Лекция №1 ҚР-да педиатриялық қызметті ұйымдастыру



бет17/28
Дата16.04.2024
өлшемі182.01 Kb.
#498790
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28
Лекция №1 Р-да педиатриялы ызметті йымдастыру

Жіті гломерулонефрит



  1. Жіті гломерулонефритте не қабынады?

А. Несеп шығаратын канал
В. Бүйрек шумақтары
С. Несепағары
D. Бүйректің астаушы-тостағанша жүйесі
Е. Қуық

  1. Жедел гломерулонефриттің этиологиясы:

А. β-гемолитикалық стрептококк А тобы
В. Диплококк
С. Микобактерия
D. Радиация
Е. Онковирус

  1. Жіті гломерулонефрит қандай аурулардан кейін дамуы мүмкін?

А. Желшешек
В. Уретрит
С. Ангина
D. Цистит
Е. Вульвит

  1. Жіті гломерулонефриттің клиникалық белгілері және зертханалық өзгерістері:

А. Ісіну, гипертензия, олигоурия, протеинурия, гематурия
В. Полидипсия, полифагия, полиурия, глюкозурия
С. Іштің ауруы, энурез, никтурия
D. Пастернацкий симптомы оң, дизурия, лейкоцитурия, бактериурия
Е. Дизурия, кальциурия, фосфатурия

  1. Ісіну, гипертензия, олигоурия, гематурия симптомдары қандай ауруға тән?

А. Созылмалы уретрит
В. Жіті пиелонефрит
С. Геморрагиялық цистит
D. Несептасты ауру
Е. Жіті гломерулонефрит

  1. Жіті гломерулонефриттегі несеп өзгерістері:

А. Лейкоцитурия, бактериурия
В. Глюкозурия, кетонурия
С. Фосфатурия, кальциурия
D. Гематурия, протеинурия

Е. Билирубинурия, уробилиногенурия


  1. Жіті гломерулонефриттің симптомы:

А. Энурез
В. Никтурия
С. Олигоурия
D. Полиурия
Е. Дизурия

  1. Олигоурия дегеніміз:

А. Тәуліктік диурездің көбеюі
В. Несеп түзілуінің тоқтауы
С. Несептің жиі бөлінуі, ауырсыну
D. Тәуліктік диурездің азаюы
Е. Несебін тоқтатып ұстай алмау

  1. Барлық денеге жайылған жаппай ісіну:

А. Квинке ісігі
В. Гидроперикард
С. Гидроторакс
D. Асцит
Е. Анасарка

  1. Жіті гломерулонефритте несептің түсі:

А. Ашық-сары
В. «Ет жуындылары»
С. Ақшыл
D. Қоңыр
Е. Жасыл-сары

  1. «Ет жуындылары» түсті несепте келесілердің мөлшері көп

болғандығынан болады:
А. Бактериялардың
В. Лейкоциттердің
С. Эритроциттердің
D. Цилиндрлердің
Е. Тұздардың

  1. Зимницкий бойынша талдау несептен нені анықтау үшін жүргізіледі?

А. Несептің салыстырмалы тығыздығын
В. Ақуызды
С. Глюкозаны
D. Эритроциттерді
Е. Лейкоциттерді

  1. Жіті гломерулонефрит ауруының асқынуы:

А. Паранефрит.
В. Бүйректегі абцесс
С. Пионефроз
D. Экстрофия
Е. Эклампсия

  1. Жіті гломерулонефритте қандай диета тағайындалады?

А. №10 диета
В. №5 диета
С. №1 диета
D. №7 диета
Е. №9 диета

  1. Жіті гломерулонефритте ісіну кезіңде тағайындалады:

А. Фурагин
В. Фуразолидон
С. Фуросемид
D. Ферамид
Е. Фурадонин

  1. Медбике қыз баланың үйіне барғанда бетінің және аяғының ісінуін байқады. Анасының айтуы бойынша, қыз несеп сирек бөледі және несептің түсі «ет жуындысы» тәрізді. Медбикенің әрекеті:

А. Госпитализация үшін жедел жәрдем шақыру
В. Шұғыл госпитализацияның себебін анасына түсіндіру
С. Анасына ауруханаға не алу қажеттігін түсіндіру
D. Анасына тәуліктік несеп жинауды түсіндіру
Е. Анасына үйде қалуды айту

  1. Бала 6 жаста, медициналық көмекке жүгінді. Жіті аурды, ангинадан кейін дене қызуы 39,00С дейін көтерілді, ісінулер пайда болды. Баланын жалпы жағдайы ауыр, терісі бозарған, жалпы ісінулер. Қан жалпы талдауында: лейкоцитоз, ЭТЖ -44 мм/сағ. Несеп жалпы талдауында: ақуыз -3,8%, эритроциттер -10-15, лейкоциттер -6-8. Қандай ауру туралы айтылған?

А. Жіті гломерулонефрит
В. Жіті пиелонефриті
С. Несеп-тас ауруы
D. Жіті цистит
Е. Созылмалы пиелонефрит

  1. Жіті гломерулонефритпен ауырған баланың диспансерлік бақылауын кім жүргізеді?

А. Жалпы тәжірибе дәрігері (педиатр), гастроэнтеролог
В. Жалпы тәжірибе дәрігері (педиатр), нефролог
С. Жалпы тәжірибе дәрігері (педиатр), гематолог
D. Жалпы тәжірибе дәрігері (педиатр), эндокринолог
Е. Жалпы тәжірибе дәрігері (педиатр), невропатолог




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет