Лекция 1 Кіріспе. Жоспар


Күш жұмсаумен орындалатын жаттығулар



бет36/83
Дата03.01.2022
өлшемі0.6 Mb.
#451145
түріЛекция
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   83
Лекция гимнастика

Күш жұмсаумен орындалатын жаттығулар:

1. Салмақты күшпен таяна көтеру. Күш жұмсаумен орындалатын қолданбалы өмірлік маңызы бар жаттығулар. Атап айтқанда, олар жолда кездесетін түрлі кедергілер мен тосқауылдардан тез өту мүмкіндігін дамытады.

Орындау тәсілдерінің негіздері. Белтемірге асылып, жоғары жағынан ұстап (жұлқусыз және сермеу қимылынсыз) қайткенде де «артығымен» жоғарырақ тартылу (2); бұл қолды ширықтыра бүкіл дене салмағын соған түсіру; белтемір кермесін жақынырақ қыса түсіп, иықты алға жіберіп, екінші қолдың шынтағын да жоғары көтеру. Екі қолды бірдей бүгіп, дұрыс таяныш қалпына келу.

2. Асылуда тартылу күші арқылы артқа айнала көтерілу. Көтерілудің бұл тәсілдінің де қолданбалық үлкен маңызы бар. Сонымен қатар бұл жаттығу дененің түрлі бөліктерінің: иін, қарын, аяқ бұлшық еттерінің бірқалыпты қалыптасуына көмектеседі.

Орындау тәсілдерінің негіздері.

Асылуда жоғарыдан ұстап (жұлқыну мен серпін жасау қимылынсыз) тартылу; қолдарды бүгіп, бір мезетте үш қимылды орындау қажет: қолды жартылай бүгу қалпын сақтау; белжамбас буынынан бүгілу; шымырлануды босаңсытпай, аяқтарды бір-біріне қосып, жамбасты белтемір кермесіне барынша жақындату (1-4). Бүгілген дене белтемір кермесіне тигеннен кейін мына қимылдар жасалуы тиіс: құрсақ бұлшықеттерін босатпай, кермеге «жату» және басты ептеп артқа жіберіп, қолдарды түзулеп, лезде денені жазу, сондай-ақ белдің, бөксенің, аяқтың еттерін босатпай, таяныштың дұрыс қалпын сақтау.



Асылудан күш сала таянышқа айналым жасай көтерілу: 1-4 – тартылу және бүгілген дененің кермеге жақындай сәті; 5-7 – дененің кермеге жанасу сәті және аяқтармен аударылу қозғалысын орындау – таянышқа шығу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   83




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет