Лекция 1 Өсімдіктер экологиясының Ғылым ретінде қалыптасу тарихы. ӨСімдіктер экологиясы пәНІ



Pdf көрінісі
бет13/25
Дата12.02.2023
өлшемі0.52 Mb.
#469441
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25
Лекция 1 сімдіктер экологиясыны ылым ретінде алыптасу тарихы

ЛЕКЦИЯ 7. 
СУ 
РЕЖИМІНЕ 
ҚАРАЙ 
ТҮРЛЕРДІҢ 
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ 
ТОПТАРЫ. КСЕРОМОРФТЫ ҚҰРЫЛЫМНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
ЖƏНЕ ОНЫҢ МАҢЫЗЫ. ЗАЛЕНСКИЙ ЗАҢЫ. 
 
Экологиялық топтарды әдетте ортаның форма т‰зетін және 
физиологиялық маңызы бар, бейімделуін тудыра алатын факторына 
байланысты бөледі.
Ылғалға байланысты өсімдіктердің мынандай негізгі топтарын 
ажыратады: 1. ксерофиттер, 2 мезофиттер, 3. гигрофиттер, 4. гидрофиттер. 
Ксерофиттер (гр. Ксерос - құрғақ, фитон - өсімдік) тобы тұрақты немесе 
толқынды су тапшылығына ұшырайын өсімдіктер тобы. Қазақстан жері 
басым көпшілігі шөлді, жартылай шөлді жəне далалы аймақ болғандықтан 
өсімдік жабынын құрайтын өсімдіктердің басым түрлері ксерофиттерге 
сипатты. Ксерофиттердің морфологиялық жəне анатомиялық ерекшеліктері: 
ксерофитті өсімдіктер морфологиялық тұрғыдан бұталы, жартылай бұталы, 
бұташықты, көпжылдық, бір жылдық шөптесін тіршілікті формалы болып 
кездеседі. Өркендер жүйесі жақсы бұтақталған, жапырақтары майда, 
қабыршақты, ал астық тұқымдас өкілдерінің жапырақтары түтік тəрізді 
ширатылған, қасаңды болып қалыптасады. Сабақтары көпшілік жағдайда 
сүректі, қасаң, қатты болады. Тамыр жүйелері екі түрлі болып қалыптасады: 
біріншісі жақсы тармақталған, топырақтың ылғалы мол қабатына таралған
тереңдігі топырақ бетінің ылғалды қабатына ғана орналасқан өсімдіктер, 
екіншісі негізгі тамыры аз тарамдалып, мейлінше терең – он мертден аса, жер 
асты суына жақын ызалы қабатқа дейін жететін өсімдіктер. 
Енді осы екі топтың аралығында мына төмендегідей түрлерін бөліп 
қарастыруға болады:
а) тамыр жүйелері топырақ бетіне жақын орналасқан өсімдіктер 
(ксерофиттер); 
б) тамырлар жүйесі біршама терең орналасқан өсімдіктер (ксерофиттер); 
в) тамыр жүйесі жерасты суына жетіп барып тоқтайтын ксерофиттер; 
г) жерге терең енетін, пəрменді тарамдалған.
Тамыр ж‰йелері топырақ бетіне жақын таралған ксерофиттердің көктеу 
мерзімі барынша қысқа, ерте көктемде жерде ылғал мол уақытта өздерінің 
даму циклын аяқтайды. Топырақта немесе ксерофиттердің өсу ортасы 
неғұрлым ылғал жетіспеушілікте болса, тамырдағы осмостық қысым жоғары 
болады. Шамамен щөлді, шөлейт, далалы аймақтардағы өсімдіктердің 
осмостық қысымы 60-80 амт.шамасында болады. Ксерофильді өсімдіктер 
жапырақтарындағы жоғарғы осмостық қысым тамырдың сорушы к‰шінің 
‰лкен мәнді екендігінің дәлелі. Бұл жағдай ксерофиттердің өздерін судың 
жеткілікті қамтамасыздануына жақсы бейімделгендігін көрсетеді. 
Ксерофиттердің сабақтары мен жапырақтарындағы өткізгіш ұлпаның 
жақсы дамығандығын анықтайды. Ксерофиттер жапырағындағы жүйкелердің 
мезофиттерге қарағанда жиі жəне біршама ұзын болатындығы анықталған. 
Ксерофиттердің транспирациялық қабілеті мезофиттермен салыстырғанда 


жоғары, устьице кешендерінің бір өлшем бірлігіндегі (1мм
2
) саны көп 
болатындығы дəлелденген. Жапырақ тақтасы майда, немесе жақсы 
жетілмеген, болмаса ылғалы жеткіліксіз ыстықта жапырақтарын тастайды 
(төгіліп қалады). Көптеген табиғи астық тұқымдас өкілдерінің жапырақтары 
түтік тəрізді ширатылады немесе шеттері (жиектері) қайырылады. 
Эпидермисі қалың кутикалалы, кей жағдайда эпидермисі көп қатарлы, 
жапырақ тақтасы етженді, қалың, беті жылтыр болады. Инсоляция қарқынды 
жағдайда жапырақ беті қалың, киіз түкті (өзара шатасқан) сұр немесе ақшыл 
түсті, балауызды болып қалыптасады.
Ксерофиттердің ұлпаларын түзуші клеткалары майда, клеткааралықсыз, 
тығыз орналасқан. Жапырақтарының мезофилі изолатеральды типті, ондағы 
борпылдақ паренхима əлсіз, устьице кешендері тек төменгі эпидермисте
олар эпидермиске көміле (оның деңгейінен төмен) орналасқан. 
Ксерофиттердің сабақтарындағы арқаулық ұлпалар (колленхима мен 
склеренхима) жақсы жетілген, паренхималарының сүректенуі жоғарғы 
деңгейлі, діңдік мүшелерінің паренхималануы төменгі деңгейлі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет