Лекция 1 Өсімдіктер экологиясының Ғылым ретінде қалыптасу тарихы. ӨСімдіктер экологиясы пәНІ


Өсімдік денесіндегі барлық биохимиялық реакциялар сулы ортада



Pdf көрінісі
бет11/25
Дата12.02.2023
өлшемі0.52 Mb.
#469441
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25
Лекция 1 сімдіктер экологиясыны ылым ретінде алыптасу тарихы

Өсімдік денесіндегі барлық биохимиялық реакциялар сулы ортада 
ж‰реді. Барлық қоректік заттардың тасымалдаушысы. 
Өсімдікті жеткілікті ылғалмен қамтамасыз ету – экологияның басты 
міндеті (əрине олардың өсу ортасына байланысты).
Су өсімдігінің өсуін, яғни олардың клеткаларының созылуын 
қамтамасыз етеді, клетка көлемі ұлғаяды, керісінше, судың аздығы 
клеткалардың созылуын тоқтатады, немесе баяулатады.
Тургорлық жағдайдың өзгеруіне байланысты сабақтың көлденең 
кесіндісі үлкейіп болмаса кішірейеді. Сондықтан өсімдіктің көлем (мөлшер) 
жағдайынан өсуі тек түнде жүреді. Жеткілікті ылғалға немесе оның аздығына 
ең тез жауап беруші ол өсімдіктегі ассимиляциялық құбылыстағы 
органикалық заттардың түзілуі. Ылғалмен қамтамасыз етуге орай өсімдіктің 
сырт пішіні, көлемі, тіршілікті бейнесі, өсу бағыты, анатомиялық құрылысы, 
аймақтық таралуы жəне т.б. ерекшеліктері өзгереді.
Сондықтан өсімдік денесіндегі судың жеткілікті ғана болуы емес, оның 
атмосферадағы жəне топырақтағы жағдайына байланысты. Өсімдік суды 
сұйық күйінде пайдаланады.
Сулы ортаның бірқатар экологиялық ерекшеліктері. 
16.Судағы 
еріген 
газдардың 
пропорциясы 
атмосферамен 
салыстырғанда біршама өзгеше, мысалы, 1 л суда ауаның мөлшері 20-25 
см
3
,1 л атмосферадағы 40 см
3
артық емес су буы болады. Судағы газ 
ерітіндісі көпшілік жағдайда оның температурасынан жəне тұздың құрамына 
да байланысты. 
17.Сулы ортадағы жылдық жəне тəулік температурасының ауытқуы 
оның ауадағы ауытқуынан анағұрлым аз. Сондықтан ондағы жылулық реті 
біршама 
тұрақтылықпен 
ерекшеленеді. 
Сулы 
ортадағы 
жылдық 
температураның деңгейі жыл мерзіміне тік бағыттағы су қабаттарының орын 
ауыстыруына байланысты. Мысалы, судың 30 м тереңдіктегі немесе онан да 
тереңдегі оның жыл бойындағы деңгейі 4-5
0
C ғана. Сулы ортадағы 
өсімдіктердің жылулық мүмкіншілігі (температуралық диапозон) 3,3
0

ыстық қайнарларда +85+93
0
C. Ал жер бетіндегі тіршілік ететін (өсетін) 
өсімдіктер үшін Верхоянске -68,7
0
C, ал солтүстік жағдайында Fucus -20
0

дейінгі суыққа шыдайды.
18.Сулы ортада жарықтың пəрменділігі мейлінше төмен, мысалы теңіз 
суарындағы жарықтың ену тереңдігі 1000-1700 м, ал тұщы суларда 
жарықтың ену тереңдігі төмендеу болады. Мына төмендегі мысалда əртүрлі 
су қоймаларындағы жарықтың ену тереңдігі келтіріледі: Женева көлі 200-
240, Саргасса теңізінде – 66,5, Қара теңізде - 20, Ақ теңізде-81, Жерорта 
теңізінде – 30, Балтық теңізінде - 13, тұщы сулы ортада - 10, биік таулы 
көлдерде – 16-20 м. 


19. Сулы ортада өсетін өсімдіктер үшін ең маңызды факторлардың бірі, 
ол ауамен салыстырғанда су тығыздығының жоғарлылығы. Сонымен бірге 
оның əсерлік деңгейі тұзды суда басым, ал тұщы суда төмен.
20. Сулы ортаның өсімдіктер үшін тағы бір маңызды факторының бірі, 
ол судың қозғалмалылығы, яғни судың тасуы, жағадан шығуы немесе судың 
кері қайтуы, оның толқындануы, қысымы жəне өсімдіктерді оттегімен 
қоректік заттармен қамтамасыз етуі. 
21. Сулы ортадағы ендігі мəнді фактор – судағы еріген минералды əне 
органикалық заттар, осыған байланысты рН деңгейі: қышқылды немесе 
сілтілі көрсеткішті болуы. Өсімдік үшін маңыздысы ол сулы ортаның 
тұздылығы. 1 кг тұздың судағы тұздық пайызы % (ерігенде) = S % 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет