Лекция №1. Әскери құрылым жүйесіндегі әскери-инженерлік дайындық Сұрақтар


Аспандағы жарық, жергілікті жер заттары белгілерімен, компас көмегімен көкжиек тұстарын анықтау тәсілдері



бет14/33
Дата18.05.2022
өлшемі367.42 Kb.
#456879
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   33
ВИП лекция -15 каз 22-ДОТ (2)

Аспандағы жарық, жергілікті жер заттары белгілерімен, компас көмегімен көкжиек тұстарын анықтау тәсілдері.
Жабық жерлерде қозғалыс бағыты компас бойынша бағдар жасалып, ұсталынады. Сондықтан да қозғалыс маршрутын зерделеп, таңдағанда азимут бойынша қозғалу үшін міндетті түрде мәліметтер дайындалады. Ормандағы қозғалыс кезінде бағдар ретінде тоғай жолдарын, алаңқайларды, орман жолдарын, өзендерді және т. б. пайдалануға болады.
Түнгі қозғалыста бағдарлар жол бойындағы бір-біріне жақын қашықтықтағы нысандардан таңдап алынады. Бағдар ретінде мүмкіндігінше көрнекті және қараңғыда тану оңай болатындай заттарды, мысалы, биіктікте орналасқан заттар, көпірлер, ұшы көрінетін биіктіктерді пайдалану қажет.
Жолдан тыс қозғалыс жасау маршрут картада жолдың әрбір бұрылысы жақсы танылатын жергілікті жер бағдарларымен көрсетілетіндей етіп белгіленеді. Маршрут бағыты мүмкіндігінше жергілікті заттардың (орлар, байланыс желілері, т. б.) түзу сызықты бағыттарымен сәйкес келуі керек. Бір бағдардан келесі бағдарға қозғалу кезінде, жолдағы қозғалысқа қарағанда, карта бойынша жиі бағдарланып, оны жергілікті жермен сәйкестендіріп отырған жөн.
Жол бойымен қозғалыс жасау кезінде алдын ала картамен жақсылап зерделеп алып, қозғалыс маршрутын: жол сипатын, жол бойындағы құрылыстарды, көкжиек тұсына қатысты жалпы бағыт жолын, өтуге қиын учаскелердің орналасуын және оларды айналып өтуге болатын жолдарды, жол айрығы мен жол қиылыстарын есте сақтау керек. Содан соң картада қозғалыс дұрыстығын бақылау үшін қажетті маршрут бойынша негізгі бағдарлар таңдап алынып, іріктеледі. Бүкіл маршруттардың ұзындығы мен таңдалып алынған бағдарлар арасындағы қашықтықтар өлшенеді және жазылып алынады.
Қозғалыс уақыты картада бағдарланған болуы тиіс. Бұл бағдардан келесі бағдарға жылжи отырып, картаны жергілікті жермен жүйелі түрде салыстырып отыру керек. Жүріп өткен қашықтық пен бағдарлар бойынша қозғалыс дұрыстығын бақылау – кез келген нүктеде таңдалып алынған бағдарлар қатынасындағы маршрутта өз тұрған жерінде және қозғалыстың соңғы пунктін айқын білу үшін қажет. Әсіресе бағдарлану дұрыстығына күмән туғызатын жерлерде қорғану кезінде мұқият болған абзал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет