Лекция №1 Лекцияның тақырыбы : т iл бiлiмi және оның салалары



бет9/50
Дата12.12.2022
өлшемі221.83 Kb.
#467061
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   50
Лекция №1 Лекцияны та ырыбы т iл бiлiмi ж не оны салалары

Бақылау сұрақтары:
1. Дауыссыз дыбыстарға қандай белгілер тән?
2. Дыбыстардың үн мен салдырдың қатысына қарай түрлерiн атаңыз.
3. Дыбыстар акустика-артикуляциялық жағынан қалай жiктеледі?
4. Аффрикат дыбыстар дегеніміз не?
5. Дауыссыз дыбыстардың сөз iшiнде қолданылу ерекшелiктерi қандай?


Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары: Фонетикалық құбылыстардың әдеби тілдегі көрінісі (эссе).
Қажетті әдебиеттер
1. А.Байтұрсынов. Тiл тағылымы. А., 1992, 325-б.

  1. М.Серғалиев. Қазақ тiлi. А., 1992.

  2. С.Мырзабеков. Қазақ тiлiнiң дыбыс жүйесi. А., 1999,

28-40 б.
К.Аханов. Тiл бiлiмiнiң негiздерi. А.,1991.


Лекция №6
Лекцияның тақырыбы: Дыбыстардың өзгеруi мен үндесуi
Лекцияның мақсаты: Дыбыстардың үндесу заңдылықтары жайлы мағлұмат беру.
Лекцияның жоспары:
1. Үндестiк заңы туралы түсiнiк

  1. Сингармонизм, оның түрлерi

  2. Ассимиляция, оның түрлерi.

  3. Аккомодация, оған тән ерекшелiктер

Лекцияның мазмұны
Адамның тiлi – дыбыстық тiл. Адам өз ойын дыбыстардың тiркесi арқылы бiлдiредi. Дыбыстардың тiрке-сiнде әр тiлдiң өзiнде ғана болатын заңдылықтары болады.
Тiл дыбыстары сөз iшiнде өмiр сүретiн болғандықтан сөздер аралығындағы дыбыстар бiр-бiрiне әсер етiп, акустика-артикуляциялық жағынан үнемi бiр-бiрiмен үндесiп, өзгерiп отырады. Мәселен, қазiргi қазақ тiлiнде түбiр мен қосымшаның аралығында қатар келген буындар мен дыбыстардың өзара үйлесiмi жайлы мынадай үндестiк заңы бар:
1. Түбiрдiң соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымшалар да жуан болады: жұмысшы+лар, оқушы+лар, бала+лар, жиналыс+қа т.б.
2. Түбiрдiң соңғы буыны жiңiшке болса, оған жалғанатын қосымшалар да жiңiшке болады.
3. Түбiрдiң соңғы дыбысы дауысты немесе үндi дыбысқа бiтсе, қосымша ұяң немесе үндiден басталады.
4. Түбiрдiң соңғы дыбысы ұяң болса, оған жалғанатын қосымша да ұяңнан басталады.
5. Түбiрдiң соңғы дыбысы қатаң болса, оған жалғанатын қосымша да қатаңнан басталады.
Бұл – қосымшаның жалғануына байланысты қолданы-латын заңдылық. Дыбыстардың үндесуi – фонетикадағы ең өзектi мәселе. Сондықтан дыбыстарды сан және сапа жағынан ажыратып, олардың үндесу заңдылығын айқындай бiлу қажет.
Қысқаша айтқанда, морфемалардың бiрыңғай жуан немесе жiңiшке буынды болып және олардың аралығында қатар келген дыбыстардың бiрiне-бiрi акустика-артикуля-циялық жақтан бейiмделiп, үйлесiп тұруын дыбыстардың үндесуi немесе үндестiк заңы деп атаймыз.
Дауысты дыбыстардың өзара үндесуiн сингармонизм деймiз.
Сингармонизм – грек тiлiнiң syn- “бiрге” және harmonia ''байланысу’' деген сөзiнен алынған. Сингармонизм – түркi тiлдерiне аса тән заңдылық. Осы уақытқа дейiн сингармонизм дауысты дыбыстардың үндесуi немесе буын үндестiгi делiнiп келдi.
Ә.Жүнiсбеков өз зерттеулерiнде түркологияда сингармо-низм туралы ертелi-кеш айтылатын пiкiрлердi елеп-екшеп, нақты қорытындыға келдi. Атап айтқанда:
Сингармонизмнiң басты фонологиялық қызметi-қазақ сөзiнiң өн бойында бiркелкi тембрдiң (фр. Tembre – дыбыстың бояуы) сақталуында. Бұлай болмаған жағдайда сөз құлаққа жағымсыз естiлiп, қабылдауды, түсiнудi қиындатады.
Сингармонизм екi түрде ұшырасады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет