Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Әдебиетті оқыту әдістемесі пәнінің мазмұны, әдеби білім кезеңдері



бет32/33
Дата22.10.2023
өлшемі127.9 Kb.
#481386
түріЛекция
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
daristin elektrond k nuskas (копия)

Лекция мәтіні (қысқаша):
Мектепте әдебиетті оқыту барысында сыныптан тыс жұмыстарға ерекше көңіл бөлінеді. Сыныптан тыс жұмыстап оқушылардың қабілеті, икемі, дарыны, жеке ынтасы негізінде ұйымдастырылады. Әдеби- шығармашылық үйірмелердің сонымен қатар «Шешендік өнер», «Айтыс», «Термеші» сияқты фольклорға негізделген түрлері, әсіресе соңғы кездерде тәжірибеген енгізілген. 5-8 сыныптарда мектеп кітапханасымен бірігіп жүргізудің маңызы ерекше. Үйірме мүшелері оқушыларды кітапханадан кезекті кітапты қалай алуға болады, каталогпен жұмыс түрлерін қалай жүргізу керек, соны үйретеді.
Үйірменің тағы бір түрі – мәнерлеп оқу, драма үйірмелері. Оқушылар драматургия жанры, оның ерекшелігі туралы хабардар алады. Мысалы, Ғ. Мүсіреповтің, М.Әуезов драмаларын талқылаған кезде олардың туындыларынан шағын көрініс, монолог дайындалып, сабақта ұштастырылады. 5-8 сыныптар бойынша әдебиет үйірмелерімен бірлесе отырып «Алтын сақа», «Ер Төстік елінде» атты драма үйірмелері жүргізіледі.
Әдеби конференциялар тақырып бойынша жүйелі түрде өткізіледі.
Сыныптан тыс оқу сабақтарын өту әдістемесіне ерекше назар аудару керек. Оны әдебиеттегі сабақтардан мүмкіндігіне қарай басқаша ойластырып өткеізген жөн. Сабақ бойы сұрақ беріп мазалау, талап ету сияқты таптыраурын әдістерден қашқан жөн. Әсіресе, 5-8 сыныптарға арналған сабақтан тыс оқу сабақтары қызықты, оқушыларды тартатындай, жалықтырмайтындай болып жоспарлануы, өтуі керек. Бір ізбен өтетін сабақтардан оқушылар жалығады, ал оның зияны ұшаң – теңіз, себебі ондай сабақтар баланың кітапқа деген қызығушылығын тежейді, жояды. 5- 8 сыныптардағы сабақтан тыс оқудың ең басты мақсаты – оқушылардың кітапқа деген ынтасы, қызығушылығын арттыру, оқырмандар әзірлеу. Концерт сабақ, әдеби ойын сабақтары, жарыс сабағы, жәрмеңке сабақ, композициялық сабақ, инсценировкалық сабақ, сабақ – викторина, саяхат сабағы, « Бізде ертегі кейіпкерлері қонақта » атты кездесу сабағы немесе « Алақай, Тазша баланың ертегісін тыңдаймыз! » атты әңгіме сабақтары, т.б сабақ түрлері әрлендіріп, балаларды көңілдендіріп жіберетіні сөзсіз. 8 –- 9 сыныптардағы сабақтан тыс оқулар.Оқу бағдарламасында бұл сыныптарда төңкерістен кейінгі әдебиет үлгілері ұсынылады. Бұл сыныптарда да сабақты түрлендіріп, жандандырып отыру керек. Мұнда да сабақты өтіліп жатқан шығармалармен байланыстыру, тақырып, жанр, проблемалық мәселелерге байланысты жүйелі түрде өткізу басшылыққа алынады. Семинар сабақтары, пікірталас сабақтар, реферат қорғау сабақтары сияқты сабақтың маңызды формалары негізге алынуы керек. Сондай – ақ бұл жоғары сыныптарда шетел әдебиетінің озық үлгілерін оқыту, оқушылардың дүниетанымын кеңейту, әлем, адамзат әдебиетінің асылдарын таныстыру мүмкіндігі мол. Көркем шығармаларды оқыту ғана емес, әдеби әдістер, дәстүр мен жаңашылдық, жанрлық, стильдік ерекшеліктер, поэтикалық талдаулар сияқты мәселелерге ерекше көңіл бөлінеді.Кабинетте, кітапханада жо,ары сыныптар үшін « Әлем әдебиетінің асылдары», « Адамзаттың Айтматовы» , « М.Әуезов әлемді аралып кетті» сияқты кітап көрмелерін ( көшпелі) жасап қоюға болады. Сондай – ақ осы кітап көрмесінің әр тақырыбына сабақ өткізу, оны баяндама, пікір, аннотация, дәріс оқу әдістерін пайдалану арқылы жүзеге асыру тиімді болып келеді. Мысалы, « Адамзаттың Айтматовы» тақырыбын ( бір сабақ емес, бірнеше сабақ болуы мүмкін) конференция, семинар түрінде өткізуге болады.

Жас өскіндердің сөз құдіретіне деген сезімін оятуда, әдеби дүниетанымын кеңейтуде, өз беттерімен көркем шығармалар оқуға баулу, оқырмандардың дағдысын қалыптастыруда сыныптан тыс жұмыстардың маңызы, рөлі ерекше болып келеді. Әдебиет сабағы, сабақ процесіндегі жұмыстар мен сыныптан тыс жұмыстар тонның ішкі бауындай қабысып, бірлікте жүріп отыруы керек. Оқу бағдарламасындағы оқып, талдауға ұсынылатын шығармалардың барлығын сабақ процесінде игеріп біту мүмкін емес. Көркем шығарманы оқудың басты-басты кезеңдері сыныптан тыс мезгілде жүзеге асырылады. Сыныптан тыс оқулардың басты мақсаттарының бірі-кітаппен жұмыс істеуге үйрету, өз беттерімен оны тыңдай білу, оқығандарының ішінен ең негізгі, басты мәселелерді еске ұстау дағдыларын қалыптастыру. Сыныптан тыс оқу сабақтарын ізденіспен өткізетін мұғалімдер кабинетте, кітапханада арнайы «Сыныптан тыс оқу» бұрышын ұйымдастырады.


Сыныптан тыс оқуларда ата-аналар мен кітапхананың да атқарар рөлі зор. Әдебиет мұғалімі сынып жетекшілерімен байланыса отырып, әр баланың жеке кітапханасы болуына, үйде оны қалай құру керек екеніне көңіл бөледі, ақыл кеңес береді. Бұл жұмыс нәтижелі болуы үшін, тоқсанына бір рет «Кітап-рухани байлық», «Менің кітапханаммен танысыңыз» атты әңгімелерге қатысуы да артық болмас еді. Мектеп кітапханашысының жұмыс жоспарына да назар аударып, әдебиет мұғалімі онымен тығыз байланыста еңбек етуі керек. Мүмкіндігіне орай кітапханашы әдебиетші мұғалім берген тізімдер бойынша балаларға кітап оқытуды қамтамасыз етеді, кітап оқудың ережелерімен таныстырады, сөйтіп, сыныптан тыс оқу жоспарлы, мақсатты, жүйелі түрде, әрі бірлікте ұйымдастырылады. Мектепте әдебиетті оқыту барысында сыныптан тыс жұмыстарға ерекше көңіл бөлінуге тиіс. Әдебиет-өнер, сөз өнері пәні. Бағдарламада берілетін арнаулы сағаттарда мұғалімдер білім негіздерін қалыптастыру жұмыстарымен айналысады.Сөз жоқ, икем-дағдысн дамыту, тәрбиелеу, қабілеті, дарынына әсер ету, оны ары қарай мәпелеу істері білім берумен қоса жүреді. Бірақ осы жұмыстардың барлығын сабақ процесінде жүзеге асыру мүмкін емес. Оқушыларды сөз өнеріне тарту, көркем шығармаларға деген қызығушылығын арттыру, эстетикалық талғамын, сезімін дамыту сияқты білім мен тәрбие берудің басты-басты мәселелері сыныптан тыс жұмыстарды тиімді ұйымдастыру арқылы жүргізіледі.
Оқушылар еңбегін ғылыми түрде ұйымдастыру, бос уақыттарын пайдалы, тиімді өткізу де, инабаттылық, имандылық, адамгершілік сияқты биік гуманистік қасиеттерге баулуда, ұлттық өнерді, халық өнерін қастерлеу, қорғауда да сыныптан тыс жұмыстардың жас ұрпаққа берері, үйретері көп.
Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері
а/Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың қабілеті, икемі, дарыны, жеке ынтасы негізінде ұйымдастырылады және бірнеше салаға бөлінеді. Үйірме жұмыстары-сыныптан тыс жұмыстардың күретамыры.
ә/Әдеби-шығармашылық үйірмелердің сонымен қатар «Шешендік өнер», «Айтыс». «Термеші» сияқты фольклорға негізделген түрлері, әсіресе, соңғы кездерде тәжірибеге көптеп енгізілуде.
Үйірме жұмыстарының арнаулы органы - қолжазба журналы, газеті болады. Жұмыс жоспары жасалынады. Мұндай істерге кейде жергілікті ақын-жазушылар да /өз тілегімен/ көмектесіп, белгілі бір секцияны басқарады. Әдеби-шығармашылық үйірмелерінің жұмысын жас ақын-жазушылармен бірігіп жүргізу нәтижелі болмақ.
б/Әдеби үйірмелердің бір түріне «Кітап достары» немесе «Кітап-білім бұлағы» деген үйірмені жатқызуға болады. Әсіресе, Ү-ҮІІІ сыныптарда мұны мектеп кітапханасымен жүргізудің маңызы ерекше.
в/Үйірмелердің тағы бір түрі-мәнерлеп оқу, драма үйірмелері. Үйірмені осы өнерден хабары бар, сауатты маманның жүргізгені дұрыс. Оқушылар драматургия жанры, оның ерекшелігі туралы хабар алады, оның өзіндік сипаттарымен, ұлы артистер өмірі, өнерімен танысады. Драмалық шығармалардан үзінділер, қойылымдар әзірлейді. Оларды мұғалім сабаққа пайдаланып отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет