Лекцияның тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар
Лекцияның жоспары:
1. Дауыссыз дыбыстар, олардың құрамы
2. Дыбыстардың үн мен салдырдың қатысына қарай түрлерi
3. Дыбыстардың акустика-артикуляциялық жағынан жiктелуi
4. Аффрикат дыбыстар
5. Дауыссыз дыбыстардың сөз iшiнде қолданылу ерекшелiктерi
Лекцияның мазмұны
Қазiргi қазақ тiлiнде 25 дауыссыз дыбыс бар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ф, х, ц, ч, ш, щ. Мұның iшiнде у дыбысы бiрде дауысты, бiрде дауыссыз болады. Ал в, ф, х, ц, ч қазақ тiлiне орыс тiлi арқылы енген дыбыстар. П.М.Мелиоранский қазақ тiлiндегi л дыбысының жiңiшке түрi бар, ч дыбысын қазақтың байырғы дыбысы деп есептедi. Бұл дұрыс емес. Өйткенi қазақ тiлiнде жуан-жiңiшкелiк белгi тек дауыстыларда ғана болады, ал ч тек диалект сөздердiң құрамында ғана кездеседi. Ол әдеби нормаға жатпайды. Сондықтан оны қазақтың төл дыбысы деуге болмайды.
Тiлдегi бар дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдың қатысына қарай үш түрге бөлiнедi:
Қатаң дауыссыздар: п, т, к, ф, с, ш, щ, қ, ч, ц, х, ?;
Ұяң дауыссыздар: б, в, г, ғ, д, ж, з;
Үндi дауыссыздар: л, м, н, ң, р, у, й.
Қатаң дауыссыздар тек салдырдан жасалады, ұяң дауыссыздар үн мен салдырдың қатысымен жасалады, бiрақ үнге қарағанда салдыр басым. Ал үндi дауыссыздар үн мен салдырдың қатысымен жасалады, бiрақ мұнда үн басым болады.
Үндi дауыссыздардың iшiндегi л фонемасын айтқанда тiлдiң ұшы альвеолға тиiп, ауа тiлдiң екi жағын ала шығады. Сондықтан оны латераль (бүйiр) фонема деп атайды. Ал р дыбысын айтқанда тiл альвеолға нық тиедi де, ауа қарқынды шығады. Тiл дiрiлден жасалғандықтан, мұны вибрациялық (дiрiл) фонема деймiз. И фонемасын айтқанда тiл таңдайға жуықтайды. Ал у фонемасы ерiннiң сүйiрленуiнен жасалады. Жалпы бұл төрт фонеманы (р,л,й,у) ауыз жолды үндiлер деп атаймыз. Өйткенi ауа ауыз қуысынан шығады.
Ал м,н, ң үндi дауыссыздары - мұрын жолды дауыссыз дыбыс. Олай дейтiнiмiз, бұл дыбыстарды айтқанда ауа мұрын жолы арқылы өтедi. Н тiл ұшының таңдайға тиюiнен , м ерiннiң жымдасуынан, ал ң тiл артының таңдайға тиюiнен жасалады.
Жасалу орнына қарай дауыссыз дыбыстарды тiл ұшы (альвеоляр), тiс (денталь), тiс-ерiндiк (лабио-денталь), тiл алды (палаталь), ерiндiк (лабиаль), қос ерiндiк (билабиаль), тiл ортасы (препалаталь), тiл арты (веляр), көмей дыбыстары (фарингаль) деп бiрнеше түрге бөлемiз.
Тiл ұшы дыбыстарын айтқанда тiл ұшы жоғары көтерiлiп, таңдайға тиедi. Тiл ортасы дыбыстарын айтқанда тiлдiң орта белi жоғары көтерiледi, ал тiл арты дыбыстарын айтқанда тiлдiң артқы бөлiгi қимылдап, тiл артқа қарай жиырылады. Екi тiстiң жымдасуынан тiс дыбыстары, ал астыңғы ерiн мен үстiңгi күрек тiстiң жымдасуы арқылы лабиоденталь, қос ерiннiң жымдасуынан қос ерiндiк дыбыстар жасалады.
К.Аханов тiлдегi дыбыстарды жасалу орнына қарай төмендегiше топтастырады:
Аьвеоляр: н, л, ч;
Палаталь: р, ш, ж, й;
Препалаталь: к, г;
Веляр: қ, ғ, ң, х;
Көмей: ?;
Билабиаль: м, б, п, у;
Лабиоденталь: ф, в;
Денталь: т, с, з, д, ц.
С. Мырзабеков дауыссыз дыбыстардың төмендегiше классификациясын көрсетедi:
Ерiндiк (лабиаль) дыбыстар: п, б, в, ф, м, у;
Тiл (лингваль) дыбыстары:
а) тiл алды: т, д, с, з, ш, ж, ц, ч, н, л, р;
ә) тiл ортасы: й;
б) тiл арты: г, ғ, к, қ, ң, х.
Көмей (фарингаль) дауыссызы: ?.
Қазiргi қазақ тiлiнде осы соңғы классификация мақұлданып жүр. Жасалу жолына қарай дауыссыздарды шұғыл және ызың дауыссыздар деп екi топқа бөлемiз. Бұл топқа соңғы кезде үндi дауыссыз дыбыстар да ендiрiлiп жүр:
Шұғыл дауыссыздар: б, п, д, т, г, к, қ, ч, ц, м, н, ң;
Ызың дауыссыздар: ш, ж, с, з, ғ, ?, в, ф, х, л, й, у.
Дiрiл дауыссызы: р.
Дауыссыз фонемалардың сөз iшiнде кездесуi бiркелкi емес. Сөз iшiнде кездесу ыңғайына қарай қазақ тiлi дауыссыздарын шартты түрде мынадай топқа бөлуге болады:
а) сөздiң барлық шенiнде (басында да, ортасында да, соңында да) кездесе беретiн дауыссыздар: с, ш, т, к, қ, м, з, ж, н, (у);
Қазақ әдеби тiлiне тыңнан енген: ф, х, ч, ц тәрiздi дыбыстар да сөздiң барлық позициясында кездесе бередi; ж дыбысы сөз соңында сирек кездеседi, ? дыбысымен келетiн сөздердiң саны тым аз.
ә) сөз соңында кездеспейтiн дауыссыздар: б, д, г, ғ, в;
б) сөз басында кездеспейтiн дауыссыздар: ң, й;
в) байырғы сөздердiң бас позициясында сирек кездесетiн фонемалар: п, л, р.
Достарыңызбен бөлісу: |