Гимнастика түрлері - қысқаша сипаттамасы міндеттері мен құралдары.
Дене тәрбиесі жүйесінің даму кезеңінде гимнастиканың міндеттері анықталып және олардың түрлері белгіленеді.
1. негізгі гимнастика
2. қолданбалы гимнастика
- спорттың гимнастика;
- көркем гимнастика;
- өндірістік гимнастика;
- ырғақты гимастика;
- емдік гимнастика;
3. акробатика;
Негізгі гимнастика. Негізгі гимнастиканың міндеті-денсаулықты нығайту, қозғалыс дағдыларын жетілдіру және жалпы дене дайындығы, тұлғаны дұрыс қалыптастыруға тәрбиелеу, ағза жүйелерінің қызмет дәрежесін арттыру және дененің шынығуын қамтамасыз ету болып табылады. Негізгі гимнастикаға: сапқа тұру және қайтадан сапқа тұру, жалпы дамыту жаттығулары, еркін, қолданбалы жаттығулар, снарядта орындалатын жаттығулар, тірек секірулер, қарапайым акробатикалык жаттығулар және қимыл қозғалыс ойындары жатады.
Негізгі гимнастика мектеп жасына дейінгі балалар және бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың, орта мектеп, арнаулы оқу орындарын және жоғары оқу орындарының міндетті оқу бағдарламасында маңызды орын алады.
Негізгі гимнастика спорттың әр түрімен айналысуға қажеті алғашқы кезеңнің негізгін қалыптастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |