Лекция №1 ҚР-да педиатриялық қызметті ұйымдастыру



бет19/28
Дата16.04.2024
өлшемі182.01 Kb.
#498790
түріЛекция
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   28
Лекция №1 Р-да педиатриялы ызметті йымдастыру

Балалардағы қант диабеті



  1. Қант диабетінде қандай без зақымдалады?

А. Қосқалқанша бездер
В. Ұйқы безі
С. Қалқанша безі
D. Бүйрек үсті бездері
Е. Жыныстық бездері

  1. Қант диабетінде қандай гормонның жетіспеушілігі байқалады?

А. Окситоцин
В. Тироксин
С. Глюкагон
D. Инсулин
Е. Пролактин

  1. Инсулин гормонының физиологиялық маңызы қандай?

А. Жасушалардың глюкозаны пайдалануына әсер етеді
В. Жатырдың жиырылуына әсер етеді
С. Ақуыз алмасуына әсер етеді
D. Фосфор-кальций алмасуын реттейді
Е. Су-тұз алмасуына қатысады

  1. Қант диабетінің себебі:

А. Жіті тонзиллит
В. Жіті бронхит
С. Созылмалы гайморит
D. Катаралдық отит
Е. Эпидемиялық паротит

  1. Полидипсия, полиурия, полифагия, тым жылдам салмақ жоғалту қандай аурудың симптомдары?

А. Семіздік
В. Гипертиреоз
С. Қантсыз диабеті
D. Қант диабеті
Е. Акромегалия

  1. Қант диабет ауруының симптомы:

А. Анурия
В. Дизурия
С. Олигоурия
D. Никтурия
Е. Полиурия

  1. Полидипсия -

А. Тамақты жегісі келеді, қарны аша беру
В. Суды көп ішу
С. Тәуліктік диурездің көбеюі
D. Нәжістің тәулік бойы көп шығуы
Е. Тамақ жегісі келмеуі

  1. Полифагия -

А. Тамақты жегісі келе беру, қарны аша беру
В. Суды көп ішу
С. Тәуліктік диурездің көбеюі
D. Дәм бұрмалануы
Е. Тамақ жегісі келмеуі

  1. Қалыпты жағдайда қандағы глюкоза деңгейі:

А. 8,5 ммоль/л
В. 7,5 ммоль/л
С. 5,5 ммоль/л
D. 2,5 ммоль/л
Е. 3,5 ммоль/л

  1. Қант диабетіндегі қан өзгерісі:

А. Гипергликемия
В. Гиперкальциемия
С. Гиперкалиемия
D. Гиперкапния
Е. Гипербилирубинемия

  1. Қантқа несепті жинайды:

А. Тәулік бойы 3 сағат сайын
В. 3 сағаттық несеп
С. 12 сағат ішінде
D. Таңертең
Е. Тәулік бойы

  1. Қант диабетіндегі несеп өзгерісі:

А. Протеинурия
В. Лейкоцитурия
С. Глюкозурия
D. Гематурия
Е. Бактериурия

  1. Қант диабетінде қандай диета тағайындалады?

А. №7 диета
В. №9 диета
С. №5 диета
D. №10 диета
Е. №15 диета

  1. Қант диабетінде тамақтанудан шектеледі немесе тіпті мүлдем қолданбайды:

А. Конфеттер, шоколадтар
В. Қышқыл сүт тағамдар
С. Қара нан, қарабидай нан
D. Майлы емес ет, балық
Е. Қияр, сәбіз, картоп

  1. Қант диабетінің негізгі емі:

А. Полихимиотерапия
В. Ферментотерапия
С. Антибиотикотерапия
D. Инсулинотерапия
Е. Витаминотерапия

  1. Инсулинді қалай енгізеді?

А. Тері астына
В. Тері ішіне
С. Бұлшықетке
D. Пероральді
Е. Ректальді

  1. Инсулин енгізгеннен кейін науқас баланы тамақтандырады:

А. 1 сағаттан кейін
В. 15-20 минут кейін
С. 30-35 минуттан кейін
D. 40-45 минуттан кейін
Е. 2 сағаттан кейін

  1. Инсулинді мөлшерінен тыс қолданғанда, пайда болатын асқыну:

А. Гипергликемиялық кома
В. Гипоксемиялық кома
С. Тиреотоксикалық кома
D. Уремиялық кома
Е. Гипогликемиялық кома

  1. Қант диабеті ауруының асқынуы:

А. Гипергликемиялық кома
В. Гипокортикоидтық кома
С. Тиреотоксикалық кома
D. Гипоксемиялық кома
Е. Гипотиреоидтық кома

  1. Гипогликемиялық команың себебі:

А. «Қант диабеті» диагнозын кеш кою
В. Инсулинді жеткіліксіз мөлшерде енгізу
С. Эмоционалдық стресс жағдайлары
D. Жарақаттар
Е. Инсулинді шамадан тыс көп енгізіп қою

  1. Гипергликемиялық кома кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек көрсетуде енгізеді:

А. Инсулин
В. Глюкагон
С. Преднизолон
D. Гидрокортизон
Е. Прогестерон

  1. Гипогликемиялық кома кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек көрсетуде енгізеді:

А. 5% глюкоза ерітіндісі
В. 20-40% глюкоза ерітіндісі
С. 5% кальций хлорид ерітіндісі
D. Инсулин
Е. Глюкагон

  1. 9 жасар қыз қант диабетімен ауырады. Таңертең 20 БӘ инсулин енгізді. Инсулин енгізілгеннен кейін мектепке асығып таңғы ас ішпеді. Бірінші сабақта кенеттен тырысу пайда болып, есін жоғалтты. Тері ылғалды, беткей тыныс алу, көзінің қарашығы кеңейтілген, клонико-тоникалық тырысулар.

Сіздің болжамды диагнозыңыз?
А. Гипогликемиялық кома
В. Гипергликемиялық кома
С. Кетоацидотикалық кома
D. Тырыспа синдромы
Е. Ацетонемиялық кома

  1. Қант дибетімен ауырған баланың диспансерлік бақылауын кім жүргізеді?

А. Жалпы тәжірибе дәрігері (педиатр), кардиолог
В. Жалпы тәжірибе дәрігері (педиатр), нефролог
С. Жалпы тәжірибе дәрігері (педиатр), гематолог
D. Жалпы тәжірибе дәрігері (педиатр), эндокринолог
Е. Жалпы тәжірибе дәрігері (педиатр), гастроэнтеролог




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет