Лекция 1 Өсімдіктер экологиясының Ғылым ретінде қалыптасу тарихы. ӨСімдіктер экологиясы пәНІ



Pdf көрінісі
бет14/25
Дата12.02.2023
өлшемі0.52 Mb.
#469441
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25
Лекция 1 сімдіктер экологиясыны ылым ретінде алыптасу тарихы

Мезофиттер деп – ылғалы жеткілікті әрі бірқалыпты болып келетін 
жерлерде өмір с‰ретін өсімдіктерді айтады. Мезофиттер (грекше “мезос! –
орташа д.м.б.) –орташа ылғалдық жағдайында тіршілік ететін өсімдіктер. 
Бұған қоңыржай аймақтың жапырағын т‰сіретін ағаштары мен бұталары: 
шалғын және орман шөптесін өсімдіктерінің басым көпшілігі (қызылбас 
беде, шалғын атқонағы, меруертг‰л, сныть), егістік дақылдардан –қатты 
және жұмсақ бидайдың басым көпшілігі, ж‰гері, сулы асбұршақ, 
қытайбұршақ ,қант қызылшасы, кенепшөп, бидай, ж‰зім, жемістік 
дақылдардың пістеден басқасының бәрі; көк-өніс дақылдарының көпшілігі; 
сәбіз, қызанақ,қырыққабат т.б. жатады. 
Мезофиттер өздерінің сулық режимдеріне қарай ксерофиттер мен 
гигрофиттердің аралық жағдайы болып саналады. Бұл топқа алдымен біздің 
жапырақты ағашты породаларды, көптеген біздің шалғындық және 
ормандық шөптесін өсімдіктерді, арамшөптерді, көптеген мәдени 
өсімдіктерді жатқызамыз.
Осы топқа жататын оңт‰стік тайганың қылқанжапырақты өсімдіктерінің 
ұлпаларында судың жоғары құрылымы бар (%) бутақты борда-66,7; вейник 
наземныйда 67,3; алтын шыбықта 77,1; б‰лдіргенде –72,9; голокучник
Линнеяда-72,2. Б‰лдіргенмен голокучник Линния суды айрықша қарқынмен 
береді. Барлық осы өсімдіктер су алмасуды нашар бақылайды, ылғаол 
ауысуды қатты сезінеді. Олардың сулық байланысы табиғи жағдайда жақсы 
болсада бұлардың бәрі гидролабильді т‰рлер.
Мезофиттер біртуыстық экологиялық топ болмағандықтан, А.Р. 
Шенников 
оларды 
келесі 
варианттармен 
айырады.: 
типтік 
мезофиттер,ксеромезофиттер (ксерофитке жақындайды), гигромезофиттер 
(гигроморфтық құрылымның белгілері бар) психромезофиттер және т.б. Бұл 
варианттар бір-бірінен тіршілік ету ортасындағы ылғалменде ерекшеленеді. 
Типтік мезофиттерге мысал ретінде шалғындық шөптерді келтіруге болады: 


