Лекция №1 Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың технологиялары пәніне кіріспе Лекция жоспары


Бос уақытты ұйымдастыру іс-әрекетінің негізгі бағыттары мен әдістемесі



бет67/83
Дата19.01.2022
өлшемі194.91 Kb.
#454674
түріЛекция
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   83
ӘПЖТ Лекция

2. Бос уақытты ұйымдастыру іс-әрекетінің негізгі бағыттары мен әдістемесі

Бос уақыт мәселесіне зерттеушілер үнемі ерекше назар аударады. ХХ ғасырдың 70-жылдары М.Г.Бушканец педагогтың оқушылардың оқудан тыс әрекеттерін ұйымдастыруын қарастыра отырып, бос уақыттың бірнеше қызметтерін бөліп көрсетті:

1. Тұлғаның рухани және физикалық күштерін толықтыру және қалпына келтіру (демалу қызметі).


  1. Кәсіби және рухани-адамгершілік бағытталу, салауатты өмір жайлы көзқарас қалыптастыру (бағыттау қызметі).

  2. Тұлғаның шығармашылық мүмкіндігін өзіндік жүзеге асыру, қарым-қатынастағы қажеттіліктерін қанағаттандыру;

  3. Танымдық, тәжірибелі-қолданбалы және көркемдік-шығармашылық дамыту, эмоционалды-эстетикалық түзету (дамытушы қызмет).

Бос уақыт мазмұны оқушының осы уақыттағы негізгі әрекет түрлерін қамтып көрсетеді.

Оқушылардың қызығушылығына негізделе отырып бос уақытын ұйымдастыруда бос уақыттың әрбір құрамдас бөлігінің қызметтік бағыттарын ескеру қажет.

Демалыс физикалық және психикалық күштерін қалпына келтіруге қызметтік бағытталумен сипатталады. Тынығу уақыты тиімділікке негізделе отырып дамытушы әрекет түрлерін қамтиды. Жоғары әрекетте дамытушы қызмет басымдылық көрсетеді.

Қазіргі таңда оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру мәселесін шешуде төмендегідей қызметтерді жүзеге асырушы мектептер мен мектептен тыс мекемелердің рөлі артуда:

а) Өзіндік шығармашылық ұжымдарда, қызығушылықтары бойынша клубтарда, әуесқойлық бірлестіктерде, көпшілік мерекелік іс-шараларда ересектер мен оқушылардың бірлескен әрекетін ұйымдастыру;

б) Оқушылардың өз құрбы-құрдастары және ересектермен қарым-қатынасындағы қажеттіліктерін қанағаттандыру;

в) Шығармашылық әрекеттің үздіксіздігі мен сабақтастығын қамтамасыз ету;

г) Отбасындағы бос уақытты пайдалану мәдениетінің деңгейін арттыру (оқушылар және ата-аналары);

д) Оқушылардың бос уақыт аумағында қоғамдық бақылау мен педагогикалық жетекшілікті іске асыру;

Мектеп тәжірибесі оқушылардың бос уақытты тиімді пайдалануын арттыру үшін екі жолға сүйенеді:

- оқушылардың бос уақытына жетекшілік ету;

- бос уақытты тиімді пайдалану үлгісіне негізделе отырып оқушылардың өз бос уақытын дербес ұйымдастыру;

Жоғары сынып оқушыларының бос уақыттарын ұйымдастыруда оған педагогикалық жетекшілік жасау шешуші рөл атқарады. Педагогикалық жетекшілік жасау мазмұны оқытушылардың оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануға әсер ете білуіне, шығармашылық әлеуетін үнемі арттырып отыруға, қоғамдық маңызы бар қызығушылықтарын анықтау және ашу оларды көптеген өмірлік тіршілік әрекетінде жүзеге асыруына жағдай жасауға негізделген тәрбие жұмысының бір бөлігінен тұрады.

Оқушылардың бос уақытына педагогикалық жетекшілік ету оқудан тыс уақытында әрекеттік дамытушы формалары мен түрлеріне, бос уақыт күндері мен сағаттарын белгілі бір тіршілік жүйесіне ынталандыруға негізделген. Оған екі компонент жатады: 1) Әртүрлі мемлекеттік құрылымдар көмегімен бос уақыттың қажетті материалдық базасын жасау; 2) Оқушыларда бос уақыт және оқу уақытын ұйымдастыруға, оларды реттеуге көмек беру.

Оқушылардың бос уақытына педагогикалық жетекшілік етудің тиімділігі мектептің педагогикалық үдерісі барысында төмендегідей жағдайларды жүзеге асырғанда қамтамасыз етіледі. 1) Оқушылардың бос уақыт мазмұны мен құрылымын анықтау; 2) Оқушылардың қызығушылықтары, қажеттіліктері мен бейімділіктерін зерттеу; 3) Оқушылардың бос уақытын пайдалануы үшін материалдық жағдай жасау; 4) Мектептің оқу-тәрбие жұмысының тиімді жүйесін құру; 5) Оқудан тыс уақыттарда танымдық және дамытушы әрекет түрлерін басымырақ ұйымдастыру; 6) Мектептің тәрбиелік жұмыс барысында оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың топтық, ұжымдық және дербес формаларын пайдалану; 7) Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру мәселелері бойынша мектептің мектептен тыс мекемелер, мәдени ұйымдармен өзара әрекет жүзеге асыру; 8) Оқушылардың ата-аналары мен қоғамдық ұйымдардың өкілдерін тәрбиелік жұмысқа тарту (қатыстыру); 9) Оқушыларды тұрғылықты орындары бойынша белсенді әрекетке қатыстыру.

Оқушылардың бос уақытына педагогикалық жетекшілік етудің төмендегідей әдістері бар:

1) практикалық әрекеттер жағдаяттарын сипаттаушы әдістер (мақсатты айқындау және әрекет міндеттерін, құндылық бағдарларын бағалау, өзін-өзі жүзеге асыру, әрекеттерді түзету).

2) тұлғаның ішкі жан дүниесіне және білім алу аймағына әсер етуші әдістер (хабарлау, сендіру, иландыру, мысал келтіру, әңгімелесу, диалог).

3) тұлғаның шығармашылық деңгейі мен әрекеттер тәжірибесін қалыптастырушы әдістер (тәрбиелеуші ситуацияларға тапсырама, үйрету).

4) жаңа білім беру ортасын құру әдістері (әрекеттің жаңа түріне қатыстыру, әрекеттің жаңа түрлерін ендіру).

Бос уақыт аумағында оқушыларға педагогикалық әсер ету мәселесінде педагогикалық тұрғыдан реттелген, жан-жақты, үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру және толық жетілдіру үшін, өмірлік жолды саналы таңдай білуге даярлау үшін қолданылатын бос уақыт анықтамаларын назардан тыс қалдырмау қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   83




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет