Жауап: Танкіге қарсы ТМ-57 минасы:
-бастырма қақпағы бар корпустан;
- зарядтан;
- МВЗ-57; МВ-57; МВШ-57 жарғыштардан тұрады.
Корпусы болаттан жасалады, бастырма қақпағы бар. Қақпағының ортасында жарғышты бұрап кіргізетін саңылауы болады. Бүйірінде электродетонаторға арналған кертікті тұтандырғыш ұясы бар. Мина түбінде тасымалдауға арналған тұтқасы болады.
Зарядтың екі детонаторы болады: орталық және бүйірлік.
ТМ-62 минаның құрылғысы.
Толық жарақталмаған ТМ -62 сериялы миналар – корпусқа бекітілген жарылғыш заттың (ЖЗ) заряды мен жарғыш астында жүйелі тесіктері бар корпуссыз не қабықты миналар. Сақтау кезінде тесіктер пластмасса не полиэтилен тығынмен жабылады.
ТМ -62 мина:
МВЧ-62, МВЗ -62 немесе МВШ-62 жарылғыштарының біреуінен тұрады.
ҚР ҚК миналары,олардың тактика – техникалық сипаттары мен құрылысы
Инженерлік бөгеттер қарсыластың ілгерілеуін бөгеу,маневрін қиындату,тірі күші мен техникасын шығынға ұшырату ,өз әскерлеріне қарсыласты қарудың барлық түрлеріменжою үшін неғұрлым қолайлыжағдай туғызу мақсатында жасалады.Мұндай бөгеттер ұрыс қимылдарының барлық түрлерінде қолданылады. Қарсыласқа әсер ету сипаты мен қолданылатын құралдарына қарай инженерлік бөгеттер мина жарылғыш, жарылмайтын, аралас бөгеттер болып сараланады.
Мина жарылғыш бөгеттер инженерлік бөгеттердуң негізін құрайды және миналанған алаң, миналар тобы, жеке миналар түрінде жасалады.
Мина – жарылысқа арналған арнайы құрылғысы бар , бөгет жасау құралы ретінде қолданылатын қабықтағы жарылғыш заттың заряды.
Миналар – танкілерді және басқа да ұрыс машиналарын істен шығаруға, қарсыластың тірі күшін жоюға ,әр түрлі нысандар мен басқа да нысаналарды қиратуға арналады.Минаның негізігі элементтері:
-жарылғыш заттың заряды
-жарылғыш
-қозғалтқыш құрылғы
-корпус.
Минадағы жарылғыш заттың заряды жою немесе нысанды қирату қуатын таратушы болып табылады.Минадағы зарядтың шамасы оның қолданылуы мен нысанды қирату деңгейіне байланысты.Мысалы,ол жаяу әскерге қарсы миналарда граммен есептелсе,танкіге қарсы миналарда ондық кг мен,ал ірі нысандарды қиратуда тоннамен есептелуі мүмкін.
Жарылғыш минадағы жарылғыш зарядты қыздыруға арналған. Ол бір –біріне қосылған соққыш – ағытқыш механизм мен тұтандырғыштан тұрады.
Қозғалтқыш құрылғысы сыртқы әсерді қабылдау және оны мина жарылғышына жеткізу үшін қызмет етеді.Қозғалтқыш құрылғысына жататындар:
-үстінен басу қақпағы;
-қазықша;
-керме сым;
-басқару сымдары және т.б.
Мина корпусы жарылғыш заттың заряды мен жарғышты механикалық зақымданудан сақтауға және орналастыруға, ал жаяу әскерге қарсы миналарда тірі әскерді жою қызметін атқарады.
Қазіргі заманғы миналардың корпусы металдан, ағаштан, пластмассадана және басқа да материалдардан жасалады.
Танк жүріп келе жатып минаны басқан кезде танкіге қарсы мина корпусыфның қақпағы жарылғышқап күш салу элементі болып табылады.
Жарылғыш заттың заряды бар ,бірақ жарылғышы жоқ миналар толымсыз жарақталған деп аталады және олар осы түрінде зауытта өндіріледі,қоймаларда сақталады және кез –келген көлікпен тасымалданады.Толық жарақталған миналар енгізілген жарылғыш – электродетонатор болады.
Олар жергілікті жерді қарсыластың танк және басқа да жер үстіндегі жылжымалы техникасынжойып –құрту мақсатындажергілікті жерді миналауға арналған.Танкіге қарсы миналар:
-шынжыр табанға арналған;
-түпастыға қарсы;
-бортқа қарсы болып бөлінеді.
Шынжыр табанға қарсы миналар тек қана жүріп келіп табанымен басқан кезде ғана танк түбі мен жүріс бөлімінің элементтерін қиратын оны тоқтатады.
Түпастығак қарсы миналар танктің шынжыр табаны түбімен басқан кезде танк түбі мен жүріс бөлімінің элементтерін қиратып оны тоқтатады.
Миналар жергілікті жердің топырағына сәйкес әр түрлі қалыпта орналастырылады.Олар тікелей топырақтың бетінде немесе топыраққа көміліпорналастырылуы мүмкін.
Танкіге қарсы миналар механика құралдарымен немесе қол күшімен орналастырылады.
Механикалық құралдар арқылы топыраққа орннатылған миналар ұрыстық жағдайға қолмен келтіріледі. Минаны топыраққа орналастырған кезде мина үстіндегі жердің бүркеніш қабатының қалыңдығы 5-8 см болуы керек.Миналарға арналған шұңқырлар өлшемі 0,6х0,6 м болады және олар қарсыла сжағынан жабылады.
Миналар терең шұңқырларға ,сондай ақ үлкен тастар мен ағаш түбі жанына орналастыруға болмайды. Жолда танкіге қарсы миналарқатты топырақпен және жол материалдарымен бүркемеленеді.Ми батпақты жерлерде мина астына өлшемі мина диаметрінен 2-3 есе үлкен тақтай немесе ағаштар төселеді.
Қазықша жарғышы бар миналарқалың шөп,ұсақ бұталар бар жерлерге қойылады да 5-8 см топырақ үйіндісімен бүркемеленеді.Қазықша жарғыш үшін жер қыртысынан қиық жасалады.
Миналарды залалсыздандыру – олар алынатын қалыпта орнатылған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Алынбайтын қалыпта орнатылған миналарды,қақпағы,жарғыштары , корпустары зақымданған миналарды және артилериялық снарядтар жарылысы нәтижесінде жасалған шұңқырларға 1 м жақын жатқан миналарды алуға тиыми салынады.Мұндай миналар сол орнында жарылғыш заттардың бастырма зарядтары жарылысымен жойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |