Кермеге тартылу жаттығулары. Керменің үстіне айналып шығу. Бұл қолдың күшін дамытатын, қарын және аяқ бұлшық еттерін нығайтатын аса тиімді жаттығу. Жаттығуды орындау техникасы мынадай:
- кермеге асылып, денені түзулеп жазу;
- жоғары тартылып, денені ию арқылы жамбасты турникке жақындату;
- денені одан әрі ие отырып, ішті турникке тигізе асып түсу;
- қолдың көмегімен кеудені көтере тез түзеліп, аяқты керме бағандарынан алыс ұстау.
Бұл жаттығуды жақсы игеріп алу үшін мына қимылдарды орындап үйрену керек:
- кермеден ұстап, тартылу;
- керменің үстіне айналып шығуды орындау;
- денені кермеден асыру қимылын меңгеруге көмегін тигізетін дайындық жаттығуларын орындау.
Асылудан күш сала таянышқа айналым жасай көтерілу: 1-4 – тартылу және бүгілген дененің кермеге жақындай сәті; 5-7 – дененің кермеге жанасу сәті және аяқтармен аударылу қозғалысын орындау – таянышқа шығу.
Достарыңызбен бөлісу: |