Лекция №1 ҚР-да педиатриялық қызметті ұйымдастыру



бет24/28
Дата16.04.2024
өлшемі182.01 Kb.
#498790
түріЛекция
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Лекция №1 Р-да педиатриялы ызметті йымдастыру

Скарлатина



  1. Скарлатина ауруының этиологиясы:

А. Гемолитикалық стафилококк
В. Энтерококк
С. Пневмококк
D. β- гемолитикалық стрептококк А тобы
Е. Диплококк

  1. Скарлатина ауруында инфекция қандай жолмен таралады?

А. Трансплацентарлы
В. Ауа-шаң
С. Парентеральды
D. Ауыз арқылы
Е. Ауа-тамшы

  1. Скарлатина ауруында бөртпе дененің қай бөлігіне шықпайды?

А. Бетке
В. Қол-аяқтарына
С. Денеге
D. Мұрын-ерін суағарына
Е. Тері қыртыстарына

  1. Скарлатина ауруында бөртпе элементтері қандай?

А. Ашық қызғылт ұсақ бөртпе
В. Дақты-папулездік бөртпе
С. Пустулездік бөртпе
D. Геморрагиялық бөртпе
Е. Везикулездік бөртпе

  1. Скарлатина ауруында бөртпе шыққан орында не пайда болады?

А. Тыртық
В. Пигментация
С. Түйін
D. Қабық
Е. Түлеу

  1. Скарлатина ауруының тұрақты симптомы:

А. Ларингит
В. Ангина
С. Конъюктивит
D. Паротит
Е. Стоматит

  1. Скарлатина ауруының клиникалық симптомы:

А. Тері эритемасы
В. Эритродермия
С. Қызыл тұрақты дермографизм
D. Терінің гиперпигментациясы
Е. Ақ тұрақты дермографизм

  1. Скарлатина ауруының асқынуы:

А. Пиелонефрит
В. Пневмония
С. Ревматизм
D. Неврит
Е. Ларингит

  1. Скарлатина ауруында қан және несеп талдауын өткізеді:

А. Ауру басталғаннан кейін 10 күнде
В. Ауру басталғаннан кейін 7 және 14 күнде
С. Ауру басталғаннан кейін 10 және 21 күнде
D. Ауру басталғаннан кейін 21 күнде
Е. Ауру басталғаннан кейін 5 және 10 күнде

  1. Скарлатина ауруын емдеуде қолданылатын дәрі-дәрмектер:

А. Бронхоспазмолитиктер
В. Антибиотиктер
С. Глюкокортикоидтер
D. Антиоксиданттар
Е. Антиметаболиттер

  1. Скарлатина ауруында науқасты қанша күнге оңашалайды?

А. 5 күн
В. 10 күн
С. 7 күн
D. 9 күн
Е. 14 күн

  1. Скарлатина ауруында науқаспен қарым-қатынаста болған 6 жасқа дейінгі балаларға карантин қанша күнге салынады?

А. 21 күн
В. 14 күн
С. 10 күн
D. 9 күн
Е. 7 күн


Қызылша



  1. Қызылша ауруының этиологиясы:

А. Парамиксовирус
В. Герпес вирусы
С. Энтеровирус
D. Аденовирус
Е. Риновирус

  1. Қызылша ауруының инфекция көзі:

А. Сау бактерия таратушылар
В. Сау вирус таратушылар
С. Науқас бала
D. Дағдылы емес формасын ауырған балалар
Е. Үй жануарлары

  1. Қызылша ауруында инфекция қандай жолмен жұғады?

А. Ауа-шаң
В. Трансплацентарлы
С. Қарым-қатынас
D. Ауа-тамшы
Е. Ауыз арқылы

  1. Қызылша ауруының катаралдық кезеңінің клиникалық көрініс:

А. Ангина
В. Энантема
С. Желке лимфа түйіндерінің ұлғаюы
D. Ұстамалы жөтел
Е. Дақты-папулездік бөртпе

  1. Қызылша ауруының катаралдық кезеңінің клиникалық симптомы:

А. Пастернацкий
В. Кернига
С. Бельский-Филатов-Коплик
D. Брудзинский
Е. Труссо

  1. Қызылша ауруында қандай бөртпе шығады?

А. Дақты-папулездік
В. Везикулездік
С. Ашық қызғылт ұсақ
D. Пустулездік
Е. Буллездік
7. Қызылша кезінде байқалатын бөртпені сипаттаңыз:
A. Геморрагиялық
B. Дақты-папулездік
C. Папулезді-везикуледік
D. Уртикарлық
E. Жұлдызды

  1. Қызылша ауруында бөртпелер қалай шығады?

А. Бөртпе бетке, бастың шаш өскен жерлеріне, денеге, қол-аяққа шығады
В. Бөртпе тез жайылып кетеді, тек мұрын-ерін суағары бозарып тұрады
С. Бөртпе 1 күнде – бет, 2 күнде – дене, 3 күнде – қол-аяқ терісіне жайылады
D. Бөртпе бірнеше сағатта денеге және қол-аяққа жайылады
Е. Бөртпе 1 күнде – бет, 2 күнде – дене, қол-аяқ терісіне жайылады

  1. Қызылша ауруының клиникалық көрінісіне жатады:

А. Лимфоаденит
В. Ангина
С. Кератит
D. Конъюктивит
Е. Орхит

  1. Қызылша ауруында бөртпе шыққан орында не пайда болады?

А. Пигментация
В. Қабық
С. Түлеу
D. Лихенификация
Е. Депигментация

  1. Қызылша ауруының асқынуы:

А. Панкреатит
В. Бронх демікпе
С. Фарингит
D. Тонзиллит
Е. Ларинготрахеобронхит

  1. Қызылша ауруының асқынуы:

А. Гломерулонефрит
В. Пневмония
С. Пиодермия
D. Ревматизм
Е. Пиелонефрит

  1. Қызылша ауруының диагностикасында қандай зертханалық зерттеу жүргізеді?

А. Аллергологиялық
В. Бактериологиялық
С. Микологиялық
D. Цитологиялық
Е. Серологиялық

  1. Қызылша ауруында науқасты қанша күнге оңашалайды?

А. Бөртпе шыққаннан кейін 9 күні тоқтатылады
В. Бөртпе шыққаннан кейін 5 күні тоқтатылады
С. Бөртпе шыққаннан кейін 10 күні тоқтатылады
D. Бөртпе шыққаннан кейін 14 күні тоқтатылады
Е. Бөртпе шыққаннан кейін 21 күні тоқтатылады

  1. Қызылша ауруында карантин қанша күнге салынады?

А. 7 күн
В. 14 күн
С. 21 күн
D. 20 күн
Е. 9 күн

  1. «Инфекциялық және паразиттік ауру, улану туралы» шұғыл хабархат медициналық құжаттамасын есепке алу нысаны:

А. №025/е
В. №026/е
С. №030/е
D. №034/е
Е. №065/е


Қызамық



  1. Қызамық ауруының этиологиясы:

А. Риновирус
В. Герпес вирусы
С. Энтеровирус
D. Аденовирус
Е. Тогавирус

  1. Қызамық ауруының қоздырғышы кімге қауіпті?

А. Ерте жастағы балаларға
В. Жасөспірімдерге
С. Егде жастағы адамдарда
D. Жүкті әйелдерге
Е. Ересек адамдарға

  1. Қызамық ауруы қандай жолмен жұғуы мүмкін?

А. Ауыз арқылы
В. Трансмиссивті
С. Парентеральды
D. Трансплацентарлы
Е. Ауа-шаң

  1. Қызамық ауруында қандай лимфа түйіндері ұлғаяды?

А. Шынтақ лимфа түйіндері
В. Жақ асты лимфа түйіндері
С. Қолтық асты лимфа түйіндері
D. Шат лимфа түйіндері
Е. Желке және мойын лимфа түйіндері

  1. Қызамық ауруында қандай бөртпелер шығады?

А. Петехиялдық
В. Везикулездік
С. Ашық қызғылт ұсақ бөртпе
D. Пустулездік
Е. Дақты-папулездік

  1. Қызамық ауруында бөртпе қалай шығады?

А. Бөртпе шашырап шығады, тек алақан мен табанда болмайды
В. Бөртпе тез жайылып кетеді, тек мұрын-ерін суағары бозарып тұрады
С. Бөртпе кезең-кезеңмен шығады
D. Бөртпе аяқтан басталып, симметриялы жоғары көтеріледі
Е. Бөртпе бірнеше сағатта денеге және қол-аяққа жайылады

  1. Қызамық ауруында науқасты қанша күнге оңашалайды?

А. 9 күн
В. 5 күн
С. 10 күн
D. 7 күн
Е. 14 күн

  1. Жұқпалы ауруға шұғыл хабарламаны қашан толтырады?

А. Дереу ауруға күдіктену кезінде
В. Қорытынды диагнозды қойғаннан кейін
С. Науқасты ауруханаға жатқызғаннан кейін
D. Қорытынды дезинфекцияны өткізгеннен кейін
Е. Емдеу тағайындаудан кейін




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет