Лекция №1. Тақырыбы: Кіріспе. Нанотехнологияның даму тарихы Жоспар


Лекция №15. Тақырыбы: Нанотехнологияның қолданылуы және болашағы



бет12/12
Дата19.11.2023
өлшемі246.81 Kb.
#483721
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Нанотехнология бойынша дәріс тезистері

Лекция №15.
Тақырыбы: Нанотехнологияның қолданылуы және болашағы.
Жоспар:

  • Нанотехнологияның кейбір қолданыс аялары.

  • Нанотехнологияның әлемдік масштабта дамуы..

Өндірістер мен индустрияның дамуында нанотехнологияның орны мен ролі орасан зор. Қазіргі таңда нанотехнологияны қолға алып жатқан бірден-бір мемлекет ол – АҚШ. АҚШ нанотехнологиялық жоспарлар мен жобаларға 2004 жылдың өзінде 464 миллион доллар, ал 2005 жылы 1 миллиард доллар қаржы бөлінген болатын, 2006 жылы 1,1 миллиард доллар бөлініп оны 2 миллиард дейін көтерген еді. Сол кездері көптеген лабораториялар мен HP, NEC және IBM сынды компаниялар, университеттер ізденіс жұмыстарын жүргізді.
2025 жылы нанотехнология негізінде жасалған жұиыстардың өнімін алу жоспарланып отыр. Нанотехнология ауыл шаруашылығында революция жасауы мүмкін, мысал ретінде жай шөптен сүт алуымыз мүмкін. Сонымен қатар нанотехнологиядан экологияға зиянды қалдықтар бөлінбейді, экологиялық тұрғыдан өте пайдалы. Информациялық технологияда да дағдарыс жасайды. Нанороботтар өзге планетада адамдарға қолайлы жағдай жасай алады, адамзат арманын жүзеге асырады. Аналитикалық сараптаманың редакторы Джон Волфе «Дүние жүзі жаңадан құрылады. Нанотехнология ғаламшарымызды таң қалдырады» деп жазады.
Медицина және биология. Қазір ең маңызды, ең толғандыратын тақырып нанороботтарды наномедицинада қолдану болып тұр. Наноробот қан, лимфа және жүйке жүйесі арқылы ағзаға зиян келтірмей микроорганизмдер мен вирустарды және рак клеткаларын жояды. Сонымен қатар олар керекті дәрі-дәрмекті қажетті орынға жеткізеді, өзге ағзаларға кедергі болмайды. Нанотехнология мәңгілік өмір сыйлайды, өйткені наномедицина жансыз жасушаларға қайта жандандырып, жасарту қабілетін ие. Scientific Americsn журналының мәлімдеуінше жуық арада почна маркасының көлемінде медициналық құрылғылар жасалынады. Ол құралды жарақаттанған жерге қою жеткілікті, ол қан анализін өзі жасап, керекті медикаменттерді қанға сіңіреді. Бұл ғажап емес пе?!
Нанотехнология керемет әскери келешек. Әскери нанотехнология негізі алты сфера бойынша зерттеулер жүргізеді: көрінбейтін технология (көрінбейтін ұшақ, тікұшақтар); энергетикалық ресурстар; өздігіне құрылатын жүйелер (мысалы бұзылған, істен шыққан танктер мен ұшақтарды автоматты түрде жөндеу); байланыс; сонымен қатар химиялық және биологиялық ластануды анықтап, залалсыздандыру. Соңында қоршаған орта адамзат үшін қолайлы, тиімді болады.
Нанотехнологияның Қазақстанда дамуы. Алматыдағы Әл-Фараби атындағы ұлттық университет жанынан, нанотехнологияларды дамытатын жаңа зертхана ашылды. Онда отандық мамандар ғылыми-зерттеулер жүргізіп, жиырма бірінші ғасырдың серпімді жобаларын әзірлейтін болады. Бүгінгі таңда, нанотехнологиялар адамзаттың ең биік жетістігі. Осы технология арқылы шаштан 100 есе жіңішке нысанаға ұңіліп, галактика сияқты шексіз нәрсені оп-оңай зерттеуге болады. Жаңа құралдардың баста ерекшеліктері, компьютерге тиімді команда беру арқылы, оларды қашықта басқаруға да болады.
Ұлттық нанотехнологиялар зертханасының меңгерушісі: «Бұл құралдарда СТМ деген магнитті ине қолданылады. Бұл құрал арқылы заттың миллиондаған атомға қалай ыдырап жатқанын байқауға болады».
Бүгінгі күні нанотехнологиялар, түрлі салаларла кеңінен қолданылады. Олардың көмегімен, спортқа қажетті құралдар, транзис­торлар, азық-түлік өнімдерін қаптайтын пленка, косметика және киім жасалады. Адамзаттың болашағы, осы нанотехнологияларды дамуы­мен нығыз байланысатын болғандықтан, Қазақстанда наноиндус­трияны дамытатын арнайы бағдарлама әзірленіп, мемлекет басшысы қысқа мерзімде осы саланың ғылыми-техникалық негізін қалап, наноматериалдар мен нанотехнологияларды дайындауға кірісу турасында міндет қойған болатын.
Ұлттық нанотехнологиялар зертханасының директоры: «Біз ХҮІ ғасырдың технологиясын дамытамыз, өзіміздің мемлекетімізде соның төңірегінде оқу жоспарын өзгертеміз. Студенттерді, философия докторларын дайындағанда пайдаланамыз. Сондықтан нанолабораторияның келешекте өзінінің орнын табады, өзінің жолын және деңгейін табады деп ойлаймыз», - дейді. Қазір еліміздің ірі жоғары оқу орындарында 9 инжирингтік зертханалар жұмыс істейді. Бірақ ұлттық зертханадай ғылыми орталық әзірше жалғыз. Сондықтан алдағы уақытта осындай тағы 4 зертхана ашу жоспарда бар. Онда негізінен мұнай-газ саласына қажетті ақпараттық және биотехнологиялар әзірленетін болады.
Қазақстанда наноғылымы мен нанотехнологияны дамыту үшiн 2007-2009 жылдарға арналып бағдарлама қабылданғанды. Елiмiздiң «Жер, металлургия және байыту жөнiндегi ғылыми орталығы» АҚ таратқан мәлiметтерге қарағанда жоғарыда айтылған бағдарламаны орындау үшiн қаржыландырудың барлық көздерi арқылы 230 миллион теңге бөлiнiптi[10]. Мұның өзi аса маңызды ғылыми-өндiрiстiк саланың дамуында олқылықтардың орын алғандығын дәлелдейдi. Наноғылымы мен оның технологиясын дамытудағы алғашқы кезеңде артта қалғанымыз қалай болар екен?..Әрине, алып елдермен бұл салада бәсекеге түсу бiзге оңай емес. Бiрақ, ғылым мен өндiрiстегi аса маңызды саланы дамытудағы алғашқы кезеңде оның негiзгi бағыттарын белгiлеп, қалыспағанымыз жөн болар едi-ау...
Жаһандану дәуiрiнде наноғылым мен оның технологиясы осылай кең өрiстеп, өндiрiстi барлық қырынан жаңартып, тиiмдi әдiстерге барынша жол ашты. Бұл жерде тек жаңалық ашып қана қоймай, оның өндiрiске енгiзiлуiн қадағалау, жұмсалынған қаржының мол қайтарым беруiне қол жеткiзу маңызды. Шағын және орта бизнес саласының кәсiпкерлерiне елiмiздегi нанотехнология өскiндерiнiң берерi аз емес. Қазiр Қазақстанда алты компания нанотехнологияның жобасымен жұмыс жасауда. Ал, жаңалыққа құштар ғалымдарымыз болса өздерiнiң iзденiстерi мол табыс әкелген сайын қанаттанып, наноғылымының тұңғиығына қарай ұмтыла түседi.

2


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет