай ұсынып отырады [1].


Қашықтықтан білім беру технологиялары келесі түрлерді қамтиды: бейне-дәріс, онлайн-дәріс, мультимедиа-дәріс, телевизиялық дәріс; электрондық оқу басылымдары бойынша білім алушылардың өзіндік жұмысы (электрондық оқулықтар, мультимедиялық оқыту бағдарламалары, тренажерлер, ақпараттық-анықтамалық жүйелер), виртуалды зертханалық практикумы (имитациялық модельдер), компьютерлік тестілеу жүйелері; форумдар, чаттар және электрондық пошта арқылы кеңес беру; өзге де телевизиялық, желілік және кейс-технологиялар, жобалау жұмысы [2].
Елде төтенше жағдай енгізілген жағдайда қашықтықтан сапалы оқытуды ұйымдастыру өте өзекті болып саналады. Еліміздің білім беру жүйесінің алдына үздіксіз білім беру үшін мүмкіндік жасау міндеті қойылған. Қазақстанның ақпараттық кеңістігінде білім алушыларға арналған түрлі білім беру платформалары бар, мысалы: Bilimland, Daryn Online, Kundelik, Platonus, Univer, Edupage, BTS education, U-study, AGS. Бүгінгі күні "Zoom" стримингтік сервисі, "Coursera"ең ірі платформасы өз қызметтерін тегін ұсынды. Мұнан басқа Google Classroom, Hangouts, Kundelik, Moodle жүйелерін қолдануға болады. Bilimland өз контентінің 40 мың бірлігін тегін ұсынды.
Қазақстанның білім беру мекемелерінде негізінен бейнеконференция өткізу үшін келесі платформалар қолданылады: Zoom, Skype, Microsoft Teams, сондай-ақ WhatsApp және басқа да әлеуметтік желілерді оқушылармен жеке сабақтарда өзара іс-қимыл жасау үшін пайдалануға рұқсат етілген. "EL ARNA", "balapan" телеарналарында қазақ және орыс тілдерінде телекоммуникациялық желілер арқылы трансляция жүзеге асырылады.

Қашықтықтан оқыту кезінде қандай әдістерді қолдануға болады?


1) оқытушының және басқа да оқушылардың ең аз қатысуымен білім алушының білім беру ресурстарымен өзара іс-қимылы арқылы оқыту әдістері (өзін-өзі оқыту). Бұл әдістерді дамыту үшін әртүрлі құралдардың көмегімен білім беру ресурстары жасалатын мультимедиа тәсілі тән:
баспа, аудио -, бейнематериалдар және компьютерлік желілер арқылы жеткізілетін оқу материалдары, ол электронды университеттер үшін өте маңызды Бұл, ең алдымен,:
- интерактивті деректер базасы;
- электрондық журналдар;
- компьютерлік оқыту бағдарламалары (электронды оқулықтар).
2) Жеке оқыту және оқу әдістері, оларға бір білім алушының бір оқытушымен немесе бір білім алушының басқа білім алушылармен өзара қарым-қатынасы тән ("бірге бір" оқыту). Бұл әдістер қашықтықтан білім беруде негізінен телефон, смартфон, электрондық пошта, WhatsApp, Тelegram сияқты технологиялар арқылы жүзеге асырылады,
3) Білім алушыларға оқытушы немесе сарапшы оқу материалын ұсыну негізінде қолданылатын әдістер, онда білім алушылар коммуникацияда белсенді рөл атқармайды ("бір адам көпті"оқыту).
Дәстүрлі білім беру жүйесіне тән бұл әдістер заманауи ақпараттық технологиялар базасында дамудың жаңа қарқынын алады. Мәселен, радио немесе теледидар арқылы оқылатын аудио немесе видеокассетаға жазылған дәрістер заманауи қашықтықтан білім беру үдерісінде "электрондық дәрістер" деп аталатын, яғни компьютерлік желілер арқылы Интернет көмегімен таратылатын дәріс материалдарымен толықтырылады.
4) оқу үдерісінің барлық қатысушылары арасындағы белсенді өзара әрекеттесуі тән әдістер ("көпшілік көпшілікті" оқыту). Бұл әдістердің мәні және оларды пайдалану қарқындылығы оқыту телекоммуникациялық технологияларының дамуымен айтарлықтай артады. Басқаша айтқанда, оқытушы мен білім алушылар арасында ғана емес, білім алушылардың өздері арасындағы интерактивті қарым-қатынас білім алудың маңызды көзіне айналады.

Бұл әдістердің дамуы ұжымдық оқу дискуссиялары мен конферен-цияларын өткізумен байланысты. Аудио -, аудиографиялық және бейнекон-ференция технологиялары қашықтықтан білім беруде осындай әдістерді белсенді дамытуға мүмкіндік береді.


Қашықтықтан оқитын университеттердің оқу үдерісінде компьютерлік конференциялар ерекше рөл атқарады, олар пікірталасқа қатысушылардың барлығына синхронды, сондай-ақ асинхронды режимде жазбаша хабар-ламалармен алмасуға мүмкіндік береді, мұның үлкен дидактикалық құн-дылығы бар, бірақ оларға бейнеконференцияға тән қарым-қатынас жасау мүмкіндіктері жетіспейді.
Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауында: «Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар», «мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс», - деп білім беру жүйесінде жаңа технологияларды жан-жақты енгізу қажеттігін атап көрсетті.
Жоғарыдан қойылған осы талаптарды жауап беретін білім беруді жүйесіндегі болашағы зор бағыттардың бірі –білім алу аясын кеңейтіп, оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытуға жағдай туғызатын, үш тілде өз бетінше білім алуға көмекші құралдар, электронды білім беретін ресурстары. Осы орайда «Bilim Media Group» компаниясының кез келген оқушыны өзінің қызықты, мазмұнды оқыту әлемімен баурап алатын интерактивті, замануи курстар кешені - білім беру ресурстары мамандарының назарынан қағыс қалмады. Мектеп мамандарына осы оқыту ресурсымен жұмыс істеу мүмкіндіктерін сапалы қолдануды енгізу әдістемелік семинары өткізілді. Мұнда білім беру жүйесінде жаңа технологиялар жөнінде айтылып, әлемдік білім беру нарығындағы көшбасшы компаниялардың жетістіктері негізінде жасалған BilimLand.kz платформасы таныстырылды. Институттың 28 әдіскері білім беретін көптілді BilimLand порталы туралы жан-жақты мәлімет алып, оң пікірілерімен бөлісті. Сондай-ақ мамандар аталған ресурсты оқыту үдерісінде тиімді пайдалану жөнінде ойларын айтып, өзара талқылау жүргізді.
«Білім берудің халықаралық, сондай-ақ ҚР мемлекеттік жалпы білім беру стандарттары талаптарын толық қанағаттандыратын бұл сандық ресурстар біліктілігін арттыруға келген педагог кадрлардың әдістемелік қоржындарына қосылатын жаңа мүмкіндіктер екені сөзсіз» - деп санайды павлодарлық мамандар.
«Халықпен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе білім», - деп ұлы жазушымыз М.Әуезов айтқандай, республикамыздың басқа мемлекеттермен экономика, мәдениет саясат жағынан тең дәрежеде тұрып, олармен бәсекеге түсе алуы адамдардың білімдіде білікті болуын талап етеді. Bilim Media Group компаниясының бұл оқыту құралдары 21 ғасырдағы үздіксіз білім алу мәселесі – ақпараттық-коммуникациялық, заманауи, интерактивті технологиялар арқылы білім алуды тірек еткен электронды оқыту сапасын арттыруда қолданылатын тамаша платформа.
Bilimland.kz – бұл әмбебап, көптілді білім платформасы.
Мектеп бағдарламасының негізінде жасалған ресурстар мұғалімдерге таптырмас көмекші және оқушылардың өздігінен жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін қызықты оқыту құралы. Сіз іздеу жүйесін немесе құрылымдық картаны пайдалана отырып, мектеп бағдарламасы бойынша өзіңізді қызықтырған кез келген тақырыпты таба аласыз. Bilimland.kz ресурстарын сыныпта қолдану әдісі мен тәжірибесі мұғалімнің шығармашылық қабілетіне байланысты.
Bilimland сабақтары жаңа тақырыпты түсіндіру барысында презентациялық материал ретінде, тақырыпты қорытындылау барысында тәжірибелік тапсырма ретінде немесе өткен тақырыптарды қайталау барысында қызықты көрнекті материал ретінде қолданыла алады. Оқушылар Bilimland.kz ресурстарының көмегімен сыныпқа келмей тұрып жаңа тақырыппен өз беттерінше танысады, ал мұғалім сыныпта уақытының көп бөлігін жаңа тақырыпты түсіндіруге емес, оны талқылауға бөледі.
Bilimland.kz ресурстары мазмұны жағынан мектеп оқулықтарына қарағанда едәуір кең, дегенмен қағаз түріндегі оқу құралдары мен оқулықтарға балама болып саналмайды. Bilimland ресурстары – дәстүрлі оқыту тәжірибесін толықтыруға және кеңейтуге арналған дербес оқу кешені.Электронды оқыту ресурстарының артықшылығы – олар әрдайым жаңарып отырады. Әдіскер және пән мұғалімдерінен құралған топ – оқыту ресурстарын мазмұны жағынан қызықты әрі бірегей етіп жасау үшін әрдайым шығармашылық ізденіс үстінде болады. Bilimland.kz ресурстарын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» жүйесіне кіретін барлық мектеп, Алматы қаласындағы халықаралық мектептер, сонымен қатар Астана қаласының, Қызылорда, Қарағанды облыстарының және Қазақстанның басқа өңірлеріндегі 350 мектеп пайдалануда. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен типтік оқу жоспарлары жиі өзгеріп отырғандықтан, ресурстарды жасау барысында аталған стандарт , жоспарларға сүйеніп отыр. Білім алу- сан қилы әрекет түрін қамтитын аса күрделі әрі үздіксіз процесс. Оған қатысатын әр адамның өз қабілеті, өз ырғағы мен талғамы бар. Сондықтан да білім алу әр адам үшін ерекше процесс.Технологиялардың қарқынды дамуы, жаңа ұғымдар, бағыттар, техникалық құралдар өмірге дендеп еніп жатыр. Оған ілесу, барлығын түсініп игеру тіпті кәсіби мамандарға да оңай емес. Бірақ біз осы технологиялардың керемет мүмкіндіктер туғызатын зор күшіне риясыз сенеміз. Бұл жаңалықтар баршаға қолжетімді сапалы білімге жол ашады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет