Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Әдебиетті оқыту әдістемесі пәнінің мазмұны, әдеби білім кезеңдері



бет24/33
Дата22.10.2023
өлшемі127.9 Kb.
#481386
түріЛекция
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   33
daristin elektrond k nuskas (копия)

Бақылау сұрақтары:
1. Лирикалық шығармалардың жанрлық ерекшеліктері, түрлері.
2. Лирикалық шығармаларды оқытуды ұйымдастыру.


Әдебиеттер тізімі:
Негізгі:
1. Қоңыратбаев Ә.Әдебиетті оқыту методикасы. А., "Мектеп" 1966, 1985
2. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. Алматы "Рауан". 1988
3. Жұмажанова Т. Оқушылардың оқырмандық қызығушылығын арттыру мәселелері. А.1982
4. Жүсіпов Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. Павлодар 2003
5. Байтанасова Қ.,Айтуғанова Ш. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі. А.,2008


Қосымша:
1. Көшімбаев Ә. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. А., "Мектеп" 1969
2. Ақшолақов Т. Мектепте әдеби шығарманың компоненттерін оқыту А., "Мектеп", 1974


Лекция №12
Тақырыбы: Көркем шығармаларды оқытуда жаңа технологияларды қолдану


Типтік оқу бағдарламасынан көшірме:
Оку-тәрбие үрдісін технологияландыру - білім беру мен тәрбиелеу проблемаларының сапалы жаңа деңгейде шешуге ықпал жасауы. Технологиялық әдіс-тәсілдердің көмегімен оқушылардың таным белсенділігі артып, даму үрдісіне жетіле түсуі. Оку үрдісін «технологияландыру» мәселесі XX ғасырда педагогика гылым ында шетелдік, отандык ғалымдардың еңбектерінде әр қырынан алынып зерттелуі. В.Беспалько, К.В.Дьяченко,В.Гузеев, М.В.Кларин, Д.Хогрид, В.М.Монахов, Г.К.Селевко, М.А.Чошанов,М.Қүсайынов, Г.Нүрғалиева, Ж.Қараев, Н.Нұрахметов, М.Жанпейісова, Г.Д.Әуелбекова, З.Бейсембаева, С.К.Исламгулова т.б. ресейлік және казакстандьгқ галымдар ғылым мен тәжірибені ұштасгыра зерттеп, жаңа педагогикалык технологияларды тиімді пайдаланудың жолдарын көрсетуі.
Технология - шеберлік туралы ғылым екендігі. В.М.Монахов: «Педагогикалык технологиялар дегеніміз - оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру мен жүргізудің ойластырьшған моделі» десе, В.Беспалько, М.В.Кларин: «Педагогикалык технология - оку-тәрбие үрдісінің алдын-ала жүйелі түрде жоспарлануы, оның тәжірибеде жүзеге асатын жобасы» деген пікір айтуы.
Педагогикалык технологиялардың ең маңызды белгілері:

«Педагогикалык технология» XX ғасырдьщ 60-жылдары АҚШ пенҰлыбритания елдерінде қалыптасып, бүгіңде әлемнің жетекші елдеріне кеңінен таралып, білім деңгейін көтеру мақсатында колданылуда.
Шетелдік және отандық ғалымдардың озық тәжірибелерін басшылыкка ала отырып, бүгінде оқытудың мотивациялық сипатын арттыру, білім мазмұнын, оқыту әдістері мен тәсілдерін, окыту түрлерін баланың ішкі қажеттілігімен, рухани мүддесімен үйлесімділікте шешудің бүгінде басты назарға алынуы.
Дамыта оқыту - бұл оку үдерісінде окушының барлық мүмкіндігінің толық іске асуына негіз болатын бағдарлы оқыту болып табылуы. Дамыта оқыту теориясы Г.Песталоций, А.Дистерверг, К.Ушинскийден басталады. Бұл теорияны алғаш ғылыми негізде дәйектеген Л.С.Выготский болса, кейіннен Л.В.Занков, В.В.Эльконин, В.В.Давыдов, И.А.Менчинский т.б. тәжірибелік-эксперименттерінде әрі карай жалғасын табу. Л.В.Занковтың дамыта оқыту технологиясы тұлганың жан-жақты дамуына бағытталуы. Бұл технологияның 1986 жылы Ресейде озық технология деп жариялануы, окыту барысында бүкіл әдіскер-мұгалімдердің назарын аударуы.
Польшадағы проблемалық оқытудың негізін қалаушы педагог-ғалымВ.Г.Оконьнің «Проблемалық окытудың негізі» атгы еңбегі 1968 жылы Мәскеуде орыс тілінде басылып, Одақ көлемінде таратылып, әдіскер- ғалымдардың назарын аударуы.
Зерттеуші ғалымдар: И.Я.Лернер, М.И.Махмутов, А.М.Матюшкин,Т.Ақшолақов, Қ.Тасболатов проблемалап оқытуды өз адцына әдістің жаңа түрі деп дәлелдеуі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет