Қолданылған әдебиеттер:
1. Карта офицера. И. Д. Помбрик, Н. А. Шевченко. 1985г
2. Проведение занятий по начальной военной подготовке. И. Г. Назимка, Ф. С. Штыкало. 1990г
3. Бастапқы әскери дайындық.. А. Тасболатов. К Аманжолов. Алматы. «Алматы» 2007ж
4. Атлас офицера. Москва. Военное топографическое управление.
5. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Әскери іс. Алматы. «Мектеп» 2007ж
Лекция №10. Топографиялық карта.
Сұрақтар:
Топографиялық карта турылы түсінік. Жұмыс картасының анықтамасы және атқаратын қызметі. Карта масштабы. Сандық және сызықтық масштаб. Циркуль-өлшегіш, курвиметр, қағаз және сызғыш көмегімен карта бойынша қашықтықты өлшеу.
Жауап: Топографиялық карта туралы түсінік. Топографиялық
карталар жергілікті жер бейнеленуін дәл және толықтай бере алады. Олар жергілікті заттардың өзара орналасуын, олардың пішінін, өлшемін, биіктік жағдайын және басқа көптеген сандық және сапалық сипаттамаларын көрнекі түрде бере алады.
Топографиялық картада жергілікті жер шартты белгілермен белгіленеді. Топографиялық картаның шартты белгілері – бұл графикалық, әріптік және сандық белгілеудің жүйесі. Олардың көмегімен картада жергілікті жер нысандарының орны көрсетідеді және олардың сапалық сипаттамалары беріледі.
Бір затты бейнелейтін шартты белгілер түрлі масштабтағы карталарда өз сызбасы бойынша бірдей болады және тек мөлшерімен ғана өзгешеленеді.
Карта жасау кезінде жергілікті жер элементтерінің бәрін көрсету мүмкін болмағандықтан, кейбір екінші кезектегі, аса маңызды емес жергілікті жер элементтері мүлде көрсетілмейді, ал басқалары жалпылай бейнеленеді.
Шартты белгілер – карта әліппесі. Бұл әліппені білмей, картаны оқуға ұйрену, демек, ол бойынша жергілікті жерді зерделеу мүмкін емес. Шартты белгілер масштабты, масштабтан тыс және түсіндірмеліболып бөлінеді.
Карта масштабы.
Карта масштабы. Картада жергілікті жер кішірейтілген түрде көрсетіледі. Картадағы ұзындық сызығының жергілікті жердегі сәйкес сызықтың ұзындығынына қатысты карта масштабы деп аталады. Топографиялық картаның көмегімен орындалатын тапсырмалардың әр түрлі болуына орай, масштабтары әр түрлі карталар қажет болады:1:10000 – онмыңдық, 1:25000 – жиырмабесмыңдық, 1:50000 – елумыңдық, 1: 100000 – жүзмыңдық, 1:200000 – екіжүзмыңдық, 1:500000 – бесжүзмыңдық, 1:1000000 – миллиондық.. Қабылданған масштабтық қатар ел қорғанысы мен халық шаруашылығын, бір масштабтанкелесі масштабқа жеңіл ауысуы (көшуді) қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |