Лекция №1 Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың технологиялары пәніне кіріспе Лекция жоспары


Лекция №23 Қоғамдағы әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың әдістемесі



бет64/83
Дата19.01.2022
өлшемі194.91 Kb.
#454674
түріЛекция
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   83
ӘПЖТ Лекция

Лекция №23

Қоғамдағы әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың әдістемесі
Лекция жоспары:

1.Көше жұмысының технологиясы

2.Қайырымдылық қорларын ұйымдастыру әдістемесі
Лекция мәтіні:

1.Көше жұмысының технологиясы

Әлеуметтік жұмыс технологиясы, яғни көше жұмысының технологиясы процесс ретінде келесілерді қамтиды: дайындық кезеңі, мақсатты жобалау, ақпаратты жинау мен талдау, іс-әрекет бағдарламасын дайындау, бағдарламаны жүзеге асырудағы тәжірибелік іс-әрекеттер. Айта кету керек, мұнда мәселе толығымен шешілгенге дейін циклдер қайталанып отырады.

Басқа процедураларға қарағанда негізгісі болып мақсатты жобалау табылады. Мақсатты жобалау - қоғамдық ғылымдарда кеңінен қолданылатын ұғым.

Біріншіден, мақсатты жобалау бұл болашақтағы нақты іс-әрекет нәтижесін көрсететін, мақсатты анықтау мен талдау процесі. Осыған байланысты мақсатты жобалау әдістемелік және әдіснамалық қызметтерді де атқарады:

- «мақсат - жету құралы - нақты іс-әрекет түрінің нәтижесі» жүйесінде интегратор қызметін атқарады;

- іс-әрекет детерминациясының барлық факторларын белсенді іске қосуды білдіреді: қажеттіліктер, қызығушылықтар, стимулдар, мотивтер.

Мақсатты жобалаудың орталық мәселесі мақсатты нақтылау және оған жетудің тиімді құралын анықтау тағы басқаларды қамтиды. Жету құралы анықталмаған мақсат - бұл ойша құрылған жоба, арман ғана болып қалады.

Екіншіден, мақсатты жоба іс-әрекеттің нәтижесіне қойылатын негізгі талаптар мен тәртіпті анықтайтын алгоритмді білдіреді. Мақсат - іс-әрекет нәтижесін нақты көрсететін ұғым. Мақсатты нақтылауда келесілерді назарға алу қажет:

- мақсат негізделген болуы және ықпал ету обьектісінің даму заңдылықтарының талаптарын көрсетуі тиіс;

- мақсат түсінікті және жете алу мүмкіндігінің болуы;

- негізгі мақсат жоғарғы тәртіп мақсатымен сәйкес және байланысты болуы тиіс.

Мақсат адамдар арқылы құрылады, сондықтан да олар субьективтілік элементі болады. Маңыздысы мақсатты жобалау процесінде субьективті жағы басым болуы қажет.

Мақсатты құрудың негізгі кезеңдері:

- обьектінің жағдайы мен қажетті сипаттамасын бөліп көрсету және оларды нақты іс-әрекеттің мақсатты құрылымына енгізу;

- нақты іс-әрекеттің түрлерімен пайда болатын, мүмкін жағдайларды анықтау;

- мақсатты, обьективті түрде нәтижеге жете алмайтын іс-әрекеттерден шектеумен түсіндіріледі.

Мақсаттардың бірнеше типтерін бөлуге болады: нақты және абстрактілі; стратегиялық және тактикалық; индивидуалды, топтық, қоғамдық; іс-әрекет субьектісімен қойылған.

Нақты мақсат - тәуелсіз іс-әрекет өнімінің идеалды бейнесі.

Абстрактілі мақсат - бұл жетістікке жету үшін адамдардың іс-әрекеті жүзеге асырылатын белгілі-бір идеал туралы жалпы түсінік.

Стратегиялық және тактикалық мақсат – уақытша факторлармен олардың жүзеге асыруымен анықталып, негізделеді және біртұтас немесе бөліктер ретінде салыстырылады.

Іс-әрекет субьектісі арқылы қойылатын мақсат, оның жеке белсенділігінің ішкі дамуы, шығармашылық қатынасы мен тапсырылған жұмысқа жауапкершілікпен қарауы нәтижесінде пайда болады.

Мақсатты жоспарлау әлеуметтік іс-әрекетті ұйымдастыру мен оны жүзеге асыруда маңызды орынға ие болады. Әлеуметтік жұмыс технологиясы - субьектінің обьектіге әлеуметтік ықпалының мақсатты бағытталған процесі болып табылады.

Әлеуметтік жұмыста мақсатты жоспарлауды оның әдістемелік және ұйымдастырылуы тұрғысынан қарастырған жөн.

Мақсатты жоспарлаудың әдістемеліқ аспектісі әртүрлі деңгейдегі әлеуметтік мәселелерді шешу жолдарын анықтаудағы жалпы және нақты міндеттермен қамтамасыз етуімен анықталады. Мақсатты жоспарлаудың ұйымдастырушылық аспектісі берілген мәселенің шешу құралдары мен нақты жолдарын жүзеге асырумен айқындалады.

Әлеуметтік жұмыс технологиясында мақсатты жоспарлауды селекция процесі ретінде көруге болады: белгілі-бір нәтижені алу барысында мүмкін нәрсені мүмкін еместен, заңдылықты аяқ асты пайда болатын нәрседен бөлу.

Осылайша, мақсатты жобалау аналитикалық қызмет рөлін атқарады. Бұл қызметтің мақсатты жобалау субъектілері, яғни әртүрлі деңгейдегі әлеуметтік жұмыс мамандары бола алады:

а) ситуацияны талдай алуы;

б) нақты мәселені шешудің құқықтық кеңістігін меңгеруі;

в) тәжірибелік жұмыс дағдыларын іс-жүзінде игеруі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   83




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет