Лекция №1 Лекцияның тақырыбы : т iл бiлiмi және оның салалары



бет6/50
Дата12.12.2022
өлшемі221.83 Kb.
#467061
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Лекция №1 Лекцияны та ырыбы т iл бiлiмi ж не оны салалары

Бақылау сұрақтары:
1. Фонетиканың зерттеу обьектiс не ?
2. Фонетиканың қандай салалары бар?
3. Дыбыс дегеніміз не?
4. Дыбыстау мүшелерi қандай қызмет атқарады?
Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары: Әдеби тіл және ұлттық мәдениет (кейс).
Қажетті әдебиеттер
1. А.Байтұрсынов. Тiл тағылымы. А., 1992, 325-б.
2. М.Серғалиев. Қазақ тiлi. А., 1992.
3. С.Мырзабеков. Қазақ тiлiнiң дыбыс жүйесi. А.,1999, 28-40 б.
4. К.Аханов. Тiл бiлiмiнiң негiздерi. А.,1991.


Лекция №4
Лекцияның тақырыбы: Тiл дыбыстары
Лекцияның мақсаты: Тіл дыбыстарының жасалуы, жіктелуі жайлы мағлұмат беру.
Лекцияның жоспары:
1. Тiл дыбыстары және олардың түрлерi
2. Тiл дыбыстарына тән белгiлер
3. Дауысты дыбыстар, олардың зерттелуi.
4. Дауысты дыбыстардың жiктелуi.
5. Дауысты дыбыстардың қолданылу ерекшелiктерi.


Лекцияның мазмұны
Тiл – тiлдiң барлығында дыбыстар дауысты және дауыссыз болып екiге бөлiнедi. Бұл ерте кезден қалыптасып келе жатқан дағды.
Тiл дыбыстарын бұлай топтастырғанда, олардың акустикалық жақтары мен физиологиялық жақтары есепке алынады. Акустикалық тұрғыдан қарағанда дауыстылар мен дауыссыздарды бiр-бiрiнен ажырату үн мен салдырға негiзделедi.
Физиологиялық тұрғыдан алып қарағанда, дауыстыларды айту кезiнде фонациялық ауа:

    1. кедергiге ұшырамай, тосақауылсыз, еркiн шығады;

    2. дыбыстау мүшелерiне күш түспей, оның қалпы жайдары болады;

    3. фонациялық ауа баяу шығады.

Тiлдегi дыбыстарға мынадай белгiлер тән:

  1. Дауыстылар тоннан жасалды, мұнда салдырдың қатысы елеусiз болады, ал дауыссыз дыбыстарда салдыр басым болады.

  2. Дауыстыларды айтқан кезде ауа кедергiсiз, қарқынсыз шығады, оған дыбыстау мүшелерiнiң барлығы қатысады. Мысалы, а дыбысын айтқанда дауыс шымылдығы дiрiлдейдi, тiл артқа тартылады, жақ кең ашылып, ерiн екi жаққа қарай керiлiп айтылады. Ал дауыссыз дыбыстар фонациялық ауаның кедергiге ұшырауынан жасалады.

  3. Дауыстылар буын құрайды, ал дауыссыздар буын құрай алмайды.

  4. Дауыстыларға екпiн түседi, дауыссыздарға екпiн түспейдi.

  5. Дауыстылар дауыстап созып айтуға келедi.

  6. Дауыстылардың дауыссыздарға ықпалы күштi болады. Мәселен, от, ат, өт, ет деген сөздердегi т фонемасы дауыстылардың әсерiнен төрт түрлi айтылады. Мұндай құбылысты доп-добы, ақ ешкi-ағ ешкi секiлдi мысалдардан да байқауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет