Лекция №1 Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың технологиялары пәніне кіріспе Лекция жоспары


Әлеуметтік-педагогикалық сараптама әдістемесі



бет70/83
Дата19.01.2022
өлшемі194.91 Kb.
#454674
түріЛекция
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   83
ӘПЖТ Лекция

2.Әлеуметтік-педагогикалық сараптама әдістемесі.

Әрекеттің өзіндік ерекшелігінің факторлары: педагогикалық процестің обьективті заңдылықтарын білу; қазіргі жағдайдағы мектептің әлеуметтік қызметіне қанық болу; қазіргі отбасының ерекшеліктері мен даму тенденцияларын түсіну, мұғалімнің, ата-аналар, жұртшылық өкілдері мен жас ұрпақ тәрбиесіне байланысты жұмысқа практикалық тұрғыдан дайын болуы - мектеп балалар тәрбиесі мен отбасы тәрбиесін педагогикалық басқарудағы тікелей іске асыратын маңызды әлеуметтік институт болып табылады. Мектептің, отбасының және жұртшылықтың тәрбиелік қызметінің біртұтастығы мектептің мақсатты түрде жүргізген жүйелі жұмыстарының нәтижесі. Ал бұл нәтиже қазіргі заманғы білім беру мекемесіне қойылатын басты талаптардың бірі.

Белгілі педагог В.А.Сухомлинскийдің  еңбектерінде "мектептік-отбасылық тәрбие" ұғымы кең қолданылады. Оның пікірінше тәрбиені мектептік немесе отбасылық деп қарастыруға болмайды, өйткені бала тұлғасы біртұтас және оны қалыптастыру процесі де біртұтас сипат алады. Міне, осындай біртұтас тәрбие процесінде мектеп жетекші рөл атқарады. Мектеп - отбасының тәрбиелік мүмкіндіктерін кеңітеді және дамытады, осы бағытта педагогикалық ағарту жұмыстарын жүргізеді, қоғамдық және мектептен тыс ұйымдардың мектеп пен отбасына белсенді түрде көмек көрсетуін ұйымдастырады және бағыттайды, олардың әрекеттерін үйлестіреді. Мектеп басшысының, сынып жетекшісінің жұмыс жүйесі ең тиімді түрлер мен әдістер таңдап алу арқылы ұзақ жылдар барысында қалыптасады. Ол жүйе жұмыстың нәтижелігін қамтамасыз ететіндей талаптарға жауап беруі тиіс.

Ең бірінші талап - бүкіл педагогикалық  ұжым әрекетінің мақсаттылығы. Ата-аналармен жұмыс деген мүлде жалпы ұғым. Оның орнына мықты педагогикалық проблемаларды шешу үшін ата-ана жиналысын өткізу, лекция оқу, ата-анаға, отбасына жекелеп ықпал жасау қажет.

Екінші талап - мұғалімнің кәсіптік біліктілігін, педагогикалық мәдениетін көтеру. Оның жолдары әртүрлі болуы  мүмкін. Мысалы: сынып жетекшілері  секциясының  жұмысы, "Отбасылық педагогика" немесе "Отбасы тәрбиесін жетілдіру" сияқты тұрақты педагогикалық семинар жұмысы; мектеп тәжірибесінде анықталған формальды емес жасөспірімдер тобының ерекшеліктерін есепке алу, қолайсыз отбасылар мен педагогикалық тұрғыдан бетімен жіберілген балаларды есепке алу, ата-аналардың жүргізген жұмыстарының тиімділігін анықтау, олардың озық тәжірибелеріне педагогикалық талдау жасау.

Үшінші талап - педагогикалық ұжымның  сынып жетекшісі мен мұғалімдер

дің ата-аналармен жүргізетін жұмыстарына  бірыңғай талап жүйесін жасау. Бұл талап негізді, әдепті, заңды болуы тиіс. Асығыстық, талапты бұрмалаушылық ата-аналармен келіспеушілікке апарып соғады.

Төртінші талап - ықпалды  қоғамдық ата-аналар ұйымын қалыптастыру.

Әдіс - нақты бір міндетті шешуге арналған әрекетті практикалық не теориялық тұрғыдан игерудің біршама біркелкі тәсілдерінің, операцияларының жиынтығы. Педагогикада білім беру мен тәрбие әдістерін жасау мен оларды жіктеу проблемасы негізгілердің бірі болып табылады. Әдістемелік жұмыс білім беру мекемелерінде оқытушылар мен тәрбиешілердің үздіксіз білім алу жүйесінің бір бөлігі. Әдістемелік жұмыс мектептегі оқу әдістемелік процесті жоғары деңгейге жеткізу мен сол дәрежеде ұстауға бағытталған. Ол оқу жылы бойы жүргізіледі және педагогтардың күнделікті тәжірибесімен шектес орындалады. Педагогикалық анализдің, теориялық және эксперименталдық зерттеулердің дамуына ықпал етеді. Әдістемелік жұмыстың мақсаты: оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің ең оңтайлы әдістері мен жолдарын игеру; педагогтың оқу-тәрбие жұмысын жүргізуі мен ұйымдастыруына қатысты жалпы дидактикалық және әдістемелік дайындығының деңгейін көтеру; педагогика ұжымы мүшелерінің тәжірибе алмасулары және озық педагогикалық тәжірибені анықтап, оны насихаттау. Ал педагогика әдіснамасы дегеніміз - педагогикалық білім және оны игеру процесі, яғни, педагогикалық таным туралы ілім. Ол:


  • педагогикалық білімнің, оның ішінде педагогикалық проблематиканың;

  • құрылымы мен қызметі жөнінде ілімді қамтиды;

  • әдістемелік мәні бар бастапқы, өзекті, іргелі философиялық теорияларды; тұғырнамаларды, болжамдарды;

  • педагогикалық танымның әдістері жөнінде ілімді қамтиды.

Қазіргі педагогиканың ғылым ретіндегі қалыптасқан заманында, оның әрі де дамуы үшін ғылыми танымның теориялық және эмпирикалық айырмашылықтарына байланысты әдістерді бөлудің маңызы өте зор.

Әдіс - рационалды зерттеу, шындықты тудырушы және мақсатқа жетудегі ең қысқа жол. Әлеуметтік жұмысқа байланысты екі әдіс топтарын айтуға болады. Олар - ғылыми білім түріндегі және практикалық әрекет түріндегі әдістер. Әлеуметтік жұмыс әдістері клиенттің өмірлік қажетті мәселелерін  шешуге бағытталған.

Қазіргі уақытта адамдардың көпшілігі  жағымсыз жағдайлардың тікелей әсерін өткеріп отыр. Әлеуметтік-тұрмыстық шым-шытырық, стрестік жағдайлар адамның әлеуметтік, психикалық көңіл-күйін нашарлатады. Бұл жағдайлар халықты әлеуметтік қорғаудың формалары мен әр түрлі әдістерін дамыту қажеттілігін жоғарылатады.

Әлеуметтік жұмыста  маман ретінде клиентке оның жағдайын түсініп, оның ішкі әлемін көзбен түсініп, сезу қажет. Содан кейін әлеуметтік ғылымның кең спектрлі білімін пайдалана отырып, клиентке көмек беру әдісін іздеу қажет.

Әлеуметтік қызметкер барлық ғылым  аймағын, соның ішінде, ең бастысы, адам мен қоғам жөнінде білуге міндетті. Сонымен қатар білім жүйесінде қате жіберу өте қауіпті...

Әлеуметтік жұмыстың мақсаты - жеке тұлғаны қоғамның барлық жүйесіне қатыстыру, әлеуметтік салаға (еңбекке, билікке, отбасы, мәдениетке) жүргізу, сол ортаға өзін-өзі сезінуге өз ықпалын тигізу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   83




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет