Лекция №1-3 Кіріспе. Мультимедиа және ақпараттық мәдениет ұғымдары. Интернеттегі білім беру платформалары. Білім берудің мультимедиа білім ресурстарына және оларды қолдану әдістемелері және әдіснамасы



бет6/16
Дата08.04.2023
өлшемі0.62 Mb.
#471957
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Лекция № 16-18
Білім берудің жаңа технологиялары. Оқу үрдісінде оқытушы электрондық ресурстары.
Ғылыми-техникалық прогресс пен өндірістік технологияның дамуы, экономиканың өркендеу дәуірінде қоғамға жан-жақты дамыған, белсенді, өз бетінше ойлай білетін жастардың болуын талап етеді. Сондықтан оқыту үдерісі деңгейін арттыру арқылы, ақыл-ойы жетілген, жан-жақты дамыған, өз бетінше еңбек етуге қабілетті, білімін толықтыру және өздігінен кәсіби шеберлігін арттыру мүмкіндігі бар азаматтар даярлау білім саласындағы басты мақсат болып табылады. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай: «Ғасыр мақсаты – қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы, іскер, өмірге икемді, жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыруға қол жеткізу» [1]. Білім беру жүйесінің маңызды - құраушысы білім мазмұны. Білім мазмұнын жаңарту процесінің басты мақсаты білім мазмұнын жаңа сапаға көтеру мен оны жүзеге асыруға бағытталуы. Білім мазмұны оның әлеуметтік мәнділігі, педагогикаға тиесілі мен оны қарастырудың жүйелілігі іс-әрекеттік тәсілі тұрғысынан біріктіріле қарастырылады. Білім мазмұнын қалыптастырудың үш деңгейі белгілі::
- жалпы теориялық деңгей,
- оқу пәнінің деңгейі,
- оқу материалының деңгейі.
Мазмұнды жүйе деп қарастыратын болсақ, онда оны кез келген жүйенің басты сипаттамалары – құрам, құрылым, қызмет бойынша көрсетуге болады. Білім мазмұнының жалпы теориялық деңгейде берілген құрамы, құрылымы мен қызметі – бұл негізгі элементтері мен олардың арасындағы байланыс және жас ұрпақты қоғам өміріне белсенді түрде араласуға даярлауда атқаратын рөлі жайлы білімдер. Келесі оқу пәні деңгейінде құрам, құрылым және қызмет неғұрлым нақты сипат алады. Ал үшінші – оқу материалы деңгейінде олар оқу мәтіні, тапсырмалар, жаттығулар түрінде тікелей енгізіледі. Мұнда әрбір келесі деңгей алдыңғы деңгейге сүйенуі қажет, тек сонда ғана мазмұнның біртұтастығы сақталады [2].
Оқу-тəрбие үдерісінде инновациялық педагогикалық жаңалықтарды енгізудің ІV кезеңін бөліп көрсетуге болады:
I кезең: Жаңа идеяны іздеу. Ақпараттандыру жəне инно- вацияларды ұйымдастыру, жаңалықтарды іздестіру.
ІІ кезең: Жаңалықтарды ұйымдастыру. Оқу-тəрбие үдерісінде жаңалық енгізулерді алғашқы байқаудан өткізу.
ІІІ кезең: Жаңалықтарды енгізу. Оқу-тəрбие үдерісінде инно- вациялық əдіс-тəсілдерді пайдалану.
IV кезең: Жаңалықтарды бекіту. Оқу-тəрбие үдерісінде енгізіл- ген жаңалықтардың нəтижесін бағалау.
Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатына қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үдеріс педагогика теориясы мен оқу-тəрбие үдерісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық қабілетін дамытуды, мұғалім іс-əрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға көмектеседі. Жаңа педагогикалық технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғышарттар қажет:
- оқу үдерісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу;
- оқушылардың сабақтастығын болдырмау шараларын кешенді түрде қарастыру.
Оның ғылыми-əдістемелік, оқыту-əдістемелік, ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау, жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп-білу пəндік білім стандартымен жете танысу, білімді деңгейлеп беру технологиясын меңгеру арқылы оқушыларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игертуге қол жеткізу, оқыту үдерісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу қажет [3].
Оқытудың инновациялық технология бойынша əдістемелік жүйесі сапалы нəтижеге жеткізуге мүмкіндік беретін танымдық іс-əрекеттер түрлерінің мазмұнымен тікелей байланысты. Сондықтан инновациялық əдіс-тəсілдерді оқыту үдерісіне енгізу барысында танымдық іс-əрекеттер түрлерінің мазмұнын, белгілі деңгейде белсенділігін көздейді. Осы екі үдерісінің өзара сапалы нəтижесінде оқушының өз ісіне сенімділігін, жауапкершілік сезімін, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру мақсатын жүзеге асыруға жағдай туғызатын оқытудың инновациялық негізгі түрлері анықталады. Білім беру саласындағы инновациялық бағыттың қажеттілігін анықтайтын себептер қазіргі таңда бүкіл халыққа белгілі болып отыр. Оларға төмендегілер кіреді:
- білім беру жүйесінің жаңаруы, яғни жоғарғы оқу орындарының кредиттік оқу жүйесіне көшуі жəне орта білім беру жүйесінің 12 жылдыққа өтетіндігі;
- білім беру мазмұнының ізгілендірілуі;
- мұғалім мен оқушыға қойылатын талаптың жаңа тұрғыдан қарастыруды, яғни оқушы тек тұтынушы ғана емес, ортақ іс-шара субъектісі де.
Қазіргі кезде технологияда білімді меңгертудің шығармашылық деңгейіне жету үшін Блум жүйесі пайдаланылады:

Рет тəртібі

Оқушы іс-əрекеті



Білу

Тыңдайды, қабылдайды, есте сақтайды,
түсінеді, ойлайды.

Түсіну



Түсіндіреді, айтады, көрсетеді, жазады.

Қолдану

Ойланады, салыстырады, табады,
талқылайды, ашады, іздейді.

Талдау

Бұрынғы білім негізін пайдалана отырып,
жаңа мəселені шешеді.

Топтау

Ойлап табады, құрастырады, шығарады,
байланыстырады.

Бағалау

Бағалайды, талқылайды, өз талабын айтады

1-сурет. Блум жүйесінің сызбасы.
Кесте-1. Блум жүйесінің түсініктері
Көптеген мектептер жаңа оқыту жəне тəрбиелеу үдерісін енгізе бастады. Алайда, мектептердің жылдам даму қажеттілігі талабы мен педагогтердің оны іске асырудағы білімнің жетіспеушілігі арасында алшақтық байқалады. Ал білімді меңгеру деңгейіне қойылатын талапты төмендегі суреттегі сызбадан көруге болады.



2-сурет. Білімді меңгеру деңгейлері


Шығармашылық деңгейге жету жолдары оңай емес. Қазіргі технологияда «миға шабуыл», дебат, модем, жоба жасату, қорғату, оқу, жазу арқылы оқушылардың сыни көзқарасын қалыптастыру жиі қолданылады.


Бүгінгі таңда Қазақстанда Ш. Қалановтың, Ж. Қараевтің, Ш. Таубаеваның, Қ. Қабдықайыровтың, С. Лактикованың, М. Жанпейісованың, Ə. Жүніспек пен Қ. Нағымжанованың, С. Көшімбетованың, К. Ж. Бұзаубақованың, Б. Тұрғанбаева мен А. Əлімовтың, т.б. ғалымдардың зерттеулерінде оқытудың жаңа педагогикалық технологиялары жан-жақты қарастырылады. Бұл технологиялар теориялық тұрғыдан дəлелденіп, тəжірибеде жақсы нəтиже көрсетіп жүр. Қазіргі заманғы педагогикалық технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, еңбегін шəкірттерінің бағалауы, пəндік білім сапасының жоғары болуы ерекше орын алады. Əдіскер С. Көшімбетова өзінің зерттеуінде оқу-тəрбие үдерісінде оқытудың инновациялық əдіс-тəсілдерін қолданудың мынадай ерекшеліктерін атап көрсеткен:
- ізгілендіру технологиясында педагогика ғылымының алдыңғы қатарлы ғылыми жаңалықтарды тəжірибеде «бала – субъект», «бала – объект» тұрғысынан енгізіле бастайды да, ал ғылыми білімдер «оның тұрмысының əлеуметтік жағдайы мен іс-əрекетінің əлеуметтік нəтижесінің бірлігінде қарастырады;
- ақпараттық бағдарламалап оқыту – оқытудың мазмұнын пəнаралық байланыс тұрғысынан ұйымдастыру;
- қоғам мен табиғат заңдылықтарын кіріктіру негізінде меңгеруі;
- иллюстрациялы түсіндірмелі оқытуда «адам-қоғам-табиғат» үйлесімдік бағыттағы дүниетанымында жүйелі саналы мəдениет қалыптасады;
- саралап деңгейлеп оқыту технологиясында оқытудың мазмұны мен əдістері шығармашылық ізденіс іс-əрекет жасау негізінде адамның инновациялық қабілеттерінің қалыптасуына бағытталады.
- оқытушы білмейтін шығармашылық ізденіс негізінде өмірге келген жаңа қабілет;
- дербес оқыту технологиясы оқу-тəрбие үдерісінде ғылымның негіздерін игерту үшін ізгілік, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыра отырып, жеке тұлғаның əлеуметтік-психологиялық жауапкершілігін арттырады.
Бір технологияның өзі мұғалімдердің шеберлігіне байланысты əрқилы жүзеге асырылуы мүмкін. Қазіргі кезде əдебиеттерден қазіргі заманғы білім берудің даму бағыты мен технологияларын қамтитын елуден астам педагогикалық технология қолданылып жүргендігі мəлім. Сондықтан білім беру жүйесінде қолданылатын педагогикалық технологиялардың негізгі мақсаттарын білу қажет.



Педагогикалық технология түрлері, авторы

Мақсаттары

Ынтымақтастық педагогикасы



- талап ету педагогикасынан
қарым-қатынас педагогикасына
өту;
- балаға ізгілік тұрғысынан
қарау, оқыту мен тəрбиенің бірлігі.

Білім берудегі ізгілендіру
технологиясы.
(Амонашвили Ш. А.)



- баланың жеке қасиеттерін ашу арқылы азамат етіп тəрбиелеу;
- баланың жаны мен жүрегіне
жылылық ұялату;
- баланың танымдық күшін қалыптастыру жəне дамыту.

Ойын арқылы оқыту
технологиясы



- дидактикалық;
- тəрбиелік;
- дамытушылық;
- əлеуметтендірушілік.

Проблемалық оқыту
технологиясы



- білім, білік, дағдыға ие қылу;
- өз бетімен əрекеттену əдістерін меңгеру;
- танымдық жəне шығармашылық икемділікті дамыту.

Тірек сигналдары арқылы
оқыту технологиясы
(В. Ф. Шаталов)



- білім, білік, дағдыны
қалыптастыру;
- жеке мəліметтерге қарамастан
барлық баланы оқыту;
- оқытуды жеделдету (орта
мектепті 9 жылда аяқтау).

Түсіндіре басқарып оза оқыту
технологиясы
(Лысенкова С. Н.)



- білім, білік, дағдыны меңгерту;
- мемлекеттік стандарт
көлемінде білім беру;
- барлық баланы табысты
оқыту.

Деңгейлік саралап оқыту
технологиясы.



- əр оқушыны оның қабілеті
мен мүмкіндік деңгейіне қарай
оқыту;
- оқытуды оқушылардың
əртүрлі топтарының ерекшелігіне
сəйкес бейімдеу, ыңғайлау.

Міндетті нəтижелерге
негізделген деңгейлік саралап
оқыту технологиясы.



- əр оқушыны оның қабілеті
мен мүмкіндік деңгейіне орай
оқыту;
- оқытуды оқушылардың
əртүрлі топтарының ерекшелігіне
сəйкес бейімдеу, ыңғайлау.

Бағдарламалап оқыту
технологиясы (Б. Скиннер,
Н. Краудер, В. П. Беспалько)



- ғылыми негізде түзілген бағдарлама негізінде оқытудың
тиімділігін арттыру.
Оқытудың компьютерлік технологиясы
- баланың жеке қасиеттерін ескере отырып оқыту;
- ақпаратпен жұмыс істей білуді қалыптастыру жəне қатынас
қабілетін дамыту;
- жеке басты ақпараттық қоғамға даярлау.

Дидактикалық бірліктерді
ірілендіру технологиясы
(П. М. Эрдниев)



- математикалық білімнің
оқушының интеллектісін дамыту
мен өзін-өзі дамытуының басты
шарты ретіндегі тұтастығына қол
жеткізу.

Математиканы оқытудың
есеп шығаруға негізделген
технологиясы (Р. Г. Хазанкин)



- пəндердің бірлігі мен
тұтастығын қамтамасыз ететін
тақырыптардың неғұрлым
жетілген жүйесін жасау.

Өздігінен даму технологиясы
(М. Монтессори).



- барлық оқушыны стандарт
деңгейінде оқыту;
- балалардың математикаға де-
ген қызығушылығын туғызу.
- балалардың бойында дарын-
дыларды тəрбиелеу;
- жан-жақты дамыту;
- дербестікке тəрбиелеу;
- бала санасындағы нəрселер
əлемі мен ойлау əрекетінің бірлігі.

Дамыта оқыту технологиясы
(С. Выготский,
Д. Б. Эльконин,
Л. В. Занков,
В. В. Давыдов)



- бала бойында еркіндік,
мақсаткерлік, ар-намыс, мақтаныш
сезім, дербестік, адамгершілік,
еңбексүйгіштік, белсінділік, т.б.
қасиеттерді дамыту.
Дамыта оқытудың басты
мақсаты: баланы оқыта отырып,
жалпы дамыту.

Л. В. Занковтың дамыта оқыту
жүйесі
Д. В. Эльконин –
В. В. Давыдовтың дамыта
оқыту технологиясы.



- жеке адамның жоғары
дəрежеде дамуы;
- жан-жақты гармониялық даму
үшін негіз жасау;
- теориялық ой мен сана
қалыптастыру;
- балаларда білім, білік,
дағдыны ғана қалыптастырып
қоймай, ой-əрекетінің əдістерін де
қалыптастыру;
- балалардың оқу əрекетіне ғылыми таным логикасын енгізу.

В. М. Манахов технологиясы - оқытудың тұтас технологиясын жобалау;



- алға қойған мақсатқа жетуді
көздейтін педагогикалық үдеріс
туғызу;
- мұғалімге нəтижені талдап,
түсіндіріп бере алатындай жүйені
таңдау жəне құру.

Шетел зерттеушілері педагогикалық технологияны психология, əлеуметтік философия, басқару жəне мақсат қою теориясы, техника, қарым-қатынас, аудиовизуальды білім беру жəне кибернетика элементтерінен тұратын пəнаралық конгломерат ретінде қарастырып отыр. Педагогикалық технология саласындағы теориялық жəне практикалық ізденушілерді бір жерге топтастыру айналасындағы қызмет бағыттарын анықтайды. Бұл жерде ізденудің шеберлігі –педагогикалық тізімді пайда етуші элементтерді үйрену, жаңалаудан тұрады. «Жаңа педагогикалық технология» терминологиялық тіркесіне үңілсек, жер жүзінде когнативтік, эвристикалық, креативтік деп аталатын негізгі үш педагогикалық технология бар екенін білеміз.


Эвристикалық технология оқушының өз бетінше жұмыс жасатып, зерттеушілік қабілетін дамытуға байланысты. Креативтік технология шығармашылық ойды, ұқыптылықты, қабілеттілікті дамытады. Когнативтік технологияда қоғамымызда осы дəуірге дейін жиналған білім атаулының бəрі, оқушыға жетерлік дəрежеде терең үйретіліп, оны оқушы келешек өмірімізде пайдалана алатындай жағдайға əкелу мəселесі назарға алынады. «Жаңа педагогикалық технология» – əрбір сабақта пайдаланатын, өте қажетті, сол тақырыпты оқушыға жеткізудің, түсіндірудің мұғалім тарапынан ең тиімді тəсілі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет