І. Үндіеуропа тілдер семьясы
Үнді тобы: бенгал тілі (Үндістан мен Пакистанда), пенджаб тілі (Үндістан мен Пакистанда/, сингаль тілі (Шри-Ланкада), непал тілі (Непал), урду тілі (Пакистанда), хинди тілі (Үндістан), цыған тілі.
Иран тобы: Бұл топқа мына тілдер енеді: парсы тілі /Иран/, пушту
тілі (Ауғанстан), тәжік тілі, курд тілі (Түркия, Иран, Ирак, Азербайджан), осетин тілі т.б.
Славян тобы: Өз ішінде үш тармаққа бөлінеді: а) Шығыс славян
тілдері (орыс, украин, белорус), ә) Оңтүстік славян тілдері (болгар, македон, серб, хорват, словен), б) Батыс славян тілдері (чех, словак, поляк).
Балтық тобы: (литва, латыш тілдері).
Герман тобы: Өз ішінде үш тармаққа бөлінеді: а) Солтүстік
герман (скандинав) тілдері (дат, швед, норвеж, ислан, ферер); ә) Батыс герман тілдері (ағылшын, голланд, неміс); б) Шығыс герман тілдері (неміс тілі, өлі тілдер – вестгот, остгот).
Роман тобы: француз итальян, испан, португаль, румын, молдаван,
каталон, аромун тілдері; өлі тіл – латын тілі.
Кельт тобы: (ирланд, шотлан; өлі тіл – галль).
Грек тобы: (грек тілі).
Албан тобы: (албан тілі).
Армян тобы: (армян тілі).
ІІ. Семит-хамит тілдері семьясы
Семит тобы : (араб, айсор, гуараге, тигре, иврит тілі – Израиль
еврейлерінің тілі).
Египед тобы (көне египед тілі, копт өлі тілдері).
ІІІ. Кавказ тілдері семьясы
Оңтүстік немесе картвель тобы: грузин, мегрель, чан, сман тілдері;
Достарыңызбен бөлісу: |