шалғын тимофеевкасы, қызыл жоңышқа, шалғындық сұлы және т.б; 
құрғақтау жерлерге ксеромезофиттер өседі, мысалы, шалғындық мятлик, 
орақ тәрізді жоңышқа және т.б. және шалғындық гигромезофитке мысал 
ретінде шалғын т‰лкі құйрығын айтуға болады. Мезофиттердің осмостық 
қысымы гигрофиттерден жоғары, бірақ, ксерофиттерден төмен, сондықтанда 
олар гигрофиттерден жай, бірақ ксерофиттерден тез солады. 
Мезофиттердің массалық таралуын әр т‰рлі климаттық зоналардан 
бақылауға болады, А.П. Шенников (1950) мезофиттерді 5-топ тармағына 
бөледі.
1. Мәңгі жасыл мезофиттер - ылғалды тропикалық ормандарда негізінен 
ағаштар 
және 
бұталар; 
тропикалық 
ормандардың 
эпифиттері 
ксеромезофиттердің немесе гигромезофиттердің топ тпрмағына жатады, олар 
өте өзгермелі, ағаштардың ұшар бастарына байланысты жағдайда тіршілік 
етеді. 
2. Қыстық жасыл ағашты мезофиттер – бұларда тропикалық және 
субтропикалық зоналардың т‰рі; олар құрғақ жаз кезінде (саваннада) 
жапырақтарын тастап, тыныштыққа енеді, яғни құрғақшылықтан “кетеді”. 
Шимпер (Schimrer, 1898 оларды “тропофиттер”) деп атады, яғни ‰зілісті 
ылғалдылықтың өсімдігі деді. 
3. Жаздық жасыл ағашты мезофиттер қоңыржай зоналардың ағаштары 
және бұталары; жылдың суық мезгілінде жапырақтарын тастап, тыныштыққа 
енеді. Әрине, бұлардың арасында біркелкілік жоқ. Мысалы: емен жөкеге 
қарағанда көп жағынан ксеромезофит және т.б. Айта кету керек тасталынған 
жапырақөтар-қысқы буланудан толық қорған бола алмайды, қыстада 
ағаштар ылғалын булайды. Қысқы буланудан біздің оңт‰стік жаздық жасыл 
пародалар нашар қорғалған, сондықтанда болар олардың солт‰стікке 
қозғалуы тежеліп отырады; 
4. Жаздық жасыл көпжылдық шөптесін мезофиттер – біздің 
ормандардың өсімдіктері, шалғындық және солт‰стік даланың өсімдіктері, 
қыста құрап қалатын жерасты бөліктері, хамефиттер, гемикриптофиттер. 
5. Эфемерлер және эфемероидтар –бұл өсімдіктер аридтік жағдайда 
қысқа ылғалыд кезеңді пайдаланады және көбінесе вегетациясын құрғақ 
мезгілде тоқтатады. Біздің шөл дала эфемерлермен эфемероидтарға бай. Бұл 
өсімдіктерге ксероморфдың типтік қатысы тән, бірақ олардың ұрықтары 
қатты құрғап кетуді және жоғарғы температураны тасымалдай алады. 
Олардың жапырақтары төмен тығыздалған, фотосинтез қарқындылығы 
жоғары және сондықтан қысқа мезгілді ылғ,алды (периот) аралығында бұл 
өсімдіктер тез ассимиляциялануға бейім. Оңт‰стік африкалық шөлде,.
Мысалы папоротниктердің т‰рлері бар, олар қуаңшылық кезеңде құрғақ ауа 
массасына дейін құрап, осы к‰йінде бес жылғы дейін сақталады. Аздаған 
жаңбырдың т‰суімен-ақ (10-мм-ге дейін) олар тіршілік функцияларын 
орнына келтіріп алады. Бірақ бұл т‰рлерде ксеромфоздың “класикалдық” 
белгілері жоқ. Ерте көктемдегі эфамороидтар кең жапырақты ормандардың 
қоңыржай зонасында қысқа жарықты периодты пайдаланады. Шөлді 
эфемерлер эфемероидтардың мезофиттер тобына жатқызуға көптеген 


авторлар қарсы, олар бұлардың ксерофиттерге жатқызуды жөн көреді. Бұл 
т‰рлерде мезоморфтық құрылымның белгісі болсада, олар мезофиттерден 
бөлінеді. Ең құрығанда транспирация қарқындылығымен және тұқымының 
құрғақ және ыстық устағыштықтарымен ерекшеленеді деп т‰сіндіреді. Емен 
орманының 
көктемгі 
эфемероидтары 
транспирацияның 
жоғарғы 
қарқындылығымен ерекшеленеді, бұл шөл өсімдіктеріне тән еместігін 
көрсетеді, олардың транспирациясы сол емен орманының жаздық шөптесін 
өсімдіктерінің транспирациясын жоғарылатады. Сондықтан, эфемерлер және 
эфемероидтарды ерекше топ ретінде қараған дұрыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет