Лекция 1 Кіріспе. Жоспар


Жаттығулардың орындалу тәсілдерінің ерекшеліктері



бет38/83
Дата03.01.2022
өлшемі0.6 Mb.
#451145
түріЛекция
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   83
Лекция гимнастика

3. Жаттығулардың орындалу тәсілдерінің ерекшеліктері

Орындалу тәсілінің негіздері. Таяныштан алға қарай серпуді бастап, оқушы иінді нықтайды, сондай-ақ бүкіл денені шиыршық атқызып, жамбастың білезіктерге төмендеуіне жібермей, иықпен аздап артқа қарай беріледі (1). Дене тік қалып сақтаған, ал иық артқа жіберілген сәтте оқушы дененің жамбас бөксе буынының бүгілу есебінен қозғалысты жоғары – алға жылдамдата түседі (2-3); қозғалыс денені доға бойынша жоғары бұғу есебінен шапшаңдатылады, алға серпін жасау арқылы дене толық түзуленеді. Осы серпін аяқталған мезетте дене барлық түйіннен атртылғандай сезіліп, ұстау нүктесінен «алшақтайды» (6); осындай «алшақтау» есебінен (яғни салмақ түсу орталығының айналу нүктесінен алшақтауы) кейін серпу амплитудасы артады; оқушы тік қалыптан өткенде аяқты кейін серпуді күшейтеді (7-8) және артқа серпудің шеткі нүктесінде қолдар жіберіледі (9).

Дағдыны игеруге арналған жаттығулар:

1. а) қарын мен аяқ бұлшық еттерін қатайту үшін арнаулы жаттығулар – аяқтарды бекіте еденде жату (11-сурет, 3-5); б) гимнастикалық ағаш теке үстінде жатып, «салбарап бүгілу» қалпын белгілеу; мұғалім оқушы денесін иген кезде оның арқасынан демеп, жәрдемдеседі (12-сурет, 1-3); в) төмен перекладинада барынша ұзақ артқа тартылу және әлдебір биікке тұру; аяқтармен серпіліп, оларды тез жинап алып, алға серпілу, серпілу соңына қарай жиналған аяқтар өкшесін перекладина графіне жақындату: г) осыларды серіктестің көмегімен орындау.



Қарын бұлшықетін қатайтуға арналған арнаулы жаттығулар; 1-3 – аяқты тірей еденде жату; 4-5 – гимнастикалық қабырға таяқшасына асылу.


Брустардағы жаттығулар. Гимнастикалық снаряд сияқты, параллель брустар да перекладинадан кеш, тарихи деректерге қарағанда XIX ғасырдың басында Германияда пайда болды. Бұл тамаша снарядты жасаушы Ф.Ян еді. Алғашқыда брустар гимнастиканың көмекші құралы ретінде қызмет етті. Брустарда әзірлік жүргізу аттағы жаттығуларды орындауды көп жеңілдетеді деп есептелді. Атты әскер ежелгі заманнан бері кез келген әскерден күшті болғандықтан, атты жауынгерлерді ер үстінде орындалатын жаттығуларға арнайы үйрететін еді. Салт атпен жүру өнерінің бағдарламасы күрделі әрі кең көлемді болатын-ды. Ол алдымен ағаш атта мұқият игерілетін. 384-395 жылдары римдік тарихшы Флавий Вегеций әскери іс бойынша бес кітап шығарып, сол кездің өзінде ағаш аттағы жануарларды насихаттайды.

Бұндай снарядтың алғашқы нұсқасы параллель екі брустардан тұрады. Олардың жалпы ұзындығы 2,5 м болды және әр бруст екі тұғырға бекітілді. Брустардың қалыңдығы ұзынынан 7,5 см, ал көлденеңінен 6 см болды (брустардың үстіңгі беті жұмырланды).

Бірақ брустар жеке гимнастикалық снаряд ретінде 1862 жылы ғана мойындалды.

Бір айта кетер жай, брустар конструкциясы көп рет өзгерсе де, оның алғашқы негізі осы күнге дейін сақталып қалды. Европада неміс гимнастика мектебінің негізін қалаған А. Шпистің 12 метрлік брустары еңінен тараған. Мұндай брустарда бірнеше оқушы бір мезгілде жаттыға алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   83




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